Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты



бет6/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.65 Mb.
#3072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

IV Нұсқа
1- тапсырма

а) Өрттің шығуына байланысты қылмыстық іс қозғау құжаттарының түрлерін көрсетіңіз.

ә) Жұмыстан 2 – 3 күн босату туралы өтініштің үлгісін көрсетіңіз.
2 - тапсырма

а) Тұрғын пәтерді сату құқығына байланысты сенімхат жазу.

ә) Мемлекеттік өртке қарсы органына жұмысқа кіру жайында өтініш үлгісін көрсетіңіз.
3 - тапсрыма.

а) Қарауыл бастығы лауызымы қызметіне тағайындау туралы бұйрықтың үлгісін жазу.

ә) Стиль дегеніміз не? Оның түрлері. (Жоғарыда аталған құжаттардың үлгісін көрсетіңіз).

Пәтерді жекешелендіру жөніндегі
СЕНІМХАТ

2006 жылғы 7 каңтар, Аякөз қаласы

Мен, азамат Өмірбеков Нұрқанат, мекенжайым: Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Аякөз қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде тұратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті құжаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.

2006 жылғы 7 қаңтар қолы
СЕНІМХАТ

Осы сенімхатты 2007 жылғы 7 қаңтарда мен, Жолдасов Арман, лицензия № 001445 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өмірбеков Нұрқанат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 11 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.
Нотариус қолы

мөр орны
ӨТІНІШ


Өтініш — ресми іс-қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасуда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда мекеме басшысы атына белгілі бір тәртіп бойынша жазылады. Ең алдымен, қағаздың оң жақ бұрышына кімге және кімнен екені жазылады. Онда мынадай мәліметтер болуы керек: мекеменің атауы, мекеме басшысының және өтініш иесінің қызметі, атақ-дәрежесі және аты-жөні (барыс және шығыс септіктерінде). Сосын қағаздың ортасына «Өтініш» деген сөз және азат жолдан өтініштің мәтіні жазылады. Соңында өтініш иесінің қолы қойылады, күні, айы, жылы көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш бойынша бұйрық шығарылады. Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс), мерзімі көрсетілуі тиіс.Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өтініш кімнің атынан жазылады?

  2. Қандай жағдайларда жазылады?

  3. Өтініштің құрылымы қандай?

  4. Өтініш бойынша не шығарады?


2-жаттығу. Өтініш құрылымы қандай бөліктерден тұрады ? Толтырыңыз.

Гумилев атындағы Қаз ҰУ

Қазақ филологиясы факультетінің

деканы проф. Д. Ысқақов мырзаға

оқытушы Д. Оспанұлынан

Өтініш


Сізден денсаулық жағдайыма байланысты 2006 жылдың 25 тамызынан бастап 15 күн кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.
23. 08. 2006 ж. . (қолы) _________________

Есте сақтаңыз Кімге ?- Ә. Б. Балтабаевқа

  • А.К.Айдарова ханымға

  • "Тыныс" ААҚ-ның басшысы А. Қуандықов мырзаға

  • "Ш.Ш. Уәлиханов" атындағы университетінің ректоры Р. Абылқалықова
    ханымға

  • Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф,.ғ,.д . С. Жанбек

  • Аударма факультетінің деканы Ж.Сейдахметова

  • Мектеп директоры М.Нарбаевқа

Кімнен ? Оқытушы Н.Бектіғуловтан

Тіркеу бөлімінің басшысы К.Садуәқасовадан

Орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Т..Акчина


  1. 1999 жылдың 15 наурызынан бастап

  2. 1999 жылғы 15 наурыздан бастап

  • 10 күнге

  • 1 айға

  • 2 аптаға

  • 1 жылға

Отбасы жағдайыма _______

Денсаулығыма _______ байланысты

Бала күтіміне ________
4-жаттығу. Моделге жаттығыңыз.

Оқытушы қызметіне қабылдауыңызды .....................

Кезекті (кезектен тыс) демалыс беруіңізді ....................

Материалдық көмек көрсетуіңізді ............................

Өрт қауіпсіздігі испекторы ретінде қабылдауыңызды (сұраймын)

............... астана қаласына ауыстыруыңызды өтінемін.

Өрт сөндіруші қызметінен босатуыңызды .....................

Жәрдемақы беруіңізді

Іссапарға жіберуіңізді

Жалақымды көтеруіңізді

Рұқсат беруіңізді
5-жаттығу. Тиісті жалғауларды жазып, сөйлемдерді аударыңыз.

Менің өтінішіме қол қою...

Осы мәселе бойынша шара қолдану...

Мені тұрғын үймен қамтамасыз ету...

Жұмыста тәртіп сақтау...

Маған бір сағаттан кейін телефон шалу...

Маған кезекті демалыс беру .................... (өтінемін)

Мені отбасы жағдайыма байланысты Астанаға жіберу... (сұраймын)

Маған ақысыз кезектен тыс демалыс беру...

Мені басқа бөлімге ауыстыру...

Мекеме компьютерін пайдалануға рұқсат беру...

Мені өз еркіммен босату...

Еңбек келісімін ұзарту..

Өндірістен қол үзіп оқуға рұқсат беру...



6 – жаттығу. Қатесін түзетіңіз.
Көкшетау қаласындағы №3 қазақ

орта мектебінің директорына

Т. Кәкішев мырзаға

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Қалымбетова Ғазизаға
Өтініш
Сізге отбасы жағдайыма байланысты осы жылғы 14 желтоқсаннан бастап 15 күнге ақысыз кезекті демалыс беруге сұраймын.


  1. 12. 2006

өтініш иесі / қолы /
Бұрыштаманың түрлері

Қаралсын - рассмотреть

Талқылансын - обсудить

Бекітілсін - утвердить

Тапсырылсын - поручить

Ұсыныстар даярлансын - подготовить предложения

Комиссия құрылсын - создать комиссию

Баяндалсын - доложить

7-жаттығу. Сұхбаттармен танысыңыз.

  • Сәлеметсіз бе ? Мен хабарландыру бойынша келдім.

  • Жақсы, кіріңіз, отырыңыз.

- Рахмет.

- Аты-жөніңіз кім ?

- Асқарбеков Самат Олжасұлы.

- Сізді қандай қызмет орны қызықтырады ?



  • Менің мамандығым - экономист. Сондықтан мен экономистің бос қызмет орнына орналасқым келеді.

  • Сіздің мамандығыңыз бойынша жұмыс өтіліңіз (стаж) бар ма ?

  • Иә, Мен «Қайрат» құрылыс компаниясында 5 жыл экономист қызметін атқардым.

- Құрылыс компаниясынан неліктен шығып кеттіңіз ?

- Мекенжайымның өзгеруіне байланысты құрылыс компаниясынан кетуге мәжбүр болдым.

- Түсінікті. Бұрынғы жұмыс орныңыздан ұсынысхатыңыз бар ма ?

- Иә, міне.... Танысуыңызға болады.

- Ұсынысхатыңыз өте жақсы екен. Сондай-ақ сіз біздің үміткерлерге қоятын талаптарымызға толық сай келесіз. Сондықтан біз сізді компания-мызға экономист ретінде қабылдаймыз.

- Мен өте куаныштымын. Онда маған өтініш жазу керек шығар ?

- Иә, қазір компания президентінің атына өтініш жазыңыз. Сосын кұжаттарыңызды кадр бөліміне өткізіңіз. Ал ертеңнен бастап жұмысқа кірісуіңізге болады.

- Рахмет. Сау болыңыз.

- Сау болыңыз . Сізге сәттілік тілеймін.
- Сәлеметсіз бе ?

- Қайырлы күн! Қандай шаруамен келдіңіз ?

- Менің аты-жөнім Сапаров Болат Берікұлы.

Мен кеше есепші қызметіне орналасу үшін өтініш жазғанмын. Менің өтінішім қаралды ма екен?

- Иә, сіздің өтінішіңіз қаралған. Сіз есепші қызметіне қабылдандыңыз. Жұмысқа ертеңнен бастап кірісіңіз.

- Рахмет.



Тапсырма: Бірінші сұхбат бойынша А.Асқарбеков туралы әңгімелеңіз.
8-жаттығу. Сөздер мен сез тіркестерін қолданып, өтініш мәтінін жазыңыз.

  1. Өтінемін, өз еркіммен, мені, босатуыңызды, қызметінен, бастап, өрт сөндіруші, 2006 жылдың 5 ақпанынан.

  2. 12 - наурызынан, осы жылдың, бастап, пайдалануға, сұрай-
    мын, рүқсат етуіңізді, кезекті еңбек демалысымды, маған.

  3. Қабылдауыңызды, мені, осы жылғы, сұраймын, өрт сөндіруші,
    жетекші маман, 15 шілдеден, қызметіне, бастап, ретінде.

  4. Сұраймын, 2006 жылғы, 1 мамырға дейін, менің, ұзарту-
    ыңызды, мерзімін, еңбек келісімімнің.


9 – жаттығу. Жағдайлар бойынша өтініш жазыңыз.

1. Материалдық көмек сұрау туралы

2. Отбасы жағдайыңызға байланысты ақысыз демалыс сұрау.
БҰЙРЫҚ

Бұйрық — қандай да бір міндеттерді (өндірістік немесе жеке құрам бойынша) шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік кұжаттардың бірі.

Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар негізгі қызмет бойынша бұйрық деп аталады. Ал азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады. Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы және бұйрық нөмірі көрсетілуі тиіс. Сосын "БҰЙРЫҚ" деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады.

Мысалы:


Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы

Кәсіпорынның жойылуы туралы

Жұмысқа қабылдау туралы

Жұмыстан босату туралы

Уақытша ауыстыру туралы

Үстемақы белгілеу туралы және т.б.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.

Негізгі қызмет бойынша бұйрық мәтіні екі бөліктен түрады. Бірінші констатациялық бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың (үкімет, салық инспекциясы т.б.) нормативті құжаттары, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, " ... байланысты ", " ... жүзеге асыруда", " ... жақсарту мақсатында ", " ... орындау мақсатында ", " ... жетілдіру мақсатында ", "... үшін ", "... сәйкес" деген сияқты тұжырымдаулармен басталады. Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, констатациялық бөлік жазылмайды. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтың екінші бөлігі өкімдік бөлік деп аталады. Ол " БҰЙЫРАМЫН " деген сөзден басталады. " БҰЙЫРАМЫН " деген сөз бас әріптермен жазылады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылатыны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Егер тапсырмалар бірнешеу болса, әр тармақ (пункт) азат жолдан басталады. Соңғы тармақта бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам көрсетіледі. Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың үшінші жағында жазылады.

Мысалы: жүргізілетін болсын, тыйым салынсын, қабылдансын, жүктелсін, босатылсын, белгіленсін, тағайындалсын, ауыстырылсын және т.б.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Онда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған шешімдер орын алады. Мұндай бұйрықтарда негіз (бұйрық шығаруға негіз болған құжат) бұйрық мәтінінен кейін көрсетіледі.

Мысалы: А. Алғожинның өтініші немесе факультет деканы

Г. Жалғабаеваның мәлімдемесі және т.б.

Сонымен қатар жеке құрам жөніндегі бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі.

Мысалы:


- зейнеткерлікке шығуына байланысты

- басқа жұмысқа ауысуына байланысты

- кәсіпорынның жойылуына байланысты

- келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

- өз өтініші бойынша

- бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты

- еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты

- ресми сапарға кетуіне байланысты

- себепсіз жұмыстан қалуына байланысты

- айрықша жұмыс жағдайлары үшін және т.б

Сондай-ақ күтпеген оқиғаларға (тасқын, сел, жер сілкінісі т.б) байланысты шығарылатын бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар деп ата-лады. Мұндай бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу мақсатында беріледі. Онда лауазымды адамдарға жүктелетін міндет түрлері көрсетіледі. Ал қаржы-экономикалық, мәселен, жыл не-месе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау сияқты мәселелерге байланысты көбінесе арнайы бұйрықтар беріледі.
жеке құрам бойынша — по личному составу

өкімдік кұжат - распорядительный документ

негізгі қызмет бойынша — по основной деятельности

штаттық кесте — штатное расписание

кәсіпорынның жойылуы - ликвидация предприятия

айрықша жұмыс жағдайлары - особые условия труда

төтенше жағдай — черезвычайная ситуация
1-жаттығу. Сұрақғарға жауап беріңіз.

Бұйрық - қандай құжат ?

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады ?

Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады ?

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар неше бөліктен тұрады ?

Бұйрықтың екінші бөлігі қалай аталады ?

Бұйрықтарда етістік қандай грамматикалық формада
беріледі ?

7. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты шығарылады?


2-жаттығу. Сөз тіркестерін аудырыңыз

Бұйрық негізі, бұйрық шығару, акционерлердің жалпы жиналысы, негізгі қызмет бойынша, міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар, жеке құрам бойынша бұйрық, бұйрықтың орындалу мерзімі, мекеме басшысы, өндірістік қажеттілік, келісімшарт мерзімі, кәсіпорынның жойылуы, еңбек тәртібін ұдайы бұзу, себепсіз жұмыстан қалу, штаттық кестеге сәйкес, айрықша жұмыс жағдайлары, үстемақы белгілеу.



Қосымша ақпарат:

Өкім — распоряжение

Нұсқауинструкция, указание, директива

Нұсқау хат — инструктивное письмо, директивное письмо

Қаулы — постановление

Шешім — решение

Жарлық - указ

Есте сақтаңыз

2 апталық

4 айлық сынақ мерзімімен

10 күндік


штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде - с окладом согласно штатному расписанию

атқаратын қызметінен — с занимаемой должности

Бұйрықта қолданылатын модельді есте сақтаңыз

Етістіктің ырықсыз бұйрық

бұйрық + етіс + райдың

райы жұрнағы жұрнағы


3-жаттығу. Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз

Үлгі: белгілеу - белгіленсін

енгізу -

босату -

қысқарту -

жүктеу -

жүргізу -

орындау -

тыйым салу -


4-жаттығу. Бұйрық үлгілерімен танысыңыз, қандай бұйрық түріне жататынын айтыңыз
Өртке қарсы қызмет

басқармасының бастығы

Ішкі қызмет полковнигі

№ 5 БҰЙРЫҚ

Жұмысқа қабылдау туралы 18.1 1.2007 ж.
Жарас Болатханұлы осы жылдың 13 наурызынан бастап штаттық кестеге сәйкес жалақы келемінде 1 апталық сынақ мерзімімен өрт сөндіруші сарбаз қызметіне қабылдансын.
Негізі: Жарас Болатханұлы өтініші.

Басқарма бастығы

Ішкі қызмет полковнигі Б. Рахметов

_____________________________________________________________

Ақмола облысы

Өртке қарсы қызмет

басқармасы

№ 2 БҰЙРЫҚ 15.02.2007ж.

Жұмыстан босату туралы
Өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты Айдар Сабыржанұлын 2007 жылдың 15 ақпаннан бастап атқаратын қызметінен босатылсын.

Басқарма бастығы

Ішкі қызмет полковнигі Б. Сабыров
5-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нұсқаулықты енгізу, құжаттармен жұмыс істеу, қамтамасыз ету, нұсқаулықты бекіту, ережені басшылыққа алу, нұсқаулықты көбейту, бұйрықтың орындалуын қадағалау, институттың барлық бөлімшелері, қамтамасыз ету мақсатында


6-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.

Жұмысқа кестеге сәйкес

Штаттық белгілеу

Орынбаевтың жағдайына байланысты

Үстемақы шығуына байланысты

Отбасы сынақ мерзімімен

Еңбек шартының қызметінен

Зейнеткерлікке өтініші

2 апталық қабылдау туралы

Атқаратын аяқталуына байланысты


7-жаттығу. Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз.

Үлгі: А.Жандосов 2006 жылғы 13 маусымнан бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.

Аты-жөні күні, айы, жылы себебі қызметі.

1. А.Жандосов 21.02.2006ж. отбасы жағдайы, инженер

2. Е.Омарова 10.11.1995ж. кәсіпорынның жабылуы, хатшы

3. Б.Сағатов 15.01.2007ж. басқа жұмысқа ауысу, үйлестіруші

4. Қ.Боранбаева 13.06. 2007ж. себепсіз жұмыстан қалу, есепші


8-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.

"Қайсар" ЖШС

№ 19 БҰЙРЫҚ жұмысқа қабылдау 12. 03. 2007 ж.

Омарова Әсел 2007 жыл 12 наурыз бастап штаттық кестеге сәйкес көлемінде 1 айлық сынақпен бас инженер қызметіне кабылдыуыңызды сұраймын.



Іс қағаздарының стилі.
Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағазадарын жазу – жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.

Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда есте болатын кейбір жағдайлар:

1.Қызметтік құжаттар бейтарап (нейтральный) қалыппен ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.

2. Адресаттың сізден қызмет дәрежесі төмен я жоғарылығына қарамастан “Тез арада орындаңыз”, “Кідіртпей жауабын я қорытындысын хабарлаңыз” “Қысқа мерзімде жауап беріңіз” деген сөздерді қолданбаған абзал. Оның орнына хаттың жауабын я мәселенің шешімін білгіңіз келетінін “Осы күнге дейін жауап беруіңізді сұраймын” деп белгілі бір күнді көрсетсеңіз немесе “Өз шешіміңізді хабарлауыңызды сұраймын” деген сөздерді қолдану арқылы білдіріңіз.

3. Өз өтініш, талаптарыңызды орынды көрсете білуге тырысыңыз. Қызмет бабындағы кез келген оқиға, жағдай, мәселеге баға беріп, оны ресми құжатта көрсету, баяндау я хабарлау барысында барынша салқынқандылық танытыңыз. Көп эмоцияға бой ұрмаңыз. Фактілерді объективті түрде көрсетіңіз. Қызмет бабында ресми түрде шара қолдану түрін анықтау барысында адамгершілік танытуға тырысыңыз. Кез–келген мәселе бойынша шығарылатын қорытынды барынша нақты болуы керек.

4. Егер қызметтік хатта ол мекеменің, я қызметкердің өтінішін я болмаса тапсырылған ісін орындау мүмкін емес екенін айтқыңыз келсе хатты бірден “Ол мәселенің орындалуы я қабылдануы мүмкін емес” деген сөздерден бастамаңыз. Алдымен аталған мәселеге тоқталып, содан кейін өз шешіміңіздің себебін негізді етіп түсіндіріп, содан кейін барып бұл өтініштің, я болмаса істің қазіргі жағдайда орындалуы мүмкін болмай тұрғанын айтыңыз. Қажет болған жағдайда, бұл мәселенің қайта қаралуы да мүмкін екенін айта кетуге болады.

5. Егер өтініштің, я тапсырылған істің немесе қойылған мәселенің дұрыс шешілгені туралы жазатын болсаңыз, бұл мәселенің дұрыс шешілуі үшін сіздің өз басыңыздың, я мекемеңіздің қосқан үлесін я еткен еңбегін атап кеткеннің артықтығы жоқ.

6. Сізге, я сіздің мекемеңізге келіп түскен қызметтік құжаттармен танысқанда, ол құжат бойынша мәселе көтергенде, я қоластыңызда істейтін қызметкерлерге тапсырма берерде, құжаттағы мәселе бойынша жауап жазарда, бұл мәселе менің я болмаса біздің мекеменің міндетіне кіре ме деген мәселені де ойлау керек.

7. Сіздің хатыңыз заңды, мазмұны айқын болуы керек. Бұл әсіресе қаржы, кадр құжаттары үшін міндетті.

8. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізіе қоймайды.

9. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек.

10. Қызметтік құжаттың қай түрін жазсаңыз да көп ойды аз сөзбен жеткізуге тырысыңыз.

11. Іс қағазадарын жазарда орныққан сөз тіркестері мен қалыптасқан терминдерді қолданыңыз.

12. Бастауыш сөйлемнің басында баяндауыш соңында, анықтауыш анықталған сөздің алдында тұратынын да естен шығармаңыз.

13. Іс қағаздарын жазуда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.

14. Жазылған құжатты қайтара оқып шығып, сөйлемдегі басы артық сөздерді алып тастау керек.

15. Сөйлемнің баяндауышы я ашық райда (пайдаланылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді) я бұйрық райда тұру керек (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т.б.)

Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар:



  1. Ескерту мәтін беру үшін қолданылатын құрылымдар:

- Ақпанның 20 – сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге саламыз.

- Мына мәселе барысында хабардар еткіміз келеді.

- ... туралы ескертуді қажет деп санаймыз.

- ... туралы тағы да есіңізге салғымыз келеді.

- ... туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертеміз.


  1. Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:

- ... сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр.

- ... мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты...



  • ... туралы шешімнің қабылдануына байланысты...

  • ... жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты...

  • ... алдын – ала қол жеткізген келісімге сәйкес.

  • Сіздің талабыңызға орай...

  • ... қарамастан әлі де орын алып отыр.

  • ... экономикалық жағдайдың қиындығына орай...

  1. Өтініш білдіру үшін қолданылған синтаксистік құрылымдар:

  • Менің мекен – жайыма жолдауыңызды сұраймын.

  • Аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын.

  • Осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз...

  • Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар

  • мүмкіндікті қарасатыруыңызды сұраймыз.

  • ... анықтауыңызды сұраймыз.

  • ... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.

  1. Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар:

... байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады.

... Өкінішке орай сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі...

... Мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ.


  1. Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар:

  • Іске қосылсын.

  • Жарамсыз деп табылсын.

  • Жауапты адам тағайындалсын.

  • Бұл мәселеге байланысты жауапкершілік (аты–жөні) – оқытушыға жүктелсін.

  • Мәселені қарау (аты –жөні) – оқытушыға тапсырылсын.

  • Шара қолданылсын.

  • Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын.

  • ... жолға қойылсын.

  • Бақылауға алынсын.

  • Өзгерістер енгізілсін.

  • Жол берілмесін.

  1. Кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін қолданылатын құрылымдар:

  • Қатысты мәлімет қолма – қол жіберіледі.

  • Құжаттар сіздің мекен – жайыңызға жіберіледі.

  • Шара қолданылуда.

  • Мәліметтер құпия сақталады.

  • Орын алған кемшіліктер жойылды.

  • ... қосымша қаржы бөлінді.

  • ... байланысты іс – шаралар өткізу жоспарланып отыр.

- қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

  • қысқа мерзімде ұйымдастырылады.

  • Күнделікті қатаң бақылау қойылады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет