Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер



жүктеу 61.26 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі61.26 Kb.
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Бүгінгі таңда, барша қазақстандықтар үшін мемлекетіміздің зайырлы сипатын сақтау аса маңызды болып табылады. Бірақ, исламның қайта өрлеу дәуірінде, діни сананың өсуі шарттарында өмір сүрудің қарапайым жолын үйренуіміз қажет. Әрине, біз, ислам әлемінің бір бөлігіміз, бұл ақиқатты түсінуге және оның мағынасын дұрыс түсінуімізге тура келеді. Дәстүрлі емес діндер мен ағымдарға қатысты айтар болсақ, ең алдымен еліміз азаматтардың құқығын қамтамасыз етіп, ұлтаралық және конфессияаралық әлемді сақтап, біздің қоғамымызды бөлуге терең сынықтар жібермеуі қажет.

Бұл оңай тапсырма емес. Сонымен қатар, біздің мемлекеттік құрылымдарымызға, әлеуетті құрылымдарға бәсекелестік өрісте жұмыс істеп үйренулері қажет, діни кеңістікті жақсы түсінуге, ал қажет болған жағдайда, көлемді ғылыми және теологиялық аппаратты қолдана отырып, дәрменсіз немесе басқа дінге сенушіліктің келтіретін зиянын біліуі керек. Сондай-ақ, әңгіме мұсылман ағымдары туралы ғана емес, дәстүрлі емес христиандық секталар мен шіркеулер, солардың ішінде кейбіреулері тіпті батыстың өзінде заңнан тыс мойындалғаны туралы болып жатқанын түсінуі керек. Елімізде және әлемде дінді саясатқа айналдырғандар да аз емес. Бұл ұлттық қауіпсіздігімізден тыс, қаншама бұзылған жанұя, адамгершілік тағдырлардың ондығы мен жүздігі. Мемлекет мұндай масштабтағы алаяқтарға өз азаматтарының рухани болмысын сындыруға мүмкіндік бере алмайды.

Бүгінде Қазақстан Республикасы саяси демократтандыру мен әлеуметтік-экономкалық жаңғырудың жаңа кезеңінің шекарасында тұр. Елімізде іске асатын азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім стратегиясын нығайту мен сақтау демократияның әлеуметтік базасының қамсыздандыруына бағытталған.

Бізде ғасырлар бойы қалыптасқан басқа елдермен достық потенциалдық позитивті нығайту мен сақтаудың мүмкіндігі бар. Біз халықаралық қауіпсіздік, адам құқығын қамтамасыз ету төңірегінде негізгі халықаралық құжаттарға қосылдық.



ҚР мемлекеттік саясат діни қатынастар саласында келесі негізгі қағидаларға сүйенеді:

  • ұждан бостандығы мен діни нанымның заңды түрде және институтционалдық қамтамасыз ету;

  • өз функцияларының конфессиясын іске асыру үшін тең және қолайлы жағдайлардың жасалуы;

  • республикадағы конфессияаралық диалогты ынталандыру.

Қазіргі мемлекеттік - конфессиялық қатынастар әртүрлі саладағы әлеуметтік қызмет етудің және дінге сенудің бостандығындағы адам құқығын қмтамасыз етудегі серіктестіктің ары қарай дамуымен бейнеленеді. Республика азаматтарының тіршілік әрекетінің тыныштығын қамтамасыз етумен және еліміздің ұлттық қауіпсіздігі қатынасында дәстүрлі емес бірлестіктердің қызметін регламенттеу қажет және мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту керек. Жарқын бейнеленген тұрғындар құрамы бар ел ретінде, Қазақстан үшін, ксенофобия және эстремизмнің алдың алу шаралары, конфессияаралық және этносаралық мәдениетті жоғарылату, келісімді күшейту, адам мүдделерінің, жеке әлеуметтік топтар және қоғамның этникалық ортақтықтарының өзара әрекеттесуінің ұтымды формаларын іздестірумен тығыз байланысты.

Қазақстанда барлық конфессияларды қолдаушылар өз рухани тұтынушыларын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерге ие бола алады.

Жаңа діни қозғалыстар (білім). Жаңа діни қозғалыстар анықтамасы бойынша барлық ұлттық және әлем діндеріне жатпайтын діни бағыттар жатады. Жаңа діни білімдер басқа дін түрлерінен жаңалықтарымен, ұлттық және әлем діндерінің ырым тәжірибелерімен, айтарлықтай сәйкес келмейтін доктриналары бар мұғалімдерімен бөлінеді. Бұл жаңалықтың мазмұны жаңа діни бірлестіктің нақты түрінің пайда болуының жағдайларымен, білікті теологтердің негіздеушісінің бар болуымен ескертіледі.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 46 конфессия мен ағымды ұстанатын 4 мыңға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді. Ел бойынша 2182 діни ғимараттар тіркелген. Сонымен бірге нақты көрсеткіш үкіметтің хабар-ошарынан әлдеқайда асады.

Бүгінгі күні елімізде «Аль-Каида», «Исламское движение Узбекистана», «Исламская партия Восточного Туркестана», «Урдский народный конгресс», «Боз Груд», «Асбат-аль-Ансар», «Братья мусульмане», движения «Талибан», «Джамаат моджахедов Центральной Азии», «Лашкар-е Тайиба», «АУМ Синрике» және «Хизбут-Тахрир» сияқты экстремистік және терорлық ұйымдардың қызметіне тыйым салынған.

Бүгінде Қазақстанда өте белсенді жұмыс істейтін ұйым «Хизбут Тахир» болып табылады. Діни- экстремистік ұйымның жақтаушылары еліміздің азаматтарын көп қамтуда.

Сондай-ақ, кең таралған діни-экстремистік ұйымдар қатарына «Таблиг-е Джамаат» кіреді. Соңғы кезде үкіметтегі селқостықтың салдарынан осы ұйым адептерінің санының шапшаң өсуі байқалады. Бұл құрылымның басшылары өз қатарларын кеңейту жұмыстары бойынша Қазақстанға келетін мигранттарға арқа сүйейді.

Сондай-ақ, бір уақытта «таблиговские» деген үгітшілер «ықпал ету объектілерін» таңдауда мемлекеттік құрылымдарға, білім беретін мекемелерге, зауытарға көңіл бөледі. Соңғы кезде Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Ынтымақ ауылында «Убай ибн Кааб» медресесінің қызметінің белсенділігі байқалады. Бұл медреседе теологиялық пәндермен қатар жуынгерлік және шығыс жекпе-жектеріне үйретуге көңіл бөлінеді екен. Жүйелі негізде жауынгерлік самбоға және еркін күрес бойынша жарыстар жүргізіледі, мәселенің күйзелісі мынады, ислам ұранымен еліміздің аумағына халқымызды дәстүрлі емес дінге сенуге үгіттейтін миссионерлер кіре бастады.

Мысалы, Жамбыл облысының аумағында «Хизбут-Тахрир» экстремизімінен басқа вахабиттер, Свидетели Иеговы, Совет церквей евангельских христиан-баптистов (ЕХБ), пятидесятки саентологии деген сияқты ұйымдардың жұмыстары байқалуда. Оңтүстікте «Тарих-атышлар» діни ағымының тобы ұйымдастырылған. Бұлардың ислам мемлекетін құратын идеялары бар көрінеді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кездейсоқ адамдар молда болған. Елімізге миссионерлер, әртүрлі алаяқтар лап берді, джамаат және әр түрлі ислам ағымдарының шабармандары пайда болды. Еліміздің жастары шет елдің исламдық орталықтарына оқуға кетті, бұлар діннің негізі түгіл өз тарихының негізін де дұрыс білмейтіндер. Пәкістан, Сауд Аравия, Иран, Египетке оқуға барғандардың көбісі дұрыс оқуға түскен жоқ. Көбісі джамаат немесе басқа ұйымдардың адептісі болды. Бұлар көбіне дәстүрлі емес ұйымдарға кіріп кеткен.

Бүгін біз оңы мен солын танып білмеген жастар осындай теріс жолдарға бейім екенін көріп отырмыз.

Бүгінгі біздің мақсатымыз діни білім сапасын арттыру, нағыз ислам мен христиандықтың құндылығын түсіндіру болып табылады.

Біріншіден, жастарға жанұядағы тәрбие ықпал етеді, екіншіден, ең алдымен, жаңа ұйымдардың өз дін оқуларын туралы белсенді мәлімет тарату, соның ішінде жастар үшін арнайы әдістері қарастырылған (шет тілдердің тегін курстары, клубтар, т.б). Қазақстандағы діни жағдайдың дамуына шет елдерде болып жатқан жүйелер әсер етеді. Осылай, әр түрлі ағымдардағы исламның бөлінуімен байланысты сол мезетте абсолютті антогонистикалық, сонымен бірге біздің елде ұқсас ағымдар жұмыс істейді. Протестанттық ұйымдардың, дәстүрлі емес мәдениеттің дінді таратуға байланысты жаңа әдістері шет елдерден Қазақстанға тасымалданады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясат дін саласында келесі заңды қағидаларға сүйенеді:

Біріншіден, барлық дін және діни бірлестіктер заң алдыңда тең, олар үшін заңнамамен бірдей құқықтар мен міндеттерді бекітеді.

Екіншіден, діни бірлестіктер ешқандай мемлекеттік қызметтерді атқармайды, және олар заңға қайшы келмесе мемлекет діни бірлестіктер қызметіне араласпайды.

Үшіншіден, діни бірлестіктер үкімет және басқарудың мемлекеттік құрылымдарының таңдауларына қатыспайды. Діни сипаттағы партиялардың қалыптасуына жол берілмейді, сондай-ақ, діни бірлестіктердің саяси партия қызметіне араласып, қаржылық көмек көрсетулеріне тыйым салынады.

Төртіншіден, мемлекет өзара шыдамдылық және азаматтар арасындағы құрмет, сондай-ақ әр түрлі діни бірлестіктер арасындағы өзара қатынастарды анықтау бойынша белсенді саясат жүргізеді.

Бесіншіден, Діни бірлестіктердің ішінде мемлекетте бір діни бірлестіктің басшылық етуі, діндердің үстінен қараушылық, діни бірлестіктер арасында алауыздық тудыру, соның ішінде зорлыққа шақыру, зорлыққа қатысты араздықты тұтандыру рұқсат етілмейді. Діни экстремизмді насихаттау, сонымен бірге саяси мақсатта конфессияаралық айырмашылықтарды қолдануға бағытталған іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында мемлекет саясатта ең біріншіден, ұждан бостандығына әрбір адам мен азаматтың құқығын қамтамасыз ету, Қазақстанның кепілдік берілген Конститутциясы және біздің еліміздің ұлттық заңнан және халықаралық міндеттерден шығатын діни наным бостандығын қамтамасыз етеді.



Жалпы алғанда Қазақстандағы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының қортындысы болып табылатын, мемлекеттің өзара қарым-қатынасының, қоғамдық және діни мүдделердің балансында өзара түсінушілікке талпынатын және әріптестік қатынастарға негізделген діни жағдай тұрақты болып қалмақ.

Мемлекет жағынан қолайлы ортаның жасалуына және толерант санасы мен әртүрлі діндер және конфессия өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне бағытталған дін аралық диологтың дамуын қолдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет