Кілт сөзі: Бизнес, экономика, заң, инвестиция, экспорт.
Ключевые слова: Бизнес, экономика, право, инвестиции, экспорт.
Keywords: Business, economics, law, investment, export.
Қазақстан Республикасында кәсіпорындар сандық өлшемдер негізінде жіктеледі, яғни, жұмыскерлерге саны, негізгі капитал құны, қызмет түрі салық төлеу негізінде. Енді Қазақстан Республикасы жеке құрылғаннан бері шағын кәсіпкерлікті реттейтін заңдардың даму эволюциясына тоқтайық. Қазақстандық кәсіпкерліктің ағашқы «іргетасы» 11.12.1990 ж.
«ҚР-да шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» Заңмен қаланды. Кейіннен, мемлекеттік егемендік жарияланғаннан кейін 1992 жылдың шілдесінде «Шағын кәсіпкерлікті қорғау туралы» Заң қабылданды. Ол 1991 жылы маусымда қабылданған «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңмен қоса жеке кәсіпкерлер қызметінің ұзақ мерзімді құқықтық негізіне айналды. Бұл заңда жеке кәсіпкерлік азаматтардың тауарға (жұмыстар мен қызметтер) деген сұранысын қамтамасыз ету жолынан түскен пайда немесе жеке түсімге бағытталған іс-әрекеті ретінде, азаматтың жеке меншігіне негізделген және оның өз атынан жүзеге асырылған, өзінің мүліктік жауапкершілігіне және тәуекеліне негізделген немесе ұжымдық меншікке негізделген, заңды тұлғаның атынан жүзеге асырылатын, оның тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне негізделген қызмет ретінде анықталды. Жоғарыда аталған Заңды қабылдағаннан бері экономикада да, заңдылықтарға да кљптеген өзгерістер енді.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі күшіне енді. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Республика Конституциясында 25 баптың 4 бљліміне аса мән берілді, ол әрбір азаматтың кәсіпкерлік қызмет жасауына еркіндік берді. ҚР Министрлер Кабинетінің 17.08.94 ж. № 912 Қаулысымен Қазақстан Республикасында 1994-1996 ж.ж. кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалар мен шаралар жоспары бекітілді. 1995 ж. аяғында Үкіметтің 1996-98ж.ж. экономикалық реформаны тереңдету туралы жұмыс бағдарламасы қабылданды онда тереңдету туралы жұмыс бағдарламасы қабылданды, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту, ең алдымен шағын бизнесті күшейту басты мәселелердің бірі ретінде аталған. Артынан ҚР Президентінің 14.06.1996 ж. жарлығы: «Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік кепілдігін іс жүзіне асыру жљніндегі қосымша шаралар туралы» және 06.03.1997 ж. «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендендірудің және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» жарлығы қабылданды. Осы тізімге тағы да Үкіметтің 14.03.1997ж.
«Шағын кәсіпкерліктің Республикалық ақпараттық-көрмелік орталығын жасау туралы» №325 Қаулысын және 08.04.1997ж. «Шағын кәсіпкерлер мәселелері» деген № 499 Қаулысын қосуға болады. 1997 ж. жазында ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдары шықты. Заңды тұлғалар өз қызметтерін төмендегідей ұйымдық-құқықтық формаларда жүзеге асыра алады: толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, өндірістік кооператив. Заңды тұлғалардың шағын кәсіпкерлік субъектісінің жарғылық капиталындағы үлесі 25 %, бұл бір немесе бірнеше заңды тұлға шағын кәсіпкерлік қызметінің астындағы шаруашылық серіктестігін құрған жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |