Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 0.84 Mb.
бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
  1   2   3   4

2014 жылғы 16 шілде 144




Қазақстан Республикасында

қолма-қол шетел валютасымен

айырбастау операцияларын ұйымдастыру

қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»
2005 жылғы 13 маусымдағы және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан ерте емес қолданысқа енгiзiледi.





Ұлттық Банк

Төрағасы


Қ. Келімбетов

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрлігі

2014 жылғы «___» ____________

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

2014 жылғы «___» ____________

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

2014 жылғы «___» ____________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

№ 144 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

күші жойылған қаулыларының

тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4468 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 13 желтоқсанда № 215 (1021) жарияланған).

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4970 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 15 қарашада № 175 (1204) жарияланған).

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5503 тіркелген,
2009 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 4).

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді, жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5843 тіркелген, «Заң газеті» газетінде


2009 жылғы 22 желтоқсанда № 193 (1616) жарияланған) қосымшаның
3-тармағы.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 108 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6008 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2010 жылғы 19 ақпанда № 26 (1648) жарияланған).

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7852 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 қыркүйекте № 609-614 (27687) жарияланған).

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 23 шілдеде № 107 (2308); 2013 жылғы 24 шілдеде № 108 (2309); 2013 жылғы 25 шілдеде № 109 (2310); 2013 жылғы 30 шілдеде № 111 (2312); 2013 жылғы 31 шілдеде № 112 (2313); 2013 жылғы 1 тамызда № 113 (2314); 2013 жылғы 2 тамызда № 114 (2315); 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 15-тармағы.

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8567 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 7 тамызда № 116 (2317) жарияланған) қосымшаның 3-тармағы.

9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9197 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет»


ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 28 наурызда, «Заң газеті» газетінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 52 (2446) жарияланған).

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

144 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен

айырбастау операцияларын ұйымдастыру

қағидалары
1. Жалпы ережелер


  1. Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
    30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау пункттері арқылы айырбастау операцияларын ұйымдастырудың, жүргізудің тәртібін айқындайды, уәкілетті ұйымдарды лицензиялаудың тәртібі мен талаптарын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын, айырбастау пункттерінің қызметіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ уәкілетті банктің айырбастау пункттерін (оның ішінде автоматтандырылған) ашу, қызметін тоқтата тұру, қайта қалпына келтіру, жабу туралы хабарлау тәртібін белгілейді.

  2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Валюталық реттеу туралы заңда көрсетілген мағынада пайдаланылады.

Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай терминдер мен ұғымдар да пайдаланылады:

1) автоматтандырылған айырбастау пункті – уәкілетті банкке тиесілі және оған қолма-қол ақшаны осы құрылғыға енгізу және одан басқа валютада


қолма-қол балама соманы алу жолымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық-механикалық құрылғы;

2) айырбастау операциялары – айырбастау пункттері және автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын


қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операциялар;

3) айырбастау пунктінің операциялық кассасы – айырбастау пункті


үй-жайының қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу кезінде клиенттерге қызмет көрсететін кассирге арналған арнайы жабдықталған бөлігі;

4) компьютерлік жүйе – бақылау-кассалық машинаның функцияларын іске асыратын, айырбастау операцияларының есебін жүргізуді қамтамасыз ететін және салық органында есепке қойылған автоматтандырылған ақпарат жүйесі;

5) қолданыстағы лицензия – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген немесе қайта ресімделген, қолданылуы тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған лицензия;

6) қолма-қол шетел валютасы – шетелдік мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған айналыстағы банкноттар және қазынашылық билеттер;

7) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға – өзіне берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген құқықтарға сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк;

8) лицензияға қолданыстағы қосымша – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген немесе қайта ресімделген, қолданылуы тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған лицензияға қосымша;

9) лицензияға қосымша – лицензияның уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің нақты орналасқан орны туралы мәліметтерден тұратын ажырамас бөлігі;

10) электрондық лицензия және лицензияға электрондық
қосымша – ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін, маңызы қағаз тасымалдағыштағы лицензиямен және лицензияға қосымшамен бірдей электрондық құжат нысанындағы лицензия және лицензияға қосымша.
 

2. Уәкілетті ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары


3. Уәкілетті ұйым қызметінің ерекше түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады.

4. Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес – жеке тұлғалары және (немесе) заңды тұлғалары уәкілетті ұйымның құрылтайшылары болып табылады.



Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған уәкілетті ұйымның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) болып табылатын тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының (бұдан әрі – Ұлттық Банк филиалы) тиісті шешімінің күнінен бастап үш жыл өткенге дейін уәкілетті ұйымның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) бола алмайды.

5. Уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты одан тысқары жерлерде өкілдіктерін құруға, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға немесе жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынады.

6. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталы айырбастау пункттерінің санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгілеген ең төмен мөлшерге тең немесе одан асатын мөлшерде ақшалай нысанда қалыптастырылуға тиіс.

Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталы уәкілетті ұйым лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасын алу үшін өтініш жасағанға дейін толық көлемде қалыптастырылады.

7. Уәкілетті ұйымның Қағидалардың 31-тармағында белгіленген талаптарға жауап беретін, айырбастау пунктін орналастыру үшін үй-жайы, айырбастау пунктінің жұмыс істеуі үшін жабдығы, айырбастау пунктінің қызметкерлері болуға тиіс.

8. Уәкілетті ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер;

2) Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйымның банк шотына ақшаның есептелуін растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме);

3) кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы дайындықтан өтуін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған), не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

4) ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындау үшін техникалық құралдардың сипаттамаларын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;



5) бақылау-касса аппаратын дайындаушы зауыттың паспортының көшірмесі немесе компьютерлік жүйенің функционалдық мүмкіндіктерінің және сипаттамаларының қысқаша сипаты.

3. Уәкілетті ұйымдарды лицензиялау тәртібі және талаптары
9. Уәкілетті ұйым лицензияны және оған қосымшаны алу үшін уәкілетті ұйымның мемлекеттік тіркелген орны бойынша Ұлттық Банк филиалына мынадай құжаттарды:

1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша оған қосымшаны алуға өтінішті;

2) жарғының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

4) «электрондық үкімет» төлемдік шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға құқық үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

5) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

6) банктің шетел валютасындағы шоттың бар екендігі туралы анықтамасын ұсынады.

Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

10. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензия және оған қосымша қазақ және орыс тілдерінде құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша беріледі. Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту Валюталық реттеу туралы заңның 6-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

11. Қолданыстағы лицензияға қолданыстағы қосымшаның болуы уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің жұмыс істеуі үшін негіз болып табылады. Уәкілетті ұйым қосымша айырбастау пунктін ашу үшін қолданыстағы лицензияға қосымшаны алады, ол қазақ және орыс тілдерінде құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша беріледі.

12. Уәкілетті ұйым қолданыстағы лицензия және уәкілетті ұйымның тиісті аймақтағы (облыстағы, астанадағы, республикалық мәні бар қалада) филиалы болған кезде ғана уәкілетті ұйымның мемлекеттік тіркелген аймағынан (облыстан, астанадан, республикалық мәні бар қаладан) тыс айырбастау пункттерін ашады.



Айырбастау пункті уәкілетті ұйымның мемлекеттік тіркелген орны аймағынан (облыстан, астанадан, республикалық мәні бар қаладан) тыс ашылған жағдайда, қолданыстағы лицензияның қосымшасын алу үшін уәкілетті ұйымның тиісті филиалы ашылатын айырбастау пунктінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банк филиалына өтініш жасайды.

13. Қосымша айырбастау пунктін ашқан кезде қолданыстағы лицензияға қосымшаны алу үшін уәкілетті ұйым немесе оның филиалы айырбастау пунктінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банк филиалына мынадай құжаттарды:

1) қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған қолданыстағы лицензияға қосымша алуға арналған Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінішті;

2) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.

Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

Егер Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес қосымша айырбастау пунктін ашу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту талап етілсе, екінші деңгейдегі банктің жарғылық капиталды толықтыру мақсаттары үшін уәкілетті ұйымның банк шотына ақшаның есептелуін растайтын құжаты (клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) қолданыстағы лицензияның қосымшасын алу үшін өтініш жасаған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес берілуге тиіс. Өзге жағдайларда бұл құжатты ұсыну талап етілмейді.

14. Ұлттық Банк филиалы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны бергенге дейін уәкілетті ұйымның айырбастау пунктін оның үй-жайына және техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкестігіне, ал қосымша айырбастау пунктін ашқан кезде қолданыстағы лицензияға қосымшаны бергенге дейін қарап тексереді.

15. Уәкілетті ұйым Ұлттық Банк филиалына қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны қайта ресімдеуге мынадай жағдайларда өтініш жасайды:

1) уәкілетті ұйым қосылу, бірігу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде;

2) уәкілетті ұйымның атауы және (немесе) мемлекеттік тіркеу орны өзгерсе.

Уәкілетті ұйым (оның филиалы) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін мынадай жағдайларда Ұлттық Банк филиалына өтініш жасайды:

1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны қайта ресімдеген кезде;

2) айырбастау пунктінің нақты орын ауыстыруынсыз орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген кезде.

Ұлттық Банк филиалы лицензияны және (немесе) оған қосымшаны құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде және Рұқсаттар туралы заңның 33 және 34-баптарында белгіленген тәртіппен қайта ресімдеуді жүзеге асырады. Бұл ретте қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия және (немесе) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияның қосымшасы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

16. Лицензияның дубликатын (лицензия қосымшасының дубликатын) беру және қағаз тасымалдауышта берілген лицензияны (лицензияның қосымшасын) электрондық форматқа аудару Рұқсаттар туралы заңның


43-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

17. Электрондық лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын беру, қайта ресімдеу бойынша электрондық мемлекеттік қызметтер «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қағидаларда белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

Электрондық лицензияны және (немесе) оның қосымшасын алу үшін талап етілетін құжаттар уәкілетті ұйымның лауазымды немесе өзге уәкілетті тұлғасының электрондық сандық қолтаңбасымен расталып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

18. Уәкілетті ұйым оның филиалын әділет органдарында есептік тіркеген (қайта тіркеген) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті ұйымның филиалын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін қоса отырып, уәкілетті ұйымның мемлекеттік тіркелген орны бойынша Ұлттық Банк филиалына жазбаша хабарлайды.

19. Уәкілетті ұйым Ұлттық Банк филиалына ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшерінің және (немесе) құрылтайшылары құрамының өзгеруі туралы жарғының жаңа редакциясының немесе жарғыға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған), сондай-ақ әділет органдарына хабарлау фактісін растайтын құжатты ұсына отырып әділет органдарының тіркеген және (немесе) хабарлаған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша хабарлайды.

Жарғылық капиталдың мөлшері ұлғайған жағдайда жарғылық капиталды толықтыру мақсаттары үшін уәкілетті ұйымның банк шотына ақшаның есептелуін растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) ұсынылады.

Құрылтайшылардың құрамы және (немесе) ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшері өзгерген жағдайда, уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

20. Уәкілетті ұйым (оның филиалы) айырбастау пунктінде айырбастау пунктінің операциялық кассалары санының ұлғаюы туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, бұл туралы Ұлттық Банк филиалына жазбаша хабарлайды.

21. Лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы Рұқсаттар туралы заңның 35-бабында белгіленген жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.

22. Ерікті таратылған не қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметтен бас тартқан жағдайда, уәкілетті ұйым шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, Ұлттық Банк филиалына жазбаша хабарлайды және лицензияның және оның қосымшаларының түпнұсқаларын қазақ және орыс тілдерінде қайтарады (қағаз нысанында берілген лицензия және оның қосымшалары үшін).

Уәкілетті ұйым өз филиалын ерікті таратқан жағдайда тиісті шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, таратылатын филиалды есептік тіркеу орны бойынша бұл туралы Ұлттық Банк филиалына жазбаша хабарлайды және уәкілетті ұйымның таратылатын филиалының айырбастау пункттеріне берілген лицензия қосымшаларының түпнұсқаларын қазақ және орыс тілдерінде қайтарады (қағаз нысанында берілген лицензияның қосымшалары үшін).

Айырбастау пунктін жапқан жағдайда, уәкілетті ұйым (оның филиалы) айырбастау пункті жабылған күннен батап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк филиалына қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды және лицензияның қосымшасының түпнұсқасын қазақ және орыс тілдерінде қайтарады (қағаз нысанында берілген қосымша үшін).



23. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияның және (немесе) оның қосымшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған не уәкілетті ұйым лицензиядан айырылған жағдайда, Ұлттық Банк филиалының шешімі Қағидалардың 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ресімделеді және оны Ұлттық Банк филиалының басшысы бекітеді.

Ұлттық Банк филиалының тиісті шешімінің көшірмесі уәкілетті ұйымға шешім қабылданған күні жіберіледі.

Уәкілетті ұйым Ұлттық Банк филиалы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап және Ұлттық Банк филиалының шешімінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін:

1) лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда – оған тиесілі барлық айырбастау пункттерінің қызметін;

2) лицензия қосымшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған
жағдайда – айырбастау пунктінің қызметін тоқтата тұрады.


4. Уәкілетті банктердің айырбастау пункттерін ашу, қызметін

тоқтата тұру, жаңарту, жабу туралы хабарлау тәртібі
24. Айырбастау пункттері қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғалар болып табылатын уәкілетті банктерді ашады.

25. Уәкілетті банк (оның филиалы) айырбастау пункттерін, оның ішінде автоматтандырылғандарын тек уәкілетті банктің (оның филиалының) орналасқан жері аймағының (облыстың, астананың немесе республикалық мәні бар қаланың) шегінде ғана ашады.

26. Айырбастау пунктін, оның ішінде автоматтандырылғанын ашқан немесе жапқан кезде, уәкілетті банк (оның филиалы) Ұлттық Банк филиалына уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген нысан бойынша хабарлама жібереді.

Ұлттық Банк филиалы айырбастау пункті қызметінің басталғаны туралы хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке (оның филиалына) уәкілетті банктің айырбастау пунктінің куәлігін Қағидаларға


9-қосымшаның нысаны бойынша береді.

27. Айырбастау пункті қызметінің басталғаны туралы хабарлама айырбастау пункті операцияларды жүргізе бастағанға дейін жіберіледі және уәкілетті банктің ашылатын айырбастау пунктінің Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы растауы болып табылады.

Айырбастау пункті қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлама айырбастау пунктінің операцияларды жүргізу тоқтатылған күннен кешіктірмей жіберіледі. Бұл ретте уәкілетті банктің айырбастау пункті куәлігінің қағаз нысанында берілген түпнұсқасы қазақ және орыс тілдерінде Ұлттық Банк филиалына қайтарылуға жатады.

28. Уәкілетті банк (оның филиалы) айырбастау пунктінің қызметін тоқтата тұру, жаңарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті банктің айырбастау пункті куәлігінің нөмірі мен күнін көрсете отырып Қағидалардың 39-тармағында көзделген тәртіппен бұл туралы Ұлттық Банк филиалына хабарлайды.

29. Айырбастау пункті қызметінің басталуы туралы бұрын ұсынылған хабарламада хабарламаны толтыру үшін міндетті мәліметтер немесе деректер өзгерген жағдайда, уәкілетті банк (оның филиалы) өзгерістер болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің тиісті филиалына Қағидалардың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша осындай өзгерістер туралы хабарламаны жібереді.

Ұлттық Банк филиалы өзгерістер туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке (оның филиалына), егер мұндай өзгерістер уәкілетті банктің айырбастау пунктінің бұрын берілген куәлігінде көрсетілген деректерді өзгертуге әкелсе, Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті банктің айырбастау пунктінің куәлігін береді.

30. Айырбастау пункті қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы, сондай-ақ айырбастау пункті қызметінің басталуы туралы хабарламада көрсетілген мәліметтердің өзгеруі туралы хабарлама осындай хабарламаны қабылдауды қамтамасыз ететін ақпарат жүйесі жұмыс істеген жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық тәсілмен ұсынылады.

Хабарламаны қабылдауды қамтамасыз ететін ақпарат жүйесі жұмыс істемеген кезде хабарлама қағаз нысанда жіберіледі.

5. Айырбастау пункттеріне қойылатын талаптар және

олардың жұмыс істеу шарттары
31. Айырбастау пункті (автоматтандырылған айырбастау пунктін қоспағанда) үй-жайға, жабдыққа және қызметкерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) айырбастау пунктінің үй-жайларын күзетуді ұйымдастыру және жайластыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде


№ 8080 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс;

2) кассирдің жұмыс орны банкнотты ультракүлгін сәулемен тексеруді (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге) және банкнотты магниттік белгілердің болуына тексеруді қамтамасыз ететін ақша белгілерінің тұпнұсқалығын анықтау үшін бақылау-касса машинасымен және техникалық құралдармен жабдықталуы тиіс;

3) айырбастау пунктінің кассирі қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша дайындықтан өтуі тиіс не қолма-қол шетел валютасымен кемінде алты ай жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

32. Айырбастау пунктінің үй-жайы айырбастау пунктінің бірнеше операциялық кассаларымен жабдықталуы мүмкін.

33. Уәкілетті банктің автоматтандырылған айырбастау пункті төмендегі тәсілдермен банкноттар түпнұсқалығын анықтау функцияларын іскек асыруды қамтамасыз етуі тиіс:

банкнотты ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге);

банкнотты магниттік белгілердің болуына тексеру.

34. Банк заңнамасына сәйкес уәкілетті банк жүргізетін айырбастау операциялары мен өзге банктік операцияларды қатар жүргізу, айырбастау операцияларын өзге банктік операциялардан жеке есепке алуды жүргізуге мүмкіндік беретін компьютерлік жүйе болған кезде, уәкілетті банктің (оның филиалының) үй-жайында орналасқан айырбастау пунктінде жол беріледі.

35. Әрбір айырбастау пунктінде клиенттерге көрінетін қолжетімді жерде мынадай ақпарат орналастырылады:

1) лицензияны алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес талап етілмеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияның көшірмесі;

2) уәкілетті ұйымдар үшін – Ұлттық Банк филиалының осы айырбастау пунктіне берген қолданылатын лицензияға қолданылатын қосымшаның көшірмесі;

3) уәкілетті банктер үшін – Ұлттық Банк филиалының осы айырбастау пунктіне берген уәкілетті банктің айырбастау пунктінің куәлігі (уәкілетті банк осындай куәлікті алған соң);

4) айырбастау пунктінің жұмыс режимі;

5) айырбастау пункті сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жүргізетін әрбір шетел валютасы үшін белгіленген теңгемен қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және сату бағамы туралы мәліметтерден тұратын, клиенттерге арналған (биіктігі кемінде 0,4 метр және ені 0,4 метр көлемдегі) ақпараттық стенд;

6) айырбастау пунктінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық Банк филиалы туралы және осы айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған кезде Ұлттық Банк филиалы атына шағым жіберу туралы мәліметтерден тұратын Қағидалардың 10-қосымшасында белгіленген нысан бойынша айырбастау пунктінің клиенттеріне арналған ақпарат;

7) айналысқа жарамды және айналысқа жарамсыз банкноттардың негізгі белгілері туралы, сондай-ақ төлемге немесе айналысқа жіберуге жарамсыз шетел валютасының банкноттарын инкассоға қабылдау тәртібі мен талаптары туралы ақпарат;

8) Ұлттық Банктің осы актінің қолданылу кезеңінде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгемен сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейтін актісінің көшірмесі;



36. Айырбастау пунктінің үй-жайында мынадай құжаттар міндетті түрде сақталады:

1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға басшысының тиісті тұлғаны кассир қызметіне қабылдау және (немесе) тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі;

2) айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша арнайы даярлықтан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі не айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) айырбастау пункті кассирінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімдер шығаруға құқығы бар басшының және өзге тұлғалардың қол қою үлгілері бар, мөр таңбасы қойылған құжат (уәкілетті ұйымның айырбастау пункттері үшін);

5) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы;

6) айырбастау пункті кассирінің осы құжатпен танысу туралы белгісі бар, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірлеген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның ішкі бақылау қағидаларының көшірмесі.



37. Айырбастау пункттері операциялық кассаларының үй-жайларында бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

Кассирлердің өз ақшасы, сырт киімі және басқа заттары арнайы бөлінген бөлмеде немесе айырбастау пункттері операциялық кассаларының


үй-жайларынан тыс орналастырылған шкафтарда сақталады.

38. Айырбастау пункттері ақша белгілерінің түпнұсқалығын анықтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар жұмыс істемесе (бұзылу немесе басқа себептер нәтижесінде) немесе Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе, қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізбейді.

39. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бастамасы бойынша айырбастау пунктінің қызметі күнтізбелік он күннен асатын мерзімге уақытша тоқта тұрған, сондай-ақ айырбастау пунктінің қызметі қайта басталған жағдайда, заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктінің қызметін тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл жайлы айырбастау пункті орналасқан орын бойынша Ұлттық Банктің филиалына көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабарлайды.

Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бастамасы бойынша айырбастау пунктінің тоқтата тұру мерзімі кейінгі он екі айдан аспауға тиіс.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет