Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы



бет6/7
Дата01.03.2024
өлшемі1.95 Mb.
#493660
1   2   3   4   5   6   7
2023 тұжырымдама

ТжКБ деңгейінде сапаны қамтамасыз етудің сыртқы жүйесі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды, ББЖМ-ды, ТжКБ ұйымдарының рейтингісін, сондай-ақ ерікті негізде аккредиттеуді қамтиды.
Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары үшін білім беру сапасын арттыруды ынталандырады, проблемаларды өздігінен анықтауға және оларды өзін-өзі бағалау құралы арқылы шешуге ықпал ететін болады.
Мемлекеттік аттестаттау білім беру қызметін өзін-өзі бағалау материалдарын, білім алушылардың білімі, іскерлігі мен дағдыларының кесінділерін талдау негізінде, білім беру ұйымына барусыз профилактикалық бақылау түрінде өткізілетін болады. Бұл ретте бюджет қаражатын, МТБ және педагог кадрларды ТжКБ-ның бір бейінді ұйымында шоғырландыруға мүмкіндік беретін ТжКБ ұйымдарын бейіндеу жалғасатын болады.
ББЖМ жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді игеру деңгейін бағалау мақсатында жүргізілетін болады.
Мамандықтар бойынша лицензиялауға көшу жүзеге асырылады, бұл ТжКБ бар кадрларды даярлау және жұмыс берушілердің талаптарына жедел ден қою жөніндегі мүмкіндіктерді едәуір кеңейтеді.
ТжКБ ұйымдарының қызметін бағалау, қосымша ынталандыру құралын құру және ТжКБ жүйесінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында ТжКБ ұйымдарының рейтингін өткізу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Рейтинг ТжКБ ұйымдары қызметінің сапасы, педагогтердің сапалық құрамы, контингенттің қозғалысы, түлектерді жұмысқа орналастыру, бизнес-қоғамдастықпен іс-қимыл жасау, WorldSkills жобаларына қатысу сияқты негізгі көрсеткіштер және басқалар бойынша жүргізілетін болады. Нәтижесінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негіз болатын ТжКБ ұйымдары арасында бәсекелестік күшейеді.
Халықаралық талаптарды ескере отырып, ТжКБ ұйымдарының қызметін бағалау өлшемшарттары Турин процесінің талдау нәтижелері негізінде жүзеге асырылатын болады.
ТжКБ ұйымдарының аккредиттеуден, халықаралық сапа стандарттарына немесе шетелдік кәсіби қоғамдастықтардың талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімдерінен өту құқығы бар.
ТжКБ деңгейінде WorldSkills тәсілі бойынша студенттерді қорытынды бағалаудың жаңа жүйесі енгізілетін болады. WorldSkills талаптары (стандарттары) бойынша нақты қызметтер мен өндірістік процестерді модельдеу жағдайында түлектердің практикалық дағдыларын, білім деңгейі мен құзіреттерін көрсету және тәуелсіз сараптамалық бағалау рәсімін көздейтін демонстрациялық емтихан біліктілік емтиханының бір нысаны болып табылады.
Демонстрациялық емтиханнан өткен түлектер әртүрлі құзыреттерді меңгеру деңгейін көрсететін баға алады, ол әлеуетті жұмыс берушілер арасында жоғары бағаланады және тиісінше түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік және институционалдық құрылымдарды, білім беру ұйымдарының қауымдастықтарын қамтиды.
Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері, білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндама, халықаралық салыстырмалы зерттеулер (PISA, PISA-based Test for Schools, TIMSS, PIRLS, ICILS, TALIS), мемлекеттік бақылау, ұлттық және халықаралық рейтингтер, білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу негізінде білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі бойынша білім беру сапасын мониторингілеу мен бағалаудың барлық құралдарын жүйелендіретін, білім беруді бағалау мен мониторингтеудің ұлттық негіздемесі әзірленетін болады.
Ұлттық негіздеме түпкілікті мақсатқа – білім алушылардың үлгерімін арттыруға қол жеткізу үшін бағалау рәсімдері арасында синергия құру арқылы мақсатты айқындайды.
Ұлттық негіздеме білім алушылар, білім беру ұйымдары, педагогтер және жалпы алғанда білім беру жүйесі деңгейінде бағалау және мониторинг процестерінің реттілігін анықтайды.
Бұл шаралар білім алушылардың білімінің, іскерлігінің, дағдыларының, құндылық көзқарастары мен құзыреттерінің қоғам тілектері мен талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ білім берудің әлемдік стандарттарына ықпалдасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымдарында білім беру процесіне қатысушылардың білім сапасы мен оны үздіксіз жетілдіруге бағытталуы бойынша құндылығы мен сенімін көрсететін сапа мәдениеті дамытылатын болады. Білім беру ұйымдарының цифрлық экожүйесін жаңғырту және шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде педагогтер мен білім алушыларды тарту арқылы білім беру сапасының мәдениетін дамыту жүзеге асырылатын болады, бұл ҰБДҚ-мен интеграцияланған білім беру ұйымдарының ақпараттық жүйелерінің ашықтығы мен қолжетімділігіне негізделеді.
3-параграф. Сапа мәдениетін және академиялық адалдықты қалыптастыру
Білім беру ұйымдарында әрбір педагог (тәрбиеші, мұғалім, оқытушы), әрбір білім алушы, әкімшілік персонал түсінетін және қабылдайтын сапа мәдениеті қалыптастырылатын болады.
Сапа мәдениетін үздіксіз жетілдіруге білім беру ұйымы қызметінің барлық кезеңдері мен процестерінде сапаны қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Академиялық адалдық мәдениеті сапа мәдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі ретінде болады.
Білім беру ұйымдарының негізгі міндеті – білім алушылардың академиялық адалдық пен білім беру процесіндегі мінез-құлық қағидаттарын түсінуін қалыптастыру, олардың бойында бағаланатын және бағаланбайтын қызмет түрлерін орындауда айқындалатын адалдық пен оқыту үшін жауапкершілікті дамыту; жазбаша жұмысты орындау (қалыптастырушы бағалау, БЖБ, ТЖБ), емтихандарға жауап беру, зерттеу жүргізу, өз ұстанымын білдіру, оқытушылармен және басқа білім алушылармен қарым-қатынас жасау кезінде білім алушылар мен педагогтер және оларға теңестірілген адамдар арасындағы ашықтық, анықтық, өзара сенімділік, ақпарат пен идеялардың ашық алмасуы.
Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау білім беру процесіне қатысушылардың барлығында жеке парасаттылық пен оқу үшін жауапкершілікті дамытады.
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Нысаналы индикаторлар:
1) 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (2023 жыл – 90,2 %, 2024 жыл – 92,5 %, 2025 жыл – 95 %, 2026 жыл – 97,5 %, 2027 жыл – 99 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
2) меншік нысанына қарамастан тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес келетін мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (2023 жыл – 20 %, 2024 жыл – 50 %, 2025 жыл – 75 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
3) ауыз судың базалық көздерімен, бөлек ең аз жабдықталған дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілген мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (2023 жыл – 83,5 %, 2024 жыл – 94 %, 2025 жыл – 97 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
4) PISA тестілеуінің нәтижелері бойынша мектептегі білім сапасын бағалау (математика бойынша орташа балл: PISA-2022 – 430 (2-деңгей), PISA-2025 – 480 (2-деңгей), PISA-2029 – 482 (3-деңгей); оқу бойынша орташа балл: PISA-2022 – 392 (1а-деңгей), PISA-2025 – 450 (2-деңгей), PISA-2029 – 480 (3-деңгей); жаратылыстану бойынша орташа балл: PISA-2022 – 402 (1а-деңгей), PISA-2025 – 490 (2-деңгей), PISA-2029 – 492 (3-деңгей);
5) PISA нәтижелері бойынша халықаралық зерттеулердегі қазақстандық білім алушылар нәтижелерінің алшақтығын қысқарту: өңірлер арасында (PISA-2022: математика – 62; оқу – 68; жаратылыстану – 59, PISA-2025: математика – 60; оқу – 66; жаратылыстану – 57, PISA-2029: математика – 58; оқу – 64; жаратылыстану – 55), қала/ауыл (PISA-2022: математика – 18; оқу – 22; жаратылыстану – 15, PISA-2025: математика – 16; оқу – 20; жаратылыстану – 13, PISA-2029: математика – 14; оқу – 18; жаратылыстану – 11);
6) PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша функционалдық сауаттылықтың шекті деңгейінен өткен білім алушылардың үлесі (PISA-2025: математика – 54 %, оқу – 38 %, жаратылыстану – 43 %, PISA-2029: математика – 57 %, оқу – 40 %, жаратылыстану – 46 %);
7) толық жинақты мектептердің жалпы санынан жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшкен мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі (2023 жыл – 38 %, 2024 жыл – 40,5 %, 2025 жыл – 45,9 %, 2026 жыл – 94,2 %, 2027 жыл – 96,2 %, 2028 жыл – 96,2 %, 2029 жыл – 96,2 %);
8) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психология-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту (2023 жыл – 73 %, 2024 жыл – 85 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
9) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі (мектепке дейінгі ұйымдарда: 2023 жыл – 40 %, 2024 жыл – 60 %, 2025 жыл – 80 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %, орта білім беру ұйымдарында: 2023 жыл – 80 %, 2024 жыл – 90 %, 2025 жыл – 95 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %, ТжКБ ұйымдарында: 2023 жыл – 70 %, 2024 жыл – 80 %, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
10) жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі (кемінде 20 мбит/с – бір мектепке, егер мектепте 400-ден астам оқушы болса – 20 оқушыға 1 мбит/с) 2023 жыл – 55 %, 2024 жыл – 70 %, 2025 жыл – 85 %, 2026 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
11) енгізілген оқушы орындарының саны (2023 жыл – 137000, 2024 жыл – 743100, 2025 жыл – 619900; 2026 жыл – 160000, 2027 жыл – 160000, 2028 жыл – 160000, 2029 жыл – 160000);
12) физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі (2023 жыл – 75 %, 2024 жыл – 80 %, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 93 %, 2027 жыл – 95 %, 2028 жыл – 97 %, 2029 жыл – 100 %);
13) базалық ауыз су көздерімен, ең аз жабдықталған бөлек дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі (2023 жыл – 92,5 %, 2024 жыл – 96 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
14) ТжКБ оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі (2023 жыл – 70 %, 2024 жыл – 72 %, 2025 жыл – 74 %, 2026 жыл – 75 %, 2027 жыл – 77 %, 2028 жыл – 78 %, 2029 жыл – 80 %);
15) жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9-сынып бітірушілері) (2023 жыл – 80 %, 2024 жыл – 90 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
16) уальды оқытумен қамтылған, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің үлесі (2023 жыл – 25 %, 2024 жыл – 28 %, 2025 жыл – 35 %, 2026 жыл – 38 %, 2027 жыл – 39 %, 2028 жыл – 39,5 %, 2029 жыл – 40 %);
17) ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі (2023 жыл – 60 %, 2024 жыл – 80 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
18) халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес құрылған құзыреттілік орталықтарының саны (2024 жыл – 5 бірлік, 2025 жыл – 15 бірлік);
19) балалардың құқықтық қорғалу деңгейі (2023 жыл – 87 %, 2024 жыл – 89 %, 2025 жыл – 91 %, 2026 жыл – 93 %, 2027 жыл – 94 %, 2028 жыл – 95 %, 2029 жыл – 96 %);
20) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің осы санаттағы балалардың жалпы санынан үлесі (2023 жыл – 16,8 %, 2024 жыл – 16,0 %, 2025 жыл – 15,0 %, 2026 жыл – 14,0 %, 2027 жыл – 13,0 %, 2028 жыл – 12,0 %, 2029 жыл – 11,0 %);
21) терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес балаларды кешенді қорғауды қамтамасыз еткен білім беру ұйымдарының үлесі (2023 жыл – 90 %, 2024 жыл – 100 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
22) азаматтық және патриоттық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде білім алушылардың өзін-өзі басқаруы және дебаттық қозғалыс арқылы тартылған білім алушылардың үлесі (2023 жыл – 35 %, 2024 жыл – 40 %, 2025 жыл – 45 %, 2026 жыл – 50 %, 2027 жыл – 55 %, 2028 жыл – 60 %, 2029 жыл – 65 %);
23) балаларды қосымша білім берумен қамту (2023 жыл – 81,1 %, 2024 жыл – 86,3 %, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 95 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
24) спортпен айналысу үшін жағдай (спорт залдары және спорттық мүкәммалдар) жасаған ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесі (2023 жыл – 92 %, 2024 жыл – 95 %, 2025 жыл – 97 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
25) мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі (2023 жыл – 78 %, 2024 жыл – 81 %, 2025 жыл – 84 %, 2026 жыл – 87 %, 2027 жыл – 88,2 %, 2028 жыл – 90 %, 2029 жыл – 92 %);
26) орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалпы санынан педагог-шебердің, педагог-зерттеушінің, педагог-сарапшының және педагог-модератордың біліктілік деңгейі бар педагогтердің үлесі (2023 жыл – 65 %, 2024 жыл – 70 %, 2025 жыл – 75 %, 2026 жыл – 80 %, 2027 жыл – 84 %, 2028 жыл – 87 %, 2029 жыл – 90 %);
27) жалпы білім беретін мектептерге тартылған жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің саны (2023 жыл – 77419, 2024 жыл – 81500, 2025 жыл – 83600, 2026 жыл – 85700, 2027 жыл – 87800, 2028 жыл – 89900, 2029 жыл – 91800);
28) мемлекеттік ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жалпы санынан өндірістен тартылған мамандардың үлесі (2023 жыл – 8,5 %, 2024 жыл – 10 %, 2025 жыл – 11,4 %, 2026 жыл – 12 %, 2027 жыл – 13 %, 2028 жыл – 14 %, 2029 жыл – 15 %);
29) аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының санынан мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өткен білім беру ұйымдарының үлесі (2023 жыл – 35 %, 2024 жыл – 55 %, 2025 жыл – 75 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 20 %, 2028 жыл – 40 %, 2029 жыл – 60 %).
2030 жылға қарай күтілетін негізгі нәтижелер:
2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың сапалы тәрбие мен оқытуға тең қолжетімділігі.
Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қала мен ауыл арасындағы алшақтықты 1,5 есе қысқарту.
Үш ауысымды және авариялық мектептерді, оқушы орындарының тапшылығын жою.
Әрбір білім алушыға оның шығармашылық, зияткерлік және дене әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасалған.
ТжКБ ұйымдары түлектерінің 80 %-ы еңбек нарығында сұранысқа ие.


Қазақстан Республикасында
мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік білім
беруді дамытудың
2023 – 2029 жылдарға арналған
тұжырымдамасына қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет