Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы



бет1/4
Дата16.07.2016
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302  қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 9-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
      5. «Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 485 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті
дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған
бағдарлама

1. Бағдарламаның паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1285 қаулысымен.

Атауы                    Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті
                         дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға
                         арналған бағдарлама

Әзірлеу үшін негіздеме   Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр


                         Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы
                         кезектен тыс XII съезінде берген
                         тапсырмасы;
                         Қазақстан Республикасы Президентінің
                         2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкімімен
                         бекітілген
                         Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр
                         Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы
                         кезектен тыс XII съезінде берген
                         тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
                         іс-шаралар жоспары;
                         Қазақстан Республикасының экономикасын
                         жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік
                         комиссияның 2009 жылғы 1 маусымдағы
                         отырысының хаттамасы;
                         Қазақстан Республикасы Президентінің
                         2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен
                         бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі
                         индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
                         мемлекеттік бағдарлама

Жауапты орындаушы        Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа


                         технологиялар министрлігі

Мақсаты                  Әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып, ұзақ


                         мерзімді кезеңде жеңіл өнеркәсіпті
                         әртараптандыруды қамтамасыз ету және оның
                         өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру
Міндеті                  Шикізатты қайта өңдеу, қосылған құны жоғары
                         және оны сыртқы нарықтарға шығару
                         перспективасы бар өнім өндірісі есебінен
                         ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру,
                         сондай-ақ еңбекке қабілетті халықты жұмыспен
                         қамтамасыз ету жолымен әлеуметтік шиеленісті
                         төмендету

Іске асыру мерзімі       2010-2014 жылдар

Қаржыландыру көлемі      Қаржыландыру көздері Даму институттарының
мен көздері              қаражаты, сондай-ақ ішкі және шетелдік
                         инвестициялар болып табылады.
                         Бұдан өзге республикалық бюджетте көзделген
                         қаражат есебінен саланы кәсіпкерлікті
                         дамыту, білікті кадрлық ресурстармен
                         қамтамасыз ету, жеңіл өнеркәсіп өнімін сату
                         бойынша жәрдемдесу, техникалық реттеу
                         мәселелері бөлігінде қаржыландыруды жүзеге
                         асыру болжанады.

Нысаналы                 1. 2014 жылы жеңіл өнеркәсіптегі жалпы


индикаторлар             қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге шаққанда
                         нақты мәнде кемінде 9 %-ға ұлғайту.
                         2. Дайын өнімдер экспортын 2008 жылғы
                         деңгейге шаққанда 2,5 есеге ұлғайту.
                         3. Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнiмдiлiгiн
                         2008 жылғы деңгейге шаққанда нақты мәнде 1,5
                         есеге ұлғайту.

2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша 2009 жылғы 17 маусымдағы № 22-14/3853, 001-319 тапсырмасына, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2009 жылғы 1 маусымдағы отырысының хаттамасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 985 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға (бұдан әрі - ҮИИДМБ) сәйкес әзірленді.


      Бағдарлама жеңіл өнеркәсіптің жоғары сапалы және кең ассортименттегі бәсекеге қабілетті тұтыну тауарларын өндіруді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іс жүзінде іске асыру кезеңі болып табылады.
      Алдағы кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) қайта өңдеу бойынша өндірісті жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандыру жасаумен байланысты.
      Бағдарламаны әзірлеу саланы реформалау және орнықты, теңдестірілген өсімді қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдайтын шаралардың дәйекті жалғасы болып табылады.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

3.1. Саланың қазіргі жай-күйін бағалау

      Кез келген елдің жеңіл өнеркәсібі - бұл экономиканың аса маңызды көп бейінді және инновациялық тартымды секторы.


      Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп азық-түлік тауарларынан кейін екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін жаңа геосаяси жағдайларға көтеруді қамтамасыз етудегі маңызды ролін ескере отырып, әлемнің ірі елдері саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді.
      Тұтыну секторы тауарларының әлемдік өндірісінде еңбекті нақты бөлу қолданылады. Олардың бірі шикізатты сатады, екіншісі қайта өңдейді, үшіншісі түпкі өнімді өндіреді, төртіншісі сатады. Осыны ескере отырып, бұл үдерістегі басымдықтарды айқындау қажет, осының негізінде нарықтық перспективасы бар жобаларға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жобаларға салынуы тиіс тиімді даму матрицасы пайда болады.
      Бүгінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың 80%-ы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады, бұл ретте шамамен сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы жүктемелігі 30 - 40 %-ды құрайтын ескірген жабдықтармен жарақталған.
      Саланы дамытудың жалпы үрдісі ел өнеркәсібі көлеміндегі оның үлесінің төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, ішкі нарықтан отандық тауар өндірушілерді шетелдік өндірушілердің тықсыруына әкеледі, бұл апатты сипат алды.
      Халықты жұмыспен қамту мәселесі жіті орында тұр. Егер 2005 жылы жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны 20,0 мың адам болса, 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ол 13,7 мың адамға дейін азайды, бұл әлеуметтік шиеленістің өсуімен шарттасады.
      Жеңіл өнеркәсіп технологиялық жағынан аграрлық сектормен барынша байланысты екенін ескерсек, оның дамуы елеулі түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға ықпал ететін болады, осының арқасында ел ішіндегі төлем қабілеті сұранысы мен ішкі нарықтың сыйымдылығы артады.
      Бұл мәселелерді шешу қазақстандық өндірушіні қорғау, контрафакт және контрабандалық өнімге қарсы күрес, субсидияларды, лизинг схемаларын, инвестициялық қорларды пайдалану, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту бойынша шараларды іске асыру негізінде мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
      Жеңіл өнеркәсіптегі ахуалды сипаттайтын созылмалы дағдарыс өндірісі көлемінің құлдырауымен жалғасады. Тек 2005 - 2009 жылдар кезеңінде республика өнеркәсібінің құрылымындағы сала үлесі 2,2 %-дан 0,8 %-ға төмендеді, бұл ретте ішкі жалпы өнімдегі өнеркәсіп үлесі 2005 жылғы 0,62 %-дан, 2008 жылғы 0,27 %-ға дейін төмендеді.
      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің жеңіл өнеркәсібінде 1591 кәсіпорын тіркелген, олардың 526-ы белсенді жұмыс істейді, оның ішінде 449-ы шағын, 60-ы орта және 17-сі ірі кәсіпорын.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы саны ішінде 54%-ы киім өндірісі кәсіпорындары, 31%-ы тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындары (киімнен басқа, тоқыма және тігін бұйымдарын өндіретін) болса, былғары және аяқ киім өндірісі кәсіпорындары 9%-ды, былғары мен теріден жасалған киім өндірісі - 6%-ды құрайды (1 - сурет).



      2006 жылдан бастап жеңіл өнеркәсіп өнімі экспортының өсу серпіні байқалады. Егер 2006 жылы экспорт 63 млрд. теңгені құраса, 2008 жылы ол 82 млрд. теңгеге ұлғайған. 2009 жылы экспорт көрсеткішінің алдыңғы жылдармен салыстырғанда 22%-ға құлдырауы байқалады, бұл әлемдік экономикалық дағдарысы салдарынан тауардың бұл түріне сұраныстың азаюымен байланысты болып отыр, бұл ретте экспорт үлесінің 90 %-ға дейін көлемін шикізат (шитті мақта, жүн, ірі қара мал және ұсақ мал терісі) құрайды.


      Импорт көрсеткішінде өсімнің де, құлдыраудың да серпіні байқалып отыр. Егер 2006 жылы импорт 27 млрд. теңге болса, 2007 жылы импорт 37 млрд. теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ, егер 2008 жылы импорт 29 млрд. теңгені құраса, 2009 жылы ол 56%-ға өсті, бұл ретте ұлғаю сырт киім, сондай-ақ киімге және басқа да дайын бұйымдарға сұраныстың 50 %-ға ұлғаюымен байланысты болып отыр (4-сурет).

      2007 жылдан бастап өнеркәсіп өндірісінің көлемі құлдырап барады. Егер 2007 жылы көлем 31,1 млрд. теңгені құраса, 2008 жылы 11%-ға құлдырау байқалып, 2009 жылы бұл көрсеткіш 27,9 млрд. теңгені құрады.



3.2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

      Жаhандық ақпараттық кеңістікті пайдаланусыз, әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізусіз, персоналға тиімді хабарлаусыз, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) негізіндегі персоналдың өзара іс-қимылынсыз қазіргі заманғы экономикалық табысты кәсіпорын құру мүмкін емес. Ақпаратты тауарға айналдыратын фактор ретінде ақпарат пен білім нарығы кеңінен, оның ішінде өндірісте пайдаланылады.


      Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары «зияткерлік» деп аталатын жабдықты қолданады, ол технологиялық үдерістердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өтіп жатқан өндірістік үдеріс туралы толық ақпаратты ұсынады.
      Сондай-ақ әзірлеу мерзімін елеулі түрде қысқартуға және жаңа үлгілерді енгізуге, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін киімді автоматтандырылған жобалау жүйесі (бұдан - киімді АЖЖ) енгізілді.
      Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында ІТ-қызметтерді дамыту стратегиясы қолданыстағы бизнес-үдерістерді автоматтандыру деңгейін жоғарылату бойынша, өнімділікті арттыру, сапаны басқару жүйесін енгізу және жоспарлауды оңтайландыру бойынша бизнестің міндеттерін тиімді шешуді тұспалдайды.
      Саланың әр түрлі сегменттерінде 34 %-дан 67 %-ға дейін ІТ-қызметтердің басшылары ұсынымдарды, инвестициялар негіздемелерін әзірлеу үшін сарапшылар ретінде тартылады және 7 - 14% жағдайында олар кәсіпорынды басқаруға қатысады.
      Дегенмен, сала кәсіпорындарының айтарлықтай үлесі ІТ-қызметтердің төменгі мәртебесі деңгейінде (қызмет түріне байланысты 22 %-дан 54 %-ға дейін), бұл ретте кәсіпорындардың тек 7 %-ында ІТ-қызметтердің мәртебесі ортадан төмен ретінде сипатталады.
      Тұтас алғанда ұсынылған деректер сала кәсіпорындарындағы ІТ-қызметтерді пайдалану деңгейін жеткілікті түрде дамымаған ретінде сипаттайды.

3.3 Күшті және әлсіз жақтары

      Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Қазақстан жеткілікті әлеуетке ие, республикада қолайлы факторлар мен алғышарттар бар.


      Бұл ретте саланың жай-күйін талдау оның күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін айқындауға мүмкіндік берді (№ 1 кесте).

Жеңіл өнеркәсіптің жай-күйін SWOT-талдау

1 кесте



Күшті жақтары:
- шикізат ресурстарының болуы
- ірі нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай, Үндістан)
- ішкі және әлемдік нарықтардағы өскелең сұраныс
- көлік және энергетикалық инфрақұрылымның болуы
- өндірістік әлеуеттің болуы
- салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші (елдің оңтүстігінде)

Әлсіз жақтары:
- жүн және былғары шикізатының төмен сапасы
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі
- салаға күрделі қаржы жұмсалымының жоқтығы
- қосылған құны төмен тауарлар экспортының жоғары үлесі
- отандық брэндтердің іс жүзінде толықтай болмауы
- білікті кадрлардың жеткіліксіздігі
- негізгі қорлардың едәуір тозуы

Мүмкіндіктер:
- ЕурАзЭқ кеден одағына ену есебінен нарықты кеңейту
- шикізат (мақта, жүн, былғары) өңдейтін өндірісті дамыту
- толлингті, алыс-беріс шикізат өндірісін дамыту
- технологиялық көшбасшылардың тәжірибесін пайдалана отырып, өндірісті ұйымдастыру жолымен технологиялар трансферті

Тәуекелдер:
- отандық өнім өндірісінің деңгейі экономикалық қауіпсіздіктің шекті деңгейінен төмен
- салаға инвестицияны жеткіліксіз тарту
- контрабандалық және контрафактілік өнімдер экспансиясының күшеюі
- әлемдік көшбасшылар тарапынан бәсекенің жоғарылығы

3.4 Сандық және сапалық сипаттамалар

      Экономикалық қызмет түрлерінің мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі экономикалық қызметтің үш түрімен - тоқыма бұйымдары өндірісі, киім өндірісі, былғары өндірісі және оған жататын өнімдер мен 14 кіші түрі ұсынылды.


      Мата, киім, аяқ киім, трикотаж, шұлық-ұйық және тері бұйымдары, бас киімдер өндірісімен қатар шығарылатын өнімдер құрылымында мақта талшығы өндірісінің, әлеуметті ведомстволарға арналған заттай мүліктің үлестік салмағы жоғары. Сала сонымен қатар халықтың медициналық мақсаттағы бұйымдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арнайы, жұмыс киімдері мен аяқ киімдерге, жеке қорғау құралдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді. Саланың ерекшеліктірінің арасынан салынған қаражаттың тез және барынша тиімді қайтарымын, әйел еңбегін дәстүрлі пайдалануды, жоғары әлеуметтік маңызын атап айтуға болады.
      3.4.1 Тоқыма өнеркәсібі иіру, тоқу және өңдеу өндірістеріне бөлінеді.
      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың тоқыма өнеркәсібінде 497 кәсіпорын тіркелген, олардың белсенді жұмыс істеп тұрғаны 155 кәсіпорын, оның ішінде 12-сі ірі, 24-і орта және 119-ы шағын кәсіпорын. Оларда 7200 адам жұмыс істейді.
      Дәстүрлі мақта өсіру Оңтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі - ОҚО) жүзеге асырылады, осыған байланысты мақта өңдейтін кәсіпорындар нақ осы жерге шоғырланған, бұдан басқа табиғи тоқыма талшықтары ішінде мақта талшығы елдегі өндіріс көлемі бойынша ең үлкен топты құрайды.
      Бүгінгі күні тоқыма өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарына жылына 18,8 мың тонна мақта талшығын өңдейтін «Textiles.kz» корпорациясы («Ютекс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ)/ «Меланж» АҚ), «South Textiline.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ОҚО) сияқтылар жатады.
      Компанияларда отандық шикізатты пайдалана отырып, 100% мақта-мата иірімжібі, қатқыл және дайын мақта-матадан тұратын бәсекеге қабілетті өнім шығаратын «Rieter», «Benninger», «LTG Air Engineering» (Швейцария); «Dornier», «Thies Monforts» (Германия), «Savio» (Италия) сияқты белгілі фирмалардың жаңа жабдығы пайдаланылады.

Қазақстан Республикасындағы тоқыма өнімдерін
өндіру көлемі

2 кесте



Өнімнің атауы

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

2

3

4

5

Тоқыма бұйымдарын өндіру

39,6

28,5

24,7

13,5

Кардо- және тарақпен таралған, бөлшек сату үшін оралмаған жүн иірімжібі, тонна

195,0

148,0

79,0

134,0

Бөлшектік сату үшін оралмаған тарақпен таралған және тарақпен таралмаған талшықтан жасалған мақта-мата иірімжібі, тонна

13391,0

11578,0

12661,0

8679,0

Маталар, мың шаршы метр

56459,6

43325,3

43479,6

35490,9

оның ішінде:









Мақта-мата, мың шаршы м

47639,0

42423,3

42013,9

35335,4

Синтетикалық және жасанды кешенді жіптен жасалған маталар, мың шаршы м

8705,9

32,2

57,0

-

Жүн маталары, мың шаршы м

110,1

74,5

75,7

155,5

Түкті, түктілі маталар мен өзге де арнайы маталар, мың шаршы м

4,6

365,0

994,0

-

Дайын тоқыма бұйымдары, мың шаршы м

44761,8

84580,5

69871,1

79591,4

Төсек-орын, мың шаршы м

1608,8

1177,7

1251,5

1454,2

Кілемдер мен кілем бұйымдары, мың шаршы м

101,5

36,1

2,0

2,0

Мата емес материалдар мен мата емес материалдардан жасалған бұйымдар, мың шаршы м

1484,3

1237,8

1291,1

1178,1

      3.4.2 Тігін өнеркәсібі арнайы киімдерді, сырт киімдерді, іш киімдерді, киімдердің өзге де түрлері мен керек-жарақтарын, тері бұйымдарын, трикотаж бұйымдарды тігуді, сондай-ақ шұлық-ұйық бұйымдарын қамтиды.
      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тігін өнеркәсібінде 952 кәсіпорын тіркелген, олардың 329-ы белсенді жұмыс істейді, оның ішінде 4 ірі, 29 орташа және 296 шағын, оларда 5600 адам жұмыс істейді.
      Мемлекеттік қолдау шеңберінде 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы аумағы 200 гектарға жуық «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылды, оның негізгі мақсаты тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті тауарлар өндіруге өту үшін алғышарттар болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы тігін өнімін өндіру көлемі

3-кесте



Өнімнің атауы

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

2

3

4

5

Киім шығару, млрд. теңге

-

-

9,6

11,7

Жіптің желілік тығыздығы кемінде 6,7 текс болатын машинамен немесе қолмен тоқылған әйелдердің трикотаж шұлықтары мен гольфилері, мың жұп

17,8

10,0

12,6

5,6

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж шұлықтар, мың жұп

2348,7

1911,1

1846,5

1233,5

Машинамен немесе қолмен тоқылған свитерлер, жемпірлер, пульверлер, кардигандар, көкірекшелер мен осыған ұқсас трикотаж бұйымдары, дана

146293,0

206662,0

222715,0

98409,0

Машинамен немесе қолмен тоқылған сырт киімдер, дана

27182,0

17385,0

17841,0

32538,0

Трикотаждан басқа, ерлер мен қыздардың сырт киімі, дана

155658,0

166606,0

179846,0

158123,0

Трикотаждан басқа, әйелдердің сырт киімі, дана

371647,0

150481,0

159885,0

161460,0

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж іш киім, мың дана

39,9

49,2

55,4

99,1

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж емшектегі балаларға арналған трикотаж киімдер мен қыдыруға және басқаға киетін керек-жарақтар мен киім бөлшектері, мың дана

42197,0

27530,0

37146,0

47338,0

Спорттық, шаңғы тепкенде киетін, суға түскенде киетін, костюмдер мен өзге де трикотаж киімдер, мың дана

80,4

78,7

1,4

93,2

Трикотаждан басқа, емшектегі балалардың киімдері мен киім керек-жарақтары, мың дана

1994161,0

1924546,0

1921585,0

2295128,0

      3.4.3 Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісі тауарлық былғары, ішік-үлбір бұйымдар мен аяқ киім өндірісін қамтиды.
      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісінде 142 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғаны 42 кәсіпорын, соның ішінде 1 ірі, 7 орташа және 34 шағын кәсіпорындарда 900 адам жұмыс істейді.
      Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар және аяқ киім шығаратын ең ірі кәсіпорындарға: «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС, «Тыныс-V» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), «Рудный былғары зауыты» ЖШС (Қостанай облысы), «Петропавл былғары зауыты» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы), «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС (Жамбыл облысы), «Гекко» ЖШС (Алматы қаласы.) жатады.

Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет