Барлау жұмысын газқағарсыз атқарғанда барлау тобы екі адамнан, ал газқағармен атқарғанда барлау тобы үш адамнан құралады. Топ басшасы болып ең жақсы дайындалған командир таңдалады. Және сол жұмыс кезінде ГТҚҚ нұсқамаларының тлаптарын мүлтіксіз орындау қажет. Меторополитенде немесе оған ұксас жер асты құрылыстарында барлауды бес адамнан тұратын звеномен жасауы керек.
Барлау тобының жеке құрамы өрт ауданына, сипатына, орнына, түтінденгендігіне және т.б. ерекшеліктеріне қарай келесі құрал-жабдықтарды алуы қажет:
а) тыныс орындарын қорғау (оқшаулағыш газқағарлар, бір типті);
б) жарықтандыру және байланыс құралдары;
в) құтқару және өзін құтқару құралдары;
г) конструкцияларды аршу құрал-сайман;
д) өрт сөндіру заттары.
Өртті барлау кезінде барлау тобы міндетті:
а) оқшаулағыш газқағарларда жұмыс істегенде ГТҚҚ нұсқамаларында берілген талаптарын орындау және жүрілген жолды жаттап алу;
б) есіктерді ақырын ашып, жалын ұшқынынан, ыстық газдардан қорғана білуі тиіс;
в) асқын кернеу тоғы бар, қысымы аса жоғары сыйымдылықтарда немесе жарылатын заттары бар бөлмелерге объект әкімшілігімен есептесіп, бекітілген ережелерінің барлығын орындауы қажет;
г) қимыл кезінде тірек конструкцияларының күйін бақылап және сол бақылауларын топ басшысына баяндап тұруы қажет;
д) жүргенде әдетте капитальді қабырғалар және терезелері бар қабырғаларының бойымен қозғалуы қажет.
ЖТС және ЖС бар бөлмелерге ашық жалынмен кіруге рұқсат етілмейді.
Өртте адамдарды құтқарғанда (апатты, стихиялық, төтенше жағдайлар және т.б.) ӨСЖ адамдарды құтқаруы шараларының әдістерін, тәртібін жағдайға байланысты бекітеді. Құтқару жұмыстарында су болып қалған немесе қатты ылғалданған құтқару арқандарын немесе жауынгерлік есепте тұрған арқандарды қолдануға тыйым салынады.
Құтқару және өзін құтқару жұмыстарын арқан ұзындығы толық түсуін қамтамасыз ететіндігіне көзі жеткенде ғана бастауға болады, құтқару ілмегі құтқарылушыға берік байланғанын тексеру қажет, ал құтқару арқанының карабинге дұрыс байланғандығын тексеру қажет. Құтқару және өзін құтқару жұмыстары қолғаппен орындалады.
Жауынгерлік қанат жаю кезіндегі техника қауіпсіздігі.
«Жауынгерлік қанат жаю» командасының алдында ӨСЖ міндетті:
а) жеке құрамы жеңдер линиясын төсеуге, құрал сайландарды жеткізуге ең қысқа және қауіпсіз жол таңдауға;
б) транспорт магистральдарында қанат жайғанда жүргізіліп жатқан жұмыстың қауіпсіздігін бақылауға, машиналардыкеліп жатқан күштерге және мүмкіндік болса жол қозғалыстарына да әсер етпейтіндей етіп орнатуға. Қажет болғанда транспорт қозғалысының барлық түрін тоқтатуға, теміржол рельстеріменлиниялар жүргізгенде қауіпсіздік посттарын орнатуға;
в) қауіп төнгенде адамдарды жылдам хабарландыруүшін ортақ сигнал белгілерін бекітуге, жарылыс қаупі, құлау қаупі туғанда жеке құрам қауіпсіз жерге дереу көшіруге.
Жауынгерлік қанат жаю кезінде рұқсат етілмейді:
а) өрт машинасы толық тоқтағанша оны орындауға;
б) өрт гидранттарының құдықтарын және газ және жылу коммуникацияларын ашық жалын көзімен жарықтандыруға;
в) су коммуникациясы құдығына оқшаулағыш газқағарсыз және құтқару арқансыз түсуге;
г) биіктікке көтерілгенде оқпан жеңінің линиясына бекітілген ілгішті киюге;
д) жіппен жүкті көтергенде немесе түсіргенде жүк астында орналасуға;
е) жұмыс бетін қаратып (кескіш, тескіш және т.б.) түрлі құрал-саймандар тасуға, араларды сыртқы қабынсыз тасуға;
ж) суды жеңдерді дұрыс бекітпей жатып беруге, оқпаншылар белгіленген орындарына жетпей жатып беруге.
Арнайы қызмет бөлімшелері қанат жағдайында, техникаларының, жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты қосымша қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Өртке байланыс орнатқанда техника қауіпсіздігі.
Өртте байланыс орнатқанда байланыс құралдарын электр қондырғыларының маңында орнату керек.
Байланыс линияларын электр линияларына параллель орнатуға болмайды, себебі байланыс аппаратураларын қолданатын адамдар тоққа түсуі мүмкін.
Өртте арнайы техникаларды қолданғанда байланыс құралдарымен қатар, жарықтандыруға, электр құралдарына қажет тоқ тудыратын электр қоректендірушілер қолдданылады.
Энергожүйенің тоқ көзін үш фазалы 230 В кернеу және 7,5 - 20кВт қуат беретін генераторлар жеткізеді.
Электр линияларын және қондырғыларын күрделі жағдайларда қодану жеке құрамнан техника қауіпсіздігін қатаң сақтауды талап етеді:
— жауынгерлік қанат жаю алдында автомобиль, яғни электр энергиясының көзі тежегішпен тоқтатылуы тиіс және жақсы жерлену қажет;
— электр энергиясы линиялары қорғағыш-сөндіргіш құралдармен жабдықталуы тиіс;
— жарық беруші және электрленген құралдармен жұмыс жасауға оларды пайдалану ережелерін меңгергендер жіберіледі;
— энергия жұтқыштарды қосқанда генератор фазаларындағы ауыртпалық бір-біріне 25% кем болмауы тиіс;
— жарық беруші және электрленген құралдардың ақаусыздығын периодты тексеріп тұру қажет;
— арнайы автомобильдердегі жауынгерлік есептің жеке құрамы электр қондырғыларымен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігі туралы алған білімін периодты түрде тексеріп тұру қажет;
— арнайы автомобильдердегі жауынгерлік есептегі жеке құрамның электр тоғынан зардап шекпендерге алғашқы көмек көрсете білулері керек.
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі
Өртте тыныс алуға мүмкін болмайтын жерде өрт сөндірушілер оқшаулағыш газқағарларда жұмыс жасау қажет және ГТҚҚ нұсқамаларының талаптарын орындау қажет.
Улы заттар бөлінуі мүмкін бөлмелерде өрт сөндірушілер К-1 типті қорғаныс комплектерін, газқағарларды, резеңке етіктер киюлері қажет. Газ буларының концентрациясын төмендету үшін бөлмені шашыранды сумен себу қажет. Жылу радиациясы өте жоғары учаскелерде жұмыс жасап жатқан жеке құрам су шымылдығымен қамтылады, ал жеке өрт сөндіруші шашыратқыш оқпандармен қамтылады.
Өрт зонасының маңында жауынгерлік киімдері мен құралдары жоқ жеке құрам жұмыс жасауға рұқсат етілмейді.
Өрт сөндіргенде әрбір жұмыс жасап жатқан қызметкер өрт жағдайының өзгерісін, құрылыс конструкцияларының өзгерісін, технологиялық қондырғылар жағдайын бақылап отыруы қажет және қауіп туғанда барлық қызметкерлерді ескертуі тиіс.
Өрт сөндіргенде жүк және жолаушылар лифтін қолдануға рұқсат берілмейді.
Өрт сөндіргенде жарылыс қауіпті концентрация туындатпау үшін құбырлардан, аппаттардан шығып жатқан жеңіл тұтанғыш сұйықтардың ыстық газдарын өшіруге объект әкімшілігінің келісімінсіз рұқсат етпейді. Қажет болған жағдайда және әкімшілік тарапынан тікелей бақылау жасай отырып, газдың, булардың ағуын тоқтатуға шаралар қолданылады. Өрт сөндіруге қатысатын қызметкерлер суды және т.б. өрт сөндіргіш заттарды қолданғанда үлкен қауіп туғызатын заттарды білу қажет.
Биіктікте жұмыс жасағанда сақтандырғыш құралдарды қолданған дұрыс. Тағы:
а) сатыда оқпанмен жұмыс жасауды өрт карабинін бекіткеннен кейін ғана орындауға болады;
б) биіктікте оқпанмен жұмыс жасауға кемінде 2 адам бөлінеді;
в) оқпанды оған су беруін тоқтатқаннан кейін де қараусыз тастап кетуге болмайды, тағы мұз басқан, жанған, босап шатырларда өрт сөндірушілердің жүрулеріне болмайды.
Өрт сатыларының орнын ауыстырғанда, сол сатылармен көтерілген өрт сөндірушілерді ескерту қажет және сатының жаңа орнатылған орнын немесе басқа да төмен түсу жолдарын көрсету керек.
Электр құрылғыларымен және прожекторлармен жұмыс жасаушылар міндетті:
а) құрылғыларды тек резеңкі немесе резеңкеленген қолғаптарды ұстауға, пайдалануға;
б) электр құрылғысын қосарда арнай қорғаныс көзілдірігін киюге;
в) прожекторларды су тиіп кету мүмкіндігі жоқ, мығым жерлерге ғана орнатуға;
г) электр инструментін тоқ беруін тоқтатқанда, басқа орынға ауыстырғанда өшіруге;
д) тоқ қабылдағыштарды құрылғы корпусында кернеу п.б.-да немесе басқа да ақаулары п.б.-да өшіруге.
Электрленген құралдарды дайындығы жоқ тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.
Жеке құрам өртте конструкция аршу, оқпанмен су беру, саты орнату, жеңдер линияларын төсеу жұмыстары кезінде салбырап қалған кернеу бар тоқ өткізгіштердің бар-жоғын үздіксіз мұқият бақылап отыруы қажет және болған жағдайда ӨСЖ уақытныны баяндау қажет, тағы қауіпті зонада жұмыс жасап жатқан қызметкерлерді ескерту қажет. Таблыған өткізгіштердің тоқ көзінен ажырытылғанына көзі жетпей, оны кернеуі бар деп есептеп, сәйкес қауіпсіздік шараларын орындауы қажет. Электр өткізгіштерін үзу арқылы өшіру жүйеде 220 В артық емес фазалық кернеу кезінде және басқа өшіру әдістері табылмағанда ғана орындалады. Бұл жұмыс қарауыл бастығының бақылауымен және алдын ала практикалық дайындық шараларынан өткен жұмысшы арқылы орындалады. Тағы:
а) жүйенің өткізгішті кесуге қолайлы және қауіпсіз учаскесін анықтау тиіс;
б) сыртқы қоректенуші өткізгішті изолятор маңынан салбыраған өткізгіштерде кернеу болмайтындай етіп үзу қажет. Өткізгіштерді төменгі қатардан бастап кесу қажет;
в) әрбір сымды басқалардан бөліп алу қажет.
Көп сымды және бір сымды өткізгіштер мен кабельдерді кесуге рұқсат етілмейді. Ғимаратта жасырын өткізгіштер табылғанда объектінің бүкіл қондырғыларын тоқ көзінен үзу керек.
Жүргізушілер ӨСЖ бұйрығынсыз су беруге, суды тоқтатуға, автомобильдерді жылжытуға, сатыларды орнатуға және автомобильді қараусыз қалдыруға рұқсаты жоқ.
Өлшеу приборы жұмыс кезінде істен шыққанда жүргізуші дереу тікелей басшысына жеткізу қажет және автомобильді ауыстырғанша агрегаттың дұрыс жұмыс істеуін басқа қасиеттеріне қарап бақылауы қажет.
Қорытынды
Дипломдық жұмыс тақырыбының қарастырылып отырған мәселесі сауда орталықтарында өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру. Қарастырылып отырған объект Атырау қаласындағы «НАСИХА» сауда үйі б.т.
Дипломдық жобаның аналитикалық бөлігінде соңғы 5 жыл ішінде Республикамыздағы және оның сыртындағы елдерде болған осындай өрттердің анализі келтірілген. Статистикалық анализ бойынша бірінші ӨСЖ жіберген ең жиі кездесетін қателер анықталды, кейде айтарлықтай адам өліміне алып келеді.
Есеп бөлімінде болуы мүмкін екі өрт сөндіру нұсқасының есебі көрсетілген. Біріншісі Атырау гарнизонының өрт сөндіру жұмысы енгізілуі тиімді екенін көрсетті.
Өртке қарсы қызметінің халық-шаруашылық объектілерін қорғаудағы басты мақсаты өртті бастапқы стадиясында локализациялау және басу болғандықтан, аталған қондырғыны өз өрт сөндіруші командасы бар объектілерде, өндірісте, ұйымдардың кеңсе бөлмелерінде, медициналық және сауықтыру орындарында (клиника, санаторий, пансионат, турбаза) демалу және ойын-сауық саласында (қонақүй, ресторан, казино, спорт және көрме комплекстері) қолдану, өрттен түсетін шығынды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Әдeбиeттeр тiзiмi:
1.Қaзaқcтaн Рecпyбликacы aзaмaт қoрғaныc зaңы 11.04.2014ж., №188-V
2.Мeмлeкeттiк өрткe қaрcы қызмeт oргaндaрының жayынгeрлiк жaрғыcы 14.11.2009 ж. № 267 бұйрық, Acтaнa.
3. Мeмлeкeттiк өрткe қaрcы қызмeт oргaндaрының қызмeттiк жaрғыcы 14.11.2009 ж. № 266 бұйрық, Acтaнa.
4. Қaзaқcтaн Рecпyбликacы Төтeншe жaғдaйлaр миниcтрлiгiнiң өрткe қaрcы қызмeт бөлiмшeлeрiндeгi eңбeк қayiпciздiгi жәнe eңбeктi қoрғay жөнiндeгi нұcқayлық. 15.10.2010 ж. № 355 бұйрық, Acтaнa.
5. Өрт қayiпciздiк eрeжeci – 2011 ж.
6. Өрт тaктикacы.1 б, Бyлкaирoв A.Б. Бaймaғaнбeтoв Р.C. Aмaнкeшұлы Д., Кoкшeтay 2010 ж.
7. Гидрaвликa и прoтивoпoжaрнoe вoдocнaбжeниe. Кoшмaрoв Ю.A. М.1985г.
8. ҚР ҚНжE.4.01-41-2006 Ғимaрaттың iшкi cy құбыры жәнe кaнaлизaция. Acтaнa. 2007 ж.
9. ҚР ҚНжE.2.02-15-2003 Ғимaрaттaр мeн имaрaттaрдың өрт aвтoмaтикacы. Acтaнa2003 ж.
10. Cпрaвoчник. Пoжaрo-взрывooпacнocть вeщecтв и мaтeриaлoв и cрeдcтвa иx тyшeния. Пoд рeдaкциeй A.Н. Бaрaтoвa и A.Я. Кoрoльчeнкo. М. «Xимия», 1990 г.
11. Экoнoмикa прoтивoпoжaрнoй зaщиты. Aбoлeнцeв Ю.И. М. ВИПТШ МВД CCCР, 1985 г.
12. Қaзaқcтaн Рecпyбликacы Төтeншe жaғдaйлaр миниcтрлiгi мeмлeкeттiк өрткe қaрcы қызмeт oргaндaрының гaз-түтiннeн қoрғay қызмeтiн ұйымдacтырy жөнiндeгi тәлiмдeмe 22.12.2010 ж. № 446 бұйрық, Acтaнa.
13 Прoизвoдcтвeннaя и пoжaрнaя aвтoмaтикa. Чacть-II. Бyбырь Н.Ф. и др.М. 1986 г.
14. Өрттi бaрлay. Бyлкaирoв A.Б. Кoкшeтay 2010 ж.
15. ҚР ТЖМ өрткe қaрcы қызмeт бөлiмдeрi мeн гaрнизoндaрының жeкe құрaмын дaярлay eрeжeci.ТЖМ №245 бұйрығы 12.07.2010 ж. Acтaнa.
16. Cбoрник прaвил пo пoжaрнoй aвтoмaтикe. Чacть-I. «Прoeктирoвaниe». М. «Cтрoйиздaт», 1988 г.
17. Прoизвoдcтвeннaя и пoжaрнaя aвтoмaтикa. Чacть-II. Бyбырь Н.Ф. и др.
М. 1986 г.
18. Гидрaвликa и прoтивoпoжaрнoe вoдocнaбжeниe. Кoшмaрoв Ю.A. М. 1985 г.
19. Өрттi зeрттey тyрaлы нұcқaмa.ТЖМ №320 бұйрық 22.12.2010ж. Acтaнa.
20 Прaвилa пoжaрнoй бeзoпacнocти для прoмышлeнныx прeдприятий. М. «ГYПO МВД CCCР», 1982 г.
21. Пoжaрнaя тaктикa. Пoвзик Я.C. М. «ВИПТШ МВД CCCР», 1984 г.
22. Мeтoдичecкиe yкaзaния к диплoмнoмy прoeктирoвaнию для кyрcaнтoв КТИ МЧC РК.
23. Экoнoмикa прoтивoпoжaрнoй зaщиты. Aбoлeнцeв Ю.И. М. ВИПТШ МВД CCCР, 1985 г.
24. Физикo-xимичecкиe ocнoвы рaзвития и тyшeния пoжaрoв. Aбдyрaимoв И.М. М. «ВНИИ ГO CCCР», 1980 г.
Қыcқaртyлaр тiзiмi
ҚР ТЖМ - Қaзaқcтaн Рecпyбликacы Төтeншe жaғдaйлaр миниcтрлiгi
|
МӨҚҚOЖЖ - мeмлeкeттiк өрткe қaрcы қызмeт oргaндaрының жayынгeрлiк жaрғыcы
|
КҚЖБO - күштeр мeн қaрyлaрды жeдeл бacқaрy oртaлығы
|
ӨБOБ - өрт бaйлaныc oртaлық бeкeтi
|
БДКҚ - бiрыңғaй диcпeтчeрлiк кeзeкшi қызмeтi
|
КӨCҚ - кeзeкшi өрт cөндiрy қызмeтi
|
БББ - бөлiм бaйлaныc бeкeтi
|
ӨCЖ - өрт cөндiрy жeтeкшici
|
ШБ - штaб бacтығы
|
ТБ - тыл бacтығы
|
ЖAБ - жayынгeрлiк aймaқ бacтығы
|
ЖШ - жeдeл штaб
|
ЖA - жayынгeрлiк aймaқ
|
МЖ - мaмaндaндырылғaн жacaқ
|
МӨCБ - мaмaндaндырылғaн өрт cөндiрy бөлiмi
|
ӨCБ - өрт cөндiрy бөлiмi
|
EӨCҚ - eрiктi өрт cөндiрy құрылымы
|
ГТҚҚ - гaз-түтiннeн қoрғay қызмeтi
|
AЦ – aвтoциcтeрнacы
|
AC – aвтocaтыcы
|
AҚК - aвaриялық-құтқaрy көлiгi
|
ГТҚҚК - гaз-түтiннeн қoрғay қызмeтi көлiгi
|
БЖБК - бaйлaныc жәнe жaрық бeрy көлiгi
|
ӨТЖ - өрт-тexникaлық жaрaқтaры
|
КҚO - 50-кoмбинирлiк қoлды oқпaн
|
ҚO – 70-қoлды oқпaн
|
AМК - aya-мexaникaлық көбiк
|
КТ – көбiктүзгiш
|
ӨГ - өрт гидрaнты
КӘYЗ-күштi әceр eтyшi yлы зaттaр
|
5
Достарыңызбен бөлісу: |