Дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды, олар:
Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру, білімнің ашықтығы, біліммен ақпарат алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы.
Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ əр оқушының жəне қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тəрбиелеуге, дамытуға жəне жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.
Оқушының отбасылық экономикалық-əлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық мəртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан, оның қабілетін барынша дамыту көзделген.
Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол сілтеу болып табылады.
Əрбір оқушыда сол социумға сəйкес тарихи қалыптасқан, ең тұрақты рухани, дүниетаным жəне мəдени құндылықтарының таратылуы жəне бекітілуі.
Жоғарыда аталған əлемдік əдіс-тəсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім беруге көшу Қазақстан мектептерін:
Əлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.
Оқу жүктемесінің бір жылға созылуы жеңіл болады.
Кəсіптік білім береді.
Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
Қорыта келгенде, əр елдің білім беру жəне тəрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан Республикасындағы оқушыға білім беру мен тəрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң жəне тиімді жақтарын алуымыз қажет. Сонымен қатар білім саласына өзгерістер енгізу үшін оны елдің тарихи дəстүріне, мақсатына, өндірісі мен мəдениет сұранысына бейімдеу керек.
Əдебиеттер тізімі
Смагулова Г.К. 12-летнее образование в других странах // Вестн. КазНУ им. аль-Фараби. — Алматы, 2012. — С.
Карибаева А.А. 12-летнее образование в странах с переходной экономикой // Вестн. КазНПУ им. Абая. Сер. Языки народов мира. — 2006. — № 1 (8). — С. 87–89.
Дружинский А.Н. Международный опыт 12-летнего среднего образования: Сб. Междунар. науч.-практ. конф.
Достарыңызбен бөлісу: |