Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының
2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы

1. Паспорты      

Атауы                Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар


                     профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған
                     салалық бағдарламасы (бұдан әрi — Бағдарлама)

Әзiрлеу үшiн         "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы"


негiздеме            2010 жылғы 29 сәуiрдегi Қазақстан
                     Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасы;
                     Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасындағы
                     құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң
                     тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы"
                     2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығының
                     5.8-тармағы

Бағдарламаны         Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi


әзiрлеуге және
iске асыруға
жауапты
мемлекеттiк
орган

Мақсаты              Құқық бұзушылықтар мен қылмыстар


                     профилактикасының тиiмдi және пәрмендi жүйесiн
                     қалыптастыру

Мiндеттерi           Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық


                     бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты
                     жандандыру;
                     Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы
                     құқық бұзушылықтардың, маскүнемдiк пен
                     алкоголизмнiң профилактикасы;
                     Қоғамдық орындар мен көшелердегi қылмыстың
                     деңгейiн төмендету;
                     Көшi-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың
                     профилактикасы;
                     Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық
                     бұзушылықтардың профилактикасы;
                     Мүлiктiк қылмыстарға қарсы iс-қимыл;
                     Қару айналымы саласындағы қылмыстардың
                     профилактикасы;
                     Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың
                     профилактикасы мен ерте алдын алудың тиiмдi
                     жүйесiн құру;
                     Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық
                     Нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру

Iске асыру           2011 - 2013 жылдары


мерзiмдерi     
(кезеңдерi)

Нысаналы             Елдегi құқық бұзушылықтар мен қылмыстар деңгейiн


индикатор-           (100 мың тұрғынға) 2011 жылы 4,9 дейiн, 2012
лары                 жылы 3,9 дейiн, 2013 жылы 3,5 дейiн төмендету

Қаржыландыру         Республикалық бюджет қаражаты.


көздерi мен          Қаржыландырудың болжанатын жалпы көлемi
көлемi               156,295 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде:
                     2012 жылы - 81, 288 млн. теңге,
                     2013 жылы - 75,007 млн. теңге.
                     2012 - 2013 жылдарға қарастырылатын сома тиiстi
                     қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi
                     қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

2. Кiрiспе

      Әлеуметтiк жағымсыз көрiнiс ретiнде қылмыс ұғымы басты бағыты оны тудыратын себептерге ықпал ету болып табылатын алдын алудың тиiстi стратегиясын көздейдi.


      Әлеуметтiк басқару саласындағы қызметтiң ерекше түрi бола отырып, профилактика қоғамдық қарым-қатынастарды жетiлдiруге және құқық бұзушылыққа қарсы iс-әрекеттiң кешендi шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.
      Құқық бұзушылықтың алдын алудың салалық бағдарламасын әзiрлеу құқық бұзушылық профилактикасы проблемасын шешуде мемлекеттiк деңгейде жүйелi және кешендi тәсiлдi жасау, сондай-ақ осы саладағы әлеуеттi күшейту бойынша алдын ала қабылданып жатқан шараларды қаржылық және техникалық қолдау қажеттiгiнен туындады.
      Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтарды ескерту мәселелерi бойынша өзге де заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлердi iске асыру мақсатында әзiрлендi.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Ескерту. 3-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

      Мемлекеттiң қылмысқа қарсы алдын ала қабылдап жатқан шаралары тек қана тiркелген қылмыстар санының өсуiн (1-кесте) тоқтатуға мүмкiндiк бередi.

      1-кесте. Тiркелген қылмыстардың саны



жылдар

тiркелгенi, барлығы

% өскен, төмендеген

10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық

2005

146347

-9,3

96

2006

141271

-3,5

92

2007

128064

-9,3

83

2008

127478

-0,6

81

2009

121667

-4,6

77

2010 жылдың 10 айы

110412

10,8

82

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Сонымен қатар қылмыстылықтың шынайы көрiнiсi (оның латенттiк бөлiгiн ескере отырып) барлық криминалдық көрiнiстердi тоқтатуға құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың күшiнiң анық жетпейтiнiн көрсетедi. Бұл көп жағдайда құқық бұзушылық пен қылмыстылықты ескерту бойынша жұмысты жүргiзудегi кемшiлiктерге негiзделедi.


      Соңғы екi жылдағы жедел жағдайды талдай отырып, Қазақстан Республикасында криминалдық жағдай жалпы күрделi болып отырғанын атап өту қажет. Қылмыстылық мемлекет пен қоғамның барлық тiршiлiк ету саласына жағымсыз ықпал етiп, елдiң әлеуметтiк-экономикалық қалыптасуын бәсеңдетiп, оның халықаралық беделiне нұқсан келтiруiн жалғастыруда.
      2010 жылдың 8 айында 110 мыңнан астам қылмыс тiркелдi, бұл 2009 жылдың осыған ұқсас кезеңiне қарағанда 10,8%-ға көп. Бұл ретте 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылықтың деңгейi 75-тен 82-ге дейiн өскен.
      Қылмыстылықтың, оның iшiнде ауыр және аса ауыр түрлерiнiң өсу үрдiсiн азайтуға, кiсi өлтiрудiң, денсаулыққа ауыр зиян келтiрудiң, қарақшылық шабуылдың санын қысқартуға, топтық және жасөспiрiмдер қылмысының деңгейiн төмендетуге қол жеткенiне қарамастан, 2009 жылдың көрсеткiштерiмен салыстырғанда 2010 жылы:
      тонау саны 17,4%-ға көбейдi;
      бөтеннiң мүлкiн ұрлау 25,0%-ға, оның iшiнде пәтерлерден 39,8%-ға, мал ұрлау 12,5%-ға көбейдi;
      ұрлық саны 14,9%-ға және автомашиналарды айдап әкету 14,8%-ға көбейдi;
      қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 41,5%-ға, оның iшiнде көшелерде 37,6%-ға өстi;
      қылмыстық жазаланатын бұзақылықтар саны 24,3%-ға өстi;
      жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқушылары жасаған қылмыстар саны 12,3%-ға өстi;
      бұрын қылмыс жасаған адамдар жасаған қылмыстар саны 3,7%-ға өстi;
      алкогольге мас күйде жасаған қылмыстар саны 32,1%-ға өстi.
      Мемлекет басшысының 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық Даму жоспарымен (бұдан әрi - Стратегиялық жоспар - 2020) белгiленген мiндеттердiң бiрi баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерiн қорғауды күшейту болып табылады.
      Жасөспiрiмдер қылмысының қолда бар үрдiсi деңгейiнiң төмендегенiне қарамастан, кәмелетке толмағандар жасаған анықталған қылмыстардың жалпы санынан жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқитындардың жоғары үлес салмағы (2-кесте) сол қалпы қалып отыр.

      2-кесте. Мектепте оқитындар жасаған қылмыстардың үлесi



жылдар

Анықталған кәмелетке толмағандар

олардан

Мектепте оқитындар

Үлес салмағы %

2005

8608

4424

51,4

2006

8799

4274

48,6

2007

8344

3937

47,2

2008

7519

3297

43,8

2009

6651

3302

49,6

2010 жылдың 10 айы

4910

2651

54,0

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Республика бойынша жалпы әрбiр 15-шi ауыр қылмысты, әрбiр 20-шы кiсi өлтiрудi, әрбiр 16-шы денсаулыққа ауыз зиян келтiрудi, әрбiр 8-шi қарақшылықты, әрбiр 5-шi тонауды және әрбiр 13-шi ұрлықты кәмелетке толмағандар жасайды.


      Жыл сайын iшкi iстер органдарында әртүрлi құқық бұзушылығы үшiн 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспiрiмдер жеткiзiледi, олардың 9 мыңнан астамы немесе жеткiзiлгендердiң жалпы санының 9,4%-ы панасыз және қадағалаусыз қалған балалар.
      Соңғы жылдары профилактикалық шаралардың нашарлауының нәтижесiнде мас күйде жасаған қылмыстардың (3-кесте) өскенi байқалады, оның үлесiне әрбiр 10-шы қылмыс, оның iшiнде әрбiр 2-шi кiсi өлтiру кiредi.

      3-кесте. Mac күйде жасаған қылмыстардың динамикасы



жылдар

барлығы

% өскен, төмендеген

үлес салмағы %

2005

7879

-9,2

9,2

2006

6866

-12,9

7,9

2007

6272

-8,7

7,6

2008

6482

3,3

7,8

2009

8314

28,3

10,4

2010 жылдың 10 айы

8165

32,1

12,8

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Рецидивтi (қайта жасалған) қылмыстың қалыпты өсу үрдiсi байқалады: егер 2005 жылы төмендеуi 8,9% құраса, 2009 жылы өсуi 9,8%, 2010 жылдың 10 айында 3,7% құраған. Бұл ретте елiмiз бойынша жалпы бұрын сотталған адамдар әрбiр 9-шы кiсi өлтiрудi, әрбiр 11-шi денсаулыққа ауыр зиян келтiрудi, әрбiр 5-шi қарақшылық пен әрбiр 7-шi тонауды жасайды.


      Қоғамдық орындар мен көшелердегi қылмыстылық жағдайы қауырттық күйде қалып отыр, олардың өсуi 2009 жылы 6,4% (2005 жылы - 13%) құрап, үлес салмағы 17,1% (2005 жылы - 12,8%) жеттi. 2010 жылдың 10 айында осындай қылмыстар тиiсiнше 41,5% және 37,6%-ға жеттi. Жағдайды түзету үшiн қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полицияның кешендi күштерiн жедел басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, бағыттарды патрульдеудiң жаңа нысандары мен әдiстерiн дамыту, едәуiр криминогендi аумақтарда бейне бақылау жүйесiн кеңiнен пайдалану, сондай-ақ стационарлық полиция бекеттерiн және полицияның жылжымалы пункттерi паркiн ұтымды пайдалану бойынша кешендi шаралар қабылдау қажет.
      Елiмiзге қарудың, есiрткiлердiң, қылмыскерлер мен экстремистердiң енуiне ықпал ететiн криминалдық шиеленiс заңсыз көшi-қонды күшейтедi. Заңсыз көшi-қон арналарын жабу бойынша құқық қорғау органдарының күшi және басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасасуы жеткiлiксiз болып отыр. Қазiргi уақытта көшi-қон жағдайы республикада еңбек көшi-қоны көлемiнiң өсуiмен, заңсыз көшi-қон ауқымының өсуiмен, қаңғыбастардың, сондай-ақ қарқынды iшкi көшi-қонның болуымен сипатталады.
      2010 жылдың басынан бастап iшкi iстер органдарында 865 мың, тиiсiнше 2009 жылы 813 (+6%) шетелдiк тiркелген.
      Көшi-қон заңнамасын бұзғаны үшiн 122,5 мың, 2009 жылы - 113,0 мың (+7,7%) шетелдiк әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.
      Сот тәртiбiмен 12873 шетелдiк, тиiсiнше 2009 жылы 11947 (+7,1%) шетелдiк елден тыс жерлерге шығарылды.
      Шетелдiк еңбек күшiн заңсыз пайдаланғаны үшiн 1576 жұмыс берушi, тиiсiнше 2009 жылы 1359 (+13,7%) жұмыс берушi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған.
      Көшi-қон заңнамасын бұзғаны үшiн 242, 2009 жылы 269 (-10%) қылмыстық iс қозғалған. 254 (221, +12,9%) адам қылмыстық жауапкершiлiкке тартылды.
      Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 330-2-бабы бойынша заңсыз көшi-қонмен байланысты қылмыстарды анықтау бойынша жұмыс нашар жүргiзiлуде. Ағымдағы жылы барлығы 15 қылмыстық iс, тиiсiнше 2009 жылы 11 қылмыстық iс қозғалған.
      Қалалық және аудандық деңгейдегi iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасында сыртқы көшi-қон ағындарын есепке алуға арналған "Бүркiт" Бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң мүмкiндiгiн толық пайдаланбайды. Сонымен қатар осы бағыттарда сыртқы көшi-қон саласындағы есепке алудың жаңа тетiгiн әзiрлеу қажет.
      Республика бойынша жалпы 4 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды. Экономикалық қылмыстар (213), сондай-ақ ұрлау, заңсыз сатып алу немесе объектiлер мен биологиялық өнiмдердi өткiзу фактiсi бойынша 340 қылмыстық iс қозғалды, 3,5 мың құқық бұзушы әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, жалпы сомасы 7 млн. теңгеден астам айыппұл өндiрiлiп алынды.
      Орал-Каспий бассейiнiнiң аумағында браконьерлiкке қарсы күреске ерекше назар аударылды, онда iшкi iстер органдары заңсыз аулау, балықтар мен олардың өнiмдерiн сатып алу немесе сату фактiлерi бойынша 184 қылмыстық iс қозғалды, олардың 115-1 сотқа жолданды. Заңсыз ауланған 82 тоннадан астам балық, олардан 4,3 тонна бекiре тұқымдас, сондай-ақ 1,5 мың балық аулау құралы, 26 жүзу құралдары алынды.
      Сонымен бiрге экология саласында құқық қолдану практикасын зерделеу табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды ескерту және анықтау бойынша iшкi iстер органдарының жұмысының тиiмдiлiгi жеткiлiксiз жүргiзiлуде, экологиялық қылмыстарды ашу және тергеу бойынша тиiстi шаралар қабылданбайды. Қозғалған қылмыстық iстiң жалпы санынан тек үшiншiсi ғана сотқа жетедi. Бұл негiзiнен iшкi iстер органдары қызметкерлерi бiлiктiлiгiнiң төмендiгiне және осы саладағы қылмыстардың жолын кесудiң, анықтаудың, ашудың және тергеудiң бiрыңғай әдiснамасының болмауына байланысты.
      Мүлiктiк қылмыстарға қарсы iс-әрекет бойынша (ұрлық, тонау, қарақшылық және автокөлiктi айдап кету) алдын ала шаралар тиiмсiз болып қалуда (5-кесте).

      5-кесте. Мүлiктiк қылмыстың жекелеген түрлерiнiң динамикасы


 
 


2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 жылдың 10 айы

ұрлық

63141

59322

51482

52696

49004

49625

тонау

13064

12607

10930

11231

9274

8913

қарақшылық

3002

2474

1994

1950

1623

1357

айдап кету

2054

2410

2411

2134

1930

1837

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Осы жағдай криминалдық полиция бөлiнiстерiнiң жедел ұстанымының, сондай-ақ мақсатқа бағытталған жедел-профилактикалық iс-шараларды өткiзу кезiнде әкiмшiлiк полиция қызметтерiмен бiрге өзара iс-қимылдың нашарлауына негiзделген.


      Соңғы жылдары жалпы елiмiз бойынша атыс қаруын қолданумен жасалатын қылмыстар санының өскенi байқалады, оларды қолданумен кiсi өлтiру сияқты аса ауыр қылмыс түрлерi, денсаулыққа ауыр зиян келтiру және қарақшылық жасалуда (6-кесте).

      6-кесте. Атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстардың динамикасы


 
 


2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 жылдың 10 айы

барлығы

474

429

469

379

465

209

кiсi өлтiру

99

71

89

79

111

78

адам өлiмiне

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


әкелетiн

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


денсаулыққа

-

2

1

3

5

11

ауыр зиян

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


келтiру

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


қарақшылық

112

84

107

84

93

83

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Бұл ретте осындай қылмыстың 76%-дан астамы тiркелмеген атыс қаруымен жасалған, бұл заңсыз қару айналымы арналарын анықтау бойынша жұмыстың нашарлығын көрсетедi. Жойылған және ұрланған қаруды (тек қана 2009 жылы осындай 305 фактi тiркелген) анықтау бойынша жұмыс тиiстi деңгейде ұйымдастырылмаған.


      Атыс қаруын есепке алуды тиiстi ұйымдастыру үшiн республикалық гильзотекаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелiнетiн азаматтық және қызметтiк қаруға сынақ жүргiзуге арналған мамандандырылған зертханалар құруды қажет етедi.
      Стратегиялық жоспар - 2020 "Ұлтаралық келiсiмдi, қауiпсiздiктi, халықаралық қарым-қатынасты қамтамасыз етудiң" басты бағыты шеңберiнде этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиiмдi жүйесiн құру бойынша мiндеттер қойылды.
      Iшкi iстер органдары соңғы жылдары қақтығыс жағдайларға олардың жаппай, оның iшiнде ұлтаралық негiздегi тәртiпсiздiкте өршуiнiң ерте алдын алумақсатында мониторинг жүйесiн енгiздi. Осылайша, 2008 жылы IIМ-нiң Ғылыми-зерттеу институтының жанында Криминогендiк жағдайдың мониторингi орталығы құрылды. Осы мәселе бойынша мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясы және кiшi ассамблеялары арасында өзара тығыз iс-қимыл жасасу және ақпарат алмасу жолға қойылды.
      2009 жылы уақтылы шаралар қабылдаудың нәтижесiнде этносаралық және конфессияаралық қақтығысты арандатуы мүмкiн криминалдық-тұрмыстық негiздегi 11 қақтығыстың жолы кесiлдi.
      Сонымен бiрге жағдайды талдау көрсеткендей әлеуметтiк шиеленiстiң едәуiр өршуiнiң қауiптi ошағы шетелдiк капиталдың қатысуымен құрылған кәсiпорынның еңбек ұжымы болып табылады, олардың көбi елiмiздiң батыс өңiрiнде жинақталған.
      Құқық қорғау органдарының жұртшылық пен азаматтармен жұмысын жандандыруды талап етiледi. Бүгiнде елiмiз бойынша "Азаматтардың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуы туралы" Заңға сәйкес құқық қорғауға бағытталған 6 мыңнан астам (2008 ж. - 4154, 2009 ж. - 5863) қоғамдық құрылым қызмет етедi, оған 41 мың адам қатысады. Олардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 35 мың құқық бұзушылық анықталды.
      Сонымен қатар криминогендiк жағдайды талдау көрсеткендей, осындай құрылымдардың желiсiн жалпы бiлiм беретiн мектептерде кеңейту қажет.
      Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының және Орыс православие шiркеуiнiң басшыларымен маскүнемдiк пен алкоголизмнiң алдын алу мәселесi бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
      Азаматтық қоғам институттарымен құқық қорғау органдары ынтымақтастығының әртүрлi нысандарын белгiлеу Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығында атап өткендей, құқық бұзушылық профилактикасындағы негiзгi басымдықтардың бiрi болуы тиiс.
      Соңғы жылдары Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптi және құқық бұзушылық профилактикасын қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру бойынша үлкен жұмыс атқарды. 2006 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мынадай заңдары әзiрленiп, қабылданды:
      "Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Заң, оның негiзiнде iшкi iстер органдарында оларды тiркеу жолымен заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша бiржолғы акция өткiзу тетiгi құрылды;
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң, онда елден шығарылған шетелдiктерге Қазақстан Республикасына кiруге тыйым салатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiк қызметiн шетелдiктердiң жүзеге асыру шарттарын айқындайтын нормалар енгiзiлген;
      Iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша жарақаттайтын қаруды сатып алуды, сондай-ақ тұрғындардан қаруды сатып алу үшiн құқықтық база құруды көздейтiн нормалар енгiзу мақсатында "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң
      Нысанды киiмдi жеке және заңды тұлғалардың заңға қайшы пайдаланғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiктi белгiлеу мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киiмдi киiп жүруi (пайдалануы) мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң
      Кәмелетке толмағандардың демалатын және ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн белгiлеу мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң
      "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Заң, онда жеке профилактика шаралары, оларды қолдану негiздерi мен тәртiбi нақтыланған, "қорғау нұсқамасы" енгiзiлдi;
      Барлық орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiн айқындайтын бiрыңғай профилактика жүйесiн құру мақсатында "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заң.
      Қазiргi уақытта "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтарды ұстау тәртiбi мен негiздерiн бекiту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауында жатыр.
      Сонымен бiрге құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы практика көрсеткендей, оларды заңнамалық деңгейде шешу қажеттiгiнде бiрқатар проблемалар кездеседi.
      Осылайша, "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңының азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары айналымы саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бақылауды күшейту бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар әзiрлеудi талап етедi.
      Объективтi құқықтық статистиканы қалыптастыру мақсатында "қоғамдық орын" және "көше қылмысы" ұғымдарын нақтылау бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiгi туындады.
      Бүгiнде iшкi iстер органдарында ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жеткiлiксiз жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық профилактикасының проблемалық мәселелерi бойынша әлеуметтiк зерттеулер жүргiзу толық көлемде қолданылмайды.
      Соңғы екi жылда тұрғындар арасында 5 акция ("Сәлеметсiз бе, мен сiздiң учаскелiк инспекторыңызбын", "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн", "Танысуға рұқсат етiңiз", "Зорлық-зомбылықсыз отбасы", "Полиция және мектеп") өткiзiлдi, бiрақ олар эпизодтық сипатта болып келедi.
      IIМ жүйесiнде көбiне бөлек-бөлек жұмыс iстейтiн автоматтандырылған деректер базасымен жасалған ақпараттардың елеулi массивi қалыптастырылды. Сонымен бiрге қазiргi күнi қалыптасқан криминогендiк жағдайды талдау және болжау үшiн осы мәлiметтердi кешендi пайдалану қажеттiгi туындап отыр. Осыған байланысты Бiрыңғай ақпараттық-талдамалық орталық құру мәселесi пысықталуда.
      Қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту қолдағы байланыстарды күшейтуге және шетелдер мен құқық қорғау органдарының практикалық iс-қимыл жасасу тетiгiн кеңейтуге бағытталуы тиiс.
      Қылмыстылыққа қарсы күрестiң шартты құқықтық базасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
      Жан-жақты ынтымақтастықта Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымдары ауқымында құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасасуға назар аудару қажет. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылды жолға қою.
      Елiмiздiң құқық қорғау органдарының БҰҰ-ның жобаларына және бағдарламаларына қатысуын жандандыру, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымға және ЕҚЫҰ "Үштiгiнiң" құрамына Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын iске асыру қажет.
      Практикалық мiндеттердi қоса отырып, екi жақты негiзде Ресей Федерациясының, Қытайдың, Орта Азия елдерiнiң, Еуропа және АҚШ мемлекеттерiмен құқық қорғау органдарының динамикалық байланысын жалғастыру.
      Ұйымдасқан қылмыстың әртүрлi көрiнiстерiне, терроризм және өзге де экстремизм көрiнiстерiне, есiрткi трафигiне, қаруды заңсыз дайындау және айналымына қарсы iс-әрекетте шекаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылсын.
      Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзiрлеу шеңберiнде орын алған проблемаларды шешу бойынша позитивтi халықаралық тәжiрибе зерделенген болатын, бұл туралы қорытынды жасау осы қызметке бағдарламалық тәсiлдер кеңiнен таралған батыс елдерiн алуға мүмкiндiк бередi.
      Мақсатты бағдарлама құқық бұзушылыққа халықтың қатысуының негiзгi ұйымдастырылған нысаны ретiнде алынады. Осындай бағдарламаларда осы сияқты полицияның қызметi ықшамдалған және көбiне ағымдағы мәселелерге бастама жасаумен және оны шешумен шектеледi.
      Мысалы, "Очисть и посей" ("Weed&Seed") бағдарламасы АҚШ-тың федералдық ведомстволарының бастамасы бойынша жүргiзiледi және құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы, коммунаны1 сауықтыру проблемасын шешуде инновациялық, кешендi, ведомствоаралық тәсiл болып табылады. Бағдарламаның мақсаты қауiпсiз қоршаған ортаны және оның тұрғындарының әлеуметтiк дамуын қамтамасыз ете отырып, жекелеген аумақта зорлық-зомбылық қылмыстармен, есiрткiнiң заңсыз айналымымен және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың басқа да түрлерiмен күресудi қамтиды.
      Бағдарлама терт iргелi қағидатқа негiзделедi: ынтымақтастық, үйлестiру, халықтың күш-жiгерi және ресурстарды бiрiктiру.
      "Очисть и посей" бағдарламасын пайдалану тиiмдiлiгi (полицейлердiң басқа да бастамаларының жиынтығымен) туралы Нью-Йорк қаласы бойынша берiлген статистика куәландырады, онда оны iске асыру кезеңiнде кiсi өлтiру орташа есеппен 39%, пәтер ұрлығы 25% және автомобилдердi ұрлау 36% төмендеген.
      Федералдық және жергiлiктi деңгейлерде қылмыстарды ескерту бағдарламасы iске асырылуда. Кейбiр штаттарда құқықтық тәртiптi нығайтуға азаматтардың қатысуы көшелердегi тонаудың санын 30% темендетуге мүмкiндiк бердi.
      Әлемнiң көптеген елдерiнде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия, Үндiстан, Австралия) өзiнiң тиiмдiлiгiн дәлелдеген неғұрлым кең тараған алдын ала жасалатын бағдарламаларға «Көршi назары» және «Сыртқы қоршаған ұйым арқылы қылмыстың алдын алу бағдарламасы (Сынған терезе)» бағдарламаларын жатқызуға болады.
      «Көршi назары» бағдарламасы белгiлi бiр аумақта қоғамдық тәртiптiң жай-күйiн қадағалау жөнiндегi көршiлер ұйымдарын құруға бағытталған. Мұндай бағдарламаларды, әдетте, учаскелiк полиция инспекторлары жүргiзедi. Полиция қызметкерлерiнiң қатысуы мерзiмдi бiрлескен iс-шараларды ұйымдастырумен шектеледi.
      Бағдарлама үш бағыт бойынша жүргiзiледi:
      1) күдiктi адамдарға қадағалау жүргiзу және ол туралы полицияны хабардар ету үшiн белгiлi бiр ауданда тұратын азаматтарды топтарға немесе жасақтарға бiрiктiру;
      2) мүлiктi табуды оңайлату үшiн арнайы нөмiр (мысалы, үйдiң немесе пәтердiң пошталық коды немесе иесiнiң аты-жөнi) қою арқылы мүлiктi таңбалау. Тоқсандық қадағалау жасақтарының басшыларына немесе аға қызметкерлерiне полиция қызметкерлерi үйдегi мүлiктерге белгi қойылғаны туралы қылмыскерлердi ескертетiн терезелерге арналған жапсырмалар бередi;
      3) полицейлердiң үй иелерi мен аудан тұрғындарына баруын және пәтерлер мен үйлердi күзетпен қамтамасыз етуде консультативтiк көмек көрсетуiн ұйымдастыру.
      «Көршi назары» бағдарламасына қатысудың формальды жағы минималды, ең бастысы – ол неғұрлым қауiпсiз өмiр сүру жағдайына мүмкiндiк туғызуға ниетi. «Көршiлердiң» негiзгi қызметi – қылмыстық сипаттағы кез келген ақпаратты полицияның назарына жеткiзу. Кейде бұл қызметке аумақты патрульдеу бойынша азаматтық жасақтар құру жатады. Мәселен, АҚШ-та 100 мыңнан астам осындай ұйым бар.
      Осыған ұқсас бағдарламалар Ұлыбритания мен Эстонияда жасалған, оны қаржыландыру және iске асырылуын бақылау жергiлiктi билiк органдарына жүктелген.
      Жасөспiрiмдер қылмысының профилактикасында АҚШ полициясының жұмыс тәжiрибесi үлкен қызығушылық тудырады, мұнда олардың қамқорлығымен, Лос-Анджелес қаласының мэриясымен бiрлесе отырып, 1995 жылдан бастап Кадеттер мектебi құрылған.
      Кадеттер мектебi – бұл 18 апта бойы әр сенбi күндерi сағат 8-ден 17-ге дейiн өтетiн, 14-тен 18 жасқа дейiнгi ниет бiлдiрушi жасөспiрiмдердi оқыту үшiн полиция ұйымдастыратын курстар.
      Әдетте, мектептiң негiзгi контингентiн қиын өмiр жағдайына тап болған жасөспiрiмдер құрайды. Кадеттер мектебi оларды өздерi түсуi немесе өмiр сүрiп отырған ортасы елiктiруi мүмкiн қылмыс жасау жолынан «тайдыруға» мүмкiндiк тудырады.
      Оқыту бағдарламасы үш негiзгi құрамдас бөлiктен тұрады:
      1) қылмысты болдырмау;
      2) проблема қиындап кетпей тұрып, проблемаға араласу;
      3) бiлiм беру, оқыту, өмiрде қажет болатын дағдылар.
      Мектептi бiтiргеннен кейiн олар шағын тапсырмаларды орындай отырып, полиция учаскелерiнде қоғамдық негiзде жұмыс iстей алады.
      Қоғамдық тәртiптi және азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру бөлiгiнде соңғы жылдары Грузия Iшкi iстер министрлiгiнiң жүйесiнде жүргiзiлiп жатқан өзгерiстер ерекше көңiл бөлуге лайық, мұнда мемлекеттiк автомобиль инспекциясы толығымен таратылған.
      Қазiргi уақытта Грузияда жол полициясының функцияларын арнайы патрульдiк қызмет атқарады, сонымен қатар оларға патрульдiк-бекеттiк қызмет функциялары да берiлген. Жұмысты осылай ұйымдастыру күш-жiгерi қоғамдық тәртiптi және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметкерлерiнiң тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға мүмкiндiк бередi.
      Осыған байланысты, 2012 жылдың 1 сәуiрiнен бастап Павлодар облысының Iшкi iстер департаментiнiң базасында жол және патрульдiк полиция бөлiнiстерiн қосу бойынша эксперимент басталды, ол 2013 жылдың 1 сәуiрiне дейiн жалғасады.
      Бүгiнгi күнi анағұрлым негiзгiлердiң бiрi қылмысты ескертудiң виктимологиялық бағыты болып табылады. Ол үлкен материалдық шығынды қажет етпейдi және барлық адамдарға тән өзiн-өзi қорғауға деген талпынысты iске асырады.
      Осылайша, Жапонияда қазiргi уақытта профилактикалық бейiндегi әртүрлi қоғамдық қозғалыстардың тармақталған желiлерi жұмыс iстейдi. Олардың iшiнде ең белгiлiсi - Қылмысты ескерту ассоциациясы. Барлық жерлерде полицияның мектептермен және өнеркәсiп корпорацияларымен байланысы жөнiндегi комитеттер жұмыс iстейдi. Осындай алдын алу шараларының нәтижесiнде Жапонияда "түрме халқының" көрсеткiшi 100 тұрғынға 50 тұтқыннан, бұл әлемдегi ең төмен көрсеткiш.
      Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберiнде мектеп және жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалар қызығушылық тудыруда.
      Мысалы, Батыс Еуропаның барлық оқу орындарында, бастауыш мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейiн, полицейлердiң қатысуымен қолданбалы виктимология бойынша дәрiстер өткiзiледi, оның нәтижелерi бойынша ниет бiлдiрушiлер өзiн-өзi қорғау тәсiлдерiн игеру және экстремалдық жағдайларда оңтайлы мiнез-құлық дағдыларын үйрену мақсатында арнайы тренингтерден өте алады.
      Осындай бағдарламалар әртүрлi санаттағы оқушылардың әлеуметке қарсы мiнез-құлқының тәуекел факторлары санын төмендетуге бағытталған. Бұл бағдарламаларда ең бастысы оқушылар, ата-аналар мен жергiлiктi қауым арасында өзара тығыз iс-қимыл жасасуды орнату. Сонымен қатар онда оқу орны қабырғасында оқушылардың терiс мiнез-құлқын (оның iшiнде алкогольдi, марихуананы тұтыну, темекi шегу) барынша төмендету және оқу қызметiне назар аудару көзделедi.
      Осылайша, Германияда 2004 жылдан бастап балалар (-10,9%) және жасөспiрiмдер қылмысы (-4,3%) сияқты құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша едәуiр төмен көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. Болгарияда кәмелетке толмағандар (14 жастан 17 жасқа дейiн) жасаған қылмыстардың саны 100 мың тұрғынға шаққанда төрт жыл iшiнде 4286-дан 2930-ға дейiн, Румынияда 1958-ден 1379-ға дейiн қысқарған. Израильде осындай жұмыс мектепке дейiнгi ұйымдарда "Мен және менiң полицейiм" жобасын iске асыру арқылы ұйымдастырылған.
      Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұлттық бағдарламасы Австралияда, Австрияда, Болгарияда, Ұлыбританияда, Германияда, Грецияда, Данияда, Испанияда, Италияда, Канадада, Латвияда, Литвада, Малайзияда, Мексикада, Нидерландыда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда, Польшада, Португалияда, Корея Республикасында, Ресейде, Сауд Аравиясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркияда, Финляндияда, Швецияда, Японияда қолданыста.
      Осыған байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасының салалық бағдарламасы шеңберiнде зерделенген шетелдiк жұмыс тәжiрибесiн қазақстандық полицияның қызметiне бейiмдеуге болады деп ұйғарамыз.
      Сонымен қатар Қазақстан Республикасында осы бағытта белгiлi бiр шаралар қабылдана бастады.
      Осылайша, соңғы уақытта қабылданған "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын ескерту туралы" заңдарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасында әрбiр мемлекеттiк органның құзыретi белгiленген, сондай-ақ осы жұмысқа азаматтық қоғам институттарының, қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуы көзделген.
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет