ОШКАВАК МАНТЫ /асқабақ манты/ .
500 г асқабақ, 2—3 түір пияз, 100 г құйрық май, ыдысқа жағуға қажетті 2—3 ас қасық, май, көк, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне қарай.
Асқабақ пен пняздың қабыға аршылып, ірі көзді үккішпен үгіледі. Көк туралады. Құйрық май ет тартқышпен тартылады, тұздалып, бұрышталады, бәрі араластырылады.
Иленген қамыр оқтаумен жұқалап жазылады. Ол 10x10 см мөлшерде қиықша етіп кесіледі де, әр қиықшаның ортасына бір-бір ас қасық фарш салынады. Қиықшалардың шеттері қиғашынан, бұрыштары манты сопақшалау болатындай етіліп жапсырылады. Мантылар бу кастрюлінің май жағылған қақпағына орналастырылып, үстіне суық су себіледі. Кастрюльдегі су қайнаған кезде манты салынған қақпақтар орналастырылып, қақпағы тығыз жабылады да, 20—30 минут пісіріледі. Дастарқанға үстіне қаймақ құйып әкелінеді.
УГРА ОШИ /ет кеспе/
Қойдың, немесе сиырдың. 500 г еті, 2 түйір пияз, 3—4 түйір помидор, жарты кесе томат пастасы, көк бұрыш бен тұз дәмі мен татымына қарай.
Иленген қамырдың бетін 10 минут жауып қояды. Содан соң оқтаумен жұқалап жайылып, үстіне ұн себіледі де, шиыршықталып , кеспе кесіледі. Таза орамалға ұн себіліп , оның үстіне кесілген кеспе кептіру үшін жайылып тасталады.
Ет жуылады, сүйегінен сылынып, туралады да, кастрюльге салынады. Кастрюльге 3,5 л су құйылып, отқа қойылады.
Жұмсақ етке пияз және көк қосылып, еттарқышпен тартылады. Тұздалып, бұрышталады. Жақсылап араластырылады да, шиенің мөлшеріндей фрикаделькалар жасалып, аздап ұнға аунатылады. Сорпа қайнаған кезде кепсермен көбігі тұздалады. Сөйтіп үстіне фрикаделькала салынып , 20—2ғ минут қайнатылады. Содан соң, сорпаға кеспе салынады. Бірақ оны саларда сілкіп , ұның түсіру қажет. Әйтпесе сорпа күңгірт, тартып кетеді. Сорпа қайнап кеспе бетіне қөтерілгенде, отты басып, тағы да 2—-3 минут қайнатылады. Томат пастасы, помидор мен пияз қосылып, қуырылады да, кастрюльге кеспеден бұрын салынады.
Чузма лагман
Қойдың 500 г жұмса еті, 200 г май, 2 түйір пияз, 2-3 түір помидор, 3—4 картоп, 3—4 сәбіз, 150 г қырыққабат, 100 г шалғам, 2 түір болғар бұрышы, 2 дана лавр жапырағы, 1 дана қызыя бұрыш, тұз татымына, көк әркімнің қалауына қарай.
Қамырдан 25—30 г тартатындай домалақтар жасалып, екі алақанның, арасына салынады да, саусақтың, жуандығына жеткенше ысқыланады. Сөйтіп өсімдік майы жағылады. Содан соң екі ұшынан ұсталады. Ортасын бүктеме тақтайына тигізіп, екі қолды қатты сермеп ұрылады да, созылады. Бұдан кейін екі ұшын қайта-қайта қосып, тағы да ұрғылайды. Осылайша төрт рет қайталаған соң, ұзын болып созылған кеспе стол үстіне тасталады. Бұдан кеін ол қайнап жатқан тұзды суға асылып сүзгімен алынады да, салқын суға жақсылап жуылып, лағман ыдысына салынады.
Тұздық былай дайындалады: май қатты қыздырылады, пияз соған қызарғанша қуырылады. Оның үстіне ұсақтап туралып, қара бұрышпен араластырылған сарымсақ, қосылады. Ол да пиязбен бір қуырылады. Туралған помидор бөліктерін қосқан соң тағы да 3-4 минут қуыру қажет. Осы өнімдердің үстінен ұсақтап туралған ет салынып, ол да құырылады. Содан соң ұшбұрыштап тұралған сәбіз , шалғам , картоп ұсақтап кесілген қырыққабат пен болгар бұрышы араластырылып, бырі қазанға салынады да
жартылай дайын болғанша қуырылып, тұздалады. Лавр жаңғағы, қызыл бұрыш салынып, су құйылады да, 10-15 минут асылады. Осы дайын тұздық кеспенің үстіне құйылады.
Достарыңызбен бөлісу: |