Ќазаќстан республикасы


Армянның үрмебұршақ салаты



бет30/59
Дата07.09.2022
өлшемі1.03 Mb.
#460401
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Б йры 042-13 10. 05-2007 Басылым №1

Армянның үрмебұршақ салаты
Өте жас үрмебұршақ қыншаларын жіпшелерінен тазартып, жіңішкелеп кесіп, тұзды суға пісіріп алған соң елеуіш үстіне сүзіп, суын сорғытасыз да салат ыдысына салып тұздап, бұрыштайсыз, сірке суын құясыз. Үгітілген сарымсақты бөлек ыдыста дастарқанға қоясыз.


Армянның қияр мен помидор салаты

Помидор мен қиярды жуып, жұқалап дөңгелектеп тураған соң салат ыдысына саласыз. Тұздап, бұрыштайсыз да өсімдік майы араластырылған сірке су құйып, петрушка көгін себелейсіз.


Салатқа керегі- 500 г помидор, 500 г қияр, 75 г сірке су, 25 г өсімдік майы, петрушка көгі, тұз бен бұрыш татымына қарай.


Армянның сары май қосқан асқабағы
Қабығы аршылған асқабақты түйірлеп турап, тұзды суға пісіріп алып сүзіп, суын сорғытып қоясыз да қант себесіз. Майда туралған пиязды сары майға қуырасыз. Дайын болған асқабаққа қуырылған пияз салып, тағы да ерітілген сары май құйып дастарқанға қоясыз.
Бұған керегі – 400 г асқабақ, 1 пияз, 50 г сары май, 20 г қант, тұз татымына қарай.


Армянның жасымық қосып пісірген асқабығы
Қабығы аршылған асқабақты бөліп-бөліп кесіп тұзды суға пісіресіз. Біраздан соң алдын ала пісірілген жасымықты /чечевица/ және қуырылған пияз қосып, араластырып 10-15 минуттан пісіресіз. Дайын болған асқабаққа майда туралған көк себелеп дастарқанға әкелесіз. Бөлек ыдыспен айран қоясыз.


Хапама /армянша фаршталған асқабақ/
Шағындау асқабақты тұтастай жуып, сабақ жағын табақша сияқты етіп дөңгелектеп кесесіз де ішіндегі жұмсағын тұқымымен қоса алып тастайсыз, тағы да жуасыз. Жаңағы алынған жұмсағын тұқымынан тазартып майдалап турайсыз да шала пісірілген күріш, жуылған мейіз, сүйегі алынған алша немесе қара өрік, майда жіңішкелеп туралған алма, қант, үгітілген даршын қосып, бәрін мұқият араластырасыз. Осы фаршпен жаңағы дайындаған асқабақты толтырасыз да кесілген дөңгелек бөлігін қақпақ етіп жабасыз.


Армянның жаңғақ тұздығындағы баклажаны
Қабығы аршылған баклажандарды дөңгелектеп турап, тұздайсыз да 10-15 минуттан соң сығып, қызған майға қуырасыз. Ал тұздық жасау үшін әбден үгітілген грек жаңғағы дәндерін кастрюльге саласыз, оған майда туралған петрушка, тұз бен бұрыш, ыстық су құйып, сірке су қосып қайнатасыз да суытып қоясыз. Дайын болған баклажандарға осы жаңғақ тұздығын құйып дастарқанға әкелесіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет