Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет3/8
Дата23.02.2016
өлшемі0.78 Mb.
#2592
1   2   3   4   5   6   7   8

      МӨЗ-дiң мұнай өнiмдерiн өндiрудiң болжамдық балансы ПМХЗ-нi жаңғырту жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрi - ТЭН), ПКОП МӨЗ-дi жаңғырту жобасының ТЭН-i, АМӨЗ-дi жаңғырту жобасының ТЭН-i және жобалау-сметалық құжаттамасының негiзiнде орындалды. МӨЗ-дердi дамытудың инвестициялық жобаларын iске асыру кезеңiнде, мұнай өнiмдерiн өндiру мен тұтынудың жыл сайынғы нақты негiзiнде Бағдарламаға тиiсiнше түзетулер енгiзу қажет.
      Республиканың барлық МӨЗ-дерi үшiн мұнай өңдеу тереңдiгiн ұлғайтуға, қалдықты ауыр мұнай өнiмдерiнен жоғары сапалы мотор отынын өңдеуге, сондай-ақ одан әрi өңдеп, бәсекелесе алатын мұнай-химия өнiмiн алу үшiн шикiзат негiзiн құрайтын экспорттық мұнай-химия өнiмiн шығаруға бағытталған кеңейту және жаңғырту жобалары жоспарланған.
      Сонымен қатар, бiр мезгiлде шағын мұнай-газ кен орындарын игеру кезiнде газ тазалайтын арнайы қондырғыларды құрып, жұмыс iстеп жатқан газ өңдеу зауыттарын (бұдан әрi - ГӨЗ) кеңейту талап етiледi.

7-кесте


Жұмыс iстеп тұрған және жаңа газ өңдеу зауыттары мен газды кешендi дайындау қондырғыларының қуаттарын ұлғайту серпiнi

 
 


Гөз өңдеу зауыттары (ГӨЗ) және iлеспе газды кешендi дайындау қондырғылары (ГКДҚ)

Күтiлетiн енгiзу мерзiмi

Жылына қуаты

Жұмыс iстеу бағыты:

Жаңалары:

Газ өңдеу, млн. тек. м

Сұйытылған газ шығару, мың тонна

Газ өңдеу, млн. тек. м

Сұйытылған газ шығару, мың тонна

Газ өңдеу зауыттары

1

ҚазГӨЗ.

-

2900

110

-

-

2

Теңiз ГӨЗ

-

12000

1150

-

-

3

ЖГӨЗ (3-зауыт) II - кезек

2012 ж.

4000

200

4000

280

4

Қашаған ГӨЗ

I-кезек

2013 ж.

-

-

3 000

500

5

Боранкөл ГӨЗ




-

-

3 000

140




ГӨЗ бойынша жиыны




18 900

1460

10 000

920

Газды кешендi дайындау қондырғылары

1

«Амангелдi Газ» ЖШС




700

-

-

-

2

«ҚазГерМұнай» ЖШС




500

90

-

-

3

«Торғай Петролеум» АҚ




150

50







4

Басқа кен орындарында

2012 ж.

-

-

1550

320

Қондырғылар бойынша жиыны




1350

140

1550

320

ГӨЗ бен ГКДҚ




20250

1 600

11550

1240

      Газды кәдеге жарату бағдарламасы шеңберiнде республиканың жер қойнауын пайдаланушылары сұйытылған газды кешендi дайындау қондырғысында шығарады. Қазақстанда сұйытылған көмiрсутектi газ үш ГӨЗ-де - Теңiз, Қазақ, Жаңа жол газ өңдеу зауытында, үш мұнай өңдеу зауыттарында - ПКОП, ПМХЗ, АМӨЗ-де шығарылады.
      Мұнай-газ өңдеу зауыттарының 2009 жылы сұйытылған газ шығару, СКСГ экспорты мен iшкi нарыққа жеткiзiлiмдерiнiң серпiнi және 2014 жылға дейiнгi болжамы 8-кестеде келтiрiлген:

8-кесте


2009 жылғы сұйытылған газ өндiрiсiнiң үрдiсi және 2014 жылға дейiнгi болжамы

Атауы

2009 ж (факт)

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

ҚРГӨЗ

1443

1636

1662

1737

1790

1790

Теңiзшевройл ГӨЗ

1157,3

1256

1282

1247

1250

1250

Жаңажол ГӨЗ

129,0

150

180

250

300

300

ҚазГӨЗ

92,3

100

100

100

100

100

Қазгермұнай ГКДҚ

55,3

80

100

140

140

140

Торғай-Петролеум ГКДҚ

8,8

50

80

80

80

80

ҚРМӨЗ

382

409

404

413

429

538

ПМХЗ

237,0

254

254

263

271

282

ПКОП

137,0

142

142

141

144

147

АМӨЗ

8,0

13

8

9

14

109

Сұйытылған газ өндiрiсiнiң барлығы

1825

2045

2066

2150

2219

2328

Сұйытылған газдың iшкi нарыққа жеткiзiлiмдерi

520

520

520

550

600

600

      Жүргiзiлген зерттеулер бәсекеге қабiлеттi, қосылған құны жоғары экспорттық мұнай-химия өнiмiн шығару бағытында саланы әртараптандыруға мүмкiндiктердiң бар екенiн көрсеттi.
      Сондықтан, көмiрсутек шикiзатын терең өңдеу жөнiндегi толық технологиялық циклдi құру және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту, отандық нарықты базалық мұнай-химия өнiмiмен толықтыру, сондай-ақ экспортқа бәсекеге қабiлетi бар қазақстандық өнiмдi жеткiзу үшiн әзiрленген мұнай-химия өндiрiстерiн құру инвестициялық жобаларын  және барлық МӨЗ-дердi жаңғыртудың инвестициялық жобаларын iске асыру жоспарлануда.
      Қазақстан Республикасының әлемдiк деңгейдегi мұнай-химия кешендерiн табысты салуды қамтамасыз ететiн бiрқатар айқын басымдықтары бар, оның негiзгi аргументтерi мыналар:
      1) жеткiлiктi шикiзат ресурстары (мұнай мен газ) бар;
      2) Қазақстан Республикасының түрлi өңiрлерiндегi (Теңiз, Каспий) кен орындарын игерудiң этан құрамды фракциясы газдың жалпы көлемiнiң 13-тен 16 %-ға дейiнгiнi құрайтын табиғи және iлеспе газдары пайдаланатын болады, бұл базалық мұнай-химия өнiмiн - этилен өндiрiсi үшiн негiзгi экономикалық және технологиялық басымдық болып табылады;
      3) этилендi мұнай-химия өнiмдерiнiң кең спектрiн өндiру үшiн
пайдалануға болады, бiрақ экономикалық жағынан түрлi маркалы полиэтйлен мен полипропилен, стирол мен полистирол, этиленгликоль және этилбензол және өнiмнiң 20-дан астам басқа да түрлерiн шығару тиiмдi болып табылады;
      4) Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық жаңғырту және жете жабдықтау басталды және басқа да МӨЗ бен ГӨЗ бойынша да осындай жұмыстар жалғастырылатын болады, бұл мұнай-химия өндiрiстерi үшiн шикiзаттың қосымша ресурстарын пайдалануға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстанда алынған мұнай-химия өнiмi экономиканың индустриялық дамуының мультипликативтiк әсерiне ықпал ететiн болады - өндiрiлетiн базалық өнiм экономиканың шектес салалары үшiн қосымша құны жоғары өнеркәсiптiк және тұрмыстық бағыттағы өнiмдi: құрылыс, орау, қаптау материалдары және пластмасса аспаптар мен бұйымдар және т.б. шығару үшiн шикiзат болып табылады. Мысалы, жаңғырту бағдарламасының шеңберiнде «Атырау МӨЗ-де хош иiстi кемiрсутектер (бензол мен параксилол) өндiру кешенi» инвестициялық жобасының iске асырылуы мұнай өңдеу тереңдiгiн ұлғайтуды және Қытай мен Орталық және Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнiң кәсiпорындары, сондай-ақ қосымша құны жоғары мұнай-химия өнiмдерiн өндiру бойынша құрылатын (2014 жылдан кейiн) отандық кәсiпорындар тұтынуы мүмкiн хош иiстi қоспаларды шығаруды қамтамасыз етедi.
      Қазақстандық мұнай-химия өнiмiнiң халықаралық нарықта өз орнына ие болуы үшiн Қазақстанның негiзгi сату нарықтарының қашықтығын және тасымалдау құрамы есебiнен түпкiлiктi бағаның қымбаттайтынын ескерген өте маңызды.
      Мұнай мен газды тасымалдау, инфрақұрылымды дамыту
      Қазақстан үшiн мұнай мен газ өндiрiсiнiң ұлғаюы болжамдарын ескере отырып, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрлымын дамыту мәселесi күннен күнге маңызды болуда, жаңа экспорттық жүйелердi салу және қолда барын кеңейту жөнiндегi жұмыс өзектi болып табылады.
      Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан тасымалдау шығындары барынша төмендетiлген жағдайда қазақстандық көмiрсутектерiн неғұрлым тартымды сату нарықтарына тасымалдау жөнiндегi жобаларды iздеудi және iске асыруды жалғастыруы тиiс. Мұнай мен газды экспорттау қуаттары мен бағыттарының дамуы өндiру мен iшкi тұтынудың перспективтi көлемдерiне, транзиттiк елдермен ұзақ мерзiмдi уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейiне және әлемдiк тұтыну нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуi тиiс. Мұнай экспортының болжамды көлемдерiн бағалау бойынша 75 млн. тоннаға дейiн өсу көзделедi.
      Қазақстан мұнайын тасымалдаудың экспорттық бағыттарын дамыту және әртараптандыру мақсатымен мына жобаларды iске асыру жөнiндегi жұмыс жүргiзiлуде: КҚК мұнай құбырын кезең-кезеңмен кеңейту, Баку - Тбилиси - Джейхан құбырына қосумен Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесiн құру және Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткiзу қабiлетiн ұлғайту. Қазақстандық мұнай экспорты көлемдерiнiң негiзгi бағыттары 9-кестеде көрсетiлген.

9-кесте


2014 жылға дейiнгi мұнай тасымалдаудың негiзгi үрдiстерi



Атауы

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

1

Мұнайды және тұрақтандырылған газ конденсатын өндiру, млн. тонна, оның iшiнде

80

81

83

83

85




Импорт

7,0

7,5

8,0

8,0

9,0

2

Бөлуге арналған ресурстар, барлығы:

87,0

88,5

91,0

91,0

94

3

Iшкi нарыққа жеткiзу, барлығы:

13,1

13,1

13,3

14,2

15,1




Битум зауыты




0,5

1,0

1,0

1,0

4

Экспорттық ресурстар, *
оның iшiнде бағыттар бойынша:

73,0

73,0

74,0

74,0

75,0

4.1.

Атырау-Самара

15,0

15,0

15,0

15,0

15,0

4.2.

Каспий Құбыр Консорциумы

28,0

28,0

28,0

32,0

37,0

4.3.

Қазақстан-Қытай

10,0

12,0

14

20

20

4.4.

ОГӨЗ

2,0

2,0

2,0

2,0

2,0

4.5.

Ақтау порты

11,0

10,0

10,0

3,0

2,0

4.6.

темiр жол бойынша

7,0

6,0

5,0

2,0

1,0

* - кейбiр бағыттар бойынша бөлу бағалық болып табылады
      Мұнай құбырларын кеңейту жобаларын ескере отырып, мұнай мен газ конденсатын теңдестiрiлген өндiру кезiнде экспорт негiзгi екi - КҚК және Қазақстан-Қытай бағыттары бойынша ұлғайтылатын болады. Ақтау теңiз порты бағытында темiр жолмен тасымалдау көлемiн бiрте-бiрте азайту болжанып отыр.
      Газ магистралдарының жүйесi кеңестiк газ тасымалдау жүйесi шеңберiнде құрылды және табиғи газды Орталық Азиядан Ресейге және Кавказ елдерi республикаларына жеткiзуге функционалдық бағытталған болып қала бермек, сондықтан Ресей қазақстандық газдың экспорты кезiнде негiзгi бағыт болып қала бередi. Ұзақ мерзiмдi кезеңде тауарлық газ өндiрiсi көлемiнiң ұлғайып келе жатқанын, сондай-ақ республиканың оңтүстiгiнiң энергиялық тәуелсiздiгiн шешу қажеттiгiн назарға ала отырып, газ тасымалдау қуаттарын әртараптандыру маңызды мәселе болып табылады.
      Болжамды деректер бойынша көлемi 2014 жылы 122,3 текше метрге дейiн ұлғайтылатын Қазақстан арқылы халықаралық газ транзитiн дамытуға жеке назар аудару қажет.
      Көмiрсутектердi iшкi және сыртқы нарықтарға жеткiзудiң көп векторлық қағидаттарына сүйене отырып, табиғи газ экспорты және экспорттық бағыттары бойынша барлық экономикалық тұрғыдан пайдалы бағыттарды дамытуды жалғастыру қажет.
      Қазiргi уақытта, газ экспортының ресейлiк бағытына бәсекелесетiн баламаның жоқ екенiн және ағымдағы сату Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасында жүзеге асырылып жатқанын ескере отырып, қазақстандық тарап уәкiлеттiк берген ұйым арқылы жеткiзудi жүргiзiп нарықтық әдiл баға алу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл ретте уәкiлеттi органдармен («Трансферттiк баға белгiлеу туралы» Заңға сәйкес) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекарасында эксперттiк бағаны келiсу және бекiту үшiн нормативтiк құқықтық актiлерге қажеттi нормаларды енгiзу бойынша тиiстi жұмысты жүргiзу.
      Iшкi газбен жабдықтауды дамыту тұрғындардың әлеуметтiк жағдайын жақсартуға бағытталған саланы дамыту басымдықтарының бiрi болып қала бермек. Қазiргi уақытта, республикада 30 және одан да көп жыл бұрын салынған, ұзақтығы шамамен 11 мың км болатын орта және төмен қысымды газ тарататын желiлерiнiң басым бөлiгi өзiнiң берiктiлiк қорын тауысқан. Таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйi негiзгi құралдар мен жабдықтың жоғары дәрежелi тозуымен сипатталады.
      «ҚазТрансГаз-Аймақ» акционерлiк қоғамы бөлiмшелерi пайдаланатын газ тарату желiлерi бойынша газ құбырларының шамамен 18%-ы авария алдындағы жағдайда. Бұл ретте, болат құбырларды пайдаланудың нормативтiк мерзiмдерi 30 жыл болса, жабдық пен құбырлардың 12%-ы 35 жылдан астам пайдаланылып келедi. Бұдан басқа, газ құбырларының жылдам тозуы жер асты құбырлардың 40%-ға жуық ұзындығы электр-химия қорғағышсыз (2001 жылы - 70 % астам) пайдаланылуынан болып отыр. Газ реттеу пункттерiнiң (бұдан әрi - ГРП) жартысына дерлiгi және шкафтық газ тарату пункттерiнiң (бұдан әрi - ШГТП) үштен бiр бөлiгi жөндеудi немесе алмастыруды қажет етедi.
      Газ құбырларының тозғандығынан жүйеде қысым жобалықтан төмен, өйткенi қысымды жобалыққа дейiн арттырған жағдайда газдың шығуы артып, әбден тозығы жеткен ГРП мен ШГТП жабдығы iске қосылып кетедi (iске қосылмай қалады).
      Осы газ құбырларын пайдалану қосымша шығыстарды, оның iшiнде авариялық өтiнiмдердi орындау және жою қажеттiгiмен байланысты шығыстарды талап етедi. Қосымша құрылыс техникасын сатып алу, техникалық персонал штатын ұлғайту, авариялық құбыр қорларын және тиектi арматураны сатып алу қажеттiгi қоса жүретiн жер жұмыстарының көлемi ұлғаюда. Таяу жылдары газ құбырларының қирауы, әсiресе сейсмикалық қауiптi аудандарда және топырағы жоғары тоттану белсендiлiгiмен ерекшеленетiн аудандарда жүйелi сипат алуы мүмкiн.
      Сонымен қатар, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың дамуына және тұрғындардың өсуiне байланысты газдың тұтынылуы өсiп келедi. Бұл жағдайда, Қазақстан Республикасының газ тарату желiлерiн жаңғырту мәселесi өткiр болып табылады. Газ тұтынушыларын газбен сенiмдi қамтамасыз ету және пайдалану шығыстарын азайту үшiн жаңғырту бағдарламасын әзiрлеу мақсатында газ тарату желiлерiне кешендi диагностика жүргiзу талап етiледi.
      Облыс әкiмдерiнiң деректерi бойынша болжамды газ тұтыну көлемi 2014 жылы 13,8 млрд. текше м. құрамақ, бұл 2009 жылғыдан 1,6 есе көп.
      Дамудың келесi кезеңдерiн қоса алғанда, КТҚС-ын игеру перспективаларын, Қашаған кен орнын iске асыру ауқымын ескере отырып, барлау және өндiру, өнiмдi тасымалдау және сақтау үшiн қажеттi жағдайды қамтамасыз етудi, экология мәселелерiн шешудi және төтенше жағдайларға ден қою шараларын жасауды, инфрақұрылым объектiлерiн салуды қамтитын жағадағы инфрақұрылымын уақытында және барабар дамытуға ерекше мән берiледi.
      Түпқараған шығанағының жағалауында және ауданындағы теңiз мұнай операцияларын жағадағы қолдаудың қажеттi объектiлерi Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi теңiз көмiрсутек кен орындарын толық ауқымды игеру басталғанға дейiн салынған. Бүгiнгi күнi Түпқараған шығанағының жағалауында және ауданында Теңiз мұнай операцияларын қолдау базалары, Теңiз кемелерiне май құю станциялары, Тас жынысын тиеу айлақ кешенi, Өнеркәсiптiк улы қалдықтарды көмуге арналған полигондар, Қолдау базасы салынған және жұмыс iстейдi. Түпқараған шығанағының жағалауында және ауданында жағалау инфрақұрылымының мынадай объектiлерiн - металл конструкциялар зауыты үшiн өндiрiстiк алаң, бұрғылау ерiтiндiлерiн өндiру зауытын салу жүзеге асырылып жатыр, теңiз операцияларын қолдау базасының құрылысы аяқталып келедi.
      Атырау облысының Дамба кентi ауданында мұнайдың төгiлуiне ден қоюдың Солтүстiк Каспий экологиялық базасы құрылысының жобасы iске асырылуда. Ақтау қаласынан солтүстiкке қарай Ақшұқыр кентi ауданында КТҚС теңiз жобаларына арналған Металл конструкцияларын өндiру жөнiндегi өнеркәсiптiк кешен құрылысы басталды.
      Оператор КТҚС жағадағы инфрақұрылымын салған кезде қазақстандық үлестi ұлғайтуға назар аудармай, Қашаған жобасын iске асыру мерзiмдерi мен құнына едәуiр дәрежеде ден қоя алады.
      Металл конструкцияларына тапсырыстардың бiркелкi орналастырылмауы, Солтүстiк Каспий жобасының II фазасы мерзiмiнiң белгiсiздiгi қосымша қиындықтар туғызуда, бұл жағалау аймағына металл конструкцияларын жеткiзу бойынша қосымша қуаттарды құруды кiдiртiп отыр.
      Мына бағыттар - металл конструкцияларын өндiру зауытының құрылысы, кеме верфтерiн, кеме жөндеу қуаттарын дамыту, инженерлiк инфрақұрылыммен (электр желiлерi, сумен жабдықтау, коммуникациялар) қамтамасыз ету, кадрлық қамтамасыз ету тиiстi назарды талап ететiн болады.
      Судың тереңдiгi 5 метрден бастап 80 метрге дейiн болғанда Каспий теңiзiнiң айлағындағы барлау, бағалау және пайдалану мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған «Өздiгiнен көтерiлетiн жүзбелi бұрғылау қондырғысын жобалау және салу» перспективалық жобалардың бiрi болып табылады.
      Өндiрiстiк қуаттарға деген қажеттiлiктi талдау Қазақстанның қазiргi бар және болжанып отырған верфтерi жылына көлемi 90 мың тоннадан көп емес (жылына 160 тоннаға дейiн ұлғайту ықтималдығы) металл конструкцияларын жасай алатынын көрсеттi. Бүгiнгi күнi ондағы жұмыс iстеушiлердiң саны шамамен 2 мың адам болады.
      ТШО, ҚПО б.в. компанияларының құрылыс және кеңейту жобаларын, «Жемчужины» жобасының және Қашаған кен орнының теңiз және жер бетiндегi жобаларын (II фаза) назарға алатын болсақ, онда бiлiктi жұмыс күшiне деген сұраныс едәуiр артуы мүмкiн. Перспективада КТҚС үшiн металл конструкцияларын өндiретiн кәсiпорындар үшiн кадрларды оқытудың арнайы бағдарламасын әзiрлеу қажет.
      Энергия үнемдеу саясаты Қазақстанның отын-энергетика ресурстарымен жоғары деңгейде қамтамасыз етiлуiне қарамастан, энергия тасушылар бағасының артуы және Қазақстанның алдағы уақытта Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiруi жағдайында, энергетика ресурстарын тұтынушылардың алдында аса маңызды - шығарылатын өнiмнiң энергия сыйымдылығын азайту мiндетi тұр.
      Энергия үнемдеудiң негiзгi бағыттары отын-энергетика ресурстарын өндiру, қайта құру, тасымалдау, сақтау мен тұтыну кезiнде олардың шығынын азайту, сондай-ақ энергия тиiмдi техника мен өнiмдi, озат технологияларды енгiзу жөнiндегi жобаларды iске асыру болып табылады.
      Газ саласындағы энергия үнемдеудiң негiзгi бағыттарының бiрi газды өз мұқтаждықтарына жұмсау және шығындарын азайту негiзiнде елдiң газ көлiгi жүйесiндегi энергия үнемдеу саясатын жүргiзу болып табылады, бұл газ транзитiнiң өзiндiк құнын азайтуға және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың шығарындыларын төмендетуге мүмкiндiк бередi.
      Бұл ретте газ көлiгi жүйесiнде қазiргi Газ өңдеушi агрегаттардың (бұдан әрi - ГӨА) пайдалы әрекеттерi коэффициентiн (бұдан әрi - ПӘК) ұлғайта отырып жаңғырту, ГӨА жану камераларын жаңғырту, регенераторды неғұрлым тиiмдiлерiне ауыстыру, орнатылған және пайдаланылып жүрген жабдықтардың (ГОА, сорғылар мен желдеткiштердiң электржетектерi, жандыру қондырғылары, жылумен жабдықтау жүйелерi) жұмысын оңтайландыру және басқа да шаралар көзделуде.
      Салалық бағдарламаның шеңберiнде iске асыру жоспарланатын мұнай-химия өндiрiстерiнде халықаралық нарықтың жетекшi лицензиялық жоғары технологиялық және энергия үнемдейтiн технологиялары пайдалаңылатын болады.
      «Бiрiктiрiлген газ-химия кешенiнiң құрылысы» инвестициялық жобасында мынадай энергия үнемдейтiн технологиялар мен қондырғытар пайдаланылатын болады: газ өңдеу - ABB/CBI, Linde; булы крекинг - Linde, АВВ/СВI, TECHNIP, Stone & Webster; пропанды дегидрирлеу - UOP, АВВ/СВI, Uhde; этилендi димеризациялау - Axens, Bazell/Borealis технологиясы бойынша полиэтилен мен полипропилен шығару.
      2010 жылғы наурызда СВI Lummus компаниясымен (АҚШ) пропанды дегидрирлеу технологиясына және полипропилен шығаруға лицензиялық келiсiмдерге қол қойылды, 2010 жылғы желтоқсанда негiзгi жабдықтарды дайындауға тапсырыстарды орналастыру жоспарлануда.
      Атырау МӨЗ-iн жаңғырту жөнiндегi iс-шаралардың шеңберiнде «Атырау МӨЗ-iнде хош иiстi көмiрсутектер өндiру жөнiндегi кешен құрылысы» (бұдан әрi - КӨК) инвестициялық жобасын iске асыру жүзеге асырылуда. КӨК-те лицензиар - Axensтiң (Франция) технологиясы, оның iшiнде ксилолдарды алдын ала фракциялайтын «Eluxyl»; ксилолдарды изомеризациялайтын «ХуМах»; толуолды трансалкилирлейтiн «TransPlus» технологиялары және басқа да қосалқы жабдықтар бар. КӨК үшiн секциялар бойынша ұзақ жасалатын лицензиялық жабдыққа тапсырыс беру 2010 жылғы қыркүйекте жүзеге асырылады.
      Бұдан басқа АМӨЗ-дi жаңғырту - «Мұнайды тереңдетiп өңдеу кешенiн салу» (бұдан әрi - МТӘКС) инвестициялық жобасы бойынша да «Axens» компаниясының энергия үнемдейтiн технологиялары таңдап алынды және 2010 жылғы 25 ақпанда МТӨК-тiң Бас мердiгерi мен «Axens» компаниясының арасында 8 технологиялық процесс бойынша лицензиялық келiсiмдерге қол қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет