Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы


Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары мен iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі339.5 Kb.
#8298
1   2   3   4

4. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары мен iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

      Ескерту. 4-бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.



      Бағдарламаның негiзгi мақсаты – құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиiмдi және пәрмендi жүйесiн қалыптастыру.
      Бағдарламаның негiзгi нысаналы индикаторы – құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санын 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылы 4,9 дейiн, 2012 жылы 3,9 дейiн, 2013 жылы 3,5 дейiн төмендету болып табылады.
      Мiндеттерi:
      1) кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру;
      Бұл мiндет нәтижелерiнiң көрсеткiштерi:
      қадағалаусыздық және қараусыздықтың деңгейiн 2011 жылы 37,4 дейiн, 2012 жылы 37,3 дейiн, 2013 жылы 37,2 дейiн төмендету;
      кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 6,2% дейiн, 2012 жылы 6,1% дейiн, 2013 жылы 6,0% дейiн төмендету;
      жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылары жасаған қылмыстар санын 2011 жылы 3659 дейiн, 2012 жылы 3563 дейiн, 2013 жылы 3500 дейiн төмендету болып табылады.
      «Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру» деген бiрiншi мiндеттi шешу мақсатында үздiк комиссияға конкурстар өткiзу арқылы өңiрлiк кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссиялардың жұмысын жандандыру шараларына, еңбекпен қамту органдарында есепте тұрған жастарды басымдық тәртiпте еңбекпен қамтуға ерекше көңiл бөлiнетiн болады, бұл ретте жұмыс берушiлердi ынталандыру мәселелерi пысықталды.
      Сонымен бiрге балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, сондай-ақ оқушылар арасында құқықтық тәрбиенi дамыту және кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсету қызметiн кеңейту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған.
      2) отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдiк пен алкоголизмнiң профилактикасы;
      Бұл мiндет нәтижелерiнiң көрсеткiштерi:
      отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 0,4% дейiн, 2012 жылы 0,3% дейiн, 2013 жылы 0,2% дейiн төмендету;
      алкогольге мас күйде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 14,1% дейiн, 2012 жылы 14,0% дейiн, 2013 жылы 13,9% дейiн төмендету болып табылады.
      «Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдiк пен алкоголизмнiң профилактикасы» деген екiншi мiндеттi шешу үшiн тұрмыстық зорлық-зомбылықтар профилактикасы туралы заңнаманың жаңа нормаларын кеңiнен қолдануға, қорғау нұсқамалары шығарылған, отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтар жасауға бейiм адамдарды толық есепке алуды және олармен сапалы жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүзеге асырылады.
      3) қоғамдық орындар мен көшелердегi қылмыстардың деңгейiн төмендету;
      бұл мiндет нәтижелерiнiң көрсеткiштерi:
      кiсi өлтiрудiң үлес салмағын 2011 жылы 0,4% дейiн, 2012 жылы 0,3% дейiн, 2013 жылы 0,2% дейiн төмендету;
      денсаулыққа ауыр зиян келтiрудiң үлес салмағын 2011 жылы 1,0% дейiн, 2012 жылы 0,9% дейiн, 2013 жылы 0,8% дейiн төмендету;
      тонаудың үлес салмағын 2011 жылы 22,0% дейiн, 2012 жылы 21,8% дейiн, 2013 жылы 21,7% дейiн төмендету;
      қарақшылық шабуылдың үлес салмағын 2011 жылы 1,5% дейiн, 2012 жылы 1,4% дейiн, 2013 жылы 1,3% дейiн төмендету;
      бұзақылықтың үлес салмағын 2011 жылы 14,5% дейiн, 2012 жылы 14,4% дейiн, 2013 жылы 14,3% дейiн төмендету болып табылады.
      «Қоғамдық орындар мен көшелердегi қылмыстардың деңгейiн төмендету» деген үшiншi мiндеттi шешу үшiн ең алдымен патрульдiк қызметтiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жақсартуға, атап айтқанда полицияның жылжымалы және тұрақты бекеттерiнiң, адамдар көп шоғырланатын орындардағы бейнебақылау жүйесiнiң санын арттыруға бағытталған iс-шаралар жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар шет елдер құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы позитивтi жұмыс тәжiрибесi (Грузия полициясының тәжiрибесi) енгiзiлетiн болады.
      4) көшi-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
      бұл мiндет нәтижелерiнiң көрсеткiшi:
      Қазақстанда заңсыз болудың орташа ұзақтығы 2011 жылы 25 (күн) дейiн, 2012 жылы 20 дейiн, 2013 жылы 15 дейiн болып табылады.
      «Көшi-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» деген төртiншi мiндеттi шешу шеңберiнде «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа нормаларын бұзғаны үшiн шетелдiктер мен Қазақстан Республикасы азаматтарының жауапкершiлiгiн күшейту бөлiгiнде оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
      Сонымен бiрге олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға қою мақсатында қазақстандықпен қатар, басқа да мемлекеттердiң азаматтығы бар адамдарды анықтау жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
      5) мүлiктiк қылмыстарға қарсы iс-қимыл;
      бұл мiндет нәтижелерiнiң көрсеткiшi:
      тiркелген қылмыстардың жалпы санынан жеке меншiкке қарсы қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 66,0% дейiн, 2012 жылы 64,0% дейiн, 2013 жылы 63,0% дейiн төмендету болып табылады.
      «Мүлiктiк қылмыстарға қарсы iс-қимыл» деген бесiншi мiндеттi шешу үшiн мақсатты бағытталған жедел-профилактикалық және арнайы iс-шаралар кешенi өткiзiлетiн болады.
      6) қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы;
      бұл мiндет нәтижелерiнiң көрсеткiшi:
      атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың санын 2011 жылы 645 дейiн, 2012 жылы 635 дейiн, 2013 жылы 625 дейiн төмендету болып табылады.
      «Қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы» мiндетiн шешу үшiн атыс қаруын, оқ-дәрiлердi және жарылғыш заттарды әкелудiң заңсыз арналарын анықтау және жолын кесу жөнiндегi мақсатты бағытталған жедел-профилактикалық және арнайы iс-шаралар кешенi өткiзiлетiн болады.
      Сонымен бiрге тергелетiн қылмыстық iстердiң сапасын арттыру, алынған қаруды есепке алуға, сақтауға және жоюға бақылауды қатаңдату жөнiндегi шаралар iске асырылды және оларды есепке алу үшiн азаматтық және қызметтiк қарудың республикалық гильзотекасын құру мәселесi пысықталды.
      7) этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы және ерте алдын алудың тиiмдi жүйесiн құру;
      бұл мiндет нәтижелерiнiң көрсеткiшi:
      этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың туындауын арандатуға қабiлеттi қақтығыстарды болдырмау санын 2011 жылы 10 дейiн, 2012 жылы 9 дейiн, 2013 жылы 7 дейiн төмендету болып табылады.
      «Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы және ерте алдын алудың тиiмдi жүйесiн құру» мiндетiн шешу үшiн халыққа, әсiресе жастарға этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алу бөлiгiнде түсiндiру және насихат жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар iске асырылатын болады, ол үшiн өңiрлерде үгiт және насихат топтарын құру жоспарлануда.
      8) жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық
      бұл мiндет нәтижелерiнiң көрсеткiшi:
      қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысушы азаматтардың санын 2011 жылы 34035 дейiн, 2012 жылы 34500 дейiн, 2013 жылы 35300 дейiн арттыру болып табылады.
      «Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық» мiндетiн шешу үшiн құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың желiсiн кеңейту, бұл жұмысқа жеке меншiк күзет құрылымдарының қызметкерлерi мен студент жастарды жұмылдыру, жолаушылар көлiгi кәсiпорындарының диспетчерлiк қызметi мен пәтер иелерi кооперативтерiнiң мүмкiндiктерiн пайдалану жөнiндегi шаралар жүзеге асырылатын болады.
      9) нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      Бұл мiндеттi шешу мақсатында Бағдарламаны iске асыру кезеңiнде мүдделi мемлекеттiк органдар iшкi iстер органдарының есебiнде тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзуге бағытталған құқық бұзушылықтар профилактикасы жүйесiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн жетiлдiру, сондай-ақ кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды ұстау үшiн iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiн құру бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейтiн болады.
      Мақсатына, нысаналы индикаторларына, мiндеттерi мен нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты мемлекеттiк органдар:
      Мемлекеттiк органдар мен Бағдарламаға басқа негiзгi қатысушылардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын және Бағдарламаның толық iске асырылуы үшiн жауапты болатын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
      өз құзыретi шегiнде Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын жүзеге асыратын Қаржы, Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, Дiн iстерi агенттiгi, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары.

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Ескерту. 5-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.06.24 № 703, 2012.10.12 № 1298 Қаулыларымен.



      Бағдарламаны iске асыру үш жыл аралығын (2011 - 2013 жылдар) қарастырады.
      Бiрiншi жыл аралығында (2011 жыл) бағдарламаны iске асыру мынадай алғашқы кезектi iс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлайды:
      1) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығын толықтыру туралы мәселенi қарастыру;
      2) кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерге алкоголизммен ауырған, ерiктi түрде емдеуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жолдау және оларды медициналық-әлеуметтiк ақтау тәртiбi мәселесi жөнiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң орындылығы мәселесiн қарастыру;
      3) "қоғамдық орын" және "көше қылмысы" ұғымдарын нақтылау мақсатында нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      4) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      5) жергiлiктi атқарушы органдарға адамдарды маскүнемдiлiкке тәуелдiлiктен мәжбүрлеп емдеу үшiн наркологиялық ұйымдар желiсiн кеңейту туралы ұсыныстар енгiзу;
      6) заңнамалық нормативтiк құқықтық актiлерге кәмелетке толмағандар арасында қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау мәселесi жөнiндегi жинақты дайындау және жариялау;
      7) Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiктердi iшкi iстер органдарының көшi-қон бөлiнiстерiне ақпараттарды бере отырып, қонақ үйлерде тiркеу тетiктерiн құру;
      8) жаңадан құрылған Көшi-қон полициясы комитетiнiң алдына қойылған мiндеттердi ескере отырып, IIМ-нiң Қарағанды академиясы жанындағы заңсыз көшi-қон мен адамдар саудасына қарсы күрес жөнiндегi мамандарды дайындайтын оқу орталығында бiлiктiлiктi арттыру курстарының оқу бағдарламасын кеңейту;
      9) IIМ жоғары оқу орындарының бiрiнiң базасында табиғатты қорғау  және криминалдық полиция, тергеу бөлiнiстерiнiң қызметкерлерi үшiн экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, ашу және тергеу мәселелерi жөнiндегi бiлiктiлiктi арттыру курстарын ұйымдастыру;
      10) әкiмшiлiк полиция қызметкерлерiн жедел жағдайды талдауды ескере отырып, күштер мен құралдарды үнемдi бөлуге қабiлеттi бiлiктi басшы құраммен нығайту мақсатында бiлiктiлiк талаптарын қайта қарау;
      11) жүктерi бар келген вагондардың тұтастығын бақылауды жүзеге асыру үшiн поездар мен жүктер туралы ақпараттарды дайындау, беру және қабылдауда бейнебақылау, қашықтықтан басқаратын ауқымды қақпаларды, электрондық-тензиметриялық таразылар мен аппаратураларды қондырып, мемлекетаралық, қиылысатын және түйiндi станцияларда коммерциялық қару бекеттерiне автоматтандыруды енгiзу мәселесiн зерделеу (Ресей Федерациясының шекаралық коммерциялық қарау бекеттерiнiң әдiсi бойынша);
      12) тегiс ұңғылы, газдық, жарақат салатын патрондармен атуға мүмкiндiгi бар газдық және ұңғысыз қаруларды есепке қою мен сәйкестендiру үшiн қызметтiк қарулардың республикалық гильзотекасын қалыптастыру мәселесiн зерделеу;
      13) қауiпсiздiк саласында халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi ЕҚЫҰ-ның iс-шараларына қатысу.
      Екiншi және үшiншi жылдар аралығында (2012 — 2013 жылдар) бағдарламаны iске асыру мынадай iс-шараларды жүзеге асыруды көздейдi:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      2) "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына азаматтық және қызметтiк қару мен олардың патрондары, жарылғыш заттар мен материалдар, оларды қолданып, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымы саласында кәсiпкерлiк қызмет i жүзеге асырушы заңды тұлғаларды орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызу, сондай-ақ көрсетiлген субъектiлерге тоқсан сайын тексерудi енгiзу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар әзiрлеу;
      3) Қазақстан Республикасына әкелiнетiн азаматтық және қызметтiк қаруларды олардың криминалистiк талаптарға сәйкестiгiне тексеру жүргiзiп, тиiстi қорытындыны беру жөнiндегi мамандандырылған зертхананы құрудың құқықтық аспектiлерiн зерделеу;
      4) өмiрдiң қиын жағдайына тап болған адамдар үшiн халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартын енгiзу;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      6) бiлiм беру ұйымдары мен жастар көңiл көтеретiн орындарда жедел-профилактикалық iс-шаралар өткiзу;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      8) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      9) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      10) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      11) iшкi iстер органдарының кинология қызметiн дамыту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
      12) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      13) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      14) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      15) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      16) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      17) аумақтық iшкi iстер органдарының табиғат қорғау полициясы бөлiнiстерiн көлiк және басқа да техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
      18) табиғат пайдалану саласында қылмыстардың ұйымдасқан нысандарын анықтау, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды тергеу және ашу бөлiгiнде әдiснама әзiрлеу және iшкi iстер органдарына енгiзу;
      19) қарудың заңсыз айналымы саласында қылмыстарды анықтау мен тергеу жөнiнде құқық қорғау органдарының жұмыс тәжiрибесiн қорытындылау және әдiстемелiк нұсқаманы әзiрлеу;
      20) iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiмен қажеттi ақпарат алмасу үшiн жолаушылар тасымалын (оның iшiнде такси) жүзеге асырушы кәсiпорындардың диспетчерлiк қызметiн пайдалану тетiктерiн пысықтау;
      21) құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы проблемалары жөнiндегi әлеуметтiк зерттеулердi (сұрау салуларды) өткiзу.
      22) Бағдарламаны iске асыру мониторингi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережелерiнде айқындалған тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.

6. Қажеттi ресурстар

      Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын болады.


      Бағдарламаны iске асыру үшiн 156,295 млн. теңге, оның iшiнде 2012 жылы - 81,288 млн. теңге, 2013 жылы - 75,007 млн. теңге талап етiледi.
      Сондай-ақ концессиялық негiзде қаржыны пайдалану болжанады.
      2012 - 2014 жылдарға көзделген сома тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнде облыстар (елорда, республикалық маңызы бар қалалар) бюджетiнен қаржыландыру көзделген бағдарламаның жекелеген iс-шараларын тиiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 44-бабына сәйкес оларды республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы трансферттермен қаржыландыру болжанған.

7. Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жоспары

      Ескерту. 7-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.06.24 № 703, 2011.08.01 № 888, 2012.10.12 № 1298 Қаулыларымен.



р/с №

Iс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауапты

Орындалу мерзiмi

Болжанатын шығыстар (млн.теңге)

Республикалық бюджет

Жергiлiктi бюджет

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы және құқықтық тәртiптi нығайту

1.

Құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру, профилактикалық жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi тиiстi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың, елорданың және облыстық маңызы бар аудандардың қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының жанында құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi комиссия құру

Мәслихаттардың шешiмдерi, IIМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың әкiмдерi

2011 жылғы қаңтар




Қажет етпейдi

1-1.

«Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi үздiк қалалық, аудандық комиссия» атты облыстық, қалалық конкурстар өткiзудi ұйымдастыру

Үкiметке ақпарат

IIМ (жинау) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2012-2013 жылдар 4-тоқсан

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

Әлеуметтiк профилактика

2.

Тұрғындарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздарды, әсiресе жастарды төленетiн қоғамдық жұмыстарға тарту, оларға кәсiби даярлық және оқулар жүргiзу бойынша қосымша шаралар қабылдау

Тиiстi iс-шаралар

Еңбекминi (жинау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Ұдайы

Қажет етпейдi

Көзделген қаражат шегiнде

3.

Өмiрдiң қиын жағдайына тап болған адамдар үшiн тұрғындарды әлеуметтәк қорғау саласында арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын енгiзу

Еңбекминi бұйрығы

Еңбекминi

2012 жылдың 3-тоқсаны

Қажет етпейдi




3-1.

Еңбекпен қамту органдарында есепте тұрған халықтың мақсатты топтарындағы жастарды басым тәртiппен еңбекпен қамтуға жәрдемдесу және оларға жеке, топтық тәрбие және психологиялық көмек көрсету

IIМ-ге ақпарат

Еңбекминi (жинау), БҒМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтардың профилактикасы

4.

Тәрбие колонияларынан оралған кәмелетке толмағандар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған жасөспiрiмдерге ерекше көңiл бөле отырып, белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ, әлеуметтiк байланыстарын жоғалтқан кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту және оңалту жөнiндегi шаралар кешенiн қабылдау

Тиiстi iс-шаралар, жұмыс жоспарлары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Ұдайы

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

4-1.

Iшкi iстер органдарында есепте тұратын, аз қамтылған және қолайсыз отбасылардағы кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындары квоталарын бөлу мәселелерiн пысықтау

Тиiстi iс-шаралар

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Тоқсан сайын

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

4-2.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға, интернаттық мекемелер мен балалар үйлерiнiң түлектерiне жұмыс орындарын құрған жұмыс берушiлердi ынталандыру жүйесiн әзiрлеу және енгiзу

Тиiстi iс-шаралар, жұмыс жоспарлары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2012 жылғы желтоқсан

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

5.

Үкiметтiк емес ұйымдармен өмiрдiң қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандар үшiн қосымша дағдарыс орталықтарын құру, оларға психологиялық көмек көрсету мәселелерiн пысықтау

Тиiстi iс-шаралар, келiсiм

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Ұдайы




Қажет етпейдi

6.

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз қалу мен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша заңнамалар жинағын дайындау және жариялау

Жинақ

IIМ, БҒМ

2011 жылдың 1-тоқсаны

Қажет етпейдi




7.

Өмiрдiң қиын жағдайына тап болған ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға балалардың құқықтарын сақтау және мүдделерiн қорғау мәселелерiнде құқықтық және кеңестiк көмек көрсету

Кеңестер беру, семинарлар

БҒМ, Әдiлетминi

Ұдайы

Қажет етпейдi




8.

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқитындардың арасында әкiмшiлiк және қылмыстық заңнамалардың нормаларын түсiндiру бойынша ғылыми-құқықтанушыларды, әдiлет, прокуратура өкiлдерiн тарта отырып, тақырыптық әңгiмелер мен дәрiстер ұйымдастыру

Дәрiстер, семинарлар, әңгiмелер

БҒМ, БП (келiсiм бойынша), Әдiлетминi

Ұдайы

Қажет етпейдi




9.

Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi өңiрлiк комиссия отырыстарында және бiлiм беру органдарында нәтижелерiн қарай отырып, қолайсыз криминогендiк ахуалдағы оқу орындарына кешендi тексерiс жүргiзу

Кешендi тексерiстер, отырыстардың хаттамалары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, IIМ, БП (келiсiм бойынша)

Ұдайы




Қажет етпейдi

10.

Мектеп, лицей және гимназияларға бармайтын балалар мен жасөспiрiмдердi анықтау бойынша жұмысты жүзеге асыру

Тиiстi рейдтер жүргiзу

БҒМ (жинау), IIМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Ұдайы

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

11.

Қолайсыз және күнкөрiсi төмен отбасыларында, сондай-ақ iшкi iстер органдарында есепте тұратын жасөспiрiмдердi мектеп демалысын өткiзу кезеңiнде сауықтыру демалысын ұйымдастыру

Тиiстi iс-шаралар

БҒМ (жинау), IIМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Ұдайы, мектеп демалысын кезеңiнде

Қажет етпейдi

Көзделген қаражат шегiнде

12.

Өмiрдiң қиын жағдайына тап болған балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелi айналысуға тарту

Спорттық iс-шаралар өткiзу

ТСМ (жинау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Ұдайы

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

13.

Бұқаралық ақпарат құралдарын және жұртшылықты тарта отырып, түнгi уақытта көңiл көтеретiн орындарда кәмелетке толмағандардың болуына тыйым салу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдi және темекi өнiмдерiн сату туралы қабылданған заңдарды бақылау бойынша ұдайы рейдтер жүргiзу

Тиiстi рейдтер жүргiзу

IIМ (жинау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Ұдайы

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

13-1.

Бiлiм беру ұйымдарында сабақтан тыс уақытта құқық қорғау органдарының қатысуымен өзiн-өзi қорғау және экстремалды жағдайларда оңтайлы жүрiп-тұру дағдыларын қалыптастыру мақсатында арнайы тренингтер ұйымдастыру

IIМ-ге ақпарат

IIМ (жинау) БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерi

Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шiлде

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

13-2.

Оқушылардың девиантты жүрiс-тұрысының алдын алу бойынша оқу орындары директорларының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарларының, сынып жетекшiлерiнiң (тәрбиешiлердiң) авторлық бағдарламалары мен әдiстемелiк әзiрлемелерiнiң өңiрлiк конкурстарын ұйымдастыру

IIМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерi

2012-2013 жылдардың 4-тоқсаны

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

13-3.

Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын оқу мекемелерiнде және оларға iргелес аумақтарда бейнебақылау орнату, сондай-ақ пластикалық карточкаларды қолдану арқылы турникет түрiнде бақылау-өткiзу режимiн енгiзу мәселелерiн пысықтау

IIМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шiлде




Көзделген қаражат шегiнде

13-4.

Iшкi iстер органдары жүйесiнде бiр облыстың базасында Кадеттер мектебiне ұқсас (АҚШ) ұйымдар ашу болып табылатын жобаны пилоттық режимде iске асыру туралы мәселелердi пысықтау

IIМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

2013 жылдың 1-тоқсаны

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

13-5.

Тұрғын үй массивтерiнде балалар аулаларын және спорт алаңдарын қосымша салуды ұйымдастыру, жалпы бiлiм беретiн мектептер және үй-жай (пәтер) иелерiнiң кооперативi базасында аула клубтарының санын көбейту бойынша шаралар қабылдау

IIМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шiлде




Көзделген қаражат шегiнде

13-6.

Бiлiм беру және iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша қолданыстағы бағдарламалар шеңберiнде девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргiзу үшiн интернаттық мекемелер мен арнайы бiлiм беру ұйымдары тәрбиешiлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бағдарламаны әзiрлеу және IIМ мен БҒМ-нiң бiрлескен бұйрығымен бекiту

Бiрлескен бұйрық

IIМ, БҒМ

2013 жылдың 2-тоқсаны

Қажет етпейдi

Қажет етпейдi

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдiк пен алкоголизмнiң профилактикасы

14.

Қорғау ұйғарымы шығарылған отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқық бұзушылық жасауға бейiм адамдарды толық есепке алуды және профилактикалық жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Қорғау ұйғарымдарын шығару, профилактикалық есепке алу

IIМ

Ұдайы

Қажет етпейдi




15.

Жергiлiктi атқарушы органдарға адамдарды маскүнемдiлiкке тәуелдiлiктен мәжбүрлеп емдеу үшiн наркологиялық ұйымдар желiсiн кеңейту туралы ұсыныстар енгiзу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне ұсыныстар

ПМ (жинау), ДСМ

2011-2013 жылдардың 1-тоқсаны

Қажет етпейдi




Есiрткi қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы

16.

Кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

Қылмыстың қайталану профилактикасы

23.

Кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

24.

25.

26.

Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

27.

Криминогендiк жағдайларды ескере отырып, полицияның кешендi күштерi жасақшаларын едәуiр қылмысқа шалдыққан учаскелерге жақындату мақсатында олардың патрульдеу бағыттарына түзетулер енгiзу.

Полицияның кешендi күштерi мен құралдарын орналастыру жоспарын түзету

IIМ

Тоқсан сайын

Қажет етпейдi




28.

Жергiлiктi атқарушы органдарға:
- патрульдiк полицияның саптық бөлiнiстерiн материалдық-техникалық жабдықтау;
- облыс орталықтары мен iрi қалаларда жылжымалы полиция пункттер паркiн көбейту;
- азаматтар жаппай жиналған жерлерде стационарлық полиция бекеттерiнiң желiсiн кеңейту;
- көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда бейне бақылау камералары желiсiн кеңейту жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерiне ұсыныстар

IIМ (жинау), БП (келiсiм бойынша), ТЖМ

2011-2013 жылдар желтоқсан

Қажет етпейдi





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет