Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша оперативті есеп



жүктеу 71.77 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі71.77 Kb.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді

дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша оперативті есеп



Есепті кезең

2012 жыл

Іске асыру кезеңі

2010-2014 жылдар

Мемлекеттік органның

атауы

Ауыл шаруашылығы министрлігі








Салалық бағдарлама

бекітілген құжат



ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы

№ 1052 қаулысы




Салалық бағдарламаның орындалуы

Атауы


Өлшем бірлігі

Жоспар

Факт

Қол жеткізілмеуі туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Мақсат. Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамыту

Нысаналы индикатор (4)













АӨК жалпы қосылған құнын жоғарылату 16% кем болмауы тиiс

%

103,9

109,0

(қаңтар-қыркүйек)



2012 жыл бойынша соңғы мәліметтерді ҚР Статистика агенттігі 2013 жылы шілдеде жариялайды.

Агроөнеркәсiп кешенiндегi еңбек өнiмдiлiгiн ауыл шаруашылығында бiр жұмыспен қамтылғанға келетiн 3000 АҚШ долларынан кем дегенде 2 есе арттыру

АҚШ доллары

4200

2600

(қаңтар-қыркүйек)



2012 жыл бойынша соңғы мәліметтерді ҚР Статистика агенттігі 2013 жылы шілдеде жариялайды.

Аграрлық саланың экспорттық мүмкiншiлiгiн жалпы экспорттың көлемiнде 8 %-ға арттыру

%

5,4

3,4

(қаңтар-қараша)



2012 жыл бойынша соңғы мәліметтерді ҚР Статистика агенттігі 2013 жылы наурызда жариялайды.

Азық-түлiк тауарлары iшкi нарығының 80% отандық азық-түлiк тауарларымен қамтамасыз ету


%

77,6




2012 жыл бойынша мәліметтерді ҚР Статистика агенттігі 2013 жылы шілдеде жариялайды.

1-міндет. Орнықты даму қағидаттары негізінде ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу және экспорттық тауашаларды алу үшін бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен тағамдарын өндіру

Нәтижелер көрсеткіштері













Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдер өндірісі артады










2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы өндірісі 1938,8 млрд. теңгені құрады, ол 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмен, (оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 1015,6 млрд. теңгені, өсімдік шаруашылығы – 917,6 млрд. теңгені құрады).

Аталған көрсеткіштің төмендеуіне 2012 жылғы қолайсыз ауа-райы жағдайлары себеп болды.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы азық-түлік өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 833 млрд.тг. құрады, 2 011 жылға қарағанда 2,9%-ға артық.

Осылайша, 2012 жылы сала кәсіпорындары өнеркәсіптік өндірістің республикалық көлемінің шамамен 5%-ын, өңдеу өнеркәсібінің 16%-ын өндірген.



Бидайдың экспорттық потенциалы 35,3 %-ға, күріш жармасының 8,4 %-ға, сиыр етінің 10 есе, жіңішке жүннің 1,2 есе артады










2011 жылда қол жеткізілген дәнді дақылдардың 27,0 млн. тонна көлеміндегі рекордтық түсімі астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспорттау көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2011/2012 маркетингтік жылы экспортқа астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде 12,0 млн. тоннаға жуық астық жөнелтілді, бұл 2010/2011 МЖ деңгейінен 2,1 есе артық.

2012/2013 маркетингтік жыл басынан бастап 2013 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша экспортқа астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде 4,7 млн. тонна астық, соның ішінде 3,0 млн. тонна астық жөнелтілген.

2012 жылы астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде экспортқа 11,1 млн. тонна астық жөнелтілген, бұл 2009 деңгейден 4,3 млн. тоннаға немесе 63,2%-ға артық.

Күріш экспортының көлемі 2012 жылы 46,9 мың тоннаны құрады, бұл 2011 жылғыдан 25,7% төмен.

Жүн экспортының көлемі 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 5456,0 тоннаны құрады.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда сиыр етінің экспорты 1,9 тоннаны құрады.



Ішкі нарықтың қажеттілігі толығымен отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі











2012 жылы республиканың негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу деңгейі (заттай мәнде) мынаны құрады: картоп – 97,6%, қырыққабат – 94%, сәбіз – 92%, пияз – 89%, асхана қызылшасы – 86,4%, сиыр еті – 95%, қой еті – 99%, шошқа еті – 94,6%, құс еті – 36,3%, қышқыл сүт өнімдері - 81,4%, бидай ұны – 100%, жарма – 81,4%, макарон өнімдері – 83%, сары май – 64%, ірімшік пен сүзбе – 45%, қант – 39%.

2-міндет. АӨК-ң қазіргі заманғы инфрақұрылымын дамыту

Республиканың көлік-тракторлық паркінің жаңару қарқынының өсуі

%

0,1

1,6

Көлік-тракторлық паркінің жаңару қарқынының өсуі 2012 жылы 1,6% құрады. 2012 жылы 1856 трактор, 1059 комбайн, 203 егіс кешені сатып алынған.

3-міндет. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына және әлемдік ғылым трендіне сәйкес АӨК-нің маңызды бағыттарына ғылыми зерттеулерді шоғырландыру;

4-міндет. АӨК қажет жоғары білікті кадрларды даярлау

Нәтижелер көрсеткіштері













2014 жылы жоғары білімі бар кадрлармен қамтамасыз етуді 91 %-ға жеткізу, техникалық және кәсіптік біліммен: орта деңгейлі мамандармен 87 %-ға дейін, жоғары білікті техникалық және еңбекте қызмет көрсету жұмысшылармен 82 %-ға дейін жеткізу










Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011-2012 оқу жылында жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар түлектердің саны 2 253 және 10 910 адамды құрады, тиісінше АӨК үшін жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларға қажеттілік 1 544 және 7 422 адамды құрады, яғни кадрлармен қамтамасыз етілу – 145,9% және 146,9% құрады.



Қаражатты игеру

мың теңге

Қаржыландыру көзі

Жоспар

Факт

Ауытқу

(2-б.- 3-б.)

Пайдаланылмау себептері

1

2

3

4

5

Республикалық бюджет

193 250 143,0

192 421 232,9

828 910,1

Объективті себептермен (үнем, курстық айырмашылық және т.б.) 150,2 млн. теңге;

объективті емес себептермен – 678,7 млн. теңге, оның ішінде:

12,0 млн. теңге – конкурстық рәсімдердің уақытылы өткізілмеуі;

15,1 млн. теңге – мердігер ұйымдардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындамауына (сапасын орындау), соның ішінде сот тәртібімен бұзуға байланысты;

461,8 млн. теңге – жұмыс кестесінен қалып қоюына байланысты (ветерианриялық зертханалар салу, гидротехникалық имараттар салу және қайта құру);

184,5 млн. теңге – құжаттардың уақытылы әзірленбеуі және бекітілмеуі (жұмыс, мемлекеттік қабылдау комиссияларының актілері, түзетілген ЖСҚ, ТЭН);

5,2 млн. теңге – келісім-шарттарға уақытылы қол қойылмауынан және тіркелмеуінен игерілмеген.







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет