Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы



Дата30.06.2016
өлшемі33.38 Kb.
#168542
Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 наурыз N 281


      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 


      Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн. 
      Ескерту. Тақырыбы және мәтініне өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 шілдедегі N 717 қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы         


Үкiметiнiң 1996 жылғы          
5 наурыздағы                
N 281 қаулысымен              
бекiтiлген                  

      Ескерту. Тәртіпке өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 шілдедегі N 717 қаулысымен. 



Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң 
ТӘРТIБI 

      1. Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен атауын өзгерту және олардың атауларының трнаскрипциясын өзгерту Тәртiбi "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-ХII Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалды. 


      2. Республиканың орталық және жергiлiктi атқарушы, жергiлiктi өкiлдi, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының ұлттық, тарихи-географиялық ерекшелiктерiне негiзделген бiрыңғай ономастикалық саясатын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыста осы Тәртiптi басшылыққа алады. Ол үшiн: 
      Қазақстан Республикасында өткен кезеңде әртүрлi субъективтi жағдайлардың әсерiмен негiзсiз өзгертiлген тарихи-географиялық топонимдер бiртiндеп қалпына келтiрiлуi керек. Жаңа атаулар ұлттық, тiлдiк ерекшелiктер, сондай-ақ географиялық, тарихи, әлеуметтiк жағдайлар ескерiлiп барып берiлуге тиiс; 
     барлық атаудың мемлекеттiк тiлде жазылуы қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң нормаларына сәйкес келуi тиiс, ал орыс және басқа тiлдердегi транскрипциясы осы нормаларға сай келуi тиiс
      республикаға айрықша еңбегi сiңген және оның тарихына, мәдениетiне, әдебиетi мен өнерiне елеулi үлес қосқан адам аттары, сондай-ақ мемлекет пен қоғам қайраткерлерiнiң және әлем деңгейiндегi ғылым мен мәдениет қайраткерлерiнiң есiмi осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген объектiлерге берiлуi мүмкiн, бiрақ әрбiр облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана үшiн үш жағдайдан артық емес. 
      3. Объектiлерге қазiр көзi тiрi адамдардың атын беруге тыйым салынады. 
      Ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды және басқа физикалық-географиялық объектiлердi атау мен атауын өзгерту, топонимдерге нақтылық енгiзу мәселелерiне байланысты дауларды Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы шешедi. 
      4. Ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды және мемлекеттiк меншiктегi басқа да объектiлердi, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау туралы шешiмдi тиiстi орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды. <*> 
      5. Қазақстанның географиялық атаулары жиынтығының орыс және басқа тiлдердегi дұрыс транскрипциясы, сондай-ақ карталардағы, атластардағы, саяхаттық бағыттар көрсетiлген сызбалардағы, көпшiлiк пайдаланатын анықтамалық материалдардағы атаулар мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiледi, оның мақұлдауынан кейiн ғана бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 
      6. Ұйымдарды атау, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қайта тiркеуге әкеп соғады. 
      7. Тiзбесi осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген объектiлердiң атауларын тiркеудi, оларға ғылыми сараптама жүргiзудi, практикалық шаралардың iске асырылуын бақылауды, атауларды реттеудiң әдiснамасын әзiрлеудi, тұрғындар арасындағы түсiндiру жұмыстарын, түрлi анықтамалықтар, сөздiктер, ономастиканың өзектi проблемалары бойынша әдiстемелiк талдамалар шығаруды, ғылыми-практикалық конференциялар мен кеңестер өткiзудi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 615 қаулысымен.  
           

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет