Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы



жүктеу 1.94 Mb.
бет4/9
Дата22.02.2016
өлшемі1.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2010 - 2014 жылдар аралығында өсімдік шаруашылығы саласының даму болжамы 

Іс-шара

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Егіс алаңдарын оңтайландыру, мың га:

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 



 
 

дәнді дақылдарды

17 208,8

16 626,4

17 000,0

16 900,0

16 800,0

16 700,0

майлы дақылдарды

1 185,4

11 749,5

1 760,0

1 780,0

1 790,0

1 800,0

қант қызылшасын

19,0

20,1

25,0

28,0

31,0

35,0

күрішті

86,6

94,1

88,6

89,3

89,3

89,7

мақтаны

140,1

134,9

112,7

110,0

105,0

100,0

көкөністерді

110,6

120,4

120,8

121,2

121,6

122,0

жабық топырақтағы көкөністерді

206,5

267

288

309

330

350

картопты

170

179,8

182,0

185,0

189,0

192,0

жемісті, жидекті және жүзімді

49

56,2

58,3

60,4

62,5

64,6

Қолдану алаңы, мың га



















ылғал қорын сақтайтын технологияларды

10 314,6

11 246,9

11 000,0

11 400,0

11 700,0

12 000,0

минералды тыңайтқыштарды

1600

1800

2000

2200

2400

2400

Тыңайған (пайдаланылмаған) жерлерді айналымға енгізу, мың га

400,0

400,0

400,0

400,0

400,0

400,0

Пайдаланылмайтын суармалы жерлерді қалпына келтіру, жылына мың га

-

70,0

70,0

70,0

70,0

70,0

Өндіріс көлемінің өсуі, мың тонна:



















астықтың

20 830,5

14 072,9

17 900,0

18 600,0

19 000,0

19 200,0

майлы тұқымдардың

703,6

1050,0

1085,0

1120,0

1155,0

1190,0

қант қызылшасының

181,3

550,0

625,0

700,0

775,0

875,0

күріштің

307,0

281,6

292,4

303,6

308,1

314,0

шитті мақтаның

270,0

270,0

225,4

220,0

210,0

200,0

көкөністердің

2 457,3

2 145,0

2 164,0

2 185,0

2 215,0

2 237,0

оның ішінде ерте пісетін

16,0

40,0

51,3

62,8

74,3

86,3

картоптың

2 755,6

2 578,0

2 669,0

2 772,0

2 867,0

2 971,0

жемістің, жидектің және жүзімнің

234,3

282,0

304,0

326,0

356,0

387,0

Картоп және жеміс-көкөніс қоймаларының қуаты, мың тонна

382,1

499,3

644,5

789,7

934,9

1187,7

Экспорттық әлеуеті, мың тонна:



















астықтың

6 788,1

7 700,0

8 200,0

8 800,0

9 000,0

9 200,0

күріш жармасының

6,4

42,4

43,9

45,5

47,3

50,8

Ішкі нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру, %:



















майлы дақылдарға

59,4

98

100

100

100

100

қант қызылшасына

5,3

13

14

15

16

17

картопқа

95

95

100

100

100

100

ерте пісетін көкөністерге

18

47

60

73

86

100

жеміске, жүзімге және жидекке

50

81

84

87

90

93

      Күтілетін нәтижелер:
      1) алаңдарды оңтайландыру жолымен өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды жүзеге асыру;
      2) астық дақылдарының егістік алаңдарын ғылыми-негізделген егіс айналымдарына сәйкес келтіру;
      3) 2 млн. га дейін тыңайған (пайдаланылмаған) жерлерді айналымға енгізу, 350 мың га дейін пайдаланылмайтын суармалы жерлерді қалпына келтіру, лазерлік жобалауды қолдана отырып, күріш алқаптарын қайта жаңғырту, 100 мың га дейін суарудың үдемелі әдістерін қолдануды кеңейту, оның ішінде 51 мың га дейін тамшылап суару;
      4) азық дақылдар өндірісінің өсуі;
      5) ылғал қорларын сақтайтын технологияларды пайдалануды 12 млн га дейін, минералды тыңайтқыштарды - 4,5 млн га дейін, гербицидтерді 12 млн га дейін жеткізу;
      6) суару суын, суармалы жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану;
      7) тұзданудың, ирригациялық эрозияның дамуының және топырақ құнарлылығы төмендеуінің алдын алу;
      8) картоп және жеміс-көкөніс қоймаларының бір жолғы сақтау қуатын 1,2 млн тоннаға дейін жеткізу;
      9) елдің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің кіруінен және таралуынан сақтау;
      10) бірегей және таңдамалы тұқымдардың өндірістік қажеттілігін қанағаттандыру;
      11) астық қоймаларын салу және оларды жаңарту, астықтың экспорттық инфрақұрылымын дамыту;
      12) тауарлық биржа арқылы сатудың мөлшерін ұлғайту.
      13) қазақстандық астықтың экспорттық көлемі мен оның қайта терең өңдеу өнімін ұлғайту;
      14) қолайлы көлік бағдарларын және астық пен ұн сатудың экспорттық инфрақұрылымын қалыптастыру.

5.2. Мал шаруашылығы саласын дамыту

      Ескерту. 5.2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 749 Қаулысымен.



      Мал шаруашылығында негізгі тірек ауыл шаруашылығы құрылымдардың мал шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін ұлғайтуға, малдың генетикалық әлеуетін арттыру және соның негізінде ішкі нарықтың, оның ішінде қайта өңдеу саласында, сапалы мал шаруашылығы өніміне қажеттіліктерін қанағаттандыру, сонымен қатар оның экспорттық әлеуетін құруға бағытталған.
      Өндірістің көлемін және мал шаруашылығы өнімін бәсеке қабілеттілігін арттыруға:
      шетелдік селекцияның құндылығы жоғары тұқымдық материалдарын (жануарларды, ұрық пен эмбриондарды) импорттау және олардың базасында асыл тұқымды шаруашылықтар-репродукторлар құру;
      халықаралық талаптарға және стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы сиыр етін өндіру үшін арнайы бордақылау алаңдарын салу;
      сиыр етіне арналған отандық стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру;
      асыл тұқымды мал базасын нығайту және ғылыми сүйемелдеу мен мал шаруашылығында ірі ауқымды селекцияны жүзеге асыру арқылы мал мен құстың генетикалық әлеуетін ұлғайту;
      азық дақылдарының тұқымдарын өндіру бойынша тұқым шаруа қожалықтарын көбейту, мал жайылымдары мен шабындықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту, азық дақылдарға арналған егіс алаңдарын кеңейту арқылы тұрақты жем базасын құру және малдарды толық азықтандырумен қамтамасыз ету;
      мал шаруашылығында орта және ірі тауарлы өндірісті қалыптастыру процестерін ынталандыру, саланы өнеркәсіптік негізге аудару;
      қазіргі заманғы технологияларға негізделген жаңа және қолданыстағы мал шаруашылығы өндірісінің қуатын арттыру,
      мал сою, мал шаруашылығы өнімін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша инфрақұрылымды дамыту;
      мал шаруашылығы өнімі өндірісінің технологиялық процесстерін жаңарту;
      ветеринария жүйесін халықаралық стандарттар талаптарымен сәйкестендіру және ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты, тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шараларын ұлғайту;
      мал шаруашылығы саласын кадрлық, ғылыми және ақпараттық-маркетингтің қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.
      Асыл тұқымды қорды кеңейту және малдың генетикалық әлеуетін арттыру республика көлемінде малды өз төлінен өсіру бойынша біріккен жүйені енгізу, сондай-ақ мал мен құстың ең жақсы генотиптерін пайдалану арқылы жүргізілетін болады.
      Бұл ретте малдың тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту мынадай нәтижелер арқылы қамтамасыз етіледі:
      ірі ауқымды селекцияның негізінде мал шаруашылығында малды асылдандыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
      селекциялық процестерді жүргізу мен реттеуге және малдың генетикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін қайтарымсыз, жалпыға бірдей қол жетімді бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін енгізе отырып, малдың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалаудың халықаралық әдістемесіне көшу;
      ірі ауқымды селекцияға қатысушы қожалықтарда бұқаларды ротациялау және жоспарды бекітуін сақтау;
      етті малдың арнайы тұқымы бойынша асыл тұқымды репродукторларды құру жөнінде пилоттық жобаларды іске асыру;
      ірі ауқымды селекцияның (ІМС) қатысушылары асыл тұқымды-селекциялық жұмысында сапалы селекциялық процессті ғылыми сүйемелдеу (СПҒС) қызметін көрсету.
      Сонымен қатар етті және сүтті мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, бройлерлік құс шаруашылығын дамытумен бірге мал шаруашылығы саласының шошқа, өнімді жылқы және түйе, панталық бұғы мен ара шаруашылығына да көп көңіл аударылады. Осы салалардың өнімі негізінен ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Жақын арадағы жылдар ішінде осы салаларда ауыл шаруашылығы құрылымдарында өнім өндірісінің көлемін өсіру, ішкі нарықты толықтыру үшін шығарылатын өнімінің ассортиментін көбейту және өнімнің бөлек түрлері бойынша сыртқы нарыққа шығу жоспарлануда.
      Мал шаруашылығында экспорттық әлеуетті арттыру мәселесінің шешімі:
      шетелдік селекцияның жоғары өнімді малдың етті асыл тұқымды сиырлардың жаңа шаруа репродукциялық жүйесін құру;
      арнайы етті тұқымды мал басын көбейту;
      шатыстың бірінші тұқымының гетерозис әсерін шығару үшін мал шаруашылығында өндіру және ауыспалы әдісті кеңінен қолдану;
      етті тұқымдас бұқаларды құрама бағыттағы сиырлармен будандастыруды өткізу;
      үй қожалықтарында тұқымсыз және өнімділігі төмен малды етті тұқымды бұқа-өндірушілерінің жасанды тұқымдандыруды қолдану жолымен ығыстыру арқылы қамтамасыз етіледі.
      Ветеринария жүйесін халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру мынадай жолмен жасалады:
      жергілікті атқарушы органдарда құрылған ветеринария саласының барлық деңгейінде қызмет ететін бөлімшелерді қажетті сандармен толықтыру;
      ауыл шаруашылығы малдарын және ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін сәйкестендірудің біріккен жүйесін құру;
      халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы мал басына диагностикалық зерттеулер жүргізу;
      малды союға арналған арнайы объектілерді салу (мал союға арналған пункттер, алаңдар, етті қайта өңдейтін кәсіпорындар);
      ветеринарлық зертханаларды халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес жабдықтау (құрылыс және материалдық-техникалық жабдықтау);
      елдің эпизоотикалық салауаттылығын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы мал өнімін халықаралық нормалардың деңгейіне дейін жеткізу.
      Азық өндіру саласын дамыту.
      Азық өндіру саласын дамыту және мал шаруашылығының мықты жемшөп базасын құру мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады:
      суландыру арқылы қолданыстағы жайылымдық алқаптардың көлемін ұлғайту. Осы проблеманы шешу үшін 3500 мыңнан астам бұрын қолданыста болған шахталық құдықтарды қалпына келтіру көзделуде;
      ауыспалы егістегі азық дақылдарының үлес салмағын 2011 жылдан бастап 11,8 %-дан ғылыми-негізделген 30 %-ға дейін жеткізу. Бұл ретте, суармалы жерлердегі азық дақылдарының алаңын 2011 жылдан бастап 2,5 мың гектардан 5 мың гектарға дейін кеңейту, негізінен қазір қолданылмайтын суармалы жерлерді қалпына келтіру және шаруашылық айналымға енгізу есебінен кеңейту міндеті тұр;
      азық дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту. Қазіргі кезде біз шамамен 70 мың тонна азық дақылдарының тұқымын өндіреміз. Оны тұқым шаруашылықтарының желілерін кеңейту есебінен 207 мың тоннаға дейін ұлғайтуымыз керек. (Бүгінде бізде 10 оригинатор, 27 элиттұқымшар, 40 жаппай көбейтумен айналысатын тұқымшар бар).

3-кесте


      Ескерту. 3-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 749 Қаулысымен.
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет