Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет1/24
Дата16.06.2016
өлшемі2.19 Mb.
#139049
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi N 1004 Қаулысы



      «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мүдделi министрлiктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келiсiм бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiне сәйкес Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешевке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2010 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 1004 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

1. Бағдарламаның паспорты

      Ескерту. 1-бөлiмге өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.03 № 1129 Қаулысымен.



      

Атауы                      Қазақстан Республикасында құрылыс
                           индустриясын және құрылыс материалдары
                           өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014
                           жылдарға арналған бағдарлама

Әзiрлеу үшiн             Қазақстан Республикасының Президентi
негiздеме                Н. Назарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы
                           15 мамырдағы кезектен тыс XII съезiнде
                           берген, Қазақстан Республикасы
                           Президентiнiң 2009 жылғы 2 маусымдағы №
                           326 өкiмiмен бекiтiлген тапсырмаларды,
                           сондай-ақ Қазақстан Республикасы
                           Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302
                           қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
                           Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан
                           Республикасын үдемелi
                           индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi
                           2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк
                           бағдарламаны iске асыру жөнiндегi
                           iс-шаралар жоспарының 7-тармағын iске
                           асыру мақсатында

Жауапты орындаушы        Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                           технологиялар министрлiгi

Мақсаты                  Қазақстан Республикасында құрылыс
                           индустриясын индустриялық-инновациялық
                           дамытуды, құрылыс материалдарының орнықты
                           және теңгерiмдi өндiрiсiн қамтамасыз ету

Мiндеттер                Отандық құрылыс материалдарының үлесiн 80
                           %-дан астамға ұлғайту;
                           Цемент өндiрiсiнiң 50 %-дан астамын құрғақ
                           тәсiлге көшiре отырып, үзiлiссiз қалыпсыз
                           қалыптау желiсiнде темiр-бетон бұйымдары
                           мен конструкцияларының 30 %-дан астамын
                           өндiрумен, өнiмнiң 30 %-дан астамын жаңа
                           буын технологиялық жабдығында шығара
                           отырып, құрылыс индустриясы және құрылыс
                           материалдары кәсiпорындарының
                           технологиялық деңгейiн арттыру;
                           Халықаралық стандарттармен үйлесушiлiк
                           деңгейiн 90 %-ға дейiн жеткiзе отырып,
                           құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесiн
                           реформалау;
                           Қазақстан Республикасын аумақтық
                           ұйымдастырудың бас схемасын және
                           мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын
                           әзiрлей отыруға, аумақтық жоспарлауды
                           жетiлдiру және қала құрылысын дамыту;
                           Мемлекеттiк инвестицияның қатысуымен
                           құрылыстағы сметалық баға белгiлеу жүйесiн
                           жетiлдiру.
Бағдарламаны iске
асыру кезеңi:             Бiрiншi кезең 2010 - 2012 жылдар;
                           Екiншi кезең 2012 - 2014 жылдар

Нысаналы индикаторлар:   Құрылыс индустриясындағы жалпы қосылған
                           құнды кемiнде 76%-ға ұлғайту;
                           Отандық құрылыс материалдары өндiрiсiнiң
                           үлесiн 80%-ға дейiн ұлғайту;
                           Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнде еңбек
                           өнiмдiлiгiн бiр адамға шаққанда 24 000
                           АҚШ долларына дейiн ұлғайту

Қаржыландыру көздерi
мен көлемi                Бағдарламаны iске асыруға 2010 - 2014
                           жылдары республикалық және жергiлiктi
                           бюджет қаражаты, даму институттарының
                           қаражаты, сондай-ақ жеке iшкi және шетел
                           инвестициялары бағытталатын болады.

2. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасының Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезiнде берген тапсырмаларына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.


      Бағдарламада Қазақстанда құрылыстың орнықты жоғары мәдениетiн қалыптастыру, халықтың қалың жiгiнiң тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешуге арналған құрылыс өнiмiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн арттыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға, тиiмдi, экологиялық таза құрылыс материалдарын өндiрудi одан әрi дамытуға және жаңа технологияларды енгiзуге бағытталған шараларды қабылдау көзделедi.
      Осы бағдарламада құрылыс индустриясы ұғымы мынаны бiлдiредi: құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесiн реформалау, өңiрлердi аумақтық жоспарлауды жетiлдiру және елдi мекендерiнiң қала құрылысын дамыту, мемлекеттiк инвестицияның қатысуымен құрылыстағы сметалық баға белгiлеу жүйесiн жетiлдiру, өнеркәсiптiк және азаматтық құрылысты дамыту.

3. Ағымдағы жай-күйдi талдау

      3.1. Сандық және сапалық сипаттамалар


      Құрылыс саласын одан әрi дамыту, сондай-ақ қазiргi заманғы жағдайда құрылыс өнiмiнiң қауiпсiздiгi мен сапасын арттыру мемлекеттiң өзектi экономикалық және саяси мiндеттерi болып табылады. Құрылыс кешенi тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтiн әлеуметтiк сала жағдайына зор әсер етедi.
      Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетiн және құрылыс өндiрiсiн ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететiн өзiне тән ерекшелiктерi бар. Бұл - құрылыс объектiлерiнiң қайталанбаушылығы, құрылыс өнiмiнiң тұрақты сипаты, құрылыс үдерiсiне қатысушылардың алуан түрлiлiгi, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдiң жоғары дәрежесi.
      Өнеркәсiп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазiргi заманғы талаптар әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн жаңа және тиiмдi құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.

      3.2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және құрылыс қызметiн талдау


      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2009 жылдың қорытындысы бойынша негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 4 546,9 млрд. теңгенi құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейiнен 2,1%-ға жоғары.
      Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерiн игеру көлемi 1 825,7 млрд. теңгенi немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 86,8% құрады.
      Тұрғын үй құрылысына 290,4 млрд. теңге жiберiлген және жалпы алаңы 6,4 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берiлген немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 93,4%.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң шұғыл деректерi бойынша өткен жылы ЖIӨ-нiң жалпы көлемiндегi құрылыс үлесi 8%-ды құраған.

      1-кесте. 2005-2009 жылдар iшiнде Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және құрылыс қызметi



Көрсеткiштер

Өлшем бiрлiгi

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.*

Негiзгi капиталға салынған инвестициялар - барлығы, оның iшiнде:

млрд. теңге

2421,0

2824,5

3392,1

4210,9

4546,9

Шетел инвестициялары

млрд. теңге

578,4

569,4

622,5

1064,8

1682,1

Құрылыс жұмыстарының (қызметтер) көлемi

млрд. теңге

1066,3

1441,2

1617,5

1785,0

1790,0

Құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялар

млрд. теңге

1145,2

1341,1

1789,9

1995,7

1825,7

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар

млрд. теңге

254,3

368,4

490,4

468,0

290,4

Ғимараттардың жалпы көлемi

мың. шаршы м.

6740

8458

9835

10254

9883

Оның iшiнде тұрғын үй емес мақсаттағы

мың. шар

1748

2045

2886

3798

3875

Құрылыс ұйымдарының саны

бiрл.

5624

6278

7087

7383

5242

Орташа жылдық саны - барлығы

мың адам

179,6

206,9

236,7

231,4

212,4

Жұмыскерлердiң орташа айлық атаулы жалақысы

теңге

47921

55672

70778

81573

93858

ЖIӨ-дегi құрылыс үлесi

%

7,8

9,8

9,4

8,1

8


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет