Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті Ішкі істер министрлігі «Көкшетау техникалық институты» рмм



бет8/8
Дата09.06.2016
өлшемі6.82 Mb.
#125041
1   2   3   4   5   6   7   8
СЖЖМ25057 = ЦЖЖМWЖЖМ,
мұнда:

ЦЖЖМ – дизельді жанар-май үшін жанар-май бағасы теңге/т,

ЦЖЖМ = 99000тенге/т;

WЖЖМ25057 –ГАЗ-25057 автокөлігі үшін жылдық дизельді жанар-май шығыны


Жанар-майдың жылдық шығыны мына формуламен анықталады:
WЖЖМ25057 =  (dпLп + dнеtне + dнаtна) / 1000, где

ЖЖМ– дизельді жанар-майдың тығыздығы,  = 0,718 т/кг3;

dп , dне , dна – жүріс бірлігіне, уақыт бірлігіне, жүктемесіз және жүктемелі жағдайдағы жанар жағар-май шығынының нормасы (л/км, л/мин, мин);

dп = 0,12 л/км;

dне = 0,09 л/мин;

tне = 2900 мин;

tна = 0, себебі автокөлікте сорғыш орнатылмаған;

Ln – жылдық орташа жүріс, км.


WЖЖМ25057 = 0,718  (0,12  2500 + 0,09  2900) / 1000 = 0,41
СЖЖМ25057= 99000 0,41= 40590 теңге.
Майлау материалдарының шығыны мына формуламен анықталады:
Ссм25057 = Стопсм, мұнда

см – жанар-мағар май шығынынан майлау материалдарының шығынына өту коэффициенті, см = 0,25.


Ссм25057= 40590  0,25 = 10147теңге.
Әрбір 1000 км есебінен шиналар тозуы мен жөндеуіне жұмсалатын шығындар мына формуламен анықталады:
Сш = НшLп / 1000 nшk, мұнда
Нш – автокөліктің әрбір 1000 км жүрісі есебінен шиналар тозуы мен жүрісіне жұмсалатын шығындар нормативі, Нш = 2,19;

Lп = 2500 км;

nш – автокөлік жинағындағы шиналар саны, қосалқы дөңгелектерді қоспағанда, n5301ш = 6 дана.;

k – жаңа бағаға өту коэффициенті (инфляция коэффициенті); k=1.


Сш = 2,19  2500 / 1000  6  1 = 131,4 теңге.
ГАЗ-27057 автокөлігін пайдалану кезіндегі жалпы шығындар мынаған тең:
С27057жалпы = СЖЖМ + Ссм + Сш (6.5)
Сжалпы = 40500 + 10147 + 131,4 =50778,4 теңге.

5. АККА-н пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздігі
Автокөлік механикалық бөліктері мен дөңгелектері тозуының өнімдері, өңделген газдар атмосфералық қалдықтардың тең жартысына жуығын құрайды. Автокөлік қозғалтқышы мен картерінің бөлетін қалдықтары көбірек зерттелген болып табылады.

Бұл қалдықтарға толықтай жану өнімдерінен бөлек толық жанбаған жану өнімдері де жатады.

Өңделген газдардың құрамы қолданылатын жанар-май түріне, майлау майлары мен материалдарына, қозғалтқыштың жұмыс жасау режиміне және оның техникалық жағдайына, автокөліктің қозғалыс шарттарына байланысты. Өңделген газдардың зияндылығы негізгі түрде оның құрамында көміртегі, азот қышқылдары мен күйенің болуымен сипатталады.

Ауа ластануының басты себебі жанар-майдың толық және тең көлемде жанбауынан. Оның небәрі 15 %-ы автокөліктің қозғалысына, ал қалған 85%-ы жалпылай айтқанда, бекерге жұмсалады. Сонымен қатар, автокөлік қозғалтқышының жану камерасы – бұл улы заттарды түзір, оларды атмосчфераға шығаратын өзіндік химиялық реактор.

Қозғалтқыштың өңделген газдарында 170-ке жуық зиянды қоспалар болады. Оның ішінде, 160-қа жуығы жанар-майдың толық жанбауынан пайда болған өнделген көмірсутегі болып табылады.

Зиянды компоненттерге құрамында күйе мен қорғасын бар қатты заттар да жатады.

Автокөлік 80-90 км/сағат жылдамдықпен қозғалғанда, қозғалтқыш жұмысы барысында орташа есеппен алғанда 300-350 адам демалуға қажетті оттегі көлемін қолданады. Бір автокөліктің жылдық қалдықтар көлемі 800 килограмм көміртегі тотығы, 40 килограмм азот тотығы және 200 килограммнан астам әр түрлі көмірсутегі қалдықтарын құрайды.

Аталған зиянды заттар жинағында көміртегі тотығы аса улы болып табылады. Оның жоғары зияндылығына байланысты атмосфералық ауадағы концентрациясы 1 кг/м3-нан аспауы қажет.

Атмосфераға бөлінетін зиянды заттар көлемін шектеу үшін автокөліктің техникалық жағдайына күнделікті қарау үлкен роль атқарады. Өрт сөндіру бөлімдерінің лауазымды тұлғалары мен техникаға бекітілген жүргізушілер автокөліктің жарамдылығына мұқият қарауы тиіс. Техникалық жағдайы жарамды, дұрыс реттелген қозғалтқыштан бөлінетін зиянды заттар көлемі белгіленген нормадан аспауы тиіс.

Техникалық қызмет көрсету сапасының төмендігі және де оның кей жағдайларда мүлде жасалынбауы автокөлік тораптары мен жүйелерінің, агрегаттарының істен шығуына әкеліп соғады. Нәтижесінде, зиянды заттардың ауағав бөлінуі белгіленген нормадан жоғары болады. Мұның бәрі автокөлік өндірісінің стандарт талаптарын сақтауға бағытталған шаралары тиімділігінің төмендеуіне, тіпті, олардың мүлде жүзеге аспауына алып келеді. Бұл жағдайда өндірілетін автокөлік модельдерінің зиянды заттарды бөлу көрсеткішін төмендету ғана емес, сондай-ақ, қолданыстағы автокөліктер мен техникаларға жасалынатын бақылауды күшейту, еліміздің автопаркіне қадағалау жүйесін арттыру мен жетілдіру сұрақтары да өзекті болып табылады. Қозғалтқыш жүйесі дұрыс реттелген жағдайда зиянды заттар бөлу көрсеткіші 3-5 есеге төмендейді.

Нашар үрленген шиналар тек тез желініп қана қоймайды, сонымен қатар кедергі күші артып, сәйкесінше жұмсалатын жанар-май көлемі де артады.

Автокөлік жүргізу кезінде жүргізушінің дұрыс режимді таңдамауы, сондай-ақ автокөлікті пайдалану нұсқаулығының ережелерін сақтамауы ауаға бөлінетін зиянды заттар санының артуына, сәйкесінше қоршаған ортаны ластауға әкеп соғады.

Автокөлік «тынысының» таза болуы көбінесе карбюратордың дұрыс реттелуіне байланысты. Карбюратор дұрыс реттелсе жанар-майды үнемдеу 10-15%-ға артады [12].

Аталып өткен ұйымдастыру және техникалық шараларды жүзеге асыру атмосфераға бөлінетін зиянды заттар көлемін азайтуға және де жанар-майды 10-15%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді.



6.Алғашқы көмек көрсету автокөлігін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы


  • автокөлік спецификациясын меңгерген өрт сөндірушілерге, бөлімше командирлері мен жүргізушілерге ғана автокөлікпен жұмыс жасауға рұқсат етіледі;

  • жүргізушілер автокөлікті толықтай техникалық жарамды жағдайда ұстауы қажет. Автокөлікте ақау болған жағдайда жүргізуші бөлімше командиріне баянауы және оны жою үшін тиісті шаралар қолдануы қажет;

  • автокөліктің қозғалысы уақытында жеке құрамға орын ауыстыруға, есіктерді ашуға, жүргізушіге кедергі келтіруге және басқа да жол қозғалысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға тыйым;

  • техникалық қызмет көрсету автокөліктің дөңгелектері тежелген және беріліс қорабы рычагы нейтралды жағдайға қойылған кезде ғана жүргізіледі;

  • техникалық қызмет көрсету және механикалық шаралар жүргізу кезінде жарамды инструменттер пайдалану қажет;

  • түнгі уақытта гараж ішінде кезекші жарық шамы болуы тиіс;

  • қозғалтқыш жұмыс жасап тұрған кезде тораптар мен агрегаттарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады;

  • автокөлік бортында бөтен адамдардың болуына тыйым салынады;

  • автокөлікті қараусыз қалдыруға тыйым салынады;

  • жарамсыз немесе кезекті техникалық қызмет көрсетуден өтпеген автокөлікте жұмыс жасауға тыйым салынады;

  • көлік қозғалысы мен жанар-май құю кезінде ашық от пайдалануға және темекі шегуге тыйым салынады;

  • автокөлікке отыру тәртібі қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз шарттарына сәйкес бөлім бастығымен белгіленеді. Жеке құрам толық құрамда автокөлікке отырып, есіктердің барлығы жабылған кезде автокөлікке отыру аяқталды деп саналады;

  • шақыру орнына бару жолында автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтауы тиіс;

  • түнгі уақытта автокөлік гараж ғимаратынан тыс жерде болғанда ол арнайы жарықтандыру құралдарымен белгіленуі тиіс, сондай-ақ апаттық жарықтың сигнлаизация қосылуы қажет.

Модульдік автокөліктегі қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуына бөлімше командирі жауапты болып табылады, ол болмаған жағдайда автокөлік жүргізушісі жеке құрамнан модульді автокөлікті пайдалану мен жұмыс жасауға байланысты қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын талап етуі тиіс.

Қорытынды
Дипломдық жоба толық көлемде және де тапсырмаға сәйкес орындалды.

Өртке қарсы қызметінің Көкшетау гарнизонына жаңа автокөлік моделін даярлау аймақтағы техника жетіспеушілігі мәселесін белгілі бір дәрежеде шешуге және пайдалану мерзімінің келуіне байланысты оларды уақытыл ауыстыру сұрағын қарастыруға мүмкіндік береді.

Қойылған мақсатты орындау үшін дипломдық жобада келесі тапсырмалар орындалды:


  • аймақтағы өрт қауіпсіздігі жағдайының талдауы жасалынды;

  • Көкшетау қаласында бар өрт сөндіру техникасының талдауы жасалынды;

  • даярланатын автокөліктің шассиі таңдап алынды;

  • динамикалық сипаттамалардың есебі жүргізілді;

  • жобаланатын автокөліктің техникалық-экономикалық негіздемесі жасалынды;

  • даярланатын автокөлікті пайдалану кезіндегі сақталуы тиіс қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шаралар әзірленді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Абоненцев Ю.И. Экономика противопожарной защиты. – М.:

2. Артамонов Н.Д., Морин М.М. Основы теории и конструкция автомобиля. – М.: Машиностроение, 1974.

3. Безбородько М.Д. Пожарная техника. - М.: Ресей МӨҚҚ Академиясы, 2004 -549 беттер.

4. Өртке қарсы қызметі органдарының техникалық қызмет тәлімдемесі. 2005 жылдың 7 шілдесіндегі №170 бұйрығымен бекітілген.

5 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызметі бөлімшелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты бекіту туралы 2010 жылдың 15 қазанындағы ҚР ТЖМ №355 бұйрығы.

6. Иванников В.П., Клюс П.П. Справочник руководителя тушения пожара. – М.: Стройиздат, 1987. – 288 беттер.

7. Иванов А.Ф., Алексеев П.П., Безбородко М.Д., т.б. Пожарная техника в 2-х частях, часть 1. – М.: Стройиздат, 1988. – 408 беттер.

8. Иванов А.Ф., Алексеев П.П., Безбородко М.Д. и др. Пожарная техника в 2-х частях, часть 2. – М.: Стройиздат, 1988. – 286 беттер.

9. Козленко Н.С., Фомин А.В., Иванов С.А. и др. Экономическая оценка инженерно-технических решений в области обеспечения пожарной безопасности. Учебное пособие для дипломного проектирования. – СПб: СПбВПТШ МВД РФ, 1995. – 100 беттер.

10. Краткий автомобильный справочник НИИАТ. – Транспорт, 1985.

11. Окружающая среда и транспорт. – М.: Стройиздат, 1988. Голубев Н.Р., Новиков Ю.В.

12. Сабинин А.А. Автомобили с дизельными двигателями. – 3-ші басылым. – М.: Высшая школа, 1991. – 264 беттер.

13. Яковенко Ю.Ф. Современные пожарные автомобили. – М.: Стройиздат, 1988. – 352 беттер.

14. Автомобиль ГАЗ-33201 и его модификации. Инструкция по эксплуатации. Москва-1998 ж.



15. Концепция развития автомобилей быстрого реагирования. Навценя Н.В. Кузнецов Ю.С.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет