Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама



бет1/4
Дата22.02.2016
өлшемі407.5 Kb.
#2347
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Қазақстан Республикасында үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарған арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – ҮИИДМБ) және 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.

Осы Бағдарламаның мақсаты еліміздің ақпараттық қоғамға көшуі және инновациялық экономиканы құру, сондай-ақ инфокоммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті секторын қалыптастыру болып табылады.



1 Мақсат. Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуі.

Инфокоммуникациялық инфрақұрылымды, цифрлық телерадио хабар таратуды және Интернет желісіндегі қазақстандық сегментті, сондай-ақ «электрондық үкімет» пен электрондық қызметтердің дамуын жаңғырту және дамыту мақсатында былтырғы жылы әрбір тапсырма бойынша мынадай мақсатты индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар қатары жүргізілді:

1. ІЖӨ АКТ секторының үлесі 3,8% құрады (2010 жылғы жоспар –3,3%) ҚР СА жеделдік деректері бойынша;

2. ІЖӨ телекоммуникациялар секторының үлесі – 2,6%;

3. Жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру 91,4%(қала) 91,5%(ауыл) деңгейіне қол жеткізілді (2010 жылғы жоспар – 88%(қала) 78%(село)), ақпарат байланыс операторларымен ұсынылды;

4. Интернет желісін пайдаланушылар тығыздығы 100 тұрғынға 23,1 пайдаланушы, соның ішінде Интернет желісіне кең жолақты қол жеткізу пайдаланушыларының тығыздығы 100 тұрғынға 5,3 құрады (ҚР СА алдын ала берілген деректері бойынша;

5. Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға 124,1 (2010 жылғы жоспар – 100 тұрғынға 95);

6. Тіркелген байланыс желілерінің тығыздығы 100 тұрғынға 25,2;

7. Халқының саны 1000 және одан көп адамы бар - 78 % барлық елді мекендерді мобильді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету (деректер байланыс операторларымен ұсынылған);

8. Компьютерлер саны – Қазақстан республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 қаулысының 61 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама көрсеткіштері бойынша статистикалық ақпаратпен ҚР СА қамтамасыз етеді. Бірақ, 2010 жыл бойынша осы көрсеткіш жөніндегі ақпарат ҚР СА сайтында көрсетілмеген;

9. Халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру – ҚР СА деректері бойынша 20% (ҚР СА статистикалық деректеріне сәйкес);

10. Электрондық нысанға әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің көшуін қамтамасыз ету 17.5% (2010 жылғы жоспар – 10%);

11. Қазақстан Республикасының аумағын эфирлік цифрлық теле хабар таратумен қамту - эфирлік цифрлық теле хабар таратуды енгізу 2012 жылдан бастап жоспарлануда;

12. Қазақстан аумағын спутниктік цифрлық теле хабар таратумен қамту– 100% (спутниктік цифрлық теле хабар тарату 2010 жылғы 11 желтоқсаннан бастап іске қосылды);

13. Ауылдық бөлімшелерде пошта байланысының құрылысы және жаңғырту 158 бірлікті құрады (2010 жылғы 4 тоқсанда СА сайтында жарияланған «ҮИИДМБ көрсеткіштері» тоқсан сайынғы статистикалық бюллетеньге сәйкес) ;

14. Қарапайым жазба хат-хабарларды облыс орталықтары, облыс және аудан орталықтары арасында жөнелтудің бақылау мерзімдерін 1 күнге қысқарту – «Қазпочта» АҚ почталық жөнелтілімдер тасымалдануының жиілігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу және оны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар жөнелтілімдер мерзімін қысқарту бойынша талдау 2011 жыл соңында жүргізілетін болады;

15. Халықаралық пошта жөнелтімдерін өткізуде бақылау мерзімдерін 1 күнге қысқарту - «Қазпочта» АҚ почталық жөнелтілімдер тасымалдануының жиілігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу және оны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар жөнелтілімдер мерзімін қысқарту бойынша талдау 2011 жыл соңында жүргізілетін болады;

16. Қазақстан Республикасында АКТ дамуына әсер ететін құқықтық негіз қалыптасты және салалық стандарттаудың деңгейі халықаралық нормаларға сәйкестендірілді, АКТ саласындағы стандарттардың жалпы санынан үйлесімделінген стандарттардың саны - 67% құрайды;

17. Мерзім шеңберінде келген хаттардың және жөнелтімдердің үлесі - хаттар - 99,8% , сәлемдеме - 99,3% (2010 жылдың 9 ай бойынша деректері «Қазпочта» АҚ-мен ұсынылған) ;

18. Пошта байланысының автоматтандырылған бөлімшелерінің үлесі - 2011 жылдың 1 қаңтарына өндірістік объектілер желісін 3739 бірлік, оның ішінде 83 жылжымалы ПББ құрады. 3656 өндірістік объектілер ішінен 1180 бірлігі немесе 32,3% автоматтандырылған;

19. Ауылдық жерлерде электрондық сауда желісімен қамту - 5,13%;

Жоғарыда көрсетілген мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштерге жету үшін АКТ саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, сондай-ақ негізгі міндеттер анықталды:


1.1. Міндет. Инфокоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту.

5 тармақ «Әлемдік тәжірибені есепке алып әмбебап қызмет көрсету үлгісіне талдау жүргізу» (ҚР БАМ орындаған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

Жан-жақты талдау өткізу мақсатында ҚР БҚА (Монополияға қарсы агенттік) және Қазақстанның ұлттық телекоммуникациялық қауымдастығының ұсыныстары зертелді. Монополияға қарсы агенттігі мобильді байланыс және кәбілді телевизия операторларына осы қызметтерді ұсынуға тарту мүмкіндігін, сондай-ақ аймақтарда лотқа бөлу арқылы конкурстар жүргізу қажеттілігін қарастыру бойынша әмбебап қызмет көрсетудің үлгі нұсқаларының бірін ұсынады. Осы мәселелер байланыс операторларының отырыстарда тұрақты талқыланып отырады және 2011 жылы аралығында талдау жүргізу үдерісінде телекоммуникация саласындағы шетел сарапшыларын тарту жоспарлануда.

6 тармақ «Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарын бекіту» (ҚР БАМ орындаған) орындалу мерзімі 2010 – 2013 жылдар 4 тоқсаны.

ҚР БАМ Байланыс және ақпараттандыру комитеті Төрағасының 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 4 бұйрығымен Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспары бекітілген, ол телекоммуникацияның әмбебап қызметтері тізбесіне енгізілген пайдасы бар қызметтерге бір уақытта тарифтерді төмендетуге және шығынды қызметтерге тарифтерді төмендетуге бағытталды. Осы бұйрықпен ауылдық және қалалық жерлерде жеке тұлғалар үшін абоненттік төлемнің көлемі 20%, ал Интернет желісіне ұжымдық қол жеткізу бағасының көлемі кемінде 256 Кбит/сек жылдамдығымен 52%-ға көтеру көзделген.



49 тармақ «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу» (ҚР БАМ орындаған) орындалу мерзімі 2010 жылдың 4 тоқсаны.

ҚР БАМ 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №364 бұйрығымен «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Осы бұйрықпен ұялы байланыс операторлары үшін телефондық сөйлесулердің тарификация бірліктерінің көлемі 10 секунттан 1 секунтқа, сондай-ақ халықаралық роуминг қызметтерінің тарификация бірліктерінің көлемі 30 секунтқа дейін төмендетілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 секунд). Сонымен қатар, Министрліктің осы бұйрығымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделмеген қосылуға төлемдер мен басқа да төлемдердің күші жойылады.

Осы бұйрық 2011 жылғы 1 ақпанда қолданысқа енді және ҚР БҚА, ҚР ҰҚК келісілді.



72 тармақ «Қазақтелеком» АҚ-ның телекоммуникация желісін қуаттылығы 1 млн. абонент Next Generation Network (NGN) технологиясына көшіру» («Қазақтелеком» АҚ орындаған) орындалу мерзімі 2010 - жыл.

«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация желісін Next Generation Network технологиясына көшіру» жобасы (іске асыру мерзімі 2005 – 2010 ж.ж., жалпы инвестиция көлемі 27,1 млрд. теңге).

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасы пайдаланушыларын мынадай телекоммуникация қызметтерінің кең шоғырын көрсету мүмкіндігімен сапасы жоғары цифрлық байланыспен қамтамасыз ету:


    • VoIP технологиясы бойынша телефония (SS бағдарламалық коммутаторының басқаруымен);

    • зияткерлік желісіне қатынау;

    • байланыс арналарын жалдау;

    • деректерді кеңжолақты беру;

    • VPN корпоративтік жекеменшік желілерді ұйымдастыру;

    • бейнеконференцбайланыс, бейнеақпаратты беру және тарату.

Қазіргі уақытта барлық облыс орталықтарында, облысқа қарасты қалаларда және көптеген аудандық телекоммуникация тораптарында Metro Ethernet жоғары жылдамдықтағы тасымал желісі құрылды. Қалалық телекоммуникация желілерінің «соңғы милі» FTTX оптикалық-талшықты абоненттік қатынауды ұйымдастырумен мультисервистік шешімдер негізінде құрылады.

Қазіргі сәтте барлық облыс орталықтарында, облысқа қарасты қалаларда NGN жергілікті желісі салынып, пайдалануға енгізілді. Бұл жеке тұлғалар үшін «жаппай ADSL» қызметінен бастап республика көлемінде корпоративтік VPN дейін көрсетілетін жаңа қызметтер номенклатурасын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Астана, Алматы және Ақтөбе қалалары арасында 10 Гбит/с және Республиканың қалған облыс орталықтарында 1 Гбит/с өткізу қабілеттілігімен IP/MPLS жоғары жылдамдықты магистралі салынды.

Жобаны іске асырудың 2010 жылдың 11 айындағы нәтиже бойынша Шымкент және Петропавл қалаларында NGN SSW жабдығын кеңейту жүргізілді, Астана, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды және Семей қалаларында медиа шлюздер жабдығын монтаждау және тестілеу жұмыстары аяқталды. 116 897 порт жабдық монтаждалып және пайдалануға қабылданды.

Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында және облысқа бағынысты қалаларда желі салынды.

2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша NGN желісінің жалпы сыйымдылығы 1 032 444 портты құрады.

Осы жобаны іске асыру бұдан әрі 2010-2013 жылдарда ауылдық жерлерді Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қол жеткізу қызметтерімен қамтамасыз етіледі.



73 тармақ «CDMA технологиясын қолдана отырып, ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін жаңғырту және дамыту» («Қазақтелеком» АҚ орындаған) орындалу мерзімі 2010 - 2013 жылдардың 4 тоқсаны.

Осы жобаның мақсаты - сымсыз CDMA 450 технологиясын пайдалана отырып, ауылдық телекоммуникация желісін тез арада тиімді дамыту және Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарының байланыс қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыру.

Бұл жоба үшінші буын желілерін салу үшін байланысты стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынған CDMA сымсыз байланыс технологиясын ауылдық желіні салу кезінде пайдаланады.

450 МГц диапазонында жиіліктер жолағын пайдаланатын CDMA стандарты ауылдық байланысты салу тұрғысынан мынадай негізгі артықшылықтармен ерекшеленеді:

•желінің тез арада қанат жаюы;

•үлкен қамту аймағы (радиусы 35км дейін);

•радиожиілік спектрін тиімді пайдалану;

•бір абонентке шаққанда біршама төмен инвестициялық және пайдалану шығындары.

Бұл шешім телефондандырылмаған аудандарда телекоммуникация желісінің тез қанат жаюына және ауылдық жерде телекоммуникация қызметтеріне деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Жоба шеңберінде ескірген аналогты АТСК 50/200 ауыстыру жүзеге асырылады. Осы мақсатпен ауылда сымсыз абоненттік қатынау ұйымдастырылатын базалық станциялар орнатылады.

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша қоғам филиалдарына SE және ЦРРЖ жабдықтары, контейнерлер, терминалдар және АЕМ инфрақұрылым обьектілері әзірлеген ішкі антенналар таратылды, сондай-ақ филиалдарда инфрақұрылымды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ҚР БАМ Қазақстан Республикасының аумағында CDMA-450 желісін ұйымдастыру үшін қосымша жиіліктерді босату жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, байланыстың жаңа жүйелерін көшіру үшін жиіліктердің оңтайлы диапазонын ҚР ІІМ анықтады және ІІМ облыстары бойынша жиіліктерді босатудың кесте-жоспары құрастырылды.

Қазіргі уақытта жоба Қостанай облысында іске асыруда және одан әрі оны іске асыру Қазақстанның басқа да 4 аймағы бойынша (Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) жүзеге асырылатын болады. CDMA-450 желісінің құрылысы бойынша жоба Қазақстан Республикасының аумағында 2013 жылдың аяғына дейін жоспарлануда.



74 тармақ «DWDM спектрлік тығыздау технологиясының негізінде Ұлттық апараттық спермагистралды кеңейту» («Қазақтелеком» АҚ орындаған) орындалу мерзімі 2010 - 2014 жылдардың 4 тоқсаны.

Бұл жобаны іске асыру аясында ҰАСМ ТОБЖ өткізу мүмкіндігін кеңейту жоспарлануда (интернеттің сыртқы порттарына қосылударды кеңейту, халықаралық операторлардың транзиттік әлеуетін ұлғайту, филиалдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін).

Қазіргі уақытта 10G жоғары жылдамдықты ақпарат беру трактісі:

1) Ақтөбе – Астана (Ақтөбе-Петропавл - 8 λ, Петропавл-Астана - 11 λ), Астана – Алматы (Астана-Сарыөзек 8 λ, Сарыөзек-Алматы - 10 λ), Ақтөбе – Алматы (Алматы-Қандыағаш - 10 λ, Қандыағаш-Ақтөбе - 12 λ) учаскелерінде Супермагистраль ядросында;

2) Алматы – Достық, Үшарал – Достық, Сарыөзек – Қарағанды, Шымкент – Алматы, Алматы – Петропавл, Хоргос – Сарыөзек, Қандыағаш – Орал – Черниговка, Абай – Шымкент учаскелеріндегі Супермагистраль ядросында ұйымдастырылды.

Осы жобаны іске асырудың қорытындылары 2010 жылы:



  1. РФ, Қытай, Өзбекстан операторларынан транзит ұйымдастыру үшін STM 16 деңгейіне дейін өткізу мүмкіндігі ұлғайтылды;

  2. Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларында TNMS V12.0 басқару жүйесі орнатылды, «Алматы-Астана», «Қандыағаш-Атырау-Ганюшкино–Ақтау» учаскесінде, Атырау және Орал станцияларында DWDM жабдығының БЖ жаңартылды;

3) DWDM, SDH кеңейту жабдығын жеткізуге жалпы 20λ (20х10GЕ) интернеттің сыртқы порттарына қосылуларды кеңейту үшін, жалпы 20λ (20х10GЕ) халықаралық операторлардың транзиттік әлеуетін ұлғайту үшін шарттар жасалды.

75 тармақ «Құрылатын көлік дәліздерінің бойымен талшықты оптикалық магистральдар салу» («Қазақтелеком» АҚ орындаған) орындалу мерзімі 2010 - 2014 жылдардың 4 тоқсаны.

Магистральдық автомобиль жолдарының бойымен «Қазақтелеком» АҚ магистральды ТОБЖ салды. Қазіргі уақытта DWDM спектрлі нығыздау технологиясы негізінде ТОБЖ өткізу мүмкіндігі кеңейтілуде.

78 тармақ «Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігінде АҚ талаптарын ескере отырып, Сервис орталығының 2-ші кезеңін технологиялық жабдықтау» (ҰАТ АҚ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл.

Мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – МО) Сервис орталығы (бұдан әрі – СО) технологиялық жабдықтау бойынша жұмыстарды аяқтады. Осыған байланысты, 2010 жылғы 18 тамыздағы актімен нысан пайдаланымға берілді.

МО СО өндірістік сыйымдылығы Астана қаласы бойынша МО барлық серверлік жабдықтарын орнатуға мүмкіндік береді.

СО іске асыру бойынша авторлық және техникалық қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, СО әрбір инженерлік жүйесі бойынша атқарушылық құжаттама ресімделді (хаттамалар, құпия жабық жұмыстардың актілері, сапа сертификаттары).

Ақпараттық жүйелер және серверлік жабдықтау бойынша МО-дан ақпараттар жинақталды, МО СО жабдықтарын көшіру мүмкіндіктері бойынша кеңестер жүргілді.

79 тармақ «Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігінде АҚ талаптарын ескере отырып, хостинг қызметтерін ұсыну үшін серверлік интернет-платформаны құру» (ҰАТ АҚ орындған) орындалу мерзімі 2010 - 2011 жылдар.

«Мемлекеттік органдарда хостинг қызметтерін ұсыну үшін серверлік интернет-платформаны құру» жобасы (бұдан әрі – Жоба) шеңберінде 2008-2010 жылдары кезеңінде «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ жүргізген экономикалық сараптаманың қорытындысының негізінде қаржылық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Жоба шеңберінде 2010 жылға жарғылық капиталды толтыруда «ҰАТ» АҚ бес жүз миллион теңге сомасы бөлінді.

2010 жылғы 14 желтоқсанда деректерді пысықтау орталығын орналастыру үшін аймақтарда үй-жайларды сатып алуға қайталау курсы өтті. Бұдан басқа, Жобаға техникалық тапсырмалар әзірленуде және келісілуде.
1.2. міндет Цифрлық телехабар таратуды дамыту.

15 тармақ «Эфирлік таратудың цифрлық нысанға ауысуын ескеріп телевизиондық және/немесе радио хабар таратуды ұйымдастыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды өндіру» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдардың 4 тоқсаны.

Цифрлық спутниктік хабар таратылымын қосуды заңды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы 2010 жылдың 29 желтоқсанында қол қойған «Байланыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар енгізу жөнінде» ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарымен бірлесіп заң жобасы әзірленді.

Заң елдің ең шалғай орналасқан елді-мекендерінің тұрғындары көре алатын отандық теле- және радиоарналар тегін пакетінің қалыптастырылуы мен таратылуын қарастырады.

Осы заңның шеңберінде «Спутниктік хабар тарату жүйесі арқылы телевизиондық және радио бағдарламаларды тарату ережелері» атты заңға бағынысты нормативтік құқықтық актіні өндеді.

Сонымен қатар, цифрлық эфирлік хабар таратуға ауысу мәселелерін қарастыратын «Телерадио хабар тарату жөнінде» өндеу үстіндегі салалық заң жобасы шеңберінде заңға бағынысты нормативтік құқықтық актілер өнделуде, олардың бір бөлігі эфирлік цифрлық телерадио хабар таратуды енгізуге бағытталған.

16 тармақ «Қазақстан Республикасында эфирлік цифрлық хабар таратудың жерүсті желісінің жиілік-аумақтық жоспарын әзірлеу» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жылдың 4 тоқсаны.

ҚР БАМ Эфирлік цифрлық хабар таратудың жерүсті желісінің жиілік-аумақтық жоспары Женева-06 жоспарына сәйкес әзірленді.



83 тармақ «Қазақстан Республикасы аумағында спутниктік цифрлық хабар таратуды іске қосу» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 жыл.

2010 жылы эфирлік цифрлық хабар таратуды іске қосудың техникалық және нормативтік-құқықтық негіздерін қамтамасыз ететін барлық іс-шаралар іске асырылды.

Спутниктік хабар тарату жүйесін пайдалануға енгізуінен бастап елдің барлық тұрғындары, сонын ішінде шалғай және шекаралас ауылды елді-мекендердің тұрғындары, алғашқы рет байланыстың спутниктік арнасы арқылы 37 республикалық және аймақтық телерадио бағдарламаларды тегін қабылдауға мүмкіндік алды.

Қазіргі уақытта тестілік режимде спутниктік хабар таратудың тегін пакетінде 22 арна: 18 республикалық, 14 облыстық телеарналар және 3 радиоарна таратылады. Сонымен қатар, абоненттер қосымша ақы төлеу арқылы түрлі тақырыптағы 50 шетелдік телеарналар бағдарламасын көре алады.

Спутниктік цифрлық телерадио хабарларын таратуды құқықтық қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Заңына, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі және Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды.

Заңнамадағы бұл түзетулер цифрлық спутниктік телерадио хабар таратуға және цифрлық хабар таратуға ауысу кезеңінде қазақстандық телекомпаниялар мен телеарналарды қолдауға бағытталған. Өтпелі кезең барысында меншік нысанына қарамастан отандық телерадиоарналар бағдарламаларын конкурстық негізде еркін қол жетімді пакет құрамына көру мүмкіндігі беріледі.


1.3 міндет Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту.

51 тармақ «Жергілікті аймақтық компаниялармен жүзеге асырылатын Интернет желісінің Қазақстандық сегменті жобаларына халықаралық кәсіби ұйымдарды тарту» (ҚР БАМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдардың 4 тоқсаны.

Жыл бойында осы мәселе халықаралық ұйымдармен және қазіргі күні қазақстандық «Arta» компаниясының және бағдарламалық бастапқы кодтарын ашу шешіміне әзірлеуді көздейтін Open sourse технологиясын мүмкіндігінше қолдану жөніндегі «IBM» шетел компаниясының арасындағы меморандум келісімге келу кезеңінде тұр.



85 тармақ «Үш қазақстандық порталды дамыту, қолдау, сүйемелдеу: kaztube – ойын сауқтық танымалдық портал, bnews – ақпараттық-аналитикалық портал және қазақстандық әлеуметтік желі» (Казконтент АҚ орындаған) орындалу мерзімі 2010 жыл.

Осы тармақ бойынша жұмыс толық көлемде орындалды. Нәтижесінде осы порталдарға келімі едәуір өскен. Осылайша, порталдарға келім динамикасы 2009 жылдың 1 қаңтардан 30 желтоқсанға дейін bnews- ке келімі 261 065 құраса, kaztube-ге келім – 513 698 құраса, ал 2010 жылы bnews - 1 200 мыңнан астам, kaztube –.2 400 мыңнан астам келіміді құрайды.

Сонымен қатар, ilike порталының интерфейсін өзгеруімен редизайн жүргізілді, нәтижесінде келермендер үшін порталдың тартымдылығы қамтамасыз етілді.

1.4. міндеті Электрондық қызметтер мен ЭҮ дамыту.

40 тармақ «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу (ҚР ӘМ орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдардың 4 тоқсаны.

1) «Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ережені, азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысы»;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - ӘМ) ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысы бойынша осы тармақты орындалуы 2011 жылғы 15 қаңтардағы хатымен ұсынылған, ӘМ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 3-43-6/И-4145 жолдаған хатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасын Кодексін қабылдағанға дейін жұмыс бақылауына қойылған.

2) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысы (ӘМ орынд.).

Бағдарламаның 40 тармағын алып тастауға қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 17-42/002-904 (1.40) хатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымовтың қарарына сәйкес «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді 2010 жылғы 4 тоқсанда орындалу мерзімін көздейді, мүдделі мемлекеттік органдармен осы мәселені пысықтау ӘМ (жинақтау)және БАМ тапсырылған болатын. Қазіргі уақытта осы мәселе жұмыс тәртібінде ӘМ-мен пысықталуда. Қорытынды бойынша БАМ ресми ұстанымы хатпен жолданатын болады.

41 тармақ «Мемлекеттік қызметке өтуде «Электрондық үкімет» және электрондық қызметтердің» сервисіне оқытуды міндетті жүргізуге байланысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар пысықтау» (ҚР МҚІА орындған) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдардың 4 тоқсаны.

ҚР МҚІА мемлекеттік қызметшілерді «электрондық үкіметтің» және электрондық қызметтердің сервисіне оқыту өткізу мемлекеттік қызметшілерге даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шеңберінде тиісті мекемелердің оқу бағдарламаларында осы пәндерді ескеріп мүмкін деп санайды.Жоғарыда айтылғандардың негізінде, мемлекеттік қызметте «электрондық үкіметтің» және электрондық қызметтердің сервисіне міндетті оқу туралы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі орынсыз деп есептейміз.

ҚР МҚІА Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 05-01-05/495-ПС тиісті хатпен жіберілгенін хабарлаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет