Ќазаќстан республикасы



бет23/45
Дата03.01.2022
өлшемі0.89 Mb.
#450771
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Киім және аяқ киім гигиенасы лекция

Аяқ киім гигиенасы. Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:

1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;

2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;

4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;

5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;

6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.

Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.

Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.

Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.

Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа- және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.

Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа- және бу өткізгіштігі төмен. Лакталған аяқ киім ауаны мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті киюге жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді қажет етеді.

Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады, бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына, тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады. Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне байланысты, екі жақты рөл атқарады

Биіктігі 2-3 см, жуан өкше табанды жерден жарақаттануынан қорғайды, аяқтың рессорлық қызметін жоғарылатады, аяқ сүйектеріне механикалық жүктемені тең беріп, нәтижесінде бұлшық еттердің шаршауын азайтады. Аса биік өкше, әсіресе, бізөкше түрі, ауырлық нүктесін алға қарай ығыстырып, жүрісінің беріктігін бұзады, барлық жүктемені аяқтың алдыңғы бөлігіне түсіреді, нәтижесінде аяқ ұшы байламдарының және сирақ бұлшық еттерінің ауыруы күшееді, аяқ ұшы жалпаяды, бақайларының пішіні өзгереді.

Балалардың аяқ киімдерін үлгісін жасау кезінде, аяқ киім тігілетін материалдан басқа, балалардың аяқ ұшы құрылысының ерекшеліктері және олардың сүйектену үрдістерінің аяқталмағандығыны ескеріледі. Балалар аяқ ұшына радиальды пішін тән, бұл кезде ең үлкен жалпақтығы бақайларының ұшында байқалады, ал үлкен адамдарда - 1-5 табан сүйектірінің тұсында болады. Сондықтан, балалар аяқ киімінің тұмсық бөлігі кеңдеу тігіледі. Балалар жасында аяқ сүйегі, негізінен, шеміршекті болатынын ескере отырып, оның иілгіштігіне, аяқ киімнің қалыңдығы мен салмағына көңіл бөлінеді. Себебі, кез келген механикалық әсерден, аяқ оңай деформацияға ұшырайды. Өкшенің биіктігі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 10 мм аспауы керек, мектеп жасындағылар 8-10 жастағылар үшін - 20 мм, 13-17 жастағы ұлдар үшін - 30 мм, осы жастағы қыздар үшін - 40 мм аспауы керек.

11 жасқа дейінгі балалардың аяқ киімнің міндетті түрде сірісі және ілгек, сырма, бау, белдікше түріндегі, сенімді бекіткіші болуы керек. Балаларға тігілетін аяқ киімнің үстіңгі бөлігі жылдың барлық мезгілдері үщін табиғи теріден болуы ұсынылады. Жазғы аяқ киім үшін әр түрлі текстильді материалдарды пайдалануға болады. Балалар аяқ киімін дайындауда полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін, бірақ, олардың қолданылуы санитарлық нормалар мен ережелермен регламенттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет