Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама



жүктеу 0.68 Mb.
бет3/4
Дата22.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4

Бүгінде ресми порталдың ре-дизайнын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 20 облыстық басқарманың 8 басқармасында, 14 аудан әкімдіктерінің 11 – де өз Интернет – ресурстары бар. Жоспарлы жылы қазіргі бар Интернет – ресурстарын дамыту және сүйемелдеуге қаржы қаралса, 2014 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының барлығында Интернет-ресурстармен қамтылады. 2011 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің веб-сайтын дамыту жоспарлануда.

Алматы қаласы Әкімшілігі бойынша: Қала әкімдігінің аппаратымен 2010 жылы 1 қалалық және 7 аудандық интернет-ресурстарды сүйемелдеу және дамыту бойынша қызмет көрсетулер қабылданды.

1) Алмата қ. әкімдігінің және қаланың аудандары әкімдіктер аппаратының веб-порталдарын ақпараттық толтыру және сүйемелдеу;

2) Әкімдіктің веб-серверіне қызмет көрсету;

3) Қала әкімдігінің веб-порталында базалық е-қызметтерді сүйемелдеу және дамыту;

4) Аудан әкімдіктерінің веб-порталдарын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша персоналдарды ЛВЖ және КТС жүйелі техникалық сүйемелдеу.

Батыс Қазақстан облысы бойынша: Облыс әкімдігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің интернет-ресурстары бар. Ақпаратқа қолдау көрсетіліп, күнделікті жаңартылып тұрады. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының www.adebiet.kz сайты «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» номинациясы бойынша AWARD.kz-2010 байқауының жеңімпазы атанды.

Павлодар облысы бойынша: Облыстың мемлекеттік органдарының қызметі бойынша ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысында жергілікті атқарушы органдардың 77 интернет-ресурсы құрылды.

Оның ішінде облыс әкімдігінің интернет-ресурсы және облыстың қалалары мен аудандарының 13 интернет-ресурсы бар (облыс, қала және аудан деңгейіндегі әкімдіктер бойынша 100 % қамтылу). Барлық интернет-ресурстарда интерактивті сервис іске асырылған, виртуалды әкімнің қабылдауы, екеуінде әкім блогтары жұмыс істейді. Интернет-ресурстарда ұсынылатын деректердің өзектілігі мен ақпараттылығын арттыру, сайт аудиториясын көбейту бойынша жұмыс жүргізілуде (түрлі сілтемелер, газет мақалалары есебінен). Облыстың негізгі интернет-ресурстарының рейтингілері мерзімді түрде жүргізіледі.



Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: Солтүстік Қазақстан облысының ресми сайты жұмыс істейді. Ресми сайтта барлық мемлекеттік органдар туралы, облыс туралы ақпарат бар, облыс әкімінің дербес блогі, азаматтардың өтініштері бойынша виртуалдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, облыс әкіміне кәсіпкерлер тікелей өтініш беруге арналған «Бизнесті қорғау» бөлігі жұмыс істейді. Барлық мемлекеттік мекемелердің және аудан әкімдіктерінің Интернет-ресурстары құрылды.

Облыс әкімдігімен облыстық атқарушы органдардың, аудандық, Петропавл қаласы әкімдіктері Интернет-ресурстарының тоқсан сайынғы мониторингі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, рейтингтік ұпайлар қойылады.



Жамбыл облысы бойынша: 2010 жылы облыстық веб-сайттың дизайнын және құрылымын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күнге сайт арқылы 146 ақпараттық және 5 интерактивті қызметтер көрсетіледі, олардың ішінде облыс әкімінің блогі (426 арыз келіп түсті), электронды қабылдау бөлмесі, бизнесті қорғау тармағы, жаңалықтарға жазылу, мемлекеттік сатып алулар бойынша қызмет көрсету және т.б., сонымен қатар порталда жергілікті атқару органдардың ішінара автоматтандырылған 22 мемлекттік қызметі көрсетіледі. Облыстың барлық аудандарының және Тараз қаласының сайттары ашылған және жұмыс істейді.

Маңғыстау облысы бойынша: - сайт екі тілді интерфейсте жұмыс жасайды;

Сайтта әкімнің блогы, мемлекеттік органның құрылымы жөнінде ақпарат, аналитикалық, статистикалық ақпарат, мемлекеттік органның қызметі жөніндегі ақпарат сияқты функциялармен жұмыс жасайды.

Сайт брошюр түрінде де және жергілікті БАҚ сайтына сілтемені орналастыру арқылы да ілгерілейді.

2010 жылдың басынан бастап күні бүгінге дейін Маңғыстау облысының интернет порталының әкімшісі болып ОФ ІnfoSystem қызмет көрсетеді. Сайттың сілтемесі: www.mangistau.kz.



Алматы облысы бойынша: Аймақтардағы интернет ресурстарға қатысты, келесі жұмыстар жүзеге асырылып, алдағы уақытта да жалғастыру жоспарлануда:

- аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың ресми сайттарында мекемелердің бірінші басшыларының жеке блогтарын құру жұмыстары іске асырылуда;

- аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың ресми сайттарының домендік атаулары негізінде электронды пошта қызметін құру жоспарлануда. Аталған электронды пошта мекенжайларын аймақтың ресми сайттарында орналастыру арқылы мемлекеттік орган басшысы мен тұрғындар арасындағы кері байланыс ұйымдастырылады;

- ресми сайттарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бөгде тұлғалардың жарнамалық немесе өзге де ақпараттардың орналастыруын болдырмау үнемі назарға алынған.



Қазіргі уақытта Астана қаласының Әкімшілігі мен Ақмола облысы бойынша ақпараттар ұсынылмады.

134 тармақ «Интернет ресурстарына ҚҚП кеңейту» (ЖАО орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Ақтөбе облысы бойынша: 2010 жылдың соңына таяу Ақтөбе облысы әкімдігінің балансына берілген барлық қоғамдық қолжетімділік пункттері Интернет желісіне қосылды. Техникалық қызмет көрсетуді ҰАТ АҚ жүзеге асырады.

Атырау облысы бойынша: Қоғамдық қолжетімділік пункттерінің (одан әрі - ҚҚП) үздіксіз жұмыс істеуін қолдау жүзеге асырылып жатыр;

- 2010 жылы ҚҚП-не (1 тип) 1 ГБ ЖЕСҚ-ры қондырылды және ҚҚЖП-і халық көп келетін орындарға ауыстырылды, Интернет желісіне қосылды.

Көрсетілетін электрондық қызметтерге халықтың қол жеткізуін жеңілдету және қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігімен ҚҚП-де бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа үлгілері қондырылған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Қазақстан Республикасында Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының Қоғамдық қолжетімділік пункттері желісін кеңейту туралы тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа облыстарымен салыстырғанда ҚҚП ең көп саны (барлығы 153 ҚҚП) Шығыс Қазақстан облысында және бүгінгі күні қосымша ҚҚП алудың қажеттігі жоқ. Бар ҚҚП сәтті жұмыс істеуде және облыс қалалары мен аудандарындағы қоғамдық қатынау пункттеріне техникалық қызмет көрсету және Интернет желісінің ресурстарына қосуға келісім-шараттар жасалды.

Қарағанды облысы бойынша: Қоғамдық қолжетімділік пункттерінің (бұдан әрі - ҚҚБ) үздіксіз жұмыс істеуін қолдау, олардың жұмысқа қабілеттілігіне айсайын мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асады;

2010 жылы облыстың 51% ҚҚБ 1 Гбайт оперативтік жадымен жабдықталды, қалғаны ҚҚБ 2011 жылы жабдықталатын болады.

Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 10 қарашададағы № 29/05 қаулысымен облыстың ҚҚБ жұмыс істеу регламенті бекітілді.

ҚҚБ қолайлы қолдану және қолжетімділігі мақсатында бұқаралық келіп кету орындарына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілді.



Қостанай облысы бойынша: Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес ҚҚП қосымша сатып алуға қаржыландыру қарастырылмаған.

Қызылорда облысы бойынша: Қызылорда облысы бойынша 48 қоғамдық қолжетімділік пункттері (одан әрі – ҚҚП) қызмет атқарады. 2010 жылға аталмыш жабдықтарға техникалық-сүйемелдеу мен байланыс қызметтері, әрі тиісті қосалқы бөлшектер алуға облыстық бюджеттен 20,8 млн теңге қаржы бөлінді. 2010 жылы ҚҚП үшін 1 Гб дейінгі жедел жадылар басқа да қосалқы бөліктер сатып алынды және Интернет жылдамдығы 128 кб/с бастап 256кб/с дейін өсті.

Техникалық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аймақтық орталығымен, ал байланысты «Қазақтелеком» АҚ қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда ҚҚП 48-дің 47-і жұмыс күйінде, ал ҚҚП 1-ң аналық тақташасы жұмыс қатарынан шығып қалды.. Оны алмастыруға байланысты жұмыстар өз нәтижесін бермеді, себебі, ондай тақташалар қазіргі таңда өндірісте мүлдем жоқ.

Оңтүстік Қазақстан облысы: ҚҚП тиімді жерлерге көшіру және жедел жадысын 1 Гб дейін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласы Әкімшілігі бойынша: Алматы қаласының әкімдігі аппаратымен 2010 жылы қоғамдық қолжетімділік пунктерін құру және қызмет көрсету жөніндегі қызмет көрсетулер қабылданды:


  1. ақауларды анықтауда ҚҚП 73-н зерттеу;

  2. қосалқы және жинақтаушы бөлшектермен толық жабдықтау, яғни

қосымша жедел жадысы 1 Гб дейін;

  1. техникалық қызмет көрсету жабдығы;

  2. адамдардың көп шоғыры орналасқан жерлерге қоғамдық

қолжетімділіктің 5 пунктерін көшіру;

  1. қолдаңбалы жаңғыртылған бағдарламалық қамтамасыз етуді қайта орнату және жөнге келтіру;

  2. ҚҚП жұмысқа қабілеттіліктеріне тұрақты мониторинг жүргізу.

Батыс Қазақстан облысы бойынша: Облыста 57 ҚҚП орнатылған. 2010 жылғы желтоқсан айында 19 қоғамдық қолжетімділік пункті тұрғындардың көп баратын орындарына (салық комитетінің, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың, жол полициясы басқармасының аудандық бөлімшелерінің ғимараттарына) көшіріліп, орнатылды. Қазіргі таңда қайта орнатылған қоғамдық қолжетімділік пункттерін интернет желісіне қосу жүргізілуде. Қоғамдық қолжетімділік пункттерінің қызметін қамтамасыз етуге 2011 жылға 17 310 мың теңге жоспарланған.

Павлодар облысы бойынша: Мемлекеттік органдардың ашық ақпараттық ресурстарына қоғамдық қолжетімділік инфрақұрылымы құрамында Павлодар облысының елді мекендерінің аумағында 66 ҚҚП жұмыс істейді. Олардың үздік қызметін сүйемелдеу қамтамасыз етіледі. ҚҚЖП жадысын арттыру бойынша құрамдас бөліктерді ауыстыру ағымдағы жылы жоспарланған бюджеттің болмауына байланысты 2011 жылға жоспарлануда.

Халыққа облыс әкімдігі көрсететін электрондық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету және оңайлату мақсатында ҚҚП үшін оңтайландырылған бағдарламалық жасақтама әзірленді.



Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. және аудан орталықтарында 64 ҚҚП орнатылған (49 – 1 типті және 15 - 2 типті). ҚҚП құру «Салық комитеті» ММ, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ құрылымдарын, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарын, кітапханаларды, демалу орталықтарын қамтиды.

ҚҚЖП тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ҚҚП 1 Гб-ға дейін қосымша жедел жадыны сатып алу және толығымен жабдықтау жүзеге асырылуда.



Жамбыл облысы бойынша: «ҰАТ» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдерімен және «Қазақтелеком» АҚ-ның аймақтық бөлімдерімен ҚҚП-ін техникалық сүйемелдеуге және байланыс қызметтерін көрсетуге келісім шарттар жасалған.

2010-2014 жж Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасын іске асыру іс-шараларының басқа тармақтары бойынша жұмыстар календарлық графике байланысты жүргізілуде, 2011 жылы өткізімі жүзеге асырылады.



Маңғыстау облысы бойынша: - Маңғыстау облысы бойынша 30 қоғамдық қолжетімділік пунктері орналасқан. Оның ішінде 27 қоғамдық қол жетімділік пункті жұмыс жасап тұр, 3 қоғамдық қол жетімділік пункті істен шыққан;

30 қоғамдық қол жетімділік пунктін жүйелі-техникалық сүйемелдеуді «НИТ» АҚ іске асырады. Қоғамдық қолжетімділік пунктеріне қызмет көрсету келісім-шартының жалпы көлемі 4552991 теңге. 25 қоғамдық қолжетімділік пунктеріне байланыс қызметін көрсету үшін «Қазақтелеком» АҚ 5738100 теңгеге келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар 5 қоғамдық қолжетімділік пунктеріне байланыс қызметін көрсету үшін «Шер және К» ЖШС -мен 652 500 теңгеге келісім-шарат жасақталды.

Түбқараған ауданында 4 қоғамдық қол жетімділік пункті, Мұнайлы ауданында 1 қоғамдық қол жетімділік пункті және Ақтау қаласында қосымша 1Гб. жадылы 2 қоғамдық қол жетімділік пунктін жабдықтау жүргізілді. Халық аз шоғырланған жерлерде орналасқан қоғамдық қол жетімділік пунктерді аймақтық ГЦВП бөлімшесінің және «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесіне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысы бойынша: Облыс аумағында орналасқан 109 Қоғамдық қол жеткізу пункттері (әрі қарай - ҚҚП) аудан мен қала әкімдіктерінің теңгерімінде болғандықтан, аталған құрылғылардың қалыпты жұмыс істеуі үшін Интернет желісіне қосу және жүйелі-техникалық сүйемелдеу қызметтеріне аудан мен қала әкімі аппараттарының бюджеттеріне «Қазақтелеком» АҚ мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның ағымдағы тарифтеріне сәйкес қаржы қарастырылған. Аталған қызметтерге келісім шарттарды 2011 жылдың қаңтар айында жасау туралы аудан мен қала әкімдеріне тапсырма берілді.

ҚҚП қабілеттілігін ұлғайту үшін аталған құрылғылардың 1 Гб көлеміндегі жедел жадылары аудан мен қала әкімдіктеріне үлестіріліп, жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылуда.



Қазіргі уақытта Астана қаласының Әкімшілігі мен Ақмола облысы бойынша ақпараттар ұсынылмады.

139 тармақ «Мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларын пайдалануын бағалау методикасын әзірлеу және бекіту» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жылдың 4 тоқсаны.

ҚР БАМ 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №360 бұйрығымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдары тарапынан ақпараттық технологияларды қолдануға арналған іс-қимылының тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілді.



140 тармақ «Мемлекеттік қызмет көрсетулерді бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту» (ҚР МҚІА орынд.) (ҚР МҚІА орындған) орындалу мерзімі 2010 жылдың 4 тоқсаны.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдары іс-қимылын жыл сайын бағалау жүйесі туралы» № 954 Жарлығын орындау мақсатында ҚР МҚІА 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01-02/233 және ҚР БАМ 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 362 бірлескен бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдары тарапынан ақпараттық технологияларды қолдануға арналған іс-қимылының тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілді.

Аталған әдістеме ҚР МҚІА ресми интернет-ресурсындағы (www.kyzmet.kz) «мемлекеттік органдардың іс-қимылының тиімділігін бағалау» атты арнайы бөлімінде орналастырылған.

141 тармақ «Электронды үкіметтің даму, ұлттық рейтингтерге есеп жүргізу және оның әлемдік рейтингтермен, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды қорғау бағыттарына қатысты қызметін бағалау» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі жыл сайын.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұлттық рейтингін бағалауда жетекші халықаралық ұйымдардың көрсеткіші және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын зерттеу есебіне негізделе әзірленген көрсеткіштер жүйесі қолданылды.

Осымен қатар, аталған есеп аясында орталық және жергілікті атқарушы органдар негізіндегі электронды үкіметтің даму деңгейі талданып, негізгі проблемалар айқындалды және оларды жою туралы ұсыныстар пысықталды.

Мемлекеттік органдардың ұлттық рейтингі келесі рейтингтер негізінде жүргізілді:



  1. МО-ның АКТ-инфрақұрылымы

  2. МО-ның адами капиталы

  3. МО-ның ресми веб-өкілдігі және «электронды қатысу»

  4. МО-ның қызметін электронды нысанда іске асыру

  5. Электронды нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету.

Жергілікті атқарушы органдардың ұлттық рейтингі келесі индекстер негізінде жүргізілді:

  1. МИО –ның АКТ-инфрақұрылымы;

  2. МИО –ның адами капиталы;

  3. МИО –ның ресми веб-өкілдігі және «электронды қатысу»;

  4. МИО –ның қызметін электронды нысанда іске асыру;

  5. Білім беруде АКТ;

  6. Медицинада АКТ;

  7. Мәдениетте АКТ.

Республикалық деңгейдегі қалалар мен облыстардың 27 орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар бойынша ұлттық рейтингке бағалау жүргізілді.
2 мақсат. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық секторын қалыптастыру.

ҚР БАМ алдына қойылған мақсаттарға жету шеңберінде мынадай мақсатты индикаторлар анықталды:



  1. IT-нарықтың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұнның үлесі – кемінде 7 *%;

  2. IT-қызметтерде қазақстандық мазмұнның үлесі – 30* %.

3. IТ-нарығының көлемі – 90 млрд.тг*;

4. IТ-нарығының жалпы көлеміндегі IТ-қызметтерінің көлемі – 14%*;

5. IТ-нарығының жалпы көлеміндегі қорабтық (лицензиялық) БҚ-нің көлемі – 6,3%*;

6. қорабтық (лицензиялық) БҚ-дің көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі – 8*;

7. IT-жабдық секторының көлемі - 45млрд.тг*;

8. 100 адамға арнаулы компьютерлер - 100 тұрғынға 12,7 *

9. Студенттерді халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқыту - 937 адам;

10. 2014 жылға қарай кем дегенде үш IТ-колледждерін құру және Студенттерді IТ-колледждерінде оқыту – Қазіргі уақытта ҚЭН мен концепция жасалымы жүргізілуде, оқу қорапы және кампусының таңдау келісуі өтуде.



*2010 жылғы бағалау деректері, ресми деректер ҚР СА NadLoc қалыптастыруында 2011 жылдың наурызында ұсынылатын болады.
2.1 міндет «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және IТ-қызметтер секторын дамыту» бағыты бойынша

24 тармақ ҚР ИЖТМ жанындағы «Алатау» АТП АЭА-да жер пайдалану құқығы үшін жалға алу төлемдерін төлеуді жою бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. ҚР ИЖТМ «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды ((ҚР ИЖТМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жылдың 4 тоқсаны.

ҚР ИЖТМ «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірледі және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізді.

Заң жоба уақытша тегін жер пайдалану шартында көрсетілген уақытша тегін жер пайдалану құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемнен босатуды көздейді.

Аталған ұсынысты ҚР ИЖТМ ұсынып, ол Салық салу мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес отырысында қолдау тапты. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне енгізу үшін Заң жоба 2010 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысында мақұлданды.

Осы тармақ бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданды (2010 жылғы 5 қаңтардағы № 11-1/2-3587-ПМ).

31 тармақ «Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге нормативтер әзірлеу және бекіту» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жылдың 4 тоқсаны.

«Ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және сүйемелдеуде нормативтерді бекіту туралы» ҚР БАМ 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 370 бұйрығы.



33 тармақ «Біліктілігі жоғары шетелдік IТ-мамандардың және микроэлектроника және жоғары технологиялық жабдықтар саласындағы мамандардың Қазақстанға кіруі және оларды жұмысқа жалдау қағидасын оңайлату жөнінде ұсыныстар әзірлеу» (ҚР ЕХӘҚМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдардың 4 тоқсаны.

ҚР ЕХӘҚМ Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын (жаңа редакцияда) әзірледі, бұл жоба қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қаралуында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2251 қаулысымен енгізілген).

Осы заң жобасында көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті орган бөлген квота шегінде рұқсат берудің екі түрі көзделген:


  1. жұмыс берушіге - шетелдік жұмыс күшін тартуға;

  2. шетелдік қызметкерге – Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тізбеге кіретін мамандық (кәсіп) бойынша жұмысқа орналасу.

Шетелдік IТ-мамандардың және микроэлектроника және жоғары технологиялық жабдықтар саласындағы мамандардың Қазақстанға кіруі және оларды жұмысқа жалдау ережесін оңайлату үшін осы мамандықтарды жоғарыда көрсетілген тізбеге енгізу ұйғарылады.

35 тармақ «Шетелдік компанияларға ірі тапсырыстар ұсынғанда АКТ жобаларға офсетті мәмілелерді іске асыру жөнінде шараларды әзірлеу» (ҚР ИЖТМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдардың 4 тоқсаны.

Осы тармақ бойынша БАМ, ЭДСМ, ҚМ, ИЖТМ, ӘМ, «Зерде» ҰИХ» АҚ және қазақстандық АТ-компаниялар қауымдастығы өкілдерімен бірге шетелдік компанияларға ірі тапсырыстар ұсынғанда АКТ жобаларға офсетті мәмілелерді іске асыру жөнінде шараларды әзірлейтін жұмыс тобын құру туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Үкіметіне жіберілді 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 11-1/2-3587-ПМ.



55 тармақ «Ақпараттық коммуникацияның дамуы жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастыру» (ҚР СА орындған) орындалу мерзімі жыл сайын 4 тоқсан.

ҚР СА Қазақстан Республикасындағы байланыс, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуы туралы статистикалық ақпаратты жылдық және тоқсандық негізде статистикалық бюллетеньдер шығарылды. Сонымен қатар, ҚР СА шығарылатын статистикалық бюлетеньдері АКТ дамуының көрсеткіштерін толық қамтымайды. Қазіргі уақытта, АКТ көрсеткіштері тізімін жаңарту және статистикалық есептің нысаны бойынша жұмыстар жүргізілуде.



62 тармақ «Салалық қауымдастықтармен, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен АКТ-өніміне сұранысты анықтау мәніне және әлеуетті тапсырыстар портфелін қалыптастыруға өзара іс-қимыл жасау» (АҚ Зерде орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдардың 4 тоқсаны.

Салалық қауымдастықтармен, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен АКТ-өніміне сұранысты анықтау мәніне және әлеуетті тапсырыстар портфелін қалыптастыруға өзара іс-қимыл жасауды іске асыру мақсатында ҚР БАМ тиісті ұйымдармен және мемлекеттік органдармен кездесу отырыстарын ұйымдастырды. Кездесу барысында МО ақпараттандырудың (аутсорсинг, бұлыңғыр есептеу, виртуаландыру) жаңа моделіне көшу мүмкіндігі және қажеттілігі (сұранысы) жөнінде мәселелер талқыланды, сондай-ақ толық және ішінара аутсорсингке көшу бойынша МО ұсынымдары пысықталынды.



63 тармақ «Алатау» АТП АЭА-да инфрақұрылымын дамытуда ТЭО әзірлеу» (ҚР ИЖТМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

2009 жылы екінші кезекте АТП АЭА құрылысына ТЭО және ПСД әзірленді, ең алғашқыда ауданы 342,9 га жоспарланған, тиісті аумақты қалыптастыру көзделген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі №873 Жарлығына сәйкес, АТП АЭА аймағының ауданы 163,02 га-ға дейін азайтылды.

Осыған байланысты, ҚР ИЖТМ ТЭО-ны түзетуге ұсыныс енгізілді, қазір осы ұсыныс ҚР ЭДСМ оң қорытынды алды.

Қазіргі уақытта, ҚР ИЖТМ ҚР ҚМ ескертулер мен ұсыныстары ескеріліп, Республикалық бюджеттік комиссияға қайта қарауға жолдауға жұмыспен өтеліп жатыр.
2.2. міндет. Отандық жоғарғы технологиялық жабдықты дамыту.

91 тармақ «Жоғары технологиялық жабдықты өндіруді ұйымдастыру» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Қазіргі уақытта, «Зерде» Холдингі» АҚ 2 бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде:

1) Set Top Box өндіру (STB – кәбілдік және спутниктік телевизияны қабылдау приставкасы) және планшеттік компьютерлерді өндіру:

- нарықтың, сұраныстың және ұсыныстардың алдын-ала талдауы жүргізілді;

- потенциалды контрагенттермен сойлесулер жүргізілді, жобаны іске асыру моделдері әзірленді.

2) планшеттік компьютерлер бойынша:

- планшеттік компьютерлер өндіретін отандық потенциалдық өндірушілер тізімі анықталды;

- топшылама бағасын анықтау үшін отандық потенциалдық өндірушілерге планшеттік компьютерлерге техникалық талаптар жолданды;

- «е-оқыту» жобасын іске асыру бойынша, ҚР БҒМ жұмыс тобына планшет прототиптерін демонстрациялау жүргізілді.

1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет