Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы



бет5/13
Дата17.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#142746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Жеңiл өнеркәсiп

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Жеңiл өнеркәсiп тоқыма, тiгiн, трикотаж, былғары-бағалы терi және аяқ киiм салаларын қамтиды.


      Бүгiнгi таңда жеңiл өнеркәсiпте кәсiпорындардың 80%-дан астамы  шағын және орта бизнес субъектiлерi болып табылады.
      Саланың технологиялық даму перспективалары табиғи шикiзаттың, өндiрiстiк қуаттар мен адами ресурстардың болуына байланысты.
      Қазақстанда жеңiл өнеркәсiптiң табысты дамуы үшiн қолайлы жағдайлар мен алғышарттар бар - Оңтүстiк Қазақстан облысында жыл сайын 400 — 450 мың тонна шиттi мақта жиналады, елдегi табиғи шикiзат - мақта талшығының өндiрiсi (жылына 130-170 мың тонна), жүн (15-20 мың тонна) және былғары шикiзаты 7,5 млн. данадан астам, табиғи шикiзаттан жасалған көрсетiлген өнiмге сұраныс бар мата мен тоқыманың, киiмнiң әлемдiк тауар нарықтарына экспорттау мүмкiндiгi бар.
      Сала кәсiпорындарының шамамен 80%-ы ескi жабдықтармен жарақтандырылған, жұмысының көптiгi 30-40 %-ды құрайды.
      Саланың дамуының жалпы үрдiсi оның республика өнеркәсiбiнiң көлемiндегi үлесiнiң төмендеуiмен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқартылуымен ұштасады.
      Саланың өнiмi Қытайда өндiрiлген, оның iшiнде контрафактiлi тауарлар санының көп болуымен байланысты бағасы бойынша бәсекеге қабiлеттiлiгi темен болып отыр.

Негiзгi мiндет

      Шикiзатты өңдеу, қосылған құны жоғары және оны сыртқы нарықтарға шығару перспективасы бар өнiм өндiру есебiнен iшкi нарықтың жеңiл өнеркәсiп өнiмiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру.



Нысаналы индикаторлар

      1. 2014 жылға қарай салада жалпы қосылған құнды 2008 жылмен салыстырғанда 50 %-ға арттыру.


      2. 2014 жылға қарай iшкi нарықтың жеңiл өнеркәсiп өнiмiне қажеттiлiгiн 30 % деңгейге дейiн қанағаттандыру.
      3. Еңбек өнiмдiлiгiн бiр жарым есе 4,9 млн. теңге/адамға дейiн  ұлғайту(33 мың USD).

Саланы дамытудыц негiзгi бағыттары

      Алдағы кезеңде саланы дамытудың негiзгi бағыттары тоқыма, тiгiн, былғары және аяқ киiм өнеркәсiбiнде жергiлiктi шикiзатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу жөнiндегi өндiрiстердi жаңғырту және әртараптандыру үшiн ынталандырулар жасаумен байланысты болады.


      Қосылған құны жоғары өнiмдер шығару мақсатында:
      Ақтөбе, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жүндi бастапқы өңдейтiн кәсiпорындарды жаңғырту, ал Алматы облысында жүндi  қайта өңдеу жөнiндегi толық технологиялық циклды ұйымдастыру үшiн жүн кластерiн жасау үшiн жүн бұйымдарын өндiретiн кiшi салаларды;
      «Оңтүстiк» АЭА аумағында (ОҚО) қызмет түрлерiн кеңейту арқылы кардтық және таралған мақта-қағаз тоқыма, мата мен дайын тоқыма бұйымдары, тоқыма мен матаны бояу және безендiру, сондай-ақ дайын тiгiн бұйымдары өндiрiсiнiң толық технологиялық циклын ұйымдастыру үшiн, оның iшiнде «Оңтүстiк» АЭА қызмет түрлерiн кеңейту есебiнен мақтадан жасалған бұйымдар өндiрiсiн (жiбек маталар шығару, маталық емес тоқыма материалдар, кiлем бұйымдары мен гобелендер, мақта целлюлозасын және оның туындыларын, мақта шикiзатынан өндiрiлетiн жоғары сапалы қағаз және былғарыдан жасалған бұйымдарын шығару);
      ауыл шаруашылығы жануарларының терiсiн тереңдете өңдеудi ұйымдастыру үшiн былғары және аяқ киiм кiшi саласын және Тараз және Семей қалаларында былғары-бағалы терi өндiрiстерi негiзiнде бәсекеге қабiлеттi тауарлы былғары, тон-бағалы терi бұйымдары мен аяқ киiм шығару;
      бренд өнiмiн шығару үлгiсiнде (велоспортқа арналған бұйымдар) келiсiмшарттық өндiрiстi ұйымдастыратын кәсiпорындарды жаңғыртуды жүзеге асыру үшiн тiгiншiлiктiң кiшi саласын қолдау шаралары көзделетiн болады.
      Мынадай инвестициялық жобаларды iске асыру көзделуде:
      Шығыс Қазақстан облысы - «Былғары өндiрiсiн реконструкциялау және жаңғырту»;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы - «Оңтүстiк» АЭА-да қазiргi заманғы тоқыма өндiрiсiн ұйымдастыру»;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы - «Су сiңiргiш мақта және целлюлоза шығару»;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы - «Тарамды және кардтық мақта-мата жiбiн шығаратын қазiргi заманғы өндiрiстi ұйымдастыру».

      Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


      Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Жеңiл өнеркәсiпте 20 мамандық бойынша кадрларға қажеттiлiк Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы жоғарғы оқу орындары мен 89 ТжКБ оқу орнында кадрлар даярлау есебiнен өтелетiн болады.
      2011 жылы Шымкент қаласында 700 оқушы орнына арналған өңдеу саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi Өңiраралық орталықтың құрылысы басталады.
      Әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау
      Лицензияланатын қызмет түрлерiнен шитi мақтаны мақта талшығына қайта өңдеу және мақта өңдеу ұйымдары үшiн «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу жолымен шитi мақтаны бастапқы өңдеуге жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салуды алып тастау.
      Техникалық регламенттердi енгiзу
      Сапаның тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету үшiн әлеуеттi құрылымдар мен ұлттық компаниялар үшiн жеңiл өнеркәсiп өнiмiн өндiру бойынша 2 техникалық регламент және 50 ұлттық стандарт әзiрленедi және енгiзiледi.
      Инновациялар мен ғылымды дамыту және жаңғыртуға жәрдемдесу
      Алматы технологиялық университетiнiң жанында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзетiн инженерлiк орталық пен өнiм сапасын бағалау жөнiндегi зертхана құру мәселесi пысықталатын болады.

Туристiк сала

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Соңғы жылдары тұтастай алғанда республиканың туризм саласы дамуының оң серпiнi байқалады: 2008 жылдың қорытындылары бойынша 2007 жылмен салыстырғанда келушiлердiң саны 3,1 % өстi, iшкi туризмнiң көлемi 8,2 % өстi, сыртқа шығушылар туризмi 15,3 % өстi.


      Туризм объектiлерiн дамытуға инвестициялар көлемi 2005 жылғы 47 млрд. теңгеден 2007 жылы 97 млрд. теңгеге дейiн өскен, ал 2008 жылдың қорытындылары бойынша осы көрсеткiш 129,3 млрд. теңгеге дейiн өстi.
      Сонымен қатар, әлемдiк қаржы және экономикалық дағдарыс сырттан келу туризмiне жағымсыз әсерiн тигiздi, оның көлемi 11 % төмендедi және 2007 жылғы 5,3 млн. салыстырғанда тек 4,7 млн. туристi құрады.
      Қазақстан Республикасына сырттан келетiндер санының төмендеуiн құрайтындардың бiрi туризм индустриясы объектiлерiнiң моральдық тозуына және инфрақұрылымның жоқтығына байланысты тартымдылығы аз болып табылды.
      Сапасы әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн орналастыру орындары санының аз болуы сырттан келетiн туристерге қызметтер көрсетудiң толық спектрiн ұсыну мүмкiндiктерiн толығымен пайдалана алмауға және бұл экономикалық қайтарымның төмендiгiне әкеп соқтырады.
      Қазақстанның туристiк имиджiн қалыптастыру және ұлттық турөнiмдi әлемдiк нарыққа жылжыту жөнiнде шаралар қабылданды. Осы мақсаттарда Қазақстанның Мадридтегi, Берлиндегi, Пекиндегi, Сеулдегi, Токиодағы және Лондондағы ең iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысуы қамтамасыз етiлуде, CNN, BBC, Евроньюс және Дискавери сияқты әлемнiң жетекшi арналарында жарнамалық бейнероликтер орналастырылуда. Сонымен қатар, Алматы қаласында КИТФ - Қазақстандық халықаралық туристiк жәрмеңкесi өткiзiледi.

Негiзгi мiндетi

      Туризм индустриясының бәсекеге қабiлеттiлiгiн және Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру.



Нысаналы индикатор

      Туризм қызметi саласында қызмет көрсетулер ұсынатын ұйымдардың жиынтық кiрiсiн 2015 жылға 2008 жылдың деңгейiнен кемiнде 12 % ұлғайту.



Саланы дамытудың негiзгi бағыттары

      Саланың дамуы туризм индустриясының бәсекеге қабiлеттi инфрақұрылымын жасауға, ұлттық туристiк өнiмдердi қалыптастыруға, оның халықаралық және iшкi нарықтарда жылжуына бағытталады.


      Мынадай инвестициялық жобаларды iске асыру көзделедi:
      Күнiне 2000-ға дейiн адам қабылдау үшiн Алматы қаласында Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешендi дамыту.
      Жылына 220 000 дем алушыларды қабылдау үшiн Ақмола облысындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы шекарасында туристiк ойын-сауық кешенiнiң құрылысын салу, онда мынадай бағыттарда шағын және орта бизнес субъектiлерiне жағдайлар жасалады:
      сауықтыру, ойын-сауық саласында қызметтер көрсету, тамақтануды ұйымдастыру, қонақ үй, экскурсиялық, ақпараттық, көлiктiк қызмет көрсетулер ұсыну, бұл ретте көлiк қызметiн көрсету кезiнде экологиялық таза көлiк пайдаланылады, оның iшiнде кiшi авиация да бар;
      туризмнiң мәдени-танымдық, экологиялық, iскерлiк, спорттық және басқа да түрлерi саласында қызметтер көрсету;
      әр түрлi естелiк өнiмiн жасау мен шығару бойынша өндiрiстер ұйымдастыру.

      Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


      Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету
      Туризм индустриясының бәсекеге қабiлеттi инфрақұрылымын жасау шеңберiнде мынадай мәселелер пысықталатын болады:
      көлiк дәлiзi бойымен жол бойы инфрақұрылым объектiлерiн салу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға жер учаскелерiн бөлу;
      қайтадан жасалатын туризм индустриясы нысандарына инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды жасау;
      жол бойы инфрақұрылымы объектiлерi құрылысының үлгi жобасын әзiрлеу;
      «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлiк дәлiзi бойында ұлттық туристiк кластердiң инвестициялық жобаларына кредит беру бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау.

      Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету


      туристiк сала үшiн 14 мамандық бойынша кадрларға деген сұраным жоғары оқу орындарына даярлау және 77 ТжКБ оқу орнының шеңберiнде қанағаттандырылатын болады.
      Ақмола облысының «Бурабай» АЭА туристiк ойын-сауық кешенi және Алматы облысының «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенiнiң туристiк базасы үшiн кадрларға деген қосымша сұраныс (ойын-сауық персоналы, сауда-коммерциялық персонал) ТжКБ оқу орындарында және қысқа мерзiмдi даярлау оқу орталықтарында кадрлар даярлау есебiнен толықтырылатын болады.
      «UNWTO-TedQual» туризм бiлiм сапасын сертификаттау бойынша бiр мемлекеттiк ЖОО-ға аудит жүргiзу және туризм индустриясы саласында кәсiби стандарттарды әзiрлеу жолымен туристiк бiлiм сапасын арттыру үшiн жағдайлар жасалатын болады.
      Бәсекелестiктi дамыту
      Туристер үшiн қызмет көрсетулер нарығында бәсекенi дамыту мақсатында:
      туристiк операторларды бiртiндеп iрiлендiру үшiн заңнамалық жағдайлар жасау қамтамасыз етiледi;
      туристiк әлеуетi бар өңiрлерде Экскурсоводтар бюросын және туристiк ақпараттық орталықтар құру мүмкiндiгi қаралады.
      Инвестициялар үшiн тартымды жағдайлар жасау
      Инвесторлар тарту мақсатында «Бурабай» АЭА шекарасы шегiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн қор жерлерiне ауыстыру, сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлiк дәлiзiнiң бойымен туристiк кластердiң туризм нысандарын салуды жеңiлдетiлген кредиттеу бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялауды қамтамасыз ету мәселесi пысықталатын болады.

1.4 «Болашақ экономикасы» секторларын дамыту

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

Саланың ағымдағы ахуалына қысқаша талдау

      Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрi - АКТ) ауқымды енгiзу еңбек өнiмдiлiгiн арттырудың және отандық кәсiпорындардың әлемдiк экономикаға кiрiгуi үшiн жағдайлар жасаудың мiндеттi шарты болып табылады.


      Бизнес пен халық тарапынан телекоммуникациялар қызметiне өсiп жатқан сұраныс телекоммуникациялық операторлар кiрiсiнiң өсуiне алып келдi. 2009 жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша байланыстың қызмет көрсетулерден түскен кiрiс 430 млрд. теңгенi құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға жоғары. Интернет қызметiне (2008 жылмен салыстырғанда 22%-ға ұлғаю), жергiлiктi телефон байланысына (19%-ға) және ұялы байланыс сегментiне (9%-ға) қол жетiмдi қызмет көрсетулер ұсыну серпiндi дамуда. Қазақстандық операторлардың талшықтық-оптикалық байланысының магистралды желiсiн дамытудың және елдiң бiрегей географиялық орналасуының арқасында пайда болған үлкен өсiм деректер беру қызметiн көрсету сегментiнде байқалып, 37%-ды құрады.
      2009 жылы почта және жеткiзу қызметiнiң операторлары жалпы сомасы 12,3 млрд. теңгеге қызмет көрсетулер ұсынып, ол 2008 жылмен салыстырғанда 100 млн. теңгеге артық. 40-тан аса кәсiпорын, ұсынатын курьерлiк байланыс қызмет көрсетулерi неғұрлым серпiндi дамуда, оның iшiнде шағын және орта бизнестiң отандық өкiлдерi де бар.
      2009 жылдың нәтижелерi бойынша ақпараттық технологиялар саласында алдын ала жасалған бағалаулар бойынша кәсiпорындардың жалпы пайдасы 2008 жылмен салыстырғанда 7%-ға азайып, шамамен 90 млрд. теңгенi құрайды, бұл елдегi экономикалық белсендiлiктiң жалпы құлдырауымен және 2009 жылдың басында өткiзiлген ұлттық валютаның бiр уақытылы девальвациясымен түсiндiрiледi. АКТ-ға жұмсалатын шығыстарда ақпараттық технологиялардың барлық шығыстардың 75%-ын құрайтын компьютерлiк және желiлiк жабдықтауды сатып алу шығыстары басым болып келедi, бұл қазақстандық қоғамды компьютерлендiрудiң жалғасып жатқанын байқатады. Отандық компаниялар компьютерлiк жабдықтарды жинақтау, жүйелiк ықпалдасу және тапсырыс бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу секторларында кеңiнен қамтылған.
      Қазақстан Республикасы АКТ секторы дамуының жоғары қарқыны мен жылдамдығын қолдау үшiн мынадай бiрқатар қазiргi бар проблемаларды шешу қажет:
      ақпараттық технологиялар саласында жұмыс iстейтiн кәсiпорындар үшiн әкiмшiлiк кедергiлер (кедендiк ресiмдеу және ақпараттық өнiмдердi есепке алу рәсiмдерiнiң жетiлдiрiлмегендiгi);
      мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiң қатысуы бар компаниялардың ақпараттық технологияларға байланысты қызметтердi сатып алуда «қазақстандық қамту» үлесiнiң төмендiгi;
      АКТ секторында жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды кадрлық қамтамасыз ету проблемасы;
      инновациялық әзiрлемелердi қаржыландыру үшiн венчурлық капиталды тартудағы инвестициялық белсендiлiктiң төмендiгi.

Негiзгi мiндет

      Инфокоммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабiлеттi экспортқа бағытталған ұлттық секторын қалыптастыру.



Нысаналы индикаторлар

      Инфокоммуникациялық инфрақұрылымдарды қоса алғанда, АТК секторының үлесi 2014 жылы ЖIӨ-де - 3,8%.



Саланы дамытудың негiзгi бағыттары

      Қазақстан Республикасында АТК секторында мынадай бағыттарды дамыту жоспарлануда.


      Бизнес пен халықтың қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдардың жұмысын жеңiлдету мен оңтайландыру мақсатында электрондық қызмет көрсетулер мен «электрондық үкiметтi» дамыту шеңберiнде:
      «электрондық үкiметтiң» нысаналы сәулетi құрылады;
      Кеден одағы шеңберiнде ақпараттармен алмасу  үшiн инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрылады;
      жаңа электрондық қызмет көрсетулер әзiрленедi, оның iшiнде, әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау секторларындағы, көлiк және коммуникация және ауылшаруашылығы секторларындағы қызмет көрсетулер;
      электрондық лицензиялау, электрондық нотариат және электрондық сатып алулардың ақпараттық жүйелерi енгiзiледi.
      Қазақстандық контентке халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiн дамыту шеңберiнде:
      бизнес үшiн электрондық коммерциялық алаң құрылады;
      ұлттық-интернет ресурстар, оның iшiнде, жаңалық, мультимедиялық, әлеуметтiк желiлер құрылады.
      Iшкi сұранысты және кезең-кезеңмен сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары технологиялық жабдықтар мен микроэлектрониканың отандық өндiрiсiн дамыту шеңберiнде:
      Алматы қаласында «Алатау» ақпараттық технологиялар паркi» АЭА базасында мемлекеттiк сектордың iрi өнiм берушiсi болып табылатын халықаралық компаниялардың жабдықтарын жинау және техникалық қызмет көрсету жөнiнде кәсiпорындар құру жоспарланып отыр.
      Сыртқы нарыққа кезең-кезеңiмен шыға отырып, бизнес пен мемлекеттiң қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз ету әзiрлемелерi мен қызметтер секторын дамыту шеңберiнде:
      Алматы қаласындағы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркi» АЭА базасында инновациялық ақпараттық жүйелер мен өнiмдердi әзiрлейтiн және пайдаланатын компаниялар құрылады.
      Техникалық және кәсiби деңгейдегi бiлiктi мамандармен саланың қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникация саласында бiлiм берудi дамыту шеңберiнде:
      Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiн дамыту қамтамасыз етiледi;
      Инфокоммуникация мамандықтары бойынша үш кәсiптiк-техникалық оқу орны құрылады.

      Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


      Бiлiктi кадр ресурстары қажеттiлiгiн қамтамасыз ету
      2009 жылмен салыстырғанда Қазақстан ЖОО-да оқыту үшiн инфокоммуникациялық мамандықтар бойынша мемлекеттiк гранттар санын екi есеге арттыру;
      қабылданған халықаралық стандарттар бойынша жоғары және кәсiптiк техникалық оқу деңгейлерiнде ИТ мамандарын даярлаудың оқу бағдарламаларын өзгерту.
      Техникалық регламенттердi енгiзу
      Инфокоммуникация саласындағы стандарттар базасын халықаралық деңгейге дейiн дамыту.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға көмектесу
      «ҰЗҚ» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ арқылы инфокоммуникация саласындағы жобаларды венчурлық қаржыландыру шеңберiнде Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiн дамыту жөнiндегi жобаларды iске асыруға арналған гранттар бөлу;
      CDMA технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желiлерiн дамыту үшiн 450 МГц ауқымында радиожиiлiк спектрдi босату;
      3 кГц бастап 400 ГГц дейiнгi радиожиiлiк жолақтарының кемiнде 50 %-ын «бiрлесiп пайдалану» санатынан «азаматтық пайдалану» санатына қайта бөлу.

      Тiкелей инвестициялар үшiн тартымды жағдайлар жасау


      «Алатау» ПИТ АЭА инфрақұрылымын дамыту;
      Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын дата-орталықтарды салу жөнiндегi жобалар үшiн жер гранттарын бөлу.
      Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiн дамытуды мемлекеттiк қолдау шаралары жүйесiн жасау;
      «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттiк қызмет көрсетулер санын ұлғайту;
      Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiндегi әлеуметтiк жобаларды, оның iшiнде балалар әлеуметтiк желiсiн мемлекеттiк қаржыландыру;
      жетекшi қазақстандық жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу және технологиялық әлеуетiн тиiмдi пайдалану үшiн Алматы қаласындағы «Алатау» ИТП АЭА зияткерлiк бөлiгiн ұйымдастыру.

Биотехнология

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазақстанда биотехнологиялар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде денсаулық сақтау үшiн А/H1N1 доңыз тұмауына қарсы рекомбинанттық вакцина және H5N1 құс тұмауына қарсы вакцина жасайтын технология әзiрлендi. Осы вакциналарды клиникаға дейiнгi зерттеулер аяқталды және клиникалық сынаулар басталды.


      Бүгiнгi таңда ҚР өзiнiң медициналық дәрi-дәрмектерiн әзiрлеу 11 % (оның iшiнде вакциналар - 1,1 %), ветеринарлық дәрi-дәрмектер 78 % (дәрi-дәрмектердi негiзiнен импорттық субстанциялардан өндiредi) құрайды, ал қалған дәрi-дәрмектер елге сырттан әкелiнедi.
      Негiзгi проблема - перспективалы тәжiрибелiк әзiрлемелердiң болуына қарамастан бiрегей отандық биотехнологиялық дәрiлiк препараттардың жоқ екендiгi. Осы уақытқа дейiн клиникаға дейiнгi және клиникалық зерттеу кезеңдерiнен өткен және өтiп жатқан бiрегей отандық және бiрлескен әзiрлемелер болғанымен гендiк-инженерлiк дәрi препараттарын өндiру iс-жүзiнде жолға қойылған жоқ.
      Өсiмдiк саласын одан әрi дамыту үшiн ауылшаруашылығы өсiмдiктерiнiң жоғары сапалы бәсекеге қабiлеттi сорттарын жасау және өндiрiске енгiзу қажет, осыған байланысты селекцияларды сапалы деңгейге ауыстыру талап етiледi.
      Малдың жоғары өнiмдi тұқымын сақтау және өсiру мал шаруашылығындағы пайдалылық пен тиiмдiлiктi арттырудың басты мәселесi болып табылады, сондықтан малдың жаңа тұрпаттары мен тұқымын өсiру үшiн гендiк инженерия әдiстерiн пайдалану қажеттiгi туындайды.
      Жыл сайын әлемде қоршаған ортаға шамамен 50 млн.тонна мұнай тасталады. Су мен топырақты кең ауқымдағы ластағыш заттардан, оның iшiнде мұнай көмiрсутегiлерiнен тазартудың барынша перспективалы әдiсi, биологиялық объектiлердiң, ең алдымен микроағзалар мен өсiмдiктердiң биохимиялық әлеуетiн пайдалануға негiзделген биоремедация тәсiлдерi болып табылады.
      Тағам және қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң мұқтаждықтарына арналған ашытқыларды, ферменттi препараттарды, биологиялық белсендi қоспаларды және пробиотиктердi әзiрлеу биотехнологияның басым бағыттарының бiрiне жатады.

Негiзгi мiндет

      Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсiбi үшiн ғылымды қажетсiнетiн және бәсекеге қабiлеттi биотехнологиялық өнiмдердi жасау және енгiзу.



Нысаналы индикаторлар

      1. 2015 жылға қарай экспорттың жалпы көлемiндегi саланың үлесiн 1 %-ға дейiн ұлғайту.



Секторды дамытудың негiзгi бағыттары

      Биотехнология саласын тиiмдi және сапалы дамыту мақсатында мынадай шаралар iске асырылатын болады:


      әлеуметтiк маңызы бар ауруларды диагностикалау үшiн геномды технологияларды пайдалану негiзiнде жаңа отандық тест-жүйелер жасау;
      гендiк-инженерлiк рекомбинанттық субстанциялар негiзiнде технологиялар әзiрлеу және бiрегей дәрi препараттарын өндiрiстiк-тәжiрибелiк өндiру;
      ағзаларды трансплантациялау, бағаналы жасушалар, ұзақ ғұмыр медицинасы саласында әзiрлемелер орталығын құру және оларды регенеративтiк медицинада және жасушалы терапияда пайдаланудың әдiстемелiк негiздерiн әзiрлеу;
      халықаралық өндiрiстiк тәжiрибе стандарттарына (GMP) сәйкес келетiн диагностикумдар мен вакциналар шығару бойынша өндiрiстер құру;
      ашытқы, тамақ белогын, аминқышқылдарын, ферменттер, биоконсерванттар шығару үшiн микроағзалар мен биотехнологиялық өндiрiстердiң коллекцияларын жасау;
      ауыл шаруашылығының қажеттiлiгi үшiн өсiмдiктердiң өнiмдiлiгi жоғары, бәсекеге қабiлеттi сұрыптарын шығару;
      өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғаудың экологиялық таза биологиялық әдiстерiн әзiрлеу;
      мұнай өнiмдерiмен ластанған топырақ және су экологиялық жүйелерiн биоремедиациялау мақсатында пайдалану үшiн микроағзалар штаммдарының консорциумдарын құру;
      ауыр металдармен және пестицидтермен ластанған топырақты гипераккумулятор-өсiмдiктердi пайдалану негiзiнде фиторемедиациялау тәсiлдерiн әзiрлеу;
      гендiк инженерия әдiстерiн пайдалану негiзiнде малдың өнiмдiлiгi жоғары тұқымдарын өсiру.

      Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары


      Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Биотехнология саласы үшiн ғылыми кадрларды және инженер-техникалық персоналды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру.
      Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету
      Технологиялық корпусты салуға ТЭН және ЖСҚ әзiрлеу және биотехнологиялық медициналық препараттарды, инактивизацияланған және тiрi вакциналарды аз серияда ендiру үшiн, сондай-ақ регенеративтiк медицинада және жасушалы терапияда пайдалану үшiн технологиялық корпус салу және инфрақұрылымды құру қажеттiгi мәселелерiн пысықтау.

Ғарыш қызметi

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Бiздiң елде ғарыш саласын қалыптастыру үшiн объективтi алғы шарттары бiрегей бәсекелi басымдықтың - жұмыс iстеп тұрған «Протон», «Союз», «Зенит» ғарыш зымыран кешендерiмен (бұдан әрi - ҒЗК) және құру сатысында тұрған «Бәйтерек» ҒЗК әлемдегi ең iрi «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыш байланысын басқарудың жердегi кешенiнiң үш жердi қашықтықтан зондтау (бұдан әрi - ЖҚЗ) спутниктерiнен ғарыш ақпаратын қабылдайтын орталықты қамтитын Ұлттық ғарыш мониторингi жүйесiнiң (ҰҒМЖ) базалық элементтерiнiң ғарыш сәулелерi станцияларын, ғылыми зертханаларды, астрономиялық обсерваторияларды қамтитын ғылыми-технологиялық инфрақұрылымның негiзгi элементтерiнiң бар екендiгi болып табылады.


      2005 - 2007 жылдарға арналған бiрiншi ғарыш бағдарламасы шеңберiнде «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигiн құру, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын (ҒТ АКТБ) ұйымдастыру жобалары iке асырылды, ҰҒМЖ кiшi жүйелерi дамытылды. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн (ҒЗК), «KazSat-2» байланыс және хабар тарату спутнигiн, Жердi қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесiн, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенiн (ҒА ЖСК), ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесiн, дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесiн құрудың жобалық материалдары әзiрленген болатын.
      Қазақстанда бүгiнгi таңда түрлi ғарыш қызмет көрсетулерiне, атап айтқанда, ғарыш байланыс жүйелерiнiң, ЖҚЗ ғарыш жүйесiнiң және дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесiнiң (ЖСНЖ) қызмет көрсетулерiне айтарлықтай сұраныс қалыптасты.
      Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшiн толыққанды ғарыш саласын құрудың мынадай бiрқатар проблемаларын шешу қажет:
      отандық ғарыш қызмет көрсетулерi (байланыс, ЖҚЗ, навигация, ғарыш техникасын өндiру, iске қосу қызмет көрсетулерi) нарығының жеткiлiксiз дамуы;
      ғарыш қызметiн дамыту үшiн нормативтiк-құқықтық және нормативтiк-техникалық базаның жоқтығы;
      ғарыш қызметiн кадрлық қамтамасыз ету жүйесiнiң жоқтығы.
      Осы проблемаларды шешу үшiн мынадай мiндеттердi iске асыру қажет:
      мақсатты ғарыш жүйелерiн және жердегi ғарыш инфрақұрылымының объектiлерiн құру және дамыту;
      ғарыш қызметiнiң ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту;
      кәсiби кадрларды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      ғарыш саласының шарттық және нормативтiк құқықтық базасын құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет