Ќазаќстан республикасы


Дәріс 6 ҚЫРҒЫЗ ХАЛҚЫНЫҢ ТАГАМДАРЫ



бет20/59
Дата07.09.2022
өлшемі1.03 Mb.
#460401
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Б йры 042-13 10. 05-2007 Басылым №1

Дәріс 6
ҚЫРҒЫЗ ХАЛҚЫНЫҢ ТАГАМДАРЫ
Қырғыздың негізгі тағамдары технологиясы, тіпті құрамы бойынша да *қазақ тағамдарына ұқсас. Қырғыз бен қазақтың көптеген тағамдары бірін-бірі қайталайды. Тіпті аталуы да бір-бірне ұқсайды. Дегенмен қырғыз халқының ұлтгық тағамдарының өздеріне тән ерекшеліктері де жоқ емес.
Қырғыздардың қазіргі дастарқанына маусымдылық жағдай тән. Мәселен, жазда оларда — сүт, өсімдік тағамдары, қыстыкүні — ет, үн және ет-дәнді дақыл тағамдары басым болады. Дәнді дақылдардан олар негізінен бидай, тау арпасы, кейде жүгері тұтынады.
Қырғыз халқының ұлттық ет түрі — жылқы еті. Жылқы еті бұл елде өте жоғары бағаланады. Одан әйгілі қырғызша ет /тураған ет/ дайындалады. Қырғызша еттің қазақша еттен айырмашылығы негізінен тұздығында. Мысалы, олар қоспа тұздықты /құрт езген тұздық/ жақсы пайдаланады. Кейде еткен нан /кеспе/ салмайды. Оның есесіне пияз бен айран /қатық/ қолданылады. Сонымен бірге бұл халық қой етін де, әсіресе асылған күйінде аса құрметтейді.
Қымыздан бастап сүт тағамдарының, бәрі қазақтың сүт тағамдарымен бірдей десе де болады.
Қырғызстанда бақ шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуына орай көкөніс пен жемістердің қоректік үлес салмағы едәуір өсті. Олар қазір тамаққа ғана қосылмайды, сонымен қатар өздігінен, жеке тағам ретінде тұтынылады. Әйтседе ұлттық тағамдар курамына енбейді. Тек Қырғызстанның көкөніс өсірумен айналысатын оңтүстігінде ғана дақылдардың кейбір түрі, мысалы асқабақ ұлттық тағамдар дайындағанда кеңінен қолданылады.
Қырғыздар көбіне көк шайды, соның ішінде тақта шайды жақсы көреді. Олар тақта шайдан сүт қатып, тұз салынған, бұрышталып, майға қуырылған ұн \бірақ май қоспай\ қосқан/ сүт пен қатынасы 2:1\ қуырма шай дайындайды.
Қырғыздардың көршілес халықтар тағамына ұқсамайтын тағамдарының қатарында – көмешті ғана атауға болады. Қөмеш үлкен теңгенің көлеміндей етіп, күлге көмілген, сөйтіп ыстық сүтке салып, үстіне май және сүзбе қосылған ұн тағамы.


ШОПАН СОРПАСЫ
430 г қой еті, 120 г ұн,, жарты жұмыртқа, 1 ас қасық, то­мат пастасы, 1 түйір шалғам /орташа/, 40 г жусай, бір сарым-сақтың 1/3 бөлігі, 1 түйір пияз, 50 г құйрық май немесе маргарин, 400 г сүйек, тұз бен дәмдеуіштер татымы мен дәміне қарай. Жусайдың, орнына жас сарымсақтын. өзегін пайдалануға болады.
Құйрық майдың бір кесегі қуырылады, оған жалпақтап ту­ралған ет салынып, сырты қызарғанша тағы да қуырылады. Содан соң шалғам кесінділері, ұсақтап туралған пияз, бұрыш қосылып , етпен бірге шала қуырылады да, үстіне томат пастасы салынып, аздаған сүйек сорпасы құйылады.
Ашытқасыз, жұмыртқа қосылып қамыр иленеді де жұқалап жайылады. Сөйтіп төртбұрыштап немесе шаршылап кесіледі .
Осы қамыр ет пен көкөніс қайнап жатқан сорпаға салынады да, 3—5 минут асылады. Үстіне ұсақтап туралған сарымсақ салынады.
Дастарқанға әқелерде бетіне көк себіледі.


КЫРҒЫЗША ЕТ
860 г қой еті, 2 түір пияз, кеспе үшін 240 г бидай ұны, тұз, ұнтақталған қызыл бұрыш татымы мен дәміне қарай. Қой етінің ірі-ір1і кесектері үстіне аздаған су қүйылып асылады. Түздалып бұрышталады. Содан соң сорпадан ет алынып, әрбір кесегінің ені 0,5 см, ұзындығы 5 см етіліп туралады.
Ашытқысыз қамыр иленіп, жұқалап жайылады, кеспе тәрізді кесіледі. Ол сорпаға салынып, асылады да, піскен кезде кепсермен сүзіп алынады. Табаққа салынған осы кеспенің үстіне манағы туралған ет аударылып, сақиналап туралып, сорпаға бұқтырылған пияз салынады. Туздалып бұрышталады.
Сорпасы дастарқанға басқа ыдысқа немесе кесеге құйылып, бөлек әкелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет