Ќазаќстан республикасы



бет26/59
Дата07.09.2022
өлшемі1.03 Mb.
#460401
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Б йры 042-13 10. 05-2007 Басылым №1

Молдован жаркобы
Сиыр етін ірі етіп турап, аздап ет шабатын ағаш балташамен соққылып жұмсартып, майға қуырып аласыз. Алдын ала пияз, сәбіз, петрушка қосып қуырылған картопты осы еттің үстіне салып араластырасыз да томат қосқан қызыл тұздық қосып, тұз салып, 30-40 минуттай бәсең отта бұқтырасыз. Дастарқанға әкелерде туралған аскөк немесе петрушка себелейсіз.
Бұған керегі – 800 г картоп, 500 г ет, 2-3 сәбіз , 1-2 пияз, 1-2 тал петрушка, 60 г қызыл тұздық, 1-2 бадана сарымсақ, аскөк пен петрушка көгі, бұрыш пен тұз қалауыңызша.
Молдованның кәді қосып пісірген баклажаны
Баклажан мен кәділерді жуып, тазалап , дөңгелектеп турайсыз да тұз бен бұрыш сеуіп, ұнға аунатып алып қыздырылған майға екі жағын да қуырасыз. Шұңғылдау ыдысқа қатарластыра салып, үстінен пияз тұздығын құйып қайнатасыз да тұз бен бұрыш қосып, туралған петрушка мен аскөк үшітілген сарымсақ себелеп, ыдыстың қақпағын жауып біраз қоя тұрасыз.
Дайын болған баклажандар мен кәділерді қуырылған картоппен , жас помидормен дастарқанға қоясыз.
Бұған керегі – 4-5 баклажан, 4-5 кәді, 2 стакан пияз тұздығы, 1 стакан өсімдік майы, 4-5 помидор, 10-15 картоп, сарымсақ пен аскөк , петрушка, бұрыш пен тұз қалағаныңызша.


Молдованның сүт пен күріш қосқан асқабағы

Күрішті жуып, өте аз суда пісіресіз де қайнап жатқан сүтке салып тағы да 10-15 минут пісіресіз. Біраздан соң төртбұрыштап туралған асқабақ салып, дайын болғанша пісіресіз. Дайын болар кезде қант қосасыз.


Бұған керегі – 400 г асқабақ, 1 стакан күріш, 1 л сүт, қант қалауыңызша.
Молдованның қаймақ тұздығындағы картоп пен кәдісі
Осының алдындағы тағамдай етіп дайындалған картоп пен кәділерді қаймақ тұздығын қосып 5-8 минуттай қайнатасыз да отын бәсеңдетіп, татымына қарай тұз, ьұрыш қосасыз. Дайын болғанда қызыл помидор турап қосып дастарқанға әкелесіз.
Бұған керегі – 2 кәді, 10-15 картоп, 1 стакан қаймақ тұздығы, жарты стакан өсімдік майы, 4 помидор, көктер, бұрыш пен тұз қалауңызша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет