Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте



Дата04.07.2016
өлшемі242.56 Kb.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ





р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексі



мазмұны

жоқ

479-1-бап. Ақылы автомобиль жолдары/учаскелері бойынша жүріп өту үшін төлемнен жалтару






479-1-бап

Жоқ

479-1-бап. Ақылы автомобиль жолдары/учаскелері бойынша жүріп өту үшін төлемнен жалтару

Ақылы автомобиль жолдарын/учаскелерін пайдалану үшін төлемдер талаптарын сақтамағаны үшін -

жеке тұлғаларға – екіден беске дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерге – бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бестен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Ақылы автожолдарды пайдаланушылар тәртібінің, жолдарды күтіп ұстауға қаражаттарды қолдану мақсатында жүріп өтуге төлемді алу механизмін тиімді падалануы мақсатында



548-бабы 2-тармағының екінші абзацы

548-бап. Көлiк бақылау органдары
2. Көлiк бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:

осы Кодекстiң көлiк бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлiк бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлiк бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;

247, 357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 459-460 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1-бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 473-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479, 480, 481 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.


548-бап. Көлiк бақылау органдары
2. Көлiк бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:

осы Кодекстiң көлiк бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлiк бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлiк бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;



247, 357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 459-460 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1-бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 473-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479, 479-1, 480, 481 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.

Ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуге ақыны төлемеуге әкімшілік жауапкершілікті енгізу қажеттілігіне байланысты

2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі



41-бабы 3-тармағының бірінші абзацы

3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы немесе орындауды ұйымдастырушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.

Ұлттық оператор өзі тікелей жолдарды салып және қайта жаңарта алмайды, ол мемлекеттік тапсырманы орындаудың ұйымдастырушысы тапсырыс беруші ретінде әрекет жасау керек

3. «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы



1-баптың 1)-тармағы

1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншiк иелерi болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншiк иелерi болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен, автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператор, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

Жаңа субъектіні құру – автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператор



1-баптың 11)-тармағы

11) ақылы автомобиль жолдары – өздерiне қатысты ақылы негiзде пайдаланылу туралы шешiм қабылданған және онымен жүргенi үшiн ақы алынатын автомобиль жолдары;

11) ақылы автомобиль жолдары – өздерiне қатысты ақылы негiзде пайдаланылу туралы шешiм қабылданған және онымен жүргенi үшiн ақы алынатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері;

Осы кезеңде жүріп өтуге төлемді енгізу автомобиль жолдарыныңң жеке усакелерінде болжамданған



1 баптың 19-1) тармағы

Жоқ

19-1) жол органдарының заңды тұлғалары сапаны бақылау саласында – қызметінің негізгі пәні автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу болып табылатын, жол органдарын жүргізетін заңды тұлғалар

Сапаны бақылау саласында жол органының заңды тұлғасы түсінігін анықтау мақсатында



1-баптың 22)-тармағы

Жоқ

22) Автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператор – мемлекеттің жарғылық капиталда жүз пайыз қатысатын (ұлттық компания), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлғалар, халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын басқару бойынша қызметтерді жүзеге асырады, ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүргені үшін ақыны төлеу, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының/учаскелерінің құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және күтіп ұстауды ұйымдастыру (бұдан әрі – Ұлттық оператор).

ұғымдық аппаратына жаңа атауын енгізу қажеттілігі



1-баптың 23) тармағы

Жоқ

23) Уәкілетті органның ғылыми-зерттеу ұйымы – уәкілетті органның жүргізуіне кіретін, қызметінің пәні жол қызметі саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу болып табылатын және акциялық бақылау пакеті мемлекетке жататын заңды тұлғалар

Аппарат түсінігіне жаңа термин енгізу



5-баптың 2-тармағы

2. Ақылы автомобиль жолдары мынадай шарттардың орындалуы: көліктің жоғары, қауіпсіз жүру жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, жүрудің сапасын арттыру және бүкіл жол бойында жоғары сервистік қызмет көрсету ескеріліп салынады.

2. Ақылы автомобиль жолдары мынадай шарттардың орындалуы: көліктің жоғары, қауіпсіз жүру жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, жүрудің сапасын арттыру және бүкіл жолдар бойында жоғары сервистік қызмет көрсету ескеріліп салынады.

Редакциялық түзету



5-1-баптың 1-тармағы

1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:

1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына қатысты автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:

Ақылы тек қана халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар жолдар емес, негізігі белгі – бұл жалпы пайдаланымдағы жолдар



5-1-бабы 3-тармағының 5) трамақшасы

3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:

...


5) жүргені үшін ақының ең жоғары ставкасы;

3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:

...


5) жүріп өткені үшін төлем ставкасы


Осы кезеңде балама жолдарды салудың мүмкін еместігіне байланысты



5-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы

1. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:

2) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүру болмаған кезде:

қала маңындағы бағыттарда және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады



1. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:

2) қала маңындағы бағыттарда және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады


Балама жолдардың жамылғысының түрлері қиыршық тастар, ұсақ тастар қанағаттандырарлықсызды есепке ала отырып. Түзету балама жүріп өтуден тіпті кейбір көлік түрлеріне жүріп өтуге ақы төлеуден босатуға мүмкіндік береді.



5-3-бап

5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру

1. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

2. Ақылы автомобиль жолын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде пайдалануды тоқтата тұру белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.

3. Автомобиль жолының иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.


  

5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын пайдалану, пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру

1. Ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өту Ұлттық оператордың немесе концессионердің автомобиль жолдарын пайдалану шартының негізінде жүзеге асырылады. Шартты жасасуы сәті тиісті жабдықтармен көрсетілген ақылы жолдарға/учаскелерге шығу пунктісінің қиылысуы сәті болып табылады. Автомобиль жолдарын басқарушылар мен ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың арасындағы ақылы автомобиль жолдарын пайдаланудың шарты бұқаралық болып табылады.

Ақылы автомобиль жолдарын/учаскелерін пайдаланудың шартына осы Заңның және өтемелі қызмет көрсету шартының жалпы ережелері қолданылады.

2. Ақылы автомобиль жолдарын пайдалануды тоқтату, ақылы негіздегі автомобиль жолдарын пайдалануы бойынша көрсетілген шешімнің мерзімінің өтуі арқылы жүзеге асырылады;

3. Ақылы автомобиль жолын Қазақстан Республикасының заңнамасынада белгіленген тәртіппен соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде пайдалануды белгілі мерзімге тоқтата тұру жүзеге асырылады.

4. Автомобиль жолының иесі осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәнжайлар туындаған кезден бастап ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.



Ақылы жолдарды пайдалануды тоқтату гана емес, сонымен катар пайдаланудың логикалық бекіту кажет



7-баптың 1-тармағы

1. Жер пайдаланушыларға жалпыға ортаө пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшін жол санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер беріледі. Концессияға берiлген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажетіне арналған жер жол органына – жерді тұрақты пайдалануға, жол салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет кґрсетушілерге – жерді уақытша пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бөлінеді.

1. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жол бойындағы инфрақұрылымының құрылысы, күтіп ұстау және дамыту үшін жерді пайдаланушыларға жолақ бөлігі маңындағы жерлер және жобалық құжаттамаға сәйкес және жолдардың санаттарына байланысты белгіленген нормалар негізінде жол бойындағы белдеу учаскелері ұсынылады. Автомобиль жолдарын немесе оның учаскелерін қосқандағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына жерлердің қажеттілігі үшін, сондай-ақ берілген жол бойындағы белдеулер учаскелері. Ұлттық операторға немесе концессионерге, жол органдарына үнемі жерді пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жолдардың құрылысын, қайта жаңартуын және жөндеуін жүзеге асыратын қызметтерді жеткізушілерге – уақтылы жерді пайдалануға беріледі..






9-баптың 1-тармағы

1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу жерлерi жол органдарының немесе концессионерлердiң иелiгiнде әрi пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге ғана арналады.



1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу жерлерi жол органдарының, Ұлттық операторының немесе концессионерлердiң иелiгiнде әрi пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге ғана арналады.

Автожолдарды басқарудың жаңа субъектісінің құрылуына байланысты



11-баптың 5-2), 5-3), 5-4),

8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) тармақшалары



Жоқ

5-2) анықтама тәртібін бекіту және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мен қаржыландыруды және құнын бекіту;

5-3) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының орташа, ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, диагностика және аспапты тексеру бойынша жұмыстарды қабылдау тәртібін бекіту;

5-4) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар барысындағы техникалық қадағалауды қаржыландыру нормативтерін бекіту;

8-1) Ұлттық операторды құру және оның қызметінің Стратегиясын ұзақ мерзімді уақытқа бекіту, оның мәртебесін анықтау;

8-2) автомобиль жолдарын/учаскелерін сенімді басқармаға Ұлттық операторға беру, сондай-ақ ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін ақылы;

8-3) ақылы негіздегі автомобиль жолдарын/учаскелерін пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау;

8-4) ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін төлем ретінде түсетін ақша қаражаттарын жинау және жұмсау ережесін бекіту;

8-5) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, сонымен қатар күрделі және орташа жөндеуі бойынша жобалардың басым белгілерін бекіту



Автожолдарды басқару бойынша жаңа субъектінің құрылуына байланысты Үкімет құзыретіне толықтыру



12-бабының 2-тармағының 7)-тармақшасы

7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін анықтайтын заң актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын әзірлеу;

7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін анықтайтын заң актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, сонымен қатар күрделі және орташа жөндеуі бойынша жобалардың басым белгілерін әзірлеу;

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша басымды жобаларды анықтау критерийлерін айқындау және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында



12-бабы 2-тармағының 8-1-тармақшасы

Жоқ

8-1) ақылы негіздегі автомобиль жолдарын/учаскелерін пайдалану жөнінде ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;»;


Автожолдарды басқару бойынша жаңа субъектінің құрылуына байланысты ККМ құзыретіне толықтыру



12-бабы 2-тармағының 8-2-тармақшасы

Жоқ

8-2) Автомобиль жолдарын/учаскелерін сенімді басқармаға Ұлттық операторға беру туралы, сондай-ақ ақылы қозғалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

Автожолдарды басқару бойынша жаңа субъектінің құрылуына байланысты ККМ құзыретіне толықтыру



12-бабы 2-тармағының 14-тармақшасы

14) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы заңға сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту бойынша жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру;

Автожолдарды басқару бойынша жаңа субъектінің құрылуына байланысты ККМ құзыретін өзгерту және уәкілетті мемлекеттік орган қызметінің бөлігін беру



12-бабы 2- тармағының 14-1) тармақшасы

Жоқ

14-1) сапаны бақылау саласында жол органының заңды тұлғалары арқылы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеуі кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру:

«Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының 12-бабының 15- тармағына сәйкес, автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құзырына жобалау саласында автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстауды талап ететін нормалар мен стандарттарды қамтамасыз ету жатады, Сонымен қатар осы құзырет жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылаумен өзара байланысты, жол органдарына «Автомобиль сласындағы сапаны жоғарлатудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы №1305

қаулысымен құрылған

мамандандырылған ұйымдардың тартылуы қажетті.




14-баптың 2-1 тармағы

Жоқ

2-1. Жол қызметінің саласында ғылыми зерттеулер уәкілетті органның ғылыми-зерттеу ұйымымен жүзеге асырылады және ол келесіні қамтиды:

1) автожол саласының нормативтік-техникалық базасын әзірлеу және жетілдіру;

2) автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы ғылыми зерттеулер;

3) жаңа техникалық шешімдерді (материалдар, құрылымдар және технологиялар) енгізу мақсатында автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын салу және қайта жаңарту бойынша жобалық және жоба алдындағы жұмыстар;

4) зерттеу нәтижелерін енгізу кезінде ғылыми-техникалық сүйемелдеу;

5) автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарының диагностикасын;

6) жолдар мен құрылыстардың техникалық жағдайының, материалдар мен жұмыс сапасының тәуелсіз сараптамасын


«ҚаздорНИИ» АҚ құрылыстың технологиясын және ЖСҚ-ны әзірлеумен инновациялық материалдарды қолдануды және олардың қолданысы бойынша нормотивтік базаны жетілдіруге бағытталған фундаменталдық және қолданбалы зерттеулерді жүргізетін мемлекеттегі жалғыз ғылыми ұйым. Осы ерекшеліктерді ескере отырып автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарының диагностикасы қажетті ғылыми-техникалық деңгейде орындалуы керек. Осыған байланысты

«ҚаздорНИИ» АҚ қызметінің түрлерін заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылады.





14-баптың 4-тармағы

4. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу үшiн әзiрленген техникалық құжаттама - белгiленген тәртiппен мемлекеттiк, соның iшiнде экологиялық сараптамадан, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшiн - автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиiс.



4. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу үшiн әзiрленген техникалық құжаттама - белгiленген тәртiппен мемлекеттiк, соның iшiнде экологиялық, сондай-ақ ғылыми-техникалық сараптамадан, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшiн - автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиiс.

Автомобиль жолдары құрылысының сапасын арттыру



15-баптың 2-тармағы

2. Жол қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмысты Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң талаптарын сақтай отырып орындауға мiндеттi.

Автомобиль жолдарын салу, жаңғырту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзген кезде мемлекеттiк бақылауды - тапсырыс берушi, автомобиль жолдары жөнiндегі уәкiлеттi орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, ал авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзiрлеушi және өндiрiстiк қадағалауды жұмыс орындаушы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттiк қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.



2. Жол қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмысты Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң талаптарын сақтай отырып орындауға мiндеттi.

Автомобиль жолдарын салу, жаңғырту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзген кезде мемлекеттiк бақылауды - тапсырыс берушi, автомобиль жолдары жөнiндегі уәкiлеттi орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, ал авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзiрлеушi және өндiрiстiк қадағалауды жұмыс орындаушы және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын техникалық қадағалау - тиісті лицензиясы бар ұйымдармен (қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеулер, күтіп ұстау)жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттiк қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.



Автомобиль жолдары құрылысының сапасын арттыру және құрылыс процесіне қатысушылардың жауапкершілігі



17-баптың 5-тармағы

Жоқ

5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысы және ұайта жаңартуды қаржыландыру, осы заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тапсырма негізінде жекеменшік қаражаттары есебінен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік тапсырма негзінде республикалық автожолдарды құрылысы мен қайта жаңартуды қаржыландырудың моделін құруға байланысты



17-1-бап

Жоқ

17-1-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері»

1. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар жол қозғалысының қатысушы ретінде құқығы бар:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша еркін, бөгетсіз жылжуы;

2) жол органдарының лауазымдық тұлғаларынан, басқарушы компаниялардан және жол полицияларының бөлімшелерінен жолдар бойынша қозғалысты тоқтатуға немесе шектеу себептері туралы түсінік алу;

3) көрсетілген қызметтерден қозғалыстың шарты туралы толық және нақты ақпарат;

4) ақылы автомобиль жолдарының ұзақтығы және жүріп өтуінің құны туралы, ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланудың тәртібі туралы, жүріп өтуінің төлем ставкалары, төлем тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуінің төлемі бойынша жеңілдіктері мен басқа да талаптары;

5) осы заңның 5-2-бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдары бойынша тегін жүріп өтуі;

6) жол-көлік оқиғалары болған жерде, не жолдар бойынша медициналық мекемеден тегін кепілді көлемде медициналық көмекті алу, сондай-ақ басқа да қажетті қызметі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол органдарынан, жол полициялары бөлімшелерінен және басқа да лауазымдық тұлғалардан дәрігерге дейінгі көмекті алу;

7) бекітілген заңнамалық тәртіппен, жол-көлік оқиғалары нәтижесінен болған көлік құралдарының және (немесе) жүктердің зақымдалуы жағдайында залалды өтеу;

8) Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамалық тәртіппен, жол органдарының лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағым беру.

2.Автомобиль жолдарын пайдаланушылар міндетті:

1) жолдар мен жол құрылыстарының бүтіндігіне және олармен жүріп өтудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарамды көлік құралдарын пайдалану;

2) көлік құралдарымен габаритті көлемде, массасы немесе жол белгілерінде көрсетілген рұқсат етілген немесе артық астам асатын жүкпен немесе жүксіз белағашқа жүктеме болатын, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдардың арнайы рұқсатсыз жүріп өтуін болдырмау;

3) жол қозғалысының қауіпсіздігін төмендететін, қозғалыста үзілістің пайда болуына себепші болатын, көлік құралдарының жылдамдығының төмендеуіне, жолдардың сенімділігіне және құрылыстар, олардың қирауына әрекеттерді болдырмау;

4) қозғалыс қауіпсіздігіне қауіпті төндіріп түрған автомобиль жолдарында және жол құрылыстарында ақаулықты айқындаған кезде, өз күшімен ақаулықты жою бойынша олардан тәуелді болатын шараларды қабылдау немесе осы туралы жол органдарына немесе жол полициясының бөлімшесіне тез арада хабарлау керек;

5) заңнамада бекітілген өлшемдер мен тәртіппен ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуге төлемді орнату;

6) Ұлттық оператормен/концессионермен бекітілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібін сақтау, бекітілген ақпараттық тақтаға, төлем тәсілдері бойынша дифференциалды және/немесе көлік құралдарының техникалық сипатын, оператормен/концессионермен бекітілген жылдамдық режимді және бақылау-өткізу пунктісі арқылы жүріп өтудің дистанциясын сақтау;

7) жетілдірілген жамылғымен төселген жолдарға көлік құралдарының шығуы, оларды қолдануға жауапты лауазымдық тұлғалар, меншік нысанына тәуелсіз жер қазу мен құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар, жеке тұлғалар көлік құралдарды ластанудан тазартуды және жүргінші бөлігіне түсуіне жол бермеуіне қамтамасыз етуге міндетті.



Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілері туралы, азаматтық құқықтар мен бостандықтар, туралы нормалар, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігі заңға тәуелді акт емес, заңнама деңгейінде бекілу керек. «Автомобиль жолдары туралы» қолданыстағы заңнаманың 18-бабы «Жол органдарының және олардың қызметкерлерінің құқықтары», 19-бап «Жол органдарының жауапкершілігі және автомобиль жолдарын басқарушылар». Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабын бұзуы 1998 жылғы 5 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы аумағындағы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың Ережесінің 2-тармағында заңға тәуелді деңгейде бекітілген. Осыған байланысты автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін заңға тәуелді бекіту бөлігінде «Автомобиль жолдары туралы» Заңға толықтырулар енгізу керек.





4-1-тарау

Жоқ

4-1-тарау. Автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператор»

28-бап. Ұлттық оператордың құқықтық ережесі

1. Ұлттық оператор – автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық компания, халықаралық және республикалық жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану, осындай жолдардың құрылысын ұйымдастыру мен қайта жаңарту, иелігі бойынша құзыретінің орындалуы мақсатында акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша құрылған, мемлекеттің жарғылық капиталға 100 пайыз қатысатын заңды тұлға болып табылады, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын/учакелерін басқару және олардан жүріп өтуіне төлемді алу. Автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператордың толық және қысқартылған атауы, өзге де ережелері Үкіметпен бекітілген оның Жарғысында көрсетілген.

2. Ұлттық оператордың қызметі осы заңмен, басқа да заңдармен, оларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

3. Ұлттық оператордың қызметі мақсатының орындалуы, осы заңда көзделген қызметінің түрлерімен және Қазақстан Республикасы Үкіметмен бекітілген ұзақ мерзімге даму Стратегиясы жүзеге асу жолында қамтамасыз етіледі.

4. Ұлттық оператордың мүлігі мемлекеттің мүліктік жарнасы; осы мүлікті пайдаланудан түскен түсімдерден және жарғылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ өзге де тыйым салынбаған заң көздері есебінен қалыптасады.

5. Жүріп өтуге төлемді алудан түскен түсімдер, Ұлттық оператордың жеке шотында болады.

29-бап. Ұлттық оператордың құзыреті

Ұлттық оператордың құзыретіне:

1) мемлекеттік тапсырма негізіндегі халықаралық және республикалық жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісінің дамуы бойынша инвестициялық бюджеттік жобаларды іске асыру;

2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және күтіп ұстауды ұйымдастыру

3) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және күтіп ұстаудың сапасына бақылау;

4) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органдарына енгізу

5) ақылы автомобиль жолдарын пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын заңды және жеке тұлғалардың орындауына бақылау және ақылы автомобиль жолдарының қызметін ұйымдастыру;

6) ақылы автомобиль жолдарын пайдалануға төлемді алу бойынша, постылардың жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекіту;

7) жолдар элементтерін ластайтын немесе зақымдайтын көлік құралдарына бақылау, немесе ірі габаритті және (немесе) ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуге арнайы рұқсатысыз ауыр салмақты көлік құралдары;

8) сотқа дейінгі реттеу немесе сотқа жүгіну жолында ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуі үшін қарызды төлету;

9) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау;



10) Қазақстан Республикасының заңнамасына тыйым салынбаған қызметтердің өзге де түрлері.

Автожолдарды басқару бойынша жаңа субъектінің құрылуына байланысты, қажетті түрде оның ережесін заң жүзінде тіркеу керек



Министр А. Жұмағалиев



Каталог: images -> stories
stories -> Ғалымның тарих мектебі сөз басы әйгілі Себастьян Бранд «Дүниедегінің бәрі де өткінші, бәрі де тозады, тек ғылым ғана мәңгілік, бәрінен де озады»
stories -> Сабаққа қойылатын талаптар : Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау
stories -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
stories -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім «Ақ Жайықтың Хамзасы»
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> 7. Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының
stories -> Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011
stories -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет