Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері


Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық



бет2/3
Дата20.07.2016
өлшемі176 Kb.
#212361
1   2   3

Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.


Кәсіпкеріліктің бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдасытыру құқықтық нысандары шегінде жүзеге асады.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға байланысты:


  • Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;

  • Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;

  • Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;

  • Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;

  • Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.

Ұйымдастыру-құқықтық нысанды таңдау кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толығырақ қарастырайық. Заңды тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке кәсіпкерлікке жатады. Жеке кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаға жатады. Әдетте жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім қабылдау процесін жеке өзі бақылауға бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алуға дайын, фирманың дара иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын қалайды.

Кәсіпкерліктің осы нысанының артықшылықтары бар, олар тәуелді болмау, ұтқырылық, материалдық қызығушылық және т.б.

Жеке кәсіпкерлік өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген жағадайларда қол еңбегі мен өндірістің әмбебап өнімділігі аз құралдарын қолданады, ҒТП жетістіктерін жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке кәсіпкерлікте капиталды тарту иесінің өзінің жеке қаржысын салуына негізделген?

Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынының міндеттеріне барлық өзінің жиынтық мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке кәсіпкерлікте пайда болған тәуекел оның барлық дәулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен пайда иесіне тиесілі.

Кәсіпкерлік қызметтің бұл нысаны соңғы жылдары ерекше қарқында дамуда, Қазақстанда 1998 жылы 40433 жеке кәсіпкерлік тіркелген болатын, оның ішінде өнеркәсіпте 1950 адам (4,8 %), саудада – 29992 (74,2 %), қала және жол көлігінде – 4020 (10 %), қонақ үй мен мейрамханаларда – 1815 (4,5 %), және қызметтің басқа сфераларында 2656 (6,5 %) адам істейді. Өз кезегінде кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады. 1. 21 – 24 беттер

Ұйымдастыру-құқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді жатқызуға болады.

Бірақ үлкен көлемдегі қаржы ресурстарын қалаумен қатар, жеке материалдық жауапкершілік жоғары және тәуекел өседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.

Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік бір уақытта әрбірінің белгілі, үлесі бар және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.

Серіктестік екі және одан көп әріптестердің қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.

Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының мөлшеріне байланыссыз тең материалдық жауапкершілік алады; бір әріптестің әрекеті барлық қалғаны үшін, егер олар осы әрекеттерге келіспесе де міндетті болып саналады.

Серіктестіктің қатысушылары екі топқа – толық серіктестік (жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер жауапкершілігі шектелген серіктестікке бөлінеді.

Коммандиттік серіктестікте әріптестердің бір бөлігінде шектелмеген, ал бір бөлігінде шектелген жауапкершілік болуы мүмкін.

Қоғам екіден кем емес азаматтар немесе заңды тұлғалардың келісімі бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын (ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен құрылады.

Жауапкершілігі шектелген қоғам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде жауапкершілік алады. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауапкершілік алады.

Ең көп таралғаны акционерлік қоғам (АҚ). Олардың ерекшелігі оларға құнды қағаз – акция шығару жолымен қажет қаржыны тарту құқығы берілген. Акционерлік қоғам қатысушылары оларға тиісті акциялар құны шегінде оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік алады.

Кооперативтер – мүліктік пай жарналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы құрған кәсіпорын.

Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру-экономикалық нысандарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржы-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.



Концерн – қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларының бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакеттерін иелену мүмкін.

Ассоциация – экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйымдардың өз еріктерімен бірігу нысаны.

Ассоциация құрамына белгілі террторияда орналасқан маманданған кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.

Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді бірігіп шешу.

Консорциум – ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу масатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жобасына үлкен инвестицияны жүзеге асыру).

Кәсіпкерлердің мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы салу мүмкіндігін береді, мұнда ірі салымдар кезінде туатын тәуекел біршама азаяды. Өйткені жауапкершілік қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.

Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және әртүрлі салалардың түйіскен жерінде пайда болады, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.

Синдикат – бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.

Картель – бір сала кәсіпорвндары арасында өнімге баға туралы, өткізу нарығын, жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін бөлу туралы қызметтер және т.б. келісімді білдіреді.

Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдастыру-экономикалық нысандары қаржылық өнеркәсіптік топтар, ол өнеркәсіптік, банктік, сақтардыру және сауда капиталының, сонымен қатар кәсіпорынның (интеллекттік) парасаттық әлеуетін біріктіру. 2. 26 – 42 беттер



2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты.
Шағын кәсіпкерліктің мынадай “әлсіз” жақтары бар:

  • Ұзақ мерзімді міндеттерді жасаудағы басшының білімсіздігіне байланысты әлсіз стратегиялық басқару;

  • Өзін өзі ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету;

  • Меншікті және несие қаржы ресурстарының жетіспеушілігі;

  • Тәуекелдің жоғарылығы және қызметтің тұрақсыздығы;

  • Сыртқы ортадан-банктерден, басқарудың мемлекеттік ұйымдарынан, ірі кәсіпорындардан, ғылыми ұйымдардан күшті тәуелділік.

Соңғы уақыттарда республика шағын кәсіпорындар әлеуметтік қызметтерден көбірек босатылуда. Стратегиялық жоспардағы әлеуметсіздендіру процесі шағын кәсіпорындардың қоғам алдында өз қызметкерлерінің әлеуметтік-экономиклық жағдайына жауапкершілігінің төмендеуінен және олардың жалпы мемлекеттік, муниципальды және әлеуметтік міндеттерді шешуге енжар қатысуынан көрінеді.

Кәсіпкерік еркіндігі мен әлеуметтік жауапкершіліктерінің принциптерін тек нарықтық механизм арқылы үйлестіру мүмкін емес. Бұл үшін сәйкес мемлекеттік саясат қажет.

Мемлекттің шағын кәсіпкерлік атынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау.

Біріншісінің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда.

Қолдану қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т.б. жеткізу.

Шағын кәсіпкерлік “төменнен” бастамасы бойынша тіршілікке қабілетті.

Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкрлікті көбейту емес, оның қалыптасуы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы экономикалық орта жасау.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсенділікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.

Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы кешенін жасауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңында қарастырылады:



  • Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап алғашқы үш жыл ішінде қозғалмайтын мүлікке тіркеу құқығына ақыдан босату;

  • Өндірістік қызметпен айналысатын шағын субъектілеріне жер учаскелерін жерді пайдалану актісін беруге ақы алмай беру;

  • Электроэнергиясы, жылу, сумен жабдықтау және канализацияның қуатына қосылу, мемлекеттің қатысуымен екінші деңгейдегі актта есепшот ашу бойынша ақыдан босату;

  • Шағын субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жылына бір реттен көп емес тексеруді белгілеу.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендіру үшін 2001-2002 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған, ІЖӨ 22 % арттыру қарастырылған.

Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі көптеген кәсіпекрлердің кепіл затпен қамтамасыз етілмеуі. Сондықтан коммуналдық меншік объектілерінен аймақтық өтімді кепіл қорлары құрылады. Олар Ақтөбеде, Қызылордада, Маңғыстауда, Павлодарда құрылған.

Шағын кәсіпкерліктің дамыту қорының қызметіне жәрдемдесуге облыс әкімдері тартылады. Олардың көмегі кәсіпкерлерге пайдалануға (жалдау, өтеусіз беру және т.б.) бос әкімшілік үйлердің алаңдарын беруде.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды таратуға көмек көрсету қажет. Осы мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге, келісім-шарт жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерге шағын кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін маркетинг саясатын жүргізуге көмектесуі қажет.

2001-2002 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарда шығарылатын ұқсас импорттық тауарларды бюджеттік ұйымдардың сатып алуына тыйым салу қарастырылады.

Ірі компанияларға оларға ұсынылған мемлекеттік тапсырыстардың бір бөлігін бәсеке негізінде шағын кіспорындарға беруге міндеттеу керек.

Шағын кәсіперлік субъектілерінің инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу келесілер арқылы қамтамасыз етіледі:


  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекттік инвестиция бағдарламасына қатысуы;

  • Халықтың салымдарын құнды қағаздар арқылы инвестицияға өзгерту механизмін жасау;

  • Бюджеттен тыс көздерді тарту саласына шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша қорлар қызметін және басқа арнайы институттарды белсендіру;

  • Шағын кәсіпкерлікпен жұмыс істейтін коммерциялық банктер және басқа қаржы институттары үшін жеңілдіктер жүйесін дамыту;

  • Жоғары тиімділігі бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үлестік шартпен тікелей қаржылық қолдау көрсету.

Шағын көлік кәсіпорындары халықаралық транзиттік сауданың дамуына ойдағыдай қатыса алады. Негізгі жүк ағындарының түйіскен Евразия орталығындағы елеулі экспорттық әлеует және қолайлы көлік-географиялық жағдай Қазақстанда халықаралық транзиттік сауданы дамыту үшін қолайлы алғашқы шарттар жасайды:

  1. Қазақстан Республикасының территориясы бойынша шетел көліктерінің және жолаушыларының транзиті және оларға жүру жолдары бойынша қызмет көрсету;

  2. Шетел тауарларын жеткізу және оларды әрі қарай үшінші елдерге (реэкспорттау) кері экспорттау;

  3. Шетел тауарларын жеткізу және олардың экспорттық өнімдер өндірісіне технологиялық қатысуы, әрі қарай экспортқа шығару.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі терең дағдарыста тұр, одан шығуды жағымды нәтижелерге жеткен бірнеше кәсіпорындардың табысты қызмет көрсетуде. Олар барлық тауар, өткізу, инвестициялық, баға саясатын тұтынушыға қарай бұрып, нарықтағы өз тауаршасын (ниша) тапты.

Біріншіден бұған кәсіпорындарды ірілендіру, шағын еншілес құрылымдарды құру есебінен жетті.

Екіншіден, шетел тәжірибесін, технологиясын тарту және пайдалану.

Өндірісті сегменттеу қайта құрылған кәсіпорындарға шығарылатын өнім, оны өткізу көлемдерін өз еркімен салықтарды төлеуге және өнімнің өзіндік құнын есептеуге, сонымен қатар меншікті айналым қаржыларын толықтыру үшін тәуелсіз несиелерді алуға мүмкіндік берді.

Бір үлкен тапсырыс алғаннан бірнеше кішігірім тапсырыс алған жеңілірек.

Тұтыну нарығын қалыптастыру кезінде Қазақстан сияқты шикізат базасы, қажетті жабдықтары мен дайын кадрлары бар ел, өзінің ішкі нарығында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ең кем дегенде 70% алуы тиіс.

Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық дағдарысы, оның өнімдері өнеркәсіптік өңдеу деңгейінің төмендеуі, нарықтық қатынас жағдайларына бейімделуге қабілетті жаңа ұйымдастыру нысандарын іздеу қажеттілігін анықтайды.

Ұйымдастыру – экономикалық шаралар ауылшаруашылық кәсіпорындары арасындағы барлық кезеңдерде: өндіру - өңдеу - өткізу тығыс технологиялық және экономикалық өзара қатынас орнатуға бағытталуы тиіс.

Агроөнеркәсіптік өндірістегі мұңдай мәселелерді шешу жолына кооперациялауды дамыту жатады.

Қазіргі кезде жекешелендіруді жүргізу нәтижесінде ауыл шаруашылықтағы негізгі көлемін шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындар, шаруа қожалығы, жеке қосалқы шаруашылық құрайды, яғни сөз негізінен шағын ауылшаруашылық кәсіпкерлік деп аталатын кәсіпорындар арасындағы кооперациялау туралы болып отыр.

Ет, жүн, сүт кешендері ішінде кооперациялауды дамыту әрі қарай өңдеу үшін жекелеген қосалқы шаруашылықтардан малды, сүтті сатып алуды ұйымдастырудыға өткізу кооперативтерін құру жолымен жүруі мүмкін. Кооперацияға жеке қосалқышаруашылықты тартумен өңдеу кәсіпорындардың қуатын пайдалану деңгейі артады. 1. 50 – 54 беттер
2.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру

жүйесі және оны дамыту перспективалары.
Инфляция жағдайында қаржы тұрғысынан оң нәтижелерге айтарлықтай тез жетуге болғандықтан, негізінен қаржы айналымы саласында басталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің даму тәжірибесі бүгіндері бірте-бірте көміскілене бастады. Реформалардың негізгі мақсаты – макроэкономикалық тұрақтылық кәсіпкерлік қызметтің, ұсақ және орташа тауар өндірушілерге айналғанға дейін кеңейтілуін қалайды. Олар өздерінің арасында ішкі бәсекелестік ортаны қалыптастыруы қажет. Бұндай жағдайда мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау жолына түсуі тиіс.

Үкімет өзінің осындай бағдарламалары туралы талай мәрте жариялады. Енді осы ыңғайдағы саясат сорабына талдау жасауға да болады. Министр Кабинетінің Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығын құру туралы 1994 жылғы 11 қазандағы қаулысымен танысу, бұл құжатты Қазақстан кәсіпкерлері конгресі әзірленген, оның республикадағы кәсіпкерлердің бәрінің бірдей көңілінен шығады деуге келмейтінің көрсетеді. Айта кетейік, қаулы оны қосар орындаушылардың да келісімімен қабылдануы тиіс еді, бірақ олай болмаған. Бұл да аталған үкімет шешімінің жарты кештігін көрсетсе керек. Атап айтқанда, ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі ғылыми орталық атқаруға тиісті міндеттерді толық атап көрсетпейді. Оның қызметінің негізгі бағыттырамен міндеттерін жүзеге асырудың механизмдерін, оны қаржыландырудың тәртібі мен көздері анықталмаған.

Бұған қоса бюджет тапшылығы жағдайында орталықты ұстау үшін үстіміздегі жылдың өзінде 5 миллион теңге, сондай-ақ шетелдік техникалық көмек шеңберінде қаржы және ғимарат бөлу көзделген. Осы қаулымен, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ережеге сәйкес, орталықтың ғылыми-практикалық кеңесі құрылған. Оның бір қатар мүшелері бір мезгілде кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның да мүшелері. Мұны орынды деуге бола қояр ма екен?

Қалыптасқан жағдайда Ғылыми және Жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты базасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі Ғылыми-ақпараттық орталық құрылған қолайлырақ секілді. Бұлай еткенде осы бағдардағы ұйымдық құрылымдарды, кадрларды, ақпараттық және материлдық-техникалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануға болатын еді.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры ұсынған екінші нұсқасы шағын бизнес орталықтарының республикалық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл жүйенің элементтеріне мыналар саналады: бизнес дамытудың ұлттық орталығы, нарықтық инфрақұрылымдар элементтері, кәсіпкерлер бірлестігі, аймақтық шағын бизнес орталығы, сауда жүйесі, лизинг. Сонымен бірге көзделіп отырған жүйенің орталық буыны аймақтық орталықтар болады деп жобалауда. Олар бизнес-инкубаторлар, бизнес орталықтары, технопарктер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін.

Осындай ШБО желісін құру бастамасын қолдай отырып, бірқатар ескертпелер мен толықтырулар айтқымыз келеді. ШБО-лар ұсақ және орташа тауар өндірушілер тобының құрылу процесіне мемлекет тарапынан ықпал етудің нақты құралы бола алады. Алайда барлық орталықты бір қалыптан шыққандай ұқсастырып қою дұрыс емес. Бұған басқа елдердің тәжірибесімен танысу барысында көз жеткіздік. Әрбір нақты жағдайда ерекше назар аударуды қажет етеді. Әйтседе, әдістемелік нұсқаулар беру мен кері байланыстың жұмысты жолға қою үшін зор маңызы бар.

Бүгінге дейін облыс орталықтарында құрылған ШБО-ларды акционерлендіру жолы қаржыдан қиналуды, бұл олардың орнығуына кедергі келтіруде. Кәсіпкерлікті қолдау қоры ұсынған ШБО-ларды акционерлендіру жолы қажеттілік және қызмет етудің тиімді үлгісі секілді көрінеді. Солай еткенде орталықтар бір жағынан – жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты жүргізуші, ал екінші жағынан – кәсіпкерлердің аймақтық мәселелерді шешу үшін, мысалы, шағын индустрия саласында, бірігуінің үлесі бола алады.

Әрі қарай, ШБО-ларды өзінің сауда жүйесі, лизингтік қызметі бар бір жүйеге келу ұсынылады. Ал оның ең басында бизнесті дамытудың ұлттық орталығы тұрмақ. Алайда, бұл жерде де Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы сияқты үлкен құрылым барлық қаржыны тиісті қайтарымсыз өзі жұтып қою қаупі сақталады. Көзделгеніндей, орталықтың (ШБҰО) жарғылық капиталын қалыптастырғаннан кейін оған ШБҰО желісін құру үшін мақсатты қаржылар немесе несие ресурстары беріледі. Және де одан әрі ШБҰО-ның инвестициялары акцияларды сатып алу және нақты бизнес-бағдарламалар арқылы шағын бизнес орталықтарының жарғылық қорларына орналыстырылады. Аймақтық орталықтарды қаржыландырудың бағдарламада ұсынылып отырған үлгісі орталықтардың қалыптасуының бастапқы және одан кейінгі кезеңдерінде де шығынды болатын тәрізді. Қаржы тұрақсыздығы, инфляция жағдайында осыншалықты ебедейсіз, далиған жүйе құру жол беруге болмайтын ысырапқорлық. Қаржыландырудың мұндай үлгісіне қатысу одан әрі өзін-өзі ақтауға күмән тұғызып, мемлекет тарапынан негізсіз несие беру мүмкін болатын жолдар қалдырады. Өзінің сауда үйлері арқылы тауар өткізу, баға саясаты жөнінде ұсыныстар әзірлеу баға белгілеудің объективтілігіне күмән туғызады.

Бизнес – инкубатор рөлінде қызмет ететін ШБҰО-лардың жобалар бойынша үлесі 25% аса алмайды. Кәсіпорынның қалыптасу кезінде шығындар ШБО жүйесі нақты жобаға тартқан қаржы есебінен жабылады. Біздіңше, бұл орайда ШБО-ларды нақты бизнес-бағдарламалар бойынша қаржыландыруды емес, қайта кәсіпкерлікті қолдау қорының орталықтандырылған несие ресурстарын тікелей өндірушілерге беру ұсынылады. Бұл ретте ШБО-лардың жобалар мен жарғылық қордағы үлесі инкубацияланатын кәсіпорын акциясының 25% дейін құрайтының ескеруге болады. Сонымен бірге ШЮО-лар тікелей салатын қаржы бөлек есептелуі тиіс.

Бұған дейін құрылған шағын бизнес орталықтарының өкілдерімен кездесулерде мәлім болғанындай, ШБО-лардың мәртебесі мәселесінің зор маңызы бар. Біздің пайымдауымызша, шағын бизнес дамытудың аймақтық орталығы мемлекеттік акционерлік қоғам болуы тиіс. Бұл жаңа қатысушыларды, жаңа жобаларды, қаржыны таратуға ғана емес, ШБО құру процессінің және кызметінің демократиялығын қамтамасыз еткен болар еді.

Қосымша тік құрылымдардың болуы мемлекеттің кәсіпкерлікке тиімді қолдау жасауына мүмкіндік бермейді. Ал экономиканың және меншік секторын дамытуды, нарық инфрақұрлымын экономика министрлігі, Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы, сондай-ақ бизнес дамытудың ұлттық орталығы қабат басқаруы олардың бір-бірінің қызметін қажетсіз қайталануына әкеліп соқтырады. Бұл арада әңгіме басқару немесе бизнесті дамытудың ұлттық орталығы арасында тандау жасау туралы емес, тиімділік тұрғысында болып отыр.

Кәсіпкерлікті қолдау қоры мен кәсіпкерлік құрылымдардың Ұлттық орталықтың үстінен құрылтайшылық жасауы республика көлемінде алғанда жөнсіз әрі дұрыс емес. Қосымша қаржы тарту ниеті мемлекеттік қаржыны орынсыз жұмсау мүмкіндігін ұлғайтады. Дегенмен, акционерлендіру схемасы жағдайында мемлекет қаржысын тікелей шағын бизнес орталығына тарту нақты бағдарламаларға инвестициялардың көбірек келуіне ғана көмектесіп қоймайды, сондай-ақ өзара түсініктік пен бірігу үлгісін табуға да жәрдемдеседі. ШБО-лар бірте-бірте қалыптасу кезеңінен өтуі тиіс. Және де басы артық құрылымдарды, штаттарды, бөлімшелерді жасанды түрде көбейтуге жол беруге болмайтынын да ұғыну керек. Бастапқы кезенде қолда барды және таяу болашақта қайтарым беретіндерін ғана пайдалану маңызды. Біздіңше кейбір жекелеген бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын олардың жағынан (немесе қызмет істеп тұрған кәсіпкерлік фирмалармен бірлесіп) шағын еншілес кәсіпорындар, франчайзинг құру арқылы пайдалануға болады. Кәсіпкерге тұс-тұстан қолдау көрсетуге қазір мүмкіндік жоқ және ол оңдай сипат алмауы тиіс. Біздің ойымызша, шағын және орташа кәсіпкерлікке қолдау көрсету шараларын жалпы республикалық бағдарлама негізінде, жоба бойынша туындаған мәселелерді шешуге салалық күштерді қоса отырып, экономика министрлігінің басқармалары өз міндетіне алуына болады.

Кәсіпкерлікті қолдау мәселесі онда жариялылық пен демократиялық болуы қажеттігіне байланысты белгілі бір дәрежеде саяси да сипат алады. Сондықтан бұл арада әттеген-айларға жол берілмегені жөн. Бірте-бірте макроэкономикалық тұрақтылыққа жету халықтың шағын индустрия саласындағы іскерлік белсенділігін арттыруға жәрдемдеседі, бірақ нақ осы кезеңде дәл теңдестіруге қол жеткізу қажет. 3. 189 – 192 беттер
ІІІ. Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
3.1. Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру.
Фирма дегеніміз шаруашылқ еркідігі бар, өндірістік және басқа қызметпен айналысатын экономикалық субъект.

Жеке меншік кәсіпкерлік фирмасы – иесі өз қызығушылығымен ісін еркін жүргізетін кәсіпорын. Ол фирманы басқарады, барлық пайданы алады, барлық оның міндеттері бойынша жауапкершілік алады.

Фирма иесі қызметкерлерді жалдау және жұмыстан шығару құқығы бар келісімдер, шарттар жасайды.

Жеке меншік кәсіпкерлік фирманың артықшылығы оны ұйымдастыру, басқару қарапайымдылығы, еркін әрекет, өте күшті экономикалық мотивация (барлық пайданы бір адам алады).

Мұңдай фирманың кемшілігі – қаржы және материал ресурстарының шектелуі, өндірісітің және басқарудың ішкі мамандануының дамыған жүйесінің болмауы, шектелмеген жауапкершілік.

Әріптестік – бұл бірнеше тұлға ұйымдастырған, бірігіп иеленетін және оны басқаратын кәсіпорын, фирма.

Мұнда барлық әріптестердің маңызды құқықтары бар, бірақ жауапкершлігі шектелген, яғни фирма қызметіне толық жауап беретін негізгі қатысушылармен қатар, олардың іске салымдарының сомасы шегінде жауапкершілігі шектелетін әріптестер болуы мүмкін (жауапкершілігі шектелген әріптестер деп аталады).

Әріптестер жағдайында кәсіпорын, фирма қызметінің басталуы мен жалғасуына байланысты қаржы сұрақтарын шешу жеңілірек. Мұнда жеке меншікті кәсіпкерлік фирмасына мамандандыруды қолдануға болады.

Әріптестіктің кемшілігі – қызметтердің бөлінуі, соның әсерінен әрекеттердің келіспеушілігі және тіпті әріптестердің сыйыспаушылығы пайда болуы мүмкін.

Қайшылықтардың тууы және істен бір немесе бірнеше әріптестің шығуы нәтижесінде серіктестіктің ыдырауына қауіп туады.

Корпарация әрбір меншік иесінің жауапкершілігі осы кәсіпорынға салған оның салымымен шектелетін заңды тұлға түріндегі кәсіпорын немесе фирма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет