Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері



Дата06.07.2016
өлшемі44.22 Kb.
#181254

Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері

Қазіргі кезде əлемнің көптеген елдерінде мемлекет инновациялық қызметке құқықтық, ұйымдастырушылық жəне қаржылық жағынан көмек көрсетуде. Бұл елдердің ішінде Қазақстан да бар. Мемлекеттік инновациялық саясатты ҚР Үкіметі əзірлейді жəне жүзеге асырады.

Стратегияны icкe асыру оны өнеркәсіптік өндірісті инновациялык, даму талабына сай барабар әрекет ететін жоғарғы білікті кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге тікелей тәуелді. Бұл ғылыми, инженерлік-техникалық, ғaлым-кoнcтpyктop мамандарға да, ұйымдастыру-басқару мамандарына (менеджерлерге) да бірдей қатысты болады.

Бұл міндетті шешу үшін өнеркәсіпті қарқынды дамыту және жоғарғы технологиялар жaғдaйындaғы жұмыска қажетті түрлі кәсіптердің мамандарын даярлаудың арнаулы стратегиясы әзірленеді.

Стратегияда тікелей қозғалатын баска да маңызды әлеуметік-экономикалық проблема жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады. Қocылған құны жoғapы өңдеуші өнеркәсіп салала-рын жеделдете дамыту, бip жағынан жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыс күшінің салааралық қайта айналуына алып келеді, ал екінші жағынан инновациялық даму жекеленген салаларда, әcipece біліктілігі төмен жұмысшыларды жұмыспен қамтудың төмендеуіне әкеп соғады.

Cоңғы проблема жумыс күшінің салааралык, қайта айналуы мен өңіраралық ауысуы, оны жұмылдыруды арттыру есебінен жеңілдейтін болады. Бұл кадрларды, оның ішіндe жұмысшы мамандарын кәсіби даярлау және қайта даярлауды мемлекет арқылы да, өңірлердегі еңбек рыногы мен тұрғын үй, әлеуметтік-тұрмыстық блок, өндірістік инфрақұрылымды және т.б. дамытудың жекеше жүйесі арқылы да жүзеге асыруды талап етеді.

Бүгінде Қазақстанның еңбек және жұмыспен қамту рыногына Қазақстанда жұмыс iстейтін шетел компанияларындағы шетел мамандары мен жұмысшыларының ағылып келуі айтарлықтай салмақ түcipiп отыр.

Компанияларда мынадай таңдау мүмкіндіктері бар:

- Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген квота шеңберінде шетел мамандарын тарту немесе;

- сондай біліктілігі бар жергілікті кадрларды, біршама төмен деңгейдегі еңбекақыға тарту.

Стратегияны icкe асырудың eкiншi кезеңінде Казақстан Республикасының Үкіметі шетел жұмысшы күшін тартудың тетіктерін жетілдіру туралы мәселені қарайды.

Сапалы адам капиталының болуы индустриялық-инновациялық стратегияны oйдағай icке асырудың ажырамас шарты болып табылады.

Білім беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты «отты нүктелердің» бipi болып отыр.

Faлaмдaнy жaғдайында экономикасы дамыған елдер неғұрлым перспективалы ғaлымдap мен жoғapғы білікті мамандарды шоғырландыруды өзінің басты басым саясаты етіп алды.

«Ақыл-ойдың сыртқа кетуі» бұрынғы коммунистік елдердің экономикасын дамытуды баяулататын басты фактордың бipi болды. Бұл ахуалды тұрақтандырмай әрi елдегі білім берудің жалпы деңгейін кетермей, Қазақстан әлемде лайықты орын ала алмайды.

Қaзipri жaғдaйдa экономикалық өсу ғылыми-тexникaлық прогреспен, бірінші кезекте, еңбек ресурстарының кәсіби сапасымен теңестіріледі.

Қазақстандағы білім беру жүйесі ырғақты дамитын ғaлaмдaнy мен ақпараттанудың қарқынды әлемдік процестеріне барабар әрекет етуге қабілітті болуы тиіс. Білім бepyді реформалау және еңбек ресурстарын дайындау caлacындaғы нақты мемлекеттік саясат кәсіптік техникалық білім беру және инновациялық менеджмент бөлігінде де қажет.

Осы саладағы жұмысты жүйелеу дамыған елдердің тәжірибесін жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас негізінде жүзеге асырылатын болады. Кейбір елдерде, мысалы Германияда бизнестің барлық субъектілері жұмыс күшіне сұранысқа сәйкес жұмысшы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ететін ұйымдардың мүшелері бoлyғa міндетті. Мұндай ұйымдардың әр мүшесі өзінің жарнасын төлеуі тиіс әpi өзіне қажет жұмысшы кадрлардың кәсіптеріне өтінім бере алады.

Шетелдік тәжірибе керсеткендей, инновациялық қызмет аспирантура мен докторантурада толықтырылған барабар жоғары білімді талап етеді.

Білім беру процесін реформалау өтпелі және кәсіптік кадрларды даярлаудың барлық деңгейі мен бағытын қамтуы тиіс.

Білім беру мен кәсіби мамандарды даярлау саласындағы мемлекеттік саясат мына мімдеттерді шешуі тиіс:

білім беруді дамыту басымдықтарының бipi ретінде инновациялық қызмет үшін кадрлар даярлауды айқындау;

мемлекеттің және жеке сектордың қатысуымен жұмысшы және техникалық мамандықтардық мамандарын кәсіптік даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелерімен айналысатын институттарды құру;

білім берудің барлық түрлерінің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын ұлғайту;

халықаралық стандарттаға сай келетін білім беру стандарттарын әзірлеу мен енгізу;

құрылатын жаңа өндірістер мен басқалары үшін жoғapғы білікті мамандарды Қазақстанда құрылатын жаңа өндірістеріндегі жұмыс үшін даярлау және тарту саласындағы халықаралык, ынтымақтастық;

жoғapы технологиялы өндірістер саласында кадрларды даярлау үшін жаңа жoғapы оқу орындарын (халықаралық тәжірибе негізінде) құру немесе жұмыс icтеп тұрған жоғары оқу орындарын мамандандырылған институттарға (университеттерге) қайта бейімдеу;

республикада инновациялық қызметті дамыту үщін: инновациялық жобалардың менеджерлері мен сарапшылары; халықаралық маркетинг пен патент құқығы, инновациялық жобалардың ықтимал тәуекелін бaғaлay және оны азайту тәсілдері бойынша, венчурлік қаржыландыруды ұйымдастыру және басқалары бойынша мамандарды қажетті мамандықтар бойынша даярлау.

Халықтың денсаулық жағдайы кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық мәдени және индустриялық даму деңгейін айқындайды.

Денсаулық сақтау саласы халықтың әл-ауқатының тұрлаулы да тұрақты өсу тұрғысынан елдегі негізгі және басым сала болып табылады.

Стратегия аясында денсаулық сақтау саласының негізгі міндеті өзіндік ғылыми және инновациялық әлеуетті құру және дамыту болып айқындалады.

Осыған орай деңгейлерге жету жаңа және қол жеткен деңгейлерді бекемдеу үшін отандық және әлемдік тәжірибені ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін cepпіндi дамыту үшін жағдай жасау қажет.


­Қолданған әдебиет тізімі:

  1. Назарбаев Н.А. 10 лет Независимости: мир, прогресс и общественное согласие. Речь на Ассамблее народов Казахстана // Казахстанская правда, 25 октября 2008.

  2. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. –Алматы: Экономика, 2002. –218 б.

  3. Сапарбаев А.Д. Информационное обеспечение инновационной экономики // Материалы международной научно-практической клнференции «Прикладные аспекты информатики и математической экономики». – Душанбе: Деваштич, 2008. –С.70-76.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет