Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама



бет2/4
Дата22.02.2016
өлшемі407.5 Kb.
#2347
1   2   3   4
42 тармақ «Мемлекеттік органдар құзіретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтердің көрсетілетін мерзімдерін әзірлеу және бекіту» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл 4 тоқсан.

Мемлекеттік органдардың құзіретіне кіретін көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтер мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы №1080 қаулысымен бекітілген.



43 тармақ «Мемлекеттік қызметтердің Типтік стандарттарына» мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандарттарына талаптары тізімі бөліміне өзгерістер енгізу» (ҚР ЭДСМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл 4 тоқсан.

ҚР ЭДСМ мемлекеттік қызметтердің Типтік стандарттарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы №1166 қаулысымен өзгерістер енгізілді.



44 тармақ «Электрондық мемлекеттік қызметтердің типтік регламентін әзірлеу және бекіту» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл 4 тоқсан.

Электрондық мемлекеттік қызметтердің типтік регламенті ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы №1116 қаулысымен бекітілді.



100 тармақ «ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйелерінің дамуы» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

Қазіргі уақытта, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен бірге «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 652, 2010 жылғы 26 маусымдағы қаулысына және 2010 жылғы 20 шілдедегі «жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету реестрін бекіту туралы» (бұдан әрі – МҚ, Тізім) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көрсетілген орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арқылы баламалы негізде жүргізілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үрдістерін тексеруге арналған жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, МҚ көрсетуге тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тексеру, жүйелерді енгізу және қолданушыларды оқыту жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін өтінім мәртебесін, өтінімді МО-ға жолдау жолдарын, қажетті құжаттарды орналастыру, электронды поштаға хабарлама жіберуге арналған пошталық сервер орнату мақсатында ХҚК АИЖ-лері «ХҚК бақылау» жүйесімен және ҚР ӘМ анықтама қызметінің ақпараттық жүйесімен, «Е-әкімдік» АЖ-мен электронды үкімет шлюзі АЖ-мен, «электронды үкімет» порталының «Жеке кабинет» қосымша жүйелері - ЖАО қызмет көрсету бөлігімен, «электронды үкіметтің» базалық құраушыларымен (ЖТ МДБ, ЗТ МДБ, ГБД РН, МОИП, ПШЭП және тексеру кезеңінде айқындалған өзге АҚ арқылы) өзара біріктірілді.

Жүйені көрсету нәтижесі бойынша мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ЖАО және МО-ны тәжірибелік қолданысқа енгізу туралы актке қол қойылды.

101 тармақ «Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігіндегі АҚ талаптарын ескере отырып, ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің қызметін қамтамасыз ету» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Министрлік тарапынан бөлінген қаражаттарға сәйкес, келесі ақпараттық жүйелердің қызметін қамтамасыз етуге арналған жұмыстар жүргізілді:

- «электрондық үкімет» порталы;

- «электрондық үкімет» шлюзі;

- «электрондық үкімет» төлем шлюзі;

- мемлекеттік органдардың Біріңғай тасымалдау ортасы;

- мемлекеттік органдардың электрондық құжатайналымының біріңғай жүйесі;

- мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаты жүйесі;

- тіркеу орталықтары;

- түптік куәландырушы орталық;

- мемлекеттік органдардың Куәландырушы орталығы;

- ұлттық ақпараттық жүйелердің ашық кілттер Инфраструктурасы;

- ақпараттық жүйелер және ресурстар Мемлекеттік регистрі;

- бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттар депозитарийлері;

- Қазақстан Республикасының электрондық картасы;

- «Мекен-жай регистрі» ИС;

- рұқсат етілген құжаттарды есепке алу жүйесі (лицензиялау);

- мемлекеттік органдардың Интранет-порталы;

- ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық-тану порталы;

- қашықтан оқыту порталы.

Бүгінгі таңда, электронды нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету мен сервистің 74 түрі жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта электронды нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет түрі 1 600 000 ға астам құрайды. Аталған қызметтер барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қызметін арттыру нәтижесінде көрсетіліп отыр.

Сондай-ақ «Электронды үкімет» қосылған уақыттан бері төлем шлюзі арқылы жеке тұлғалардың салығын төлеуге жалпы сомасы 6 907 900 теңгені (салықтар, айыппұлдар, мемлекеттік қызметтер) құрайтын төлемдер жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда, электронды нұсқада мемлекеттік қызмет көрсетуге ие болу үшін 450 мыңнан аса қазақстандық электронды цифрлық қолтаңбаның иегерлеріне айналды.

103 тармақ «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорын жасау» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы №1155-1 қаулысымен бекітілген «электрондық үкіметін» дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖ) құру басталды.

2008 жылы ЕЛ МДҚ АЖ пилоттық зонасы жобасына 3 мемлекеттік лицензиар-орган енгізілді:

1) ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (қазіргі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі);

2) ҚР ІІМ есіркі бизнесімен күресу және есіркі айналымын қадағалау комитеті;

3) ҚР ТМРА.

2009 жылы пилоттық зонаға келесі мемлекеттік органдар кірді:

1) ҚР ТСМ Индустрия және туризм комитеті;

2) ҚР ТСМ Спорт бойынша комитеті;

3) ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті;

4) ҚР ЖРБА;

5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (қазір көрсетілген комитетінің функциялары ҚР БАМ берілген);

2010 жылы жүйе қалған мемлекеттік лицензиар-органдарда енгізілді:


  1. ҚР БҒМ;

  2. ҚР ҚМ;

  3. ҚР ИЖТМ (Атомдық энергия, метрология және техникалық реттеу, өнеркәсіп комитеттері);

  4. ҚР ҰҚК (келісім бойынша);

  5. ҚР ЭДСМ;

  6. ҚР ЕХӘҚМ;

  7. ҚР МГМ;

  8. ҚР ІІМ (Әкімшілік, жол полиция комитеттері);

  9. ҚР МК;

  10. ҚР ҰҒА;

  11. ҚР АМ;

  12. ҚР ККМ;

  13. ҚР ҚОҚМ;

  14. ҚР ТЖМ Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті;

  15. Астана қ. әкімінің аппараты.

Бүгінгі таңда, жүйе арқылы қызметтер түрлеріне, сондай-ақ Кедендік Одақ шеңберіндегі импорт/экспорт жеке тауарлар түрлеріне лицензиялар алуға болады.

Сондай-ақ, тіркелмеген пайдаланушыларға лицензияларды түрлі критерийлер бойынша іздеуге болады (мысалы, нөмірі арқылы, лицензиаттың атауы бойынша және т.б.).



106 тармақ «Бірыңғай ақпараттық-талдамалық жүйе» автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру» (ҚР БП орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

«Бірыңғай ақпараттық-талдамалық жүйе» (бұдан әрі – БАТЖ) Бас Прокурордың 2010 жылғы 1 ақпандағы № 8 бұйрығына сәйкес тәжірибелік пайдалануға енгізілген:

- Жеке, заңды тұлғалардың жүгінуі және олармен хат алысу есебінің жүргізілуі;

- Мемлекеттік органдармен хат алысу, орталық аппаратта электрондық құжат айналымы қамтамасыз етілді;

- Облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда БАТЖ енгізу жұмыстары аяқталды, құжат айналымдары жүргізілуде;

- ҚР БП порталы арқылы БАТЖ жүйесіне электрондық жүгінуді қабылдаудың қосалқы жүйесі енгізілді;

- Аудандық және оларға теңестірілген құрылымдарда БАТЖ жүйесін енгізуді аяқтау жөнінде жұмыстар жүргізілуде;

- Прокурорлық есептердің БАТЖ арқылы автоматтандыру жұмыстары жоспарлануда;

2011 жылдан бастап, Call-орталығы арқылы түскен жүгіністер, БАТЖ жүйесіне автоматты түрде жіберіледі.

107 тармақ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық веб-порталын құру» (ҚР ІІМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жылдың 4 тоқсаны.

ҚР ІІМ ведомстволық веб-порталын құру бойынша жұмыстарды аяқталды.Қазіргі уақытта пайдалануға енгізу бойынша актілерге қол қойылды және олар ІІМ-нің қаржылық бөлінісінде.



108 тармақ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің СПД жаңғырту және дамыту» (ҚР ІІМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

Ішкі істер органдарының аймақтың бөліністері үшін ҚР ІІМ ағымдағы жылдың 18 наурызында спутниктік 42 терминалды сатып алу үшін жалпы сомасы 159 000 000 теңгеге №93 келісім-шарт жасаған.Осы уақытта спутниктік станцияларды монтаждау және инсталляциялау жұмыстары аяқталған.



109 тармақ «Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-iздеу жүйесін дамыту» (ҚР ІІМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл.

ҚР ІІМ Астана, Алматы қалаларындағы, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарындағы жол полициясының құрылымдық бөлімшелерінде 2009 жылы «Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-iздеу жүйесін дамытуды (бұдан әрі - «Бақылау» ААІЖД ) пайдалануға енгізу жүзеге асырылды.

«Бақылау» ААІЖД пайдалануға енгізу туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мекенжайына 05.01.10 ж. шығыс № 1-9-107/17 және 10.09.10 ж. шығыс № 1-9-97/329 жолданды.

2010 жылы «Бақылау» ААІЖД жасасқан келісім шартқа сәйкес, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарында пайдалануға енгізілді. Аталған облыстарда «Бақылау» ААІЖД пайдалануға енгізілген қабылдау жұмыстары мен тиісті актілерге қол қою 2010 жылдың қарашадан бастап желтоқсан дейінгі кезеңде аяқталды.



110 тармақ «Қазақстан Республикасы сот органдарының «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің» функционалдығын дамыту және кеңейту» (ҚР ЖС орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар және 2014 жылдың 4 тоқсаны.

2010 жылы «Қазақстан Республикасы сот органдарының «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің» функционалдығын арттыру үшін келесідей жұмыстар атқарылды.

2010 жылғы заңмаға өзгерістер енгізілуіне байланысты соттарда талап арыздарды электронды түрде қабылдау іске асырылды. Осымен қатар, БААТЖ жүйесінің сот өндірісі бөлігінде азаматтардың Интернет желісі арқылы өздерінің талап арыздарын беруге және осы берілген талап арыздарды бұдан әрі Қазақстан Республикасының аудандық және арнайы соттарының ақпараттық жүйелеріне жеткізіп оларды сот кеңселерінде тіркеу үшін бірыңғай ақпараттық технологиясы іске қосылды.

Областық сотқа бірінші сатылы соттардың шешімдері мен үкімдеріне шағым келтірілген жағдайда сот құжаттарын және электронды есеп құжаттарын беру механизімі іске қосылды. Бірінші сатылы сотқа апелляциялық және кассациялық сатыларда қарастырылған істердің қорытындысын электронды түрде жеткізу үрдісі іске қосылуда. Электрондық Үкімет порталы арқылы ҚР ЖС азаматардың электрондық жолданымын қабылдау іске асырылды.

Сот актілерінің орындалуы бойынша азаматардан келіп түскен жолданымдарды қарауды бақылауға алуды ұйымдастыруға бағытталған және басқа органдармен тәркіленген немесе тұтқынға алынған мүліктерді ашық саудаға шығару арналған қосымша автоматтандырылған фукнциялар іске қосылды.

Интернет желісі және «Қоғамдық қол жеткізу пункттері» арқылы Қазақстан Республикасының ақпараттық жүейлеріне ашық түрде ену іске асырылды. (сот істері мен сот актілері туралы ақпараттар).

Сот актілерін орындау мақсатында жеке және заңды тұлғалар мен олардың мүліктері туралы мәліметтерді алу үшін БААТЖ жүйесін басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру іске асырылды, сыртқы және ішкі ақпараттық-анықтамалық жүйелеріне және деректер жиынтығына ену ұйымдастырылды.

111 тармақ «ЕНИС (Е-нотариат) дамыту, пысықтау және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу» (ҰАТ АҚ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл.

2010 жылы «ҰАТ» АҚ «Біріңғай нотариалдық ақпараттық жүйесін» (БНАЖ) әзірледі және енгізді, сонымен қатар ЖТ, ЗТ ММҚ және АЖ АХАЖ сервистерімен интеграция жүргізілді. Осы жүйеге 15 әділет Департаменті, 15 нотариалдық палата, 1880 Қазақстан Республикасының нотариустары қосылған.2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап БНАЖ-де 555 000-нан астам нотариалдық іс әрекеттер тіркелген.



112 тармақ «Ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтауда телемедицинаның және мобилді медицинаның дамуы» (ҚР ДМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

2010 жылы денсаулық сақтауда телемедицинаның және мобилді медицинаның дамуы» жобасын іске асыру шеңберінде телемедициналық жабдықтарды, бейне конференц байланысының жабдықтарын және енгізудің ықпалдасқан кешендерін жеткізу, бейне және аудио ақпараттарды және бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа версияларын өңдеу және тапсыру, денсаулық сақтау ұйымдарының персоналдарын оқыту жұмыстары жүргізілді.



113 тармақ «Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту» (ҚР ДМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

2010 жылы «Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту» (бұдан әрі – ДБАЖ) жобасын іске асыру шеңберінде ДБАЖ құрамдарының функционалдығын кеңейту бойыша мынадай жұмыстар жүргізілді:

Медико-статистикалық жүйелер, ресурстарды басқару жүйелері, медициналық қызметтерді сапасын басқару жүйелері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің басқару жүйелері, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлардың мониторинг жүйелері. Сонымен қатар, ДБАЖ енгізу Ақмола облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылды, ведомстволық электрондық қызметтерді ұсыну бөлігінде денсаулық сақтаудың ақпараттық-танымдық веб-порталында функционалдық кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. ДБАЖ қаржыларын басқару жүйесін жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды. Астана қаласында бағдарламалық-аппараттық құрылғылармен, ақпараттық жүйелер мен автоматтандыру нысандарының дерек қорларымен жүйелі-техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, бағдарламалық құжаттаманы сараптау және ақпараттық жүйелерге, ДБАЖ құрамдарына сынақ жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілді, адам органдарын және (немесе) талшықтарын, қан және оның құрауыштарын импортқа/экспортқа лицензиялау» бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді, Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі шеңберінде Бірыңғай төлеушінің функцияларын автоматтандыруды дамыту бөлігінде «АБА Стационар» кеңейтілді, «Гемопластозымен ауыратындарды тіркелімін» құру бөлігінде «Онкологиялық ауруларды тіркелімі» бағдарламалық кешеннің кеңейту, «В» және «С» вирустық гепатиттермен ауыратындарды тіркелімін» құру бөлігінде «АБА Емхана» функционалдығын кеңейту жүргізілді.



117 тармақ «Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру» (ҚР ЕХӘҚМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

2009 жылдан бастап Министрлік «Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау» (бұдан әрі - ӘЕСБАЖ) инвестициялық жобасын іске асыруда.

2009 жылы келесі жүйелер сынама пайдалануға берілді:

- 23 880,0 мың теңге сомаға «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ААЖ);

- «Еңбек нарығы» ААЖ – 53 946,0 мың теңге сомаға;

- «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» - 39 998,0 мың теңге сомасында;

- «Е-собес» ААЖ – 99 996, мың теңге сомасында;

- «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» ААЖ, «Оралман» ААЖ және «Мүгедектігі бар тұлғалардың орталандырылған деректер банкі» ААЖ өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін ақпарат алмасу және басқа да жаңа ААЖ-мен кіріктіру – 58 500,0 мың теңге сомасында.

2009-2010 жылдары ӘЕСБАЖ іске асыру шеңберінде 53,7 млн теңге сомаға «Әлеуметтік көмек: мемлекеттік балалар жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын-үй көмегі» ААЖ құрылды. 2010 жылы 20 қарашада тәжірибелік пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 17 000,0 мың теңге сомаға тәжірибелік пайдалануға берілген «ҚР ЕХӘҚМ Ақпараттық Анықтамалық Орталығы (Байланыс-Орталығы)» (бұдан әрі - Байланыс-Орталығы) бағдарламалық-аппараттық кешені құрылды.

2011 жылы жоғарыда аталған барлық ААЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға берілу жоспарланған.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы ӘЕСБАЖ шеңберінде тиісті ақпараттық-есеп құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында Байланыс-орталығы үшін жалпы 542 148,48 мың теңге сомаға:



  • сервер жабдығы;

  • үздіксіз қорек көзі;

  • операторлық орталық;

  • принтерлер;

  • дербес компьютерлер;

Сондай-ақ, ӘЕСБАЖ-і қолдау үшін:

  • дербес компьютерлер;

  • сервер жабдығы;

  • лицензиялық бағдарламалық жасақтама (қамтым)

сатып алынды.

118 тармақ «Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту» (ҚР ҚОҚМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл.

Бүгінгі күні Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚОҚ БАЖ) бойынша мынадай іс-шаралар жүргізілді:



  • ақпараттар қуіпсіздігінің арнайы талаптарға сәйкес өнімдерді

растауға сертификация жүргізілді, 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № КЗ 7500605 05 01 09896 тиісті сертификаты алынды;

  • Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне

аттестация жүргізуге ҚР БАМ өтінім берілді (шығыс 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 05-03-26/2732-и);

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге аттестация

жүргізудің белгіленген ережелердің нысанына және жинақтау талаптарына «Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесіне аттестация жүргізуге өтінімдердің және қоса берілген құжаттардың сәйкестілігі туралы хат ҚР БАМ келіп түсті (шығыс 6 қаңтардағы 2010 жылғы № 10-02-10/2-қпү).

119 тармақ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кадастрлары» веб-порталын дамыту» (ҚР ҚОҚМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл.

Веб-порталын дамыту бойынша бүгінгі күнге дейін келесі іс- шаралар өткізілді;

- 2009 жылға балық ресурстар кадастрының 2651 обьектілері бойынша, жануарлар әлемі кадастрының 668 обьектілері бойынша, ООПТ кадастрының 312 обьектілері бойынша, орман қорының 198 обьектілері бойынша деректер енгізілді.

- картографиялық деректерді өзектілендіру мақсатында картографиялық блокты жаңарту жүргізілді. Аумақтық органдармен ұсынылған карталар бойынша облыстар және бассейндік инпекциялар бөлігінде 1400 астам кадастрлық обьектілер саналды.

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қорлардың, жануарлар әлемінің, балық ресурстарының кадастрлары бойынша жұмыс отырыстары және талдау жүргізілді.

- оператордың кіші жүйесі, бас оператордың кіші жүйесі, әкімгердің кіші жүйесі, «Жануарлар әлемінің кадастры», «Орман қорының кадастыры», «ООПТ кадастыры», «Балық ресурстарының кадастыры» кіші жүйелері әзірленді;

- «ҚР МКПР» веб-порталын ұйымдастыру және енгізу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы туралы 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 309-0 бұйрығы бекітілді;

- тәжірибелі пайдалануға «ҚР МКПР» веб-порталын енгізу туралы 2010 жылғы 10 ақпандағы № 310-0 бұйрығы бекітілді.

«ҚР МКПР» веб-порталын «БАЖ ООС» АЖ-мен интеграциялау шеңберінде «ҚР МКПР» веб-порталынан «БАЖ ООС» АЖ ресурстарынан ауысу функциясы жасалынды.

120 тармақ «Электрондық үкімет» шеңберінде заманауи ақпараттық технологиялардың базасында Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру» (ҚР МГМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

112 республикалық бюджеттік бағдарлама міндеттерін іске асыру үшін ҚР МГМ «Электрондық үкімет құру» туралы 112 республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы» 2009 жылғы 1 қазандағы № 30 үш жылдық шарт (2009-2011 жж.) (бүдан әрі – Шарт) жасалды.

Көрсетілген Шартқа сәйкес 2009 жылы жұмыс толық көлемінде атқарылды; 2010 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымының (ҚР ҰАИ) элементі және «электрондық үкімет» ретінде «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланудағы бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесін» (бұдан әрі – ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізу көзделген, ол кем дегенде мемлекеттік органдардың 50%-ын, жер қойнауын пайдаланушылардың 30%-ын қамтиды.

РД 50-34.698-90 және МЕСТ 24.208-80 және Шартқа сәйкес 2010 жылы ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ-ды тәжірибелік-өндірістік пайдалануға берілді, қазіргі кезде өндірістік пайдалануға енгізу жұмыстары жүргізілуде, Өндірістік пайдалануға беру актісі және сол туралы бұйрықтың жобалары дайын.



Сонымен қатар, 2010 жылғы № 28 тамыздағы № 19 Республикалық бюджеттік комиссияның хаттамасына сәйкес, ҚР Экономикалық даму министрлігінің ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ-дың техникалық-экономикалық негіздемесіне оң қорытынды бермеуіне байланысты ол 2011 жылға арналған бюджетте қолдау таппады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 4-тармағына сәйкес мемлекеттік АЖ-ды, сондай-ақ олармен интеграцияланатын барлық мемлекеттік емес АЖ-ды олар АҚ талаптарына сәйкестігіне және Қазақстан Республикасы аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестатталғаннан кейін ғана пайдалануға енгізуге және пайдалануға беруге рұқсат беріледі.

Алайда ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сертификатын алуға арналған бюджет қаражаты 2010 жылғы Шарт шеңберінде қаралмаған, өйткені Шарт жоғарыда аталған Ереже қабылданбай тұрып жасалған.

Бұл ретте, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысымен бекітілген Мұнай өндіру мен оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу ережесінің 4-тармағына сәйкес 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап «мұнайды өндіру мен оның айналымы бойынша ақпаратты жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті тұлғаның бекітілген электрондық цифрлық қол қоюымен ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ экрандық нысанын толтыру арқылы береді».

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілген Келісімшарттар талаптары орындалуының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізу ережесі жобасының 9-тармағына сәйкес «көмірсутек пайдалы қазбаларын барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушылар мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ экрандық нысанын толтыру және ақпаратты беруге жауапты ұйымның лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қол қоюы арқылы келісімшарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайын есеп береді».



121 тармақ «Е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру» (ҚР ҚМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

2009 жылы Министрлікте Е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін даярлау бойынша іс-шаралар аяқталды.

Консалтингтік қызметтердің нәтижелі құжаттары бойынша (ТЭН, ТТ және т.с.с.) уәкілетті органдардан салалық сараптамалардың қорытындылары алынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 393 қаулысымен бекітілген Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу, iске асыруды мониторингiлеу және бағалау ережесiнің 57-тармағына сәйкес ҚР ҚМ 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 393 қаулысымен «Е-Қаржымині» Жобасын іске асыруға ТЭН бекітілді.

«2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «-е-Қаржымині» жобасы бойынша іс-шараларға 11 266 865 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражаты көзделді (оның ішінде 2010 жылға – 3 288 080 мың теңге, 2011 жылға – 847 109 мың теңге, 2012 жылға – 7 131 676 мың теңге).

«е-Қаржымині» Жобасын іске асыруға 2010 жылдың басынан жоспарланды. Алайда Техникалық құжаттама бекітілген сәттен бастап ҚР ҚМ функционалдық сипаттағы өзгерістер болды, олар елеулі шамада ҚР ҚМ бар бизнес-процестеріне елеулі әсер етеді, сондай-ақ бұрын ТЭН, «е-Қаржымині» жобасының ТТ қарастырылмайтын жаңа құрауыштарды мүмкін енгізе отырып, «е-Қаржымині» Жобасының құрылымын түзету, оның ішінде олардың басымдықтарын қайта қарау талап етіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығына сәйкес ҚР ЭДСМ бюджет, салық және кеден саясатын мен бюджеттік жоспарлауды қалыптастыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру жолымен ҚР ҚМ қайта ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Кеден одағы шеңберінде қабылданған шешімдерді орындау үшін «е-Қаржымині» жобасы өзгерістер енгізуді талап етті.

Жоғарыда аталған өзгерістерге сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін «е-Қаржымині» Жобасын іске асыру басталды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы негізінде ҚР ҚМ пен «ЭКО» ЖШС үш жылға іске асыру мерзімімен 7 072 347 200 (жеті миллиард жетпіс екі миллион үш жүз қырық жеті мың екі жүз) теңге сомаға 2010 жылғы 15 қыркүйекте ҚР ҚМ пен «ЭКО» ЖШС «Е-Қаржымині» жобасын іске асыру жөнінде қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы № 241 шарт жасасты.

2010 жылғы қыркүйекте «е-Қаржымині» Жобасын іске асырудың бірінші кезеңі басталды, оған Интеграциялық Шина кіші жүйелері, Деректер қоймасы, ҚР ҚМ Web-порталы енді.

Бүгінгі таңда «е-Қаржымині» Жобасын іске асыру жобаның бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі.



122 тармақ «Электрондық мемлекеттiк сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесiнiң функционалдығын дамыту және кеңейту, техникалық жабдықталуының қуатын күшейту» (ҚР ҚМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

ЭМС АИАЖ дамыту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2010 жылға арналған жұмыс жоспарына мынадай іс-шаралар енгізілді:

1) «Ашық конкурс» модулінің функционалдығын дамыту, оның ішінде ашу хаттамасының нысандарын, қорытынды жасау рәсімдерін пысықтау.

2) Бекітілген шарттарда тапсырыс беруші мен өнім берушінің нышандарын өзгерту бойынша функционалдықты дамыту бөлігінде «Шарттар тізілімі» модулінің функционалдығын дамыту.

3) Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қол жетімділік құқықтарын шектеу және белгілеу бөлігінде «Жүйені әкімшілендіру» модулінің функционалдығын дамыту.

4) Қолданыс мерзімдері бойынша сертификаттарды тексеру бөлігінде Ұлттық куәландыру орталығымен бірігуді дамыту.

5) Автоматтандырылған деректер экспортын теңшеу жолымен деректерге көзбен шолу бөлігінде «Ашық конкурс» модулімен «Талдау және есептілік» модулінің бірігуін дамыту.

6) СТ-КЗ сертификаттары туралы ақпаратты алу бөлігінде «Қазақстандық қамту» порталымен бірігуді дамыту.

7) Шарттарды тіркеу бойынша ақпаратты алу бөлігінде Қазынашылықтың ақпараттық жүйесімен бірігуді дамыту.

8) валюталар бағамдарын алу бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірігуді дамыту.

9) «Ашық конкурс» модулін мемлекеттік тілге аудару.

10) «Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау» модулін мемлекеттік тілге аудару.

11) «Талдау және есептілік» модулін мемлекеттік тілге аудару.

12) Жүйенің жалпы функционалдығына пайдаланушыларды үйрету.

Барлық іс-шаралар толық көлемде іске асырылды және жүйеге енгізілді.

123 тармақ «Электрондық кеден» кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту» (ҚР ҚМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

Бүгінгі күнге дейін кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту келесі іс шаралар жүргізілді:

- «Электрондық кеден» АЖ «Web - декларант» электрондық ресімдеу кешенін дамыту және енгізу шеңберінде жаңа кедендік құжаттардың электрондық көшірмесінің құрылымы мен тауарлар декларациясын толтыру туралы Нұсқаулыққа сәйкес тауарлар декларациясының деректерін енгізу және редакциялау интерфейсі қайта өңделді.

- «электрондық кеден» АЖ «Web-портал және ҚР кеден органдарының шлюзі» компонентін дамыту және енгізу шеңберінде кеден органдарынын Порталында жаңа сервистер құрылды, Порталдың бар функционалды мүмкіншілігін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді, сонымен қатар пайдаланушылармен оқу өткізілді, техникалық құжатнама өңделді;

- «электрондық кеден» АЖ«Селективті бақылау және тәуекелдерді басқару» компонентін дамыту және енгізу шеңберінде модульдерді жетілдіру жүргізілді, жаңа модульдер әзірленді және енгізілді.

124 тармақ «Салық заңдылықтарының өзгеруіне байланысты салық органдарының ақпараттық жүйелерін жаңарту» (ҚР ҚМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2013 жылдар.

2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Салық заңдылықтарының өзгеруіне байланысты салық органдарының ақпараттық жүйелерін жаңарту» 036 бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі 1 195 740,8 мың теңге сомасына міндеттер қабылдаған, ол бөлінген қаражаттың 65% құрайды. 2010 жылдың аяғына дейін 482 568,8 мың теңге сомасына міндеттер қабылдау жоспарланып отыр. Мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша үнем 36 711,4 мың теңгені құрады. Кеден одағын құруға байланысты іс-шаралар бойынша міндеттердің 124 540,0 мың теңге сомасында игерілмеуі күтілуде. Ұтқыр топтарды құру бойынша нормативтік құқықтық актілердің болмауына байланысты, 75 ұтқыр топқа арналған ноутбуктер 18 750,0 мың теңге сомасына сатып алынған жоқ.

Одан басқа, ҚР ҚМ СК ақпараттық жүйелер компонентінің 1-кезеңін жүзеге асыру үшін кедендік аясында салық әкімшілендіру функцияларын іске асыруда, жобаның технико-экономикалық негіздемесінде сипатталған азды көпті шығынды нұсқасы анықталған. Соның нәтижесінде аталған іс-шараға бөлінген қаражаттан 105 790 мың теңге сомасында пайдаланылмайтын қалдық құралды.

2010 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша төлемдерді игеру жөніндегі аталған бағдарлама бойынша 347 116,9 мың теңге немесе 18,9 % құрайды. Қаржы қаражаттарының төмен игерілуі 2010 жылғы мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттарында аванстық төлемдердің қарастырылмағандығына байланысты және іс жүзінде көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстар мен сатып алынған тауарлардың төлемдік қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта сатып алынған тауар мен көрсетілген қызметтерді қабылдау мен актілеу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.



125 тармақ «е-Статистика» ИАЖ құру және дамыту (ҚР СА орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2013 жылдар.

Салалық бағдарламаның «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйені құру және дамыту» бюджеттік инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Осының негізінде, 2011-2013 жылдарға «е-Статистика» жобасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен 2 379 912 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

«е-Статистиканың» «Деректерді он-лайн режимде жинау» ақпараттық жүйесі, «Әкімшілік ақпарат» деректер қоры мен «Ақпараттық-талдамалық жүйе» ақпараттық жүйесін құру жұмыстарын ағымдағы жылы бастау үшін 2010 жылғы 4 қыркүйектегі Республикалық бюджеттік комиссияның қорытындысы бойынша «е-Статистика» жобасына бөлінген қаражаттан 2010 жылға 34 000 мың теңге бөлініп, құру жұмыстары басталып кетті.

126 тармақ «Қазақстандық мазмұн» Интернет-порталын дамыту» (ҚР ИЖТМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

Қазақстандық мазмұн мониторингісі және «Қазақстандық мазмұн» Интернет-порталының талдау және мониторинг кіші жүйесін дамыту шеңберінде мынадай жұмыс түрлері жүргізілді:



  1. Ұлттық холдингтар және компаниялармен, жергілікті атқарушы органдармен (жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша), концессионерлермен қазақстандық қамту бойынша ақпаратты Порталға беру ережесі әзірленді.

  2. Порталдың пысықталған бағдарламалық қамтамасыз етудің алдын-ала сынақтар өкізілді. Мыналар әзірленді:

  • Тәжірибелі сынақтарын өткізу және комиссияны құру туралы бұйрық;

  • Алдын ала сынақтарды өткізу туралы хаттама;

  • Алдын ала сынақтар бағдарламасы және әдістемесі.

  1. Порталдың пысыкталған кіші жүйелерін пайдалану бойынша Портал қатысушыларын оқыту семинарлары өткізілді:

- 2010 жылы 22 қазанда Көкшетау қ,,

- 2010 жылы 22 қазанда Алматы қ.,

- 2010 жылы 26 қазанда Қарағанды қ.,

- 2010 жылы 29 қазанда Петропавл қ.,

- 2010 жылы 4 қарашада Павлодар қ.,

- 2010 жылы 4 қарашада Тараз қ.



  1. Әкімшілердің және модераторлардың кіші жүйесін әкімшілік ету жүзеге асырылуда.

  2. Ұлттық компаниялар, холдингтар, концессионерлер, қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жүйе құраушы кәсіпорындардың мониторингі кіші жүйесі әзірленді (жоспарланған және алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жөніндегі ақпаратты ұсыну).

127 тармақ «Е-Agriculture» агроөнеркәсiптiк кешен салаларын басқарудың бiрыңғай автоматтандырылған басқару жүйесiн құру» (ҚР АШМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдардың 4 тоқсаны.

2010 жылғы 3 тамызда ББАЖ өнеркәсіптік қолданысқа енгізу регламентін (қоса беріледі) бекіткеннен бастап, жаппай ҚР АШМ аумақтық бөлімшелерінде ББАЖ деректер қорын жаппай қалыптастыру жұмысы басталды.

ББАЖ жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес ББАЖ өнеркәсіптік енгізу 2011 жылдың басына жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта ҚР АШМ аумақтық бөлімшелерінде ББАЖ жаппай қолдану және оны деректермен толтыру жүргізілуде.



129 тармақ «Астана және Алматы облыстардың және қалаларының әкімдіктерінде территориялардың 5 жылдық даму бағдарламаларын ақпараттандыру бөліміне ұсыныстар әзірлеу» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жылдың 4 тоқсаны.

ҚР ҚМ «Зерде» АҚ Холдингімен бірлесе Астана және Алматы облыстардың және қалаларының әкімдіктерінде инфокоммуникациялық технологиялар қазіргі жай-күйін талдау жасау бойынша жұмыстар жүргізілді. Астана және Алматы облыстардың және қалаларының әкімдіктерінің ақпараттандырудың негізгі көрсеткіштері анықталды.

Астана және Алматы облыстардың және қалаларының әкімдіктерін ақпараттандыру бойынша 16 іс-шаралар жоспары әзірленді;

Астана және Алматы облыстардың және қалаларының әкімдіктерінде АКТ-ны 5 жылға дамыту бойынша ұсыныстар келесі бөлімдермен әзірленді:

- Ақпараттандырудың жаңа модельіне ауысу мүмкіндігі;

- Телекоммуникациялық инфраструктураның дамуы ;

- Техникалық жабдықталуды жетілдіру;

- Ақпараттық ресурстардың, соның ішінде мемлекеттік электрондық қызметтердің дамуы;

- Астана және Алматы облыстары мен қалаларының Интернет- ресурстарының дамуы;

- Компьютерлік сауаттылықты арттыру;

- Қазақстандық мазмұнды көтеру.

130 тармақ «4 облыстық әкімдіктерде «Аймақтық шлюз, ЭҮШ жүйеастына сәйкес» АЖ әзірлеу және енгізу» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл.

Қазіргі уақытта, «Е-Әкімдік» жобасы шеңберінде Аймақтық шлюз кезеңін әзірлеу, «электрондық үкімет» шлюзінің жүйеастына («Электрондық әкімдік» ақпараттық жүйесі) сәйкес аяқталды. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындары автоматтандырылды және жергілікті атқарушы органдардың электрондық түрде 20 қызметі «электрондық үкімет» порталына шығарылды.

Біріңғай мониторингпен қамтамасыз ету мақсатында, халыққа қызмет көрсету орталықтарының Интеграцияланған ақпараттық жүйелеріне интеграцияланған жұмыстар жүргізілді. Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары әкімдіктерімен серверлік жабдықтар берілді, сондай-ақ жүйені енгізуді қамтамасыз етуге қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді.

132 тармақ «Е-әкімдіктердің ақпараттық жүйелері мен инфрақұрылымын құру, сүйемелдеу және дамыту және олардың «электрондық үкіметтің» базалық құрамдауыштарымен интеграциялануы» (ЖАО орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Ақтөбе облысы бойынша: 2009 жылғы 13 қаңтарда Ақтөбе

облысының әкім аппаратының басшысының бұйрығы бекітілді.

«Е-үкіметтің» негізгі құрауыштарымен мынадай сервистер интеграцияланды:

1. Заңды тұлғалардың электронды үндеуі.

2. Жеке тұлғалардың электронды үндеуі.

Атырау облысы бойынша: келешекте «электрондық үкіметтің» негізгі құрауыштарымен интеграциялау жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен 2010 жылға арналған Стратегиялық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ақпараттық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу бойынша келесі жұмыстар атқарылды:


  1. Облыс әкімдігінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің web-конференция жүйесі құрылды.

  2. «Облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын түгендеу» ақпараттық жүйесі енгізілді.

  3. «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмаларын есепке алу» ақпараттық жүйесін, «Жол қартасы» аясында облыстық әкімдіктің ведомстволық ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді өзектеу» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу ұйымдастырылды, Өскемен қ. МО БКО жергілікті байланыс арналарын ұстау ұйымдастырылды.

Бұл ақпараттық жүйе «электрондық үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдастыруды қажет етпейді.

  1. ШҚО БЭҚАЖ 2009 жылы «электрондық үкімет» порталында жеке және заңды тұлғалар үшін «Азаматтардың өтініштерін қабылдау» сервисімен ықпалдастырылды.2010 жылы облыстық әкімдік және оның құрылымдық бөлімшелерінің Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесін ары қарай сүйемелдеу қамтамасыз етілді.

Қарағанды облысы бойынша: Облыстық деңгейде қалалар мен аудандар әкімдіктерін, жергілікті бюджет қаражат есебінен қаржыландыратын облыс басқармаларын ҚР БЭҚАЖ мен ҚР МО КО қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР БАМ 2010 жылдың аяғына дейін келісуге жолданатын қосылу кестесінің жобасы әзірленді.

Қостанай облысы бойынша: 2010 жылғы 31 мамырда «электрондық үкімет» порталынан қайта жіберілген жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қабылдау және өңдеу сервисін іске асыру кезінде қабылдау сынағы өткізілді.

Қызылорда облысы бойынша: Қызылорда облысы аумағында космотүсірімдердің деректер қорын жаңа ақпараттық – навигациялық сервистерді ұсына алатын «Қызылорда облысының геопорталы» (http://geoportal.e-kyzyorda.kz) ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Геопорталдан географиялық (геокеңістік), әлеуметтік – экономикалық және басқа қажетті ақпаратты іздеуге және алуға мүмкіндігін береді.

Ауыл шаруашылығының геоақапараттық жүйесі әзірленді. Негізгі агротехникалық жұмыстарға картографиялық деректер арқылы жүйелер, талдау жинақтарын беруді, сондай-ақ ГАЖ технологиялар базасында ауыл шаруашылығы егістерінің мәдениетін және басқаларды дамытуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған картографиялық жүйелер картографиялық зерттелетін аумақтар бойынша мынадай жұмыстарды орындайды:


  • картографиялық ақпараттарды өзектілендіру

  • зерттелген аумақтың базалық цифрлық карталарын әзірлеу

  • тақырыптық цифрлық карталарды құру

  • жинақтарды әзірлеу және оларды баспаға шығару.

Атрибуттық деректер қоры ауыл шаруашылығының жағдайы туралы ақпаратты қамтамасыз етеді (тауар мәдениеттерін іске асыру бағасына және енгізу шығынына болжамды орындау).

«Облыстық жер қатынастары басқармасының» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды. Ол жер қатынастары басқармасымен және оған қарасты аудандық бөлімшелердің мынадай іс шараларын ұйымдастыруды қамтиды.

Қазіргі кезде автоматтандырылған ақпараттық жүйесі барлық аудандық жер қатынастары бөлімшелерінде орнатылып Басқармаға автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ай сайын және квартал сайын түрлі жер телімінің есептемелері беріліп отырады.

Осы жылы «Облыстық электронды мұрағат» өндірістік пайдалануға берілді. Бірінші кезекте келер жылдары сандық форматқа 600 мыңнан астам мемлекеттік мұрағат құжаттары көшіріледі деп межеленуде.

Ауыл шаруашылығының геоақпараттық жүйесі, «Қызылорда облысының жер қатынастарын басқару» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен «облыстық электронды мұрағат» ақпараттық жүйесінде аталмыш мемлекеттік органдардың бизнес процестері ішінара автоматтандырылған.

Мемлекеттік сатып алудың талаптарын қанағаттандырып отырған «Облыстық мемлекеттік сатып алу порталы» өз қызметін атқаруда.



Облыс электронды үкіметтің веб порталы арқылы азаматтардың электронды шағымын қабылдаудың электронды құжатайналымының бірыңғай жүйесіне сервисінің қатысушысы болып саналады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: Бүгінгі таңда, 8 мемлекеттік қызмет әзірленген:

  1. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.

  1. Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сапа

мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау.

  1. Мүгедектерге протездік - ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды

рәсімдеу.

  1. Мүгедектерді сурдо - тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық

құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу

  1. Қызметті мемлекеттік бюджет құралдары есебінен көрсететін мемлекеттік

және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу.

  1. Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және

жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу.

  1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық

қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу.

  1. Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар рәсімдеу.

«Электронды үкіметтің» базалық құрамдас бөліктерімен, оның ішінде: МДҚ «Мекен жай тіркелімі», МДҚ «Жеке тұлға», МДҚ «Заңды тұлға» ақпараттық жүйелеріне қосу бойынша жұмыстар жоспарлануда.

Алматы қаласы Әкімшілігі бойынша: 2010 жылы қала әкімінің аппаратымен мынадай жобаларды сүйемелдеу және дамыту бойынша қызмет көрсетулер қабылданды:

  1. «Тұрғындар» АБА

  2. Әкімдік аппаратының және әкімдік құрылымдық бөлімшелерінің

электрондық құжат айналымының корпоративтік ақпараттық жүйесі

  1. «Электрондық сайлаушылардың тізімі» АБА

  2. «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау» АБА

  3. Қаланың бірыңғай ақпараттық жүйесі

  4. «Бюджеттік жоспарлау» АБА

  5. Алматы қаласының әкімдік аппаратының ақпараттық қауіпсіздігін

басқару, әкімдіктің ЛВЖ және Интернет торабын сүйемелдеу.

  1. Алматы қ. геоақпараттық жүйесі

  2. Е-әкімдік инфрақұрылымын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

сараптамасы

  1. Байланыс арналарын ұйымдастыру. Цифрлық байланыс

қызметтерін көрсету.

Батыс Қазақстан облысы бойынша: Қолданыстағы электрондық құжат айналымы жүйесін жетілдіру және облыс әкімдігінің электрондық құжат айналымын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен біріктіру жүргізілді.

2011 жылдың 1 қаңтардан бастап облыс әкімі аппараты ішкі қағазсыз электрондық құжат айналымына көшті.



Павлодар облысы бойынша: Павлодар облысының әкімдігі порталдың e.pavlodar.gov.kz электрондық мекенжайы бар «Павлодар облысы әкімдігінің электрондық қызметтері» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі ПОӘ ЭҚ ААЖ немесе Павлодар облысы әкімдігінің электрондық қызметтер порталы) әзірледі, оның құрамында жергілікті атқарушы органдар көрсететін бес электрондық қызмет бар. ПОӘ ЭҚ ААЖ-ды тәжірибелі пайдалануға енгізу 2010 жылғы желтоқсанда Павлодар қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде жүзеге асырылды. Жүйенің қызметін жаңарту мен кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ПОӘ ЭҚ ААЖ мен ҚР ЕХӘҚМ «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық әрекеттестік ережелеріне 2010 жылдың тамызында қол қойылды. Техникалық ықпалдастыру жұмыстары жүргізілуде.

ЭҮШ арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен (ХҚКО ЫАЖ) ықпалдасу үшін ПОӘ ЭҚ ААЖ-ды пысықтау бойынша техникалық талаптар спецификациясы әзірленді. ПОӘ ЭҚ ААЖ-дың «Е-әкімдік» АЖ-мен ықпалдасу әрекеттерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Павлодар облысының мемлекеттік мекемелерінде ПОӘ ЭҚ ААЖ-ды толыққанды пайдалану үшін мемлекеттік қызмет пен электрондық қызмет регламенттерінің өзекті стандарттарының және мемлекеттік дерекқорлар мен ведомстволық ақпараттық жүйелермен ресми ықпалдасу әрекетінің жоқтығы кедергі жасайды.



Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде мемлекеттік органдардың қызметтерін қамтамасыз ету үшін ведомстволық ақпараттық жүйелер сүйемелдеу және даму үстінде: «СҚО әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілері» АЖ, «СҚО марапаттау» АЖ, «СҚО сайлаушылары» АЖ, «Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері» АЖ, «Тапсырмалар мониторингі» АЖ, «Интегро» АЖ.

Облыс әкімі аппаратында іс жүргізуді автоматтандыру және шешім қабылдау үдерісін қолдауға арналған IBM «Lotus Notes» платформасында электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ) жұмыс істейді. 2010 жылы ЭҚЖға 6 облыс басқармалары қосылған.



Жамбыл облысы бойынша: Жамбыл облысында «е-әкімдікті» іске асыру шеңберінде бүгінгі күнге келесі бағыттар бойынша іс-шаралар орындалды:

- техникалық жабдықтау

- ведомстволық ақпараттық жүйелерді жасау және енгізу

- мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру

Бүгінгі күнге «е-әкімдікті» дамытудың аталған бағыттары бойынша келесі жұмыстар жасалды:

- 9 серверден тұратын серверлік торап құрылды

- жергілікті атқарушы органдар көрсететін 22 қызметтің арыздарын қабылдау ішінара автоматтандырылған порталы құрылды

- Корпоративті электрондық құжатайналым АЖ енгізілді

- «Кадрлық іс-жүргізу» АЖ енгізілді

- «Нормативті-құқықтық» акт АЖ енгізілді

- «Білімді ұсыну және мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу» АЖ енгізілді

- Басқарудың ақпараттық талдау жүйесі енгізілді

- «Қаржыландыру» АЖ енгізілді

- «Ауыл шаруашылығы» АЖ жасау және енгізуге жобалық-ізденіс жұмыстары жүргізілді

- «Денсаулық сақтау» АЖ жасау және енгізуге жобалық-ізденіс жұмыстары жүргізілді

- электрондық құжатайналымын, локалды есептеуіш жүйелерді, серверлерді және порталды сүйемелдеу жүргізілуде.

Басқармалардың техникалық жабдықталуы 80 пайызды құрайды; интранет желісіне қосылу 256 kb/s жылдамдықтағы байланыс арналары арқылы ұйымдастырылған.

Жергілікті атқарушы органдардың облыстық және аудандық деңгейде интранет желісіне 31 мекеме (облыс әкімдігінің басқармалары, аудандар және Тараз қаласы әкімдіктері) қосылған

ЭҚАБЖ-не Жамбыл облысы әкімі аппараты қосылған, ЭҚА жүйесіне қатысатын барлық мекемелерді (аудандар және Тараз қааласы әкімдіктерін) қосуға техникалық мүмкіндік бар.

Маңғыстау облысы бойынша: 2010 жылы Маңғыстау облысында «Коммуникациялық инфрақұрылымдар құру және қамтамасыз ету» жобасы бойынша жұмыстар басталды. Аталған бағдарламада облыстың мемлекеттік мекемелер арасында көліктік орталықты құру қарастырылған. Қазіргі таңда жоба аяқталу сатысында.

Жобаның толықтай жүзеге асырылуы ү.ж. 3-тоқсанында жоспарланып отыр.



Алматы облысы бойынша: «Е-әкімдіктердің» ақпараттық жүйелері мен инфрақұрылымын құру, сүйемелдеу және дамыту және олардың «электрондық үкіметтің» базалық құрамдауыштарымен ықпалдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Астана қаласының Әкімшілігі мен Ақмола облысы бойынша ақпараттар ұсынылмады.

133 тармақ «Жергілікті атқарушы органдардың Интернет-ресурстарын дамыту және сүйемелдеу» (ЖАО орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Ақтөбе облысы бойынша: Аудан деңгейіне дейiнгі Ақтөбе облысы әкiмшiлiктерiндегi, сонымен қатар облыстық басқармаларда 2011 жылғы 15 қаңтарға дейінгі кезеңде екінші және үшінші домен деңгейіндегі сайттар жұмыс істейді.

Атырау облысы бойынша: 2010 жылдың соңының көрсеткіші бойынша облысымыздың негізгі мемлекеттік мекемелерінің 30-дан аса интернет-ресурстары қызмет көрсетеді, 3 сайтты жасау жоспарланып отыр.

Интернетке енгізуге берілетін мәліметтердің өзектілігі мен толықтығын көбейту бойынша жұмыс жүргізілуде, сайттағы ақпараттар 3 тілде берілген.

Сайттарды пайдаланушылардың санын арттыру (газет мақалалары, сілтемелер есебінен), басқа облыстардың, орталық органдарының, коммерциялық ұйымдардың сайттарына сілтемелер бар. Негізгі интернет-ресурстардың мерзімді рейтингтері өткізіліп тұрады.

«Атырау облысының бизнесін қорғау» - http://korgau.kasipkerlik-atyrau.kz/ сайты жасалды.



Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайты www.akimvko.gov.kz 2005 жылғы мамыр айынан жұмыс істеп келеді.

Сайтта облыстың барлық дамуы басым салалары бойынша 37 тақырыптық айдар ұсынылған. Айдарлар жөнінде толық ақпарат 90 кіші айдарда берілген.

Облыс әкімі сайты беттерінің жалпы саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 25 854 құрады, оның ішінде 2 945 ақпараттық және 22 909 жаңалықтық беттер.

Облыс әкімінің www.akimvko.gov.kz web-сайты контентін (ақпаратын) басу мен өңдеу кезінде үш тілде қолдау қарастырылған.

2010 жылғы 1 желтоқсаннан 2011 жылғы 1 қаңтар аралығында облыс әкімінің сайтында 787 жаңалықтық мақалалар (күніне 32-35 мақала) орналасқан болатын.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайты құрылған кезден бастап сайтқа келушілер саны 7 611 977 адамды құрады (2005 жылғы мамырда – 2708 адам).

Сайттың беттерін салыстыру кезінде «Атқарушы билік» бөлімінің танымалдығы белгілі болды. 2010 жылғы қарашада бұл бетті 7 038 адам қараған.

Қазіргі таңда облыс әкімінің ресми сайтында «Сіздің ойыңызша, халықаралық донорлардың құралдарын қандай мәселелерді шешуге бағыттау керек?» атты сауал жұмыс істеуде.

Облыста жұмыс істеп тұрған веб-сайттарына қоғамдықтың назарын аудару, облыс мемлекеттік органдары сайттарының даму деңгейін көтеру мақсатында 2010 жылдың желтоқсанында веб-сайттардың кезекті VI конкурсы өткізілді.

2009 жылғы мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың www.akim.blog.vko.gov.kz дербес блогы ашылды. Блог 2 тілде жұмыс істейді: мемлекеттік және орыс тілдері.

Облыс әкімі блогының жұмысы басталған кезден бастап пайдаланушылардан 84 пікір келіп түсті. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің блогына кіру 2009 жылдың 15 тамызынан бастап 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін 4 921 пайдаланушыларды құрады (орташа есеппен күніне 6-7 адам).

Шығыс Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы шеңберінде облыс әкімінің аппараты Электрондық қызмет орталығын (ЭҚО) www.e-vko.gov.kz құрды.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЭҚО-дағы мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына 8 819 өтініш түскен.

Қазіргі таңда Электрондық қызмет орталығы сайтындағы «Мемлекеттік сатып алу» айдарында мемлекеттік сатып алулар бойынша хабарландырулар орналастырылды.

2011 жылғы 1 қаңтар бойынша «Мемлекеттік сатып алу» АЖ-де өз бетімен жұмыс жасау үшін Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық Куәландыру орталығының 607 электрондық сандық кілттері берілді.

Қарағанды облысы бойынша: 2010 жыл қорытындысы бойынша облыстың мемлекеттік мекемелерінің 97 интернет-ресурстары жұмыс істейді.

Мониторинг жүргізу арқылы интернет-қорлардын көрсетілген деректердің өзектілігі мен ақпараттылықты көбейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Облыс қалалары мен аудандар әкімдіктерінің, облыс басқармаларының негізгі интернет-ресурстарының айсайынғы рейтингісі жүргізіледі.

Қостанай облысы бойынша: Облыс әкімінің www.kostanay.gov.kz ресми порталын жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Сайтты актуалды мазмұнымен тұрақты толтырылу, ағылшын тіліне аудару жүзеге асырылады, мемлекеттік тілде бөлімдер синхрондалған.

Қызылорда облысы бойынша: Е-әкімдіктің ақпараттық маңыздылығын өзектендіретін облыс әкімдігінің веб-порталы арқылы ақпараттық және интерактивті қызметтерді тұрақты түрде қызмет етуде. Қазіргі таңда 1000 аса веб-беттер өзектендірілген. Порталдың ақпаратты-интерактивті компоненттері (таныстыру-іскерлік, анықтамалы –жедел және интерактивті) қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізіледі.

Электронды-мемлекеттік қызметтер порталдың «е-қызметтер» бөлігінде орналасқан. 30-тан астам қызмет түрлері орналасқан, оның ішінде 9-ға жуығы интерактивті.

Бұдан басқа, үстіміздегі жылы ресми порталда «Өңірдегі бизнесті қорғау» атты арнаулы веб-тарау ашылды, онда кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделеріне тексеруші-бақылаушы және құқық қорғаушы органдардың және олардың жекелеген қызметкерлері тарапынан нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша өтініштерін облыс әкіміне тікелей жеткізуіне бағытталған веб-сервис қызмет атқарады. Онымен қоса, «Өтініш жазу», «Шаралар», «Өтініштер» және «Статистика» интерактивті бөлімшелерінен тұрады. Осы веб-сервис 40-қа жуық салалар бойынша статистика талдауын жүргізеді. Өтініш білдірген бизнес-қоғамдастық өкілдері өз өтінішінің порталда жариялануын болмаса құпиялылықты сақтауға мүмкіндік беретін де сервисімен бірге ресми тіркеу нөмірін беру фукционалы қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет