Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің қазіргі ерекшеліктері


VIII. 12 жылдық білім беру жүйесін басқару



бет13/18
Дата16.03.2022
өлшемі82.09 Kb.
#456334
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
12 жылдық білім беруге көшудің қазіргі ерекшеліктері

VIII. 12 жылдық білім беру жүйесін басқару
12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты бөлу қажет.
Мектепті басқаруда білім берудің сапасын үнемі өзіндік тәртіппен бағалауды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жаңа жағдайда сапалы білім беру білім алушылардың түрлі саладағы қызметте проблемаларды өз бетімен шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін олардың білімдік және жеке жетістіктері деп түсіндіріледі.
Тұтастай алғанда қазақстандық жалпы орта білім беру мемлекеттің даму міндеттерімен сәйкес келуі тиіс және қазіргі замандағы бәсекелестікті қамтамасыз етуі қажет. Білім беру сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы тиіс:
- есеп беру және басшылық, басқару, тиісті құжаттарды әзірлеу жүйесін жетілдіру;
- білім сапасын диагностикалау мен мониторингтеу мектеп қызметінің жүйесіне;
- тұлғалық-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерге негізделген оқытудың әдістемелік жүйесіне;
- ойластырылған әкімшілік орталықтандыруды, мектептерді басқаруды жүзеге асыруға;
- әр түрлі қажеттіліктермен бірге балалардың құқығын қаматамасыз ету мақсатында балаларды ерте жастан диагностикалау үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және оларды дамыту үшін білім беру орталарын құру;
- білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік жүйесін енгізуге.
Білім беру ұйымдары білім беру процесіндегі өзін өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін жетекші технологияларды игеруі тиіс.
IХ. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
12 ылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:
- 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік (ұлттық) жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;
- білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмұнын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының “Білім туралы” жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу; 
- Күтілетін нәтижеге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;
- Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын, құру;
- Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;
- 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы, “Оқулық” республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты ұйымдар болып анықталды.

Кіріспе
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Басқару жүйесі екі, бір-бірімен тығыз байланысты - басқарушы және басқарылатын - бөліктен тұрады. Оларды зерттеуде, біздің ойымызша, белгілі тепе-теңдік керек.
Қазақстанда басқару теориясы мен практикасын игеру қиыншылығы осы уақытқа дейін нарық қатынастары толық қалыптаспағанына байланысты болып отыр.
Осыған байланысты нарықты экономика өркендеген елдердің бай тәжірибесін игеру менеджер кадрларын дайындауда зор маңызы бар. Бұл экономиканы өзгертудің, көптеген басшылар, мамандар және қатардағы қызметкерлердің рыноктық көзқарасын қалыптастыру және дамытудың тиімді жолы.
Шетел ғалымдары кәсіпорынды басқару мәселелерін арнайы пәнге шығарып, «Менеджмент» деп атады. Менеджер – басқарушы, менеждмент – басқару.
Бұрын біз инженерлік негізгі білімін жақсы үйретіп, экономикамен басқару білімдеріне көп көңіл бөлмейтін. Осы пәндерден инженер жұмыс уақытында қателесіп, сүрініп білім алатын.
Енді міне нарықтық экономика дамуының барысында қазір біздерге «топ-менеджер», «менеджмент» деген сөздер таңсық емес, олар бұрынғы «басшы», «басқару қызметі», «басқару» деген сөздерге жаңа мән беріп отыр. Бірақ бұл сөздер синонимдер болса да басқару термині кең мағыналы. Басқару дегеніміз басқарылатын жүйеге әсер етіп оны талапқа сай қалыпқа келтіруді білдіреді. Атап айтқанда басқару субъекті ретінде менеджер бой көрсетеді.
Менің ойымша Қазақстанда білімі мен ұйымдастыру қабілеті жоғары менеджер кадрларды көптеп дайындап шығаратын болса, онда экономикамыз өрге басады деп ойлаймын. Сондықтан да осы тақырыпқа мен көп көңіл қойдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет