Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану



жүктеу 199.06 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі199.06 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «13» тамыз

№ 923 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының

рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану

қағидасы



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 12-бабының 13) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібі «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн регламенттейтін кейбiр мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен белгіленеді.

3. Қағида қолдану мерзімі күнтізбелік бір жылдан асатын тұрақты жолаушылар және багаж тасымалына берілетін шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану және шетелдік рұқсаттарды беру тәртібін айқындайды.

Қағида меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде мынадай автокөлік құралдарына иелік ететін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылады.

1) автобустар, шағын автобустар;

2) жүк автомобильдерi (олардың тiркеменi қосқанда рұқсат етiлетiн жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тiркеменi қосқанда рұқсат етiлетiн пайдалы жүктемесi 3,5 тоннадан астам);

3) мамандандырылған автомобильдер (белгiлi бiр жүк түрiн тасымалдауға арналған);

4) арнайы автомобильдер (әртүрлi, көбiнесе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).

4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:



  1. автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы – автокөлік құралын жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретін құжат;

  2. жолсапар – автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелі пунктiне жүруi және жөнелту пунктiне керi оралуы;

  3. жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі – Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретін құжат;

  4. қосымша өтінім – жылдық өтінімге қатыспаған немесе жылдық өтінімде шетелдік рұқсаттардың белгілі бір түрін және қажетті санын көрсетпеген отандық тасымалдаушы берген шетелдік рұқсаттарды алуға өтінім;

  5. отандық рұқсат – рұқсат беру құжаты, оның негiзiнде халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды, сондай-ақ үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті жүзеге асырылады;

  6. рейс – автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелі пунктiне дейiн жүрiп өтуi;

  7. рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдік рұқсат, үшінші елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат, арнайы рұқсат, тіркеу талоны);

  8. рұқсат бланкілерімен алмасу квотасы (бұдан әрі – алмасу квотасы) – шет мемлекеттермен алмасу үшін келісілген шетелдік рұқсаттардың саны;

  9. транзиттiк жүрiп өту (транзит) – жөнелту және межелі пункттерi осы мемлекеттiң аумағынан тыс орналасқан мемлекеттің аумағы арқылы жүкпен немесе жүксіз автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi;

  10. тiркеу талоны – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында тiркелу мемлекетiмен рұқсат берусiз жүйе қолданылатын шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келу (кету), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өту құқығын растайтын құжат;

  11. үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдау – автокөлiк құралының тiркелу мемлекетi болып табылмайтын екi мемлекет арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi тасымалдау;

  12. шетелдiк рұқсат – рұқсат беру құжаты, оның негізінде халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды, сондай-ақ үшінші елдерге (ден) тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының тиiстi шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіру (шығу), мемлекеттің аумағы арқылы транзиті жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру жүйесi Заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрi – Келiсiм) және осы Қағидада айқындалады.

6. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмге сәйкес отандық тасымалдаушылар Қытай Халық Республикасының аумағына автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде мыналар қажет:

1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен «А» түрінің рұқсаты;

2) тура және кері бір рейсті орындауға құқығы бар жолаушылар мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезінде «В» түрінің рұқсаты;

3) тура және кері бір рейсті орындауға құқығы бар жүк автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде «С» түрінің рұқсаты.

«А», «В», «С» түріндегі рұқсаттар ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.



2. Шетелдiк рұқсаттарды айырбастау квотасын анықтау

және үлестiрiлу тәртібі
7. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетінің көліктік бақылау аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық органдар) жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстар арқылы шетелдік рұқсаттарға жылдық өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы отандық тасымалдаушыларды хабарландырады.

8. Жыл сайын 10 тамыздан бастап 20 қыркүйекке дейiнгі мерзімде аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан жылдық өтiнiмдерді қабылдайды.

Жылдық өтінімде:

1) отандық тасымалдаушының атауы;

2) қызметтің түрі;

3) заңды мекенжайы;

4) ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасының №;

5) тасымалдың түрі;

6) елдер және тоқсан бойынша, болжамды жол жүру уақыты мен жылжымалы құрам бойынша бөле отырып, тасымалдардың түрлері бөлінісінде шетелдік рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.

Жылдық өтінімнің нысаны Көліктік бақылау комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.

9. Отандық тасымалдаушылардан келіп түскен жылдық өтінімдердің қорытындылары бойынша аумақтық орган жыл сайын ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде Көліктік бақылау комитетіне ұсынылатын жиынтық жылдық өтінімді қалыптастырады.

10. Жыл сайын 10 қыркүйектен бастап 31 қыркүйекке дейiнгі мерзімде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитеті (бұдан әрі – Көліктік бақылау комитеті) отандық тасымалдаушылардан күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттардың қажеттi саны туралы жылдық өтiнiмдерді қабылдайды.

11. Отандық тасымалдаушылар күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарға жылдық өтінімдерді берген кезде жеке папкаға ресімделген мынадай құжаттарды ұсынады:

1) заңды тұлға үшін – салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды ұсына отырып, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі, дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі. Түпнұсқалар салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады;

2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды ұсына отырып, шетелдiк тасымалдаушымен бiрлескен қызмет туралы шарттың көшермесі немесе нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі. Түпнұсқалар салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады;

3) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін қоса бере отырып, маршрутта пайдалануға көзделетiн жылжымалы құрамның саны және үлгісі (класы) туралы мәліметтерді;

4) көрсетілген автобустардың, шағын автобустардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында іске тартылмауы туралы отандық тасымалдаушы тіркелген облыстың жергілікті атқарушы органдарының жазбаша растауы;

5) маршрут бойынша автобустардың, шағын автобустардың жөнелтілу, келу және тұру орындары мен уақыттарын, сондай-ақ барлық аялдама пункттерi мен мемлекеттердiң шекаралары арқылы өткiзу пункттерi бойынша арақашықтықтар көрсетiлген қозғалыс кестелерi;

6) автовокзалдарды, автостанцияларды мемлекеттiк шекара арқылы автомобиль өткiзу пункттерiн, автобустар және шағын автобустар қозғалысының қауiптi учаскелерi мен жылдамдық режимi көрсетiлген маршрут схемалары;

7) автобустар және шағын автобустар жүргізушілерінің ауысым уақыты мен орнын көрсете отырып, бүкіл тұрақты маршрут ұзақтығындағы жүргізушілердің еңбек және тынығу режимінің графигі.

12. Шетелдік рұқсаттарға, соның ішінде күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарына жиынтық жылдық өтінімдердің қорытындылары бойынша Көліктік бақылау комитеті жалпы жиынтық жылдық өтінімді қалыптастырады.

Қалыптастырған жиынтық жылдық өтінімдер Көліктік бақылау комитетінің Интернет-ресурсына орналастырылады.

13. Осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттар 5 жыл бойы Көлiктік бақылау комитетінде сақталады.

14. Рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын анықтау мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздерді жүргізуді қамтамасыз ету үшін Көліктік бақылау комитеті ағымдағы жылғы 15 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетіне (бұдан әрі – Көлік және қатынас жолдары комитеті) отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарына деген қажеттілік саны туралы жалпы жиынтық жылдық өтінімді жолдайды.

15. Көлік және қатынас жолдары комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын келіседі.

16. Көліктік бақылау комитеті шет мемлекеттердің құзыреттi органдарына отандық рұқсат бланкiлерiн, оның iшiнде үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға рұқсаттар беруді, отандық тасымалдаушылар үшiн шетелдiк рұқсаттарды шетелдiк құзыреттi органдармен жүргiзiлген келiссөз хаттамаларында ескерiлген мөлшерде алуды жүзеге асырады.

17. Отандық тасымалдаушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын шетелдік рұқсаттар, алмасу квотасы Көліктік бақылау комитетінің резервіне белгіленген шетелдік рұқсаттар мен күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, жалпы жиынтық жылдық өтінім деректеріне сәйкес отандық тасымалдаушыларға беру үшін аумақтық органдарға толық бөлуге жатады.

18. Отандық тасымалдаушылардың қажеттілігін қанағаттандырмаған шетелдік рұқсаттар, алмасу квотасы отандық тасымалдаушылардан тиісті құжаттарды қоса бере отырып, шетелдік рұқсаттың бланкілерін алуға өтініштер түсуіне орай бөлуге жатады.

19. Егер халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат ету жүйесі қолданылатын елдерге қатысты рұқсаттарға сұраныс отандық тасымалдаушыларға берiлетiн шетелдік рұқсаттар санынан acca, онда шетелдік рұқсаттар бiрiншi кезекте:

1) гуманитарлық жүктердi автомобильмен тасымалдауға;

2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн жүктердi автомобильмен экспорттық тасымалдауға;

3) көлiктiң басқа түрлерiнiң тасымалдаушыларымен бiрлесiп орындалатын автомобиль тасымалдарына;

4) тез бүлiнетiн өнiмдердi автомобильмен тасымалдауға берiледi.

20. Осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген жүктерді автомобильмен тасымалдауды отандық тасымалдаушылар тасымал шартымен растайды.

21. Көліктік бақылау комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісілген, белгіленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесін ескере отырып, күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды үлестіреді.

22. Аумақтық органдардың бөлінісінде бөлінген шетелдік рұқсаттардың саны туралы мәліметтер Көліктік бақылау комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.

23. Шетелдік рұқсаттар бланкілерін алуға қосымша өтінімдерді берген отандық тасымалдаушылар Көліктік бақылау комитетінің резервінен шетелдік рұқсаттармен және бір тоқсан ішінде талап етілмеген шетелдік рұқсат бланкілерімен қамтамасыз етіледі.

3. Отандық тасымалдаушыларға

шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi
24. Отандық тасымалдаушыларға күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, шетелдiк рұқсаттарды ресiмдеудi және берудi аумақтық органдар жүзеге асырады.

25. Бір күнтізбелік жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды ресiмдеудi және берудi Көліктік бақылау комитеті жүзеге асырады.

26. Шетелдік рұқсаттарды, оның ішінде күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды алуға өтініш түскен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қаралады.

27. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі, рұқсат беру карточкасы және ұсынылған автокөлік құралдарына халықаралық техникалық тексеру сертификаты бар болғанда береді.

28. Көліктік бақылау комитеті отандық тасымалдаушыларға күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды халықаралық және қалааралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензиялары, лицензияға қосымша мен есептік құжаттары және ұсынылған автобустарға және (немесе) шағын автобустарға халықаралық техникалық тексеру сертификаты бар болғанда береді.

29. Күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, шетелдік рұқсаттарды алуға өтініш заңды тұлғаның орналасқан орны немесе жеке кәсіпкер ретінде болып тіркелген жеке тұлғаның тұрғылықты орны бойынша аумақтық органға беріледі.

30. Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттарды алуға өтiнiшті электронды түрде www.epz.kz мекенжайы бойынша электрондық өтінімді беру порталы арқылы беруі мүмкін.

31. Шетелдік рұқсаттарды, оның ішінде күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды беру Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасын төлегені туралы түбіртек ұсынылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

32. Отандық тасымалдаушы алған шетелдік рұқсаттарды осы отандық тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілген автокөлік құралына, сондай-ақ қайта алынған және Қазақстан Республикасының аумағына айдап әкелінген автокөлік құралына қолданады.

33. Күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, отандық тасымалдаушы пайдаланған шетелдік рұқсаттар жол жүру аяқталғаннан кейін бір ай ішінде, ал пайдаланылмағаны – олардың қолданылу мерзімдері аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей олар берілген жер бойынша аумақтық органға қайтаруға жатады.

Күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар олардың қолдану мерзімдері аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей Көліктік бақылау комитетіне қайтаруға жатады.

Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттарды осы рұқсаттарды қоса бере отырып, міндетті түрде қайтару күні, шетелдік рұқсаттардың нөмірі көрсетілген, еркін нысанда жасалған ілеспелі хатпен қайтарады.

Шетелдік рұқсаттар жоғалған жағдайда отандық тасымалдаушылар жазбаша нысанда көрсетілген рұқсаттардың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның орналастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жоғалғаны туралы Көліктік бақылау комитетіне немесе аумақтық органдарға хабарлайды.

Көліктік бақылау комитетіне немесе аумақтық органға жоғалғаны туралы хабарламаны ұсыну мерзімі өтініш ішкі істер органдарында тіркелген немесе хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс.

34. Қайтарылған шетелдік рұқсаттар Көліктік бақылау комитетінде және оның аумақтық органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бес жыл бойы сақталады.

35. Аумақтық органдар ай сайын 5 күнге дейін Көліктік бақылау комитетіне отандық тасымалдаушылар қайтарған шетелдік рұқсаттардың саны туралы ақпаратты ұсынады.

36. Көліктік бақылау комитеті және аумақтық органдар қайтарылған шетелдік рұқсаттардың есебін елдер бөлінісінде жүргізеді.

Шетелдік рұқсаттардың есебі елдер бөлінісінде берілген және қайтарылған шетелдік рұқсаттардың есеп журналын қағаз және электронды түрде жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Журналда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) отандық тасымалдаушының атауы;

3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;

4) жөнелту елі;

5) бару елі;

6) қатынау маршруты;

7) рұқсат түрі;

8) рұқсаттың қолданыс мерзімі;

9) рұқсаттың берілген күні және нөмірі (сериясы);

10) рұқсатты алу күні (рұқсат берілген кезде);

11) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегенін растайтын құжаттың нөмірі (бар болса) және күні, алым сомасы (рұқсат берілген кезде);

12) рұқсат құжатын алу туралы тасымалдаушының қолы (қағаз түрінде рұқсат берілген кезде).

37. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтінімдер мен өтiнiштердiң түсуіне қарай шетелдік рұқсаттарға арналған өтiнiмдерде және шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтініштерде көрcетiлген, сондай-ақ берілген және қолданылмаған шетелдік рұқсаттар туралы деректерді Көлiктік бақылау комитетiнiң көлiк дерекқорының ақпараттық талдамалық жүйесiне (бұдан әрі – КДА ТЖ) енгiзудi қамтамасыз етедi.

38. Аумақтық органдар ай сайын 5 күнге дейінгі мерзімде шетелдік рұқсаттарға өтiнiмдер берген отандық тасымалдаушылар туралы мәліметтерді кедендік бақылаудың аумақтық органдарына ұсынады.

39. Көліктік бақылау комитеті жыл сайын 15 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне (бұдан әрі – Кедендік бақылау комитеті) күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарға өтінімдерді берген отандық тасымалдаушылар туралы мәліметтерді ұсынады.

40. Мынадай жағдайларда отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беруден бас тартылады:

1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға отандық тасымалдаушының рұқсат беру куәлігінің және ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларының болмауы;

2) халықаралық және қалааралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобуспен және шағын автобуспен тасымалдауға арналған лицензиялардың, лицензияларға қосымшалар мен есептік құжаттардың болмауы;

3) бір автокөлік құралына екі және/немесе одан да көп қолданыстағы рұқсат карточкасының анықталуы;

4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы;

5) шетелдік рұқсаттардың аумақтық органда және Көліктік бақылау комитетінің резервінде болмауы;

6) осы Қағиданың 11-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбауы;

7) осы Қағиданың 33-тармағында белгіленген талаптарды орындамауы;

8) автомобиль көлігі және кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бірнеше рет бұзуы.

41. Отандық тасымалдаушыға шетелдiк рұқсат берiлген кезде бланкінің тиiстi бағандарына мiндеттi түрде тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы жазылады және мөр (мөртабан) басылып, рұқсат берген тұлғаның қолы қойылады.

Күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат берiлген кезде бланктің тиiстi бағандарына мiндеттi түрде тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі, жүру маршруты жазылады және мөр (штамп) басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.

Шетелдiк рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.



4. Шетелдік тасымалдаушыларға отандық

рұқсаттарды беру тәртібі
42. Отандық рұқсаттарды және үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған отандық рұқсаттарды шетелдiк тасымалдаушыларға тиiстi жылға айырбасталған рұқсаттар есебінен олардың мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары береді.

Отандық рұқсаттар, егер халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмеген болса, келесі жылдың 31 қаңтарына дейін жарамды болады.

43. Отандық рұқсат және үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған отандық рұқсат, оның iшiнде бiрiншi рейстiң тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттiң аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан керi бағытта жолшыбай жүк арту жағдайларында бiр жолсапар үшiн жарамды болады.

«А» түріндегі отандық рұқсат жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, «В» мен «С» түріндегі отандық рұқсат Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында 75 км шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.

44. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк артылған жағдайда, қосымша отандық рұқсат болуы қажет, оның негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағынан шығу, не егер үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдау жоспарланып отырған жағдайда, үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған рұқсат жүзеге асырылатын болады.

45. Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлiк құралының тiркелу мемлекетi болып табылмайтын үшiншi мемлекеттiң аумағына керi бағытта бара жатқан шетелдiк автокөлiк құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған қосымша отандық рұқсат болуы қажет.

46. Үшінші елдерге (елдерден) жүк тасымалдауы жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағына жүкті асқын жүктеумен (тиеу/түсіру) үшінші елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат болған жағдайда жүзеге асырылады.

47. Тіркеу және ерекше белгілері жоқ және басқа мемлекет аумағына пайдалануға арналған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және Қазақстан Республикасынан аумағынан жүгі бар немесе жүгі жоқ автокөлік құралдарының транзиттік жүруі рұқсат беру құжаттарының (отандық рұқсат, арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.

48. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдарды жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыда отандық рұқсат болмаған жағдайда, ол көліктік бақылау функцияларын жүзеге асыратын құзыретті органдардан тиісті рұқсатқа сұрау салады, рұқсат оған Кеден Одағының кедендік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін беріледі.

Аумақтық органдар және кедендік бақылаудың аумақтық органдары берілген және пайдаланылған шетелдік рұқсаттар туралы деректерді КДА ТЖ күн сайын енгiзудi қамтамасыз етедi.

49. Тiркеу талондарын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мемлекеттерінде халықаралық автомобиль тасымалы саласында рұқсат берусіз жүйе қолданылатын шетелдiк тасымалдаушыларға Кеден Одағының кедендік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы көліктік бақылау посттарында аумақтық органдар береді.

50. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында аумақтық органдар:

Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 күннен аспайтын шығу мерзiмiн;

тасымалдаушының атауын;

автокөлік құралының нөмірін;

автокөлік құралының тіркелген мемлекетін;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.

Шетелдiк автокөлiк құралдарының транзиттiк жүрiп өтуi кезiнде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзiмдерi тура да, керi де бағытта жүрiп өту кезiндегi Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.

51. Бос шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi жолаушылар мен жүктiң халықаралық тасымалдары үшiн Келiсiмдерде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

52. Егер Келiсiмдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында шетелдiк автокөлiк құралдарының жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруына құқық бермейдi.

Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруді (шығуды), халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитін, сондай-ақ үшінші елдерге/елдерден тасымалды, тіркеу талондарын және отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруді (шығуды), шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитін, тіркеу талондарын және отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу журналында жүзеге асырылады.

Журналда мынадай мәліметтер көрсетіледі:


  1. шетел тасымалдаушысының атауы;

  2. тасымалдаушының елі;

  3. тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;

  4. жөнелту елі;

  5. бару елі;

  6. қатынау маршруты;

  7. автокөлік құралының үлгісі, маркасы;

  8. автокөлік құралының және тіркемесінің нөмірі;

  9. рұқсат түрі;

  10. рұқсатты қолдану мерзімі;

  11. рұқсаттың берілген күні және нөмірі (сериясы);

  12. рұқсатты алған күні (рұқсат берілген кезде);

13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегенін растайтын құжаттың нөмірі (бар болса) және күні, алым сомасы (рұқсатты берілген кезде);

14) рұқсат құжатын алу туралы тасымалдаушының қолы (қағаз түрінде рұқсат берілген кезде).



5. Рұқсат беру құжаттарын дайындау және есепке алу
53. Отандық рұқсат, үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған рұқсат бланкiлерiнiң нысандарын Көліктік бақылау комитеті әзiрлейдi және бекiтедi, олар баспаханалық тәсiлмен дайындалады, реттiк нөмiрi және кемiнде үш қорғану дәрежесi болады.

Тіркеу талондары бланкілерінің нысандарын Кедендік бақылау комитеті әзiрлейдi және бекiтедi, олар баспаханалық тәсiлмен дайындалады және реттiк нөмiрi болады.

54. Жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес отандық рұқсат бланкісінде мынадай деректемелер болады:

1) тасымалдауды жүзеге асыру құқығын рұқсат беру құжаты растайтын тасымалдау түрi;

2) сериясы мен нөмiрі;

3) қолданылу мерзімі;

4) тасымалдаушының деректемелері;

5) берiлген орны және күнi;

6) құзыретті органның қолы мен мөрі;

7) қозғалыс маршруты;

8) автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі;

9) жүктің атауы;

10) автокөлік құралының жүксіз жабдықталған салмағы;

11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың белгiлерi мен мөріне арналған орын;

12) бланкiні пайдалану бойынша негiзгi нұсқаулар.

55. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру сенімхат болған жағдайда жүкқұжаттар бойынша (деректі сериясының және шетелдік рұқсат нөмірін көрсете отырып) жүзеге асырылады.

56. Есепті кезеңнен кейін ай сайын бесінші күнге дейін аумақтық органдар Көліктік бақылау комитетіне түрлері және елдері бойынша берілген рұқсаттардың саны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымның республикалық бюджетке аударылған сомасы туралы салыстыру актісінің көшірмесін ұсынады.

Аумақтық салық органдарымен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымның респуликалық бюджетке аударылған сомасы туралы салыстыру актісі аумақтық органның жазбаша өтініші негiзiнде жүргізіледі.

57. Жыл сайын 5 қаңтарға дейінгі мерзімде кедендік бақылаудың аумақтық органдары пайдаланылмаған отандық рұқсаттарды алынған орын бойынша аумақтық органға қайтаруды жүзеге асырады.

58. Кедендік бақылаудың аумақтық органдары ай сайын үшінші күннен кешіктірмей аумақтық органдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетел автокөлік құралдарының жүріп өткені бойынша есепті және шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегені туралы түбіртектері бар жүкқұжаттардың көшірмелерін ұсынады.

59. Аумақтық органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей өздерінің орналасқан орны бойынша салық органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым төлеушілер және салық салынған объектілер туралы ақпаратты ұсынады.

_________________________






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет