Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты



бет10/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.65 Mb.
#3072
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өтініш кімнің атынан жазылады?

  2. Қандай жағдайларда жазылады?

  3. Өтініштің құрылымы қандай?

  4. Өтініш бойынша не шығарады?

2-жаттығу. Өтініш құрылымы қандай бөліктерден тұрады ? Толтырыңыз.

Гумилев атындағы Қаз ҰУ

Қазақ филологиясы факультетінің

деканы проф. Д. Ысқақов мырзаға

оқытушы Д. Оспанұлынан

Өтініш


Сізден денсаулық жағдайыма байланысты 2006 жылдың 25 тамызынан бастап 15 күн кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.
23. 08. 2006 ж. . (қолы) _________________

Есте сақтаңыз Кімге ?- Ә. Б. Балтабаевқа

  • А.К.Айдарова ханымға

  • "Тыныс" ААҚ-ның басшысы А. Қуандықов мырзаға

  • "Ш.Ш. Уәлиханов" атындағы университетінің ректоры Р. Абылқалықова
    ханымға

  • Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф,.ғ,.д . С. Жанбек

  • Аударма факультетінің деканы Ж.Сейдахметова

  • Мектеп директоры М.Нарбаевқа

Кімнен ? Оқытушы Н.Бектіғуловтан

Тіркеу бөлімінің басшысы К.Садуәқасовадан

Орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Т..Акчина


  1. 1999 жылдың 15 наурызынан бастап

  2. 1999 жылғы 15 наурыздан бастап

  • 10 күнге

  • 1 айға

  • 2 аптаға

  • 1 жылға

Отбасы жағдайыма _______

Денсаулығыма _______ байланысты

Бала күтіміне ________
4-жаттығу. Моделге жаттығыңыз.

Оқытушы қызметіне қабылдауыңызды .....................

Кезекті (кезектен тыс) демалыс беруіңізді ....................

Материалдық көмек көрсетуіңізді ............................

Өрт қауіпсіздігі испекторы ретінде қабылдауыңызды (сұраймын)

............... астана қаласына ауыстыруыңызды өтінемін.

Өрт сөндіруші қызметінен босатуыңызды .....................

Жәрдемақы беруіңізді

Іссапарға жіберуіңізді

Жалақымды көтеруіңізді

Рұқсат беруіңізді
5-жаттығу. Тиісті жалғауларды жазып, сөйлемдерді аударыңыз.

Менің өтінішіме қол қою...

Осы мәселе бойынша шара қолдану...

Мені тұрғын үймен қамтамасыз ету...

Жұмыста тәртіп сақтау...

Маған бір сағаттан кейін телефон шалу...

Маған кезекті демалыс беру .................... (өтінемін)

Мені отбасы жағдайыма байланысты Астанаға жіберу... (сұраймын)

Маған ақысыз кезектен тыс демалыс беру...

Мені басқа бөлімге ауыстыру...

Мекеме компьютерін пайдалануға рұқсат беру...

Мені өз еркіммен босату...

Еңбек келісімін ұзарту..

Өндірістен қол үзіп оқуға рұқсат беру...


6 – жаттығу. Қатесін түзетіңіз.
Көкшетау қаласындағы №3 қазақ

орта мектебінің директорына

Т. Кәкішев мырзаға

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Қалымбетова Ғазизаға
Өтініш
Сізге отбасы жағдайыма байланысты осы жылғы 14 желтоқсаннан бастап 15 күнге ақысыз кезекті демалыс беруге сұраймын.


  1. 12. 2006

өтініш иесі / қолы /
Бұрыштаманың түрлері

Қаралсын - рассмотреть

Талқылансын - обсудить

Бекітілсін - утвердить

Тапсырылсын - поручить

Ұсыныстар даярлансын - подготовить предложения

Комиссия құрылсын - создать комиссию

Баяндалсын - доложить

7-жаттығу. Сұхбаттармен танысыңыз.

  • Сәлеметсіз бе ? Мен хабарландыру бойынша келдім.

  • Жақсы, кіріңіз, отырыңыз.

- Рахмет.

- Аты-жөніңіз кім ?

- Асқарбеков Самат Олжасұлы.

- Сізді қандай қызмет орны қызықтырады ?



  • Менің мамандығым - экономист. Сондықтан мен экономистің бос қызмет орнына орналасқым келеді.

  • Сіздің мамандығыңыз бойынша жұмыс өтіліңіз (стаж) бар ма ?

  • Иә, Мен «Қайрат» құрылыс компаниясында 5 жыл экономист қызметін атқардым.

- Құрылыс компаниясынан неліктен шығып кеттіңіз ?

- Мекенжайымның өзгеруіне байланысты құрылыс компаниясынан кетуге мәжбүр болдым.

- Түсінікті. Бұрынғы жұмыс орныңыздан ұсынысхатыңыз бар ма ?

- Иә, міне.... Танысуыңызға болады.

- Ұсынысхатыңыз өте жақсы екен. Сондай-ақ сіз біздің үміткерлерге қоятын талаптарымызға толық сай келесіз. Сондықтан біз сізді компания-мызға экономист ретінде қабылдаймыз.

- Мен өте куаныштымын. Онда маған өтініш жазу керек шығар ?

- Иә, қазір компания президентінің атына өтініш жазыңыз. Сосын кұжаттарыңызды кадр бөліміне өткізіңіз. Ал ертеңнен бастап жұмысқа кірісуіңізге болады.

- Рахмет. Сау болыңыз.

- Сау болыңыз . Сізге сәттілік тілеймін.
- Сәлеметсіз бе ?

- Қайырлы күн! Қандай шаруамен келдіңіз ?

- Менің аты-жөнім Сапаров Болат Берікұлы.

Мен кеше есепші қызметіне орналасу үшін өтініш жазғанмын. Менің өтінішім қаралды ма екен?

- Иә, сіздің өтінішіңіз қаралған. Сіз есепші қызметіне қабылдандыңыз. Жұмысқа ертеңнен бастап кірісіңіз.

- Рахмет.



Тапсырма: Бірінші сұхбат бойынша А.Асқарбеков туралы әңгімелеңіз.
8-жаттығу. Сөздер мен сез тіркестерін қолданып, өтініш мәтінін жазыңыз.

  1. Өтінемін, өз еркіммен, мені, босатуыңызды, қызметінен, бастап, өрт сөндіруші, 2006 жылдың 5 ақпанынан.

  2. 12 - наурызынан, осы жылдың, бастап, пайдалануға, сұрай мын, рүқсат етуіңізді, кезекті еңбек демалысымды, маған.

  3. Қабылдауыңызды, мені, осы жылғы, сұраймын, өрт сөндіруші, жетекші маман, 15 шілдеден, қызметіне, бастап, ретінде.

  4. Сұраймын, 2006 жылғы, 1 мамырға дейін, менің, ұзартуыңызды, мерзімін, еңбек келісімімнің.


9 – жаттығу. Жағдайлар бойынша өтініш жазыңыз.

1. Материалдық көмек сұрау туралы

2. Отбасы жағдайыңызға байланысты ақысыз демалыс сұрау.
СЕНІМХАТ
Сенімхат — сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.

Сенімхат екі түрлі болады:

- мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар

- жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.

Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкінде рәсімделеді.

Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына:



  • жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, хат-хабар, кұжаттар алуға;

  • өтініш жазуға;

- қол қоюға;

- пәтер сатуға және сатып алуға;

- пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;

- машина жүргізуге;

- банктегі есептерді пайдалануға;

- барлык мекемелерде іс жүргізуге;

- сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық береді.

Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі.Егер оның мерзімі көрсе -тілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күні көрсетілсе, мерзімнің аяқталуына байланысты ол өз күшін жояды. Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.


Сенімхаттың құрылымы:

Ең алдымен жолдың ортасынан "Сенімхат" деген сөз жазылады. Сосын айы, күні жылы және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті іс-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы койылады. Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.

__________________________________________________________________

сенім білдірілген тұлға — доверенное лицо

сенім білдіруші — доверитель

жеке тұлға - физическое лицо

ресми сенімхат — официальная доверенность

жеке сенімхат - личная доверенность

күшін жою - терять силу

жеке басы — личность

іс-әрекетке қабілеттілік — дееспособность

мемлекеттік салық — государственная пошлина

мәміле жасау — совершать сделки
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Сенімхат қандай құжат ?

  2. Сенімхаттың неше түрі болады ?

  3. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде ?

  4. Жеке сенімхат қандай іс-әрекеттері орындауға беріледі ?

  5. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды ?

  6. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды ?

  7. Сенімхат қайда куәландырылады ?

  8. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады ?

  9. Сенімхаттың құрылымы қандай ?


2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, іс жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пай-далану.


3-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысыңыз
СЕНІМХАТ
2006 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы

Мен, азамат Жұбанов Қайрат, мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің № 645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің № 925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен кұжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген


2006 жылғы 20 қаңтар қолы ________________
Осы сенімхатты 2006 жылғы 20 қаңтарда мен, Бижанова Алмагүл, Алматы қаласындағы лицензия № 001911 "Сенім" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жұбанов Қайрат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.


Нотариус қолы _________________

мөр орны
4-жаттьну. Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.

1. Сенімхатта сенім білдіруші кім ?

2.Сенім білдіруші кімге сенім білдірген ?

3. Қандай іс - әрекетке сенім білдірген ?

4. Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған ?

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Л. Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы: “ Ана тілі” 2001ж.

2. М. Қасымбеков. Қ. Әлімқұлов. Екі тілде іс жүргізу – Алматы. 1994 ж.

3.М. Қасымбеков. Қоғамдық – саяси терминдер мен атаулардың қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудің және құжаттардың дұрыс толтырудың анықтама сөздігі. - Алматы . 2001ж.

4.С. Әбдіманапов. М. Жамбеков. Синхронное делопроизводство на казахском и русском языках. Атамұра – Қазақстан 1994 г.

5.Скала Б. В. Скала Н. В. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). Алматы. “ LEM ” 2001ж.

6. Ғ. Сапарғалиев. Заң терминдерінің түсіндірмелі сөздігі. Алматы “Жеті – жарғы”. 1995ж.

7. С. Шаталов. А. Шаталова. Правила оформления процессуальных документов. Москва. “ ИНФРА” 2001г.

8.А. Нұрмаханов. Т. Алпысбаев. Д. Қадыров. Ж. Рахимов. Терминологиялық жинақ. Алматы. 2002 ж.

9.Салагаев. В. Шалабай.Б. Іс қағаздарын жүргізу. (Составление деловых бумаг) . Алматы. «Раритет» .2003 г.

10. Ақанова.Д. Х. Алдашева. А. М. Ахметжанова. З. Қ. Қадашева. Қ. Қ. Сүлейменова. З. Д. Ресми – іскери қазақ тілі. (Грамматикалық түсінік). Алматы. «Арман». 2002 ж. І – ІІ кітап.

11. Ергазиева Н.И. «Формирование и развитие официально-деловой речи в казахском языке» автореф. Дисс. Канд. Филол.н.- Алматы, 1979г. 29 с.

12.Республика Казахстан. Закон о языках в Республике Казахстан от 11. 07.97.г. № 151-1.- Алматы: Жеті жарғы, 1997-48 с.

13.Президент РК. О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах. Указ №769 от 14.08.1998г.// САПП.-Алматы. 1998.- №28.- С. 60.

14.Қайдаров А.Т. Тіл тағдыры - ел тағдыры // Егемен Қазақстан.- 1998.-16 сәуір.

15.Алдашева А. Ахметжанова З. Қадашева Қ. Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары.- Астана. 2000. 216 б.

16.Касымбеков М. Словарь-справочник общественно - политических терминов и наименовании, ведения делопроизвоство и правильного заполнения документов на казахском языке. – Алма-Ата: Казахстан, 1992. 288 с.

17. Салагаев В. Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг: Учебное пособие.- Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 208с.

18.Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. – Алматы, 1996.

19. Салагаев В. Культура делового общения. Деловая риторика. Деловые документы: Учебное пособие. – Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 200 с.

20.Печникова Т.В., Печникова А.В. Документационное обеспечение деятельности организации. Учебное пособие. – М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем». Издательство ЭКМОС, 1998. 208 с.

21. Кирсанов М.В., Аксенов Ю.М. курс делопроизводства: Документационное обеспечение управления: Учебное пособие. –2-е изд. – М.: ИНФРА-М; Новосибирск: НГАЭиУ, 1998. 272 с.

22.Андреева В.И. Делопроизводство. Требования к документообороту фирмы. – М. 1996.

23.Документы и делопроизводство: Справочное пособие. – М. Экономика, 1991.

24. Кузнецова Т.В., Илюшенко М.П. Основы документоведения: Учебное пособие. – М., МГИАИ, 1988.

25. Стенюков М.В. Документы. Делопроизводство. – М.: ПРИОР,1995.

26. Деловое досье фирмы. – М.: ИВЦ Маркетинг, 1993. – 85 с.

27. Кузнецова Т.В. Делопроизводство в бухгалтерии. Практическое пособие. М. ЗАО «Бухгалтерский бюллетень», 1998. – 224 с.

28. Басаков М.И. Основы делопроизводства в вопросах и ответах: Учебное пособие. Ростов-на-Дону: «Феникс», 1997.-192с.

29. Составление и оформление служебных документов. Практическое пособие для коммерческих фирм. Под. ред. проф. Т. В. Кузнецовой. - М: ЗАО «Бизнес школа» Интел-Синтез». 1998. 192с.

30.Фриш Г.Л. Номенклатурная документация общеобразовательного учреждения.-М: УЦ «Перспективы». 1999. 160с

31.Павлюк Л.В. КиселеваТ.И. Воробьев Н.И. Справочник по делопроизводству, архивному делу и основам работы на компьютере. - СПБ: Издательский Торговый Дом «Герда», 1999. 304с.

32. Кушнаренко Н.Н. Документоведение.-К.:О-во «Знания», КОО,2001.-460с.



VIII Нұсқа

1 – тапсырма

а) Түйіндеме оның жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз.

ә) Талап арыз қандай жағдайда жазылады.


2 - тапсырма

а) Акттың қандай түрлері болады

ә) Егін салушы фермалармен элеватор бастығы арасындағы астықты кептіру жөніндегі келісім шарт жасауы.
3 - тапсырма

а) Жеделхат пен телефонхаттың айырмашылығын түсіндіріңіз.

ә) Қарауыл бастығы лауызымы қызметіне тағайындау туралы бұйрықтың үлгісін жазу. (Жоғарыда аталған құжаттардың үлгісін көрсетіңіз).

Түйіндеме

Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, фирма, кәсіпорындарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Сауатты әрі толық жазылған түйіндеме сіз туралы жақсы әсер қалдырады. Бұл өзіңіз қалаған жұмысты тезірек табуға көмектеседі. Түйіндеменің ерекшелігі - үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түйіндемеде үміткердің:

- Аты-жөні

- Туған жылы, күні, айы, туған жері

- Ұлты


- Жынысы

- Мекен-жайы, телефоны

- Отбасы жағдайы

- Азаматтығы

- Білімі

- Бітірген оқу орындары

- Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі

- Тілдік дағдылары



  • Компьютерлік сауаттылығы

  • Жеке қасиеттері. Мысалы: жауапкершілік, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық кабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т. б.

- Қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т. б.) туралы мәліметтер және косымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертифи-каттар, наградалар, патенттер т. б.) көрсетіледі.

Кейде мақсаты да көрсетіледі. Онда қызықтыратын жұмыс түрі, қанағаттандыратын еңбекақы көлемі туралы мәлімет беріледі.



түйіндеме — резюме

жеке қасиеттер — личные качества

ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілет - организаторские и лидерские способности

адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік - коммуникабельность

алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас - творческий подход к выполнению поставленных задач
13-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы неде ?

  2. Түйіндеме не үшін жазылады ?

  3. Түйіндемеде қандай мәліметтер болу керек ?


14-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз. Азаматтығы туралы мәлімет, тілдік дағдылары, жұмыс тәжірибесі, нарық заманы, кысқа әрі нақты, жұмысқа орналасу, компьютерлік сауаттылығы, ұйымдастырушылық қабілет, алға қойған міндеттер, спортқа қатысы, бос уақытында шұғылданатын ісі, ғылыми дәрежесі.
15 - жаттығу. Сұхбатпен танысыңыз.

- Арман, маған көмектесіп жіберші.



  • Қандай көмек керек, Әсел?

  • «Мұнайгаз» компаниясында конкурстық негізде қабылдайтын хатшы-референттің бос қызмет орны бар екен. Мен сол конкурсқа катысайын деп едім. Соған түйіндеме дайындау керек.

  • О-о, бұл өте жақсы ғой. Түйіндемеде өзің туралы мәліметтерді толық, бірақ нақты етіп беруге тырыс.

  • Міне, көрші, өзім туралы жалпы ақпараттарды толық берген сияқтымын. Тағы не қосуға болады ?

- Сен өзіңнің жеке қасиеттерінді көрсетпепсің. Бұл өте маңызды.

- Сен қалай ойлайсың? Қандай жеке қасиетттерімді жазуға болады?

- Сенің бойыңда жақсы қасиеттер өте көп қой!

Мысалы: жауапкершілік, ұқыптылық, ұжыммен жұмыс істей білу, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілетің де бар. Меніңше осы жақсы қасиеттеріңнің бәрін жазу керек.

- Көмегіңе рахмет, Арман.

- Оқасы жоқ.


16-жаттығу. Сұхбат бойынша сұрақтардың жауабын кестеге толтырыңыз.

  1. Қандай компания бос қызмет орнына конкурс жариялаған ?

  2. Қандай бос қызмет орнына конкурс жариялаған ?

3. Әсел өз түйіндемесінде қандай мәліметті көрсетпеген ?

4. Арман Әселдің қандай жақсы қасиеттерін атап өтті ?


17-жаттығу. Түйіндеме үлгісімен танысыңыз.

Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы.

Әуезов к-сі, 29-үй, 65-пәтер телефон: 8300425336
АТЫ – ЖӨНІҢІЗ
Туған жылы: 15. 02. 1969 ж.

Ұлты: қазақ

Жынысы: әйел

Отбасы жағдайы: ұрмыста

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі: жоғары

1992 - 1995 ж ж. Әлем тілдері университеті, халықаралық қатынастар факультеті 1984-1991 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, заң факультеті Кәсіби тәжірибесі: 1996 - 2001 жж. "Саяхат"туристік фирмасы, кеңесші-заңгер. (Алматы қаласы) 1994 - 1996 ж.ж. «Сенім» нотариалдық кеңсесі, кеңесші-заңгер (Алматы қаласы). Тілдік дағдылары: қазақ тілі - ана тілі, орыс тілі - еркін, ағылшын тілі — өте жақсы .

Компьютерлік сауаттылығы: Windows 98, Word , Ехсеl, Intегnеt.

Жеке қасиеттері: ұстамдылық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық және басқарушылық кабілет. т. б. Қосымша ақпараттар: «Lifе» адвокаттық кеңсесінің сертификаты (Лондон қ., 1998) Қызығушылығы: БАҚ, жарнама, спорт, саяхат.

Тапсырма. Өзіңіздің түйіндемеңізді жазыңыз

ТАЛАПАРЫЗ
Талапарыз қандай да бір келісім талаптары орындалмаған жағдайда немесе келісімде көрсетілген талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда жазылады. Талапарыз аудандық не қалалык соттың төрағасына жазбаша түрде беріледі Сотта сол талапарыз бойынша іс қозғалып, заң жүзінде шара колданылады.

Арызда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:



  • Талапарыз берілетін соттың атауы.

  • Талапкердің немесе оның өкілінің аты-жөні, мекенжайы.

- Жауапкердің аты-жөні.

- Талапарыз жазуға дәлелдері.

- Талапкердің талаптары.

- Талаптың бағасы.

- Арызға тіркелетін қосымша кұжаттар тізімі.

Егер талапарызды талапкердің өкілі берсе, оның құқығын куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат тіркеледі.

Талапарызда, ең бірінші, кімге екені (Мысалы: Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының төрағасы Ж.Асанов мырзаға) және кімнен екені ( онда талапкер мен жауапкер туралы мәлімет) жазылады. Сосын жолдың ортасынан «Талапарыз» деген сөз және азат жолдан талапарыздың мәтіні жазылады. Онда талапарыз жазуға негіз болған жағдай толық көрсетіліп, сол мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдану сұралады. Соңында талапарыз берушінің аты-жөні көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Талапарыз қандай жағдайларда жазылады ?

  2. Талапарыз қандай мекемеге жазылады ?

  3. Талапарызда қандай мәліметтер керсетілуі тиіс ?

  4. Сотта талапарыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады ?

  5. Талапарыздың құрылымы қандай?


2-жаттығу. Талапарызда көрсетілуге тиіс негізгі мәліметтерді толты-рыңыз .

Алматы қаласы, Әуезов аудандық

соттың төрағасы Қ. Маратұлы мырзаға

Талапкер: «Сейнұр» ЖШС – ның президенті

А. Мырзахметов

Жауапкер: « Есіл» ААҚ


ТАЛАПАРЫЗ

2006 жылдың 25 сәуірінде «Сейнұр» ААҚ мен «Есіл» ЖШС – ның арасында шикізат жеткізілімі туралы келісімшарт жасалған болатын. Өзара келісім бойынша «Сейнұр» ААҚ «Есіл» ЖШС-на әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын. 2006 жылдың шілде, тамыз айларында «Есіл» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, «Сейнұр» ЖШС 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде зиян шекті.

Осы мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдануыңызды сұраймыз.
«Сейнұр» ЖШС – ның президенті А. Сапаров.

2006 ж., 10 желтоқсан


4-жаттығу. Талапарыз бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Талапарыз қай сотқа жазылған ?

  2. Сот төрағасы кім ?

  3. Талапкер кім ?

  4. Жауапкер қай мекеме ?

  5. «Сейнұр» ААҚ неліктен 150 000 (жүз елу мың теңге) зиян шекті?


5-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісім талаптары, бас тартқан жағдайда, келісімде көрсетілген талаптар, орындалмаған жағдайда, талапарыз бойынша, шара қолдану, заң жүзінде, талапкердің талаптары, қосымша құжаттар, кұжаттар тізімі, жауапкер туралы мәлімет, шикізат жеткізілімі туралы.


6-жаттығу. Талапарыз үлгісімен танысыңыз.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

соттың төрағасы Қ. Болатұлы мырзаға

Талапкер: Алматы қаласы, Әуезов

көшесі 52 – үй, 25 - пәтерде тұратын

Ботагөз Жандосова

Жауапкер: «Керуен» сауда үйі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет