Қазақстан Республикасындағы кеден ісі саласындағы тарихи оқиғалар шежіресі



Дата30.06.2016
өлшемі51.8 Kb.
#168077
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі саласындағы тарихи оқиғалар ШЕЖІРЕСІ
Тәуелсіздікті алғаннан бері Қазақстан сыртқы сауда байланыстарын нығайту мен әлемдік экономикалық қауымдастықта қосылуға бағытталған экономикалық саясатты белсенді түрде жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасының Кеден комитеті ҚР Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы №539 Жарлығымен құрылды. Жаңа ведомоствоға Қазақстан Республикасының тәуелсіз кеден қызметін қалыптастыру мен нығайту, біріздендірілген кедендік ережелерді қабылдау және экономикалық серіктес елдермен интеграциялану бойынша маңызды міндет қойылды.

1991 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Кедендік тариф және баж туралы» Заңы бекітілді. Қазақстандық Заңның негізін «Кедендік тариф туралы» КСРО-ның 1991 жылғы 26 наурыздағы Заңы құрады.
1992 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымына Кеден комитетін және оның құрылымдық бөлімшелерін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 963 Жарлығына сәйкес Кеден комитеті ҚР Қаржы министрлігіне бағынысты болды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас кеден басқармасы құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 сәуірдегі № 2160 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанынан Кеден комитеті құрылды.
1995 жылғы 20 шілдедегі ҚР Президентінің №2368 Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Заң қабылданды.
1995 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 2541 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті Қазақстан Республикасының Кеден комитетіне қайта ұйымдастырылды.
1997 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің № 3329 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кеден комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден комитеті болып қайта құрылды. Осы жылы ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 6 маусымдағы № 932 қаулысымен Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгісі мен айырым жалауының сипаттамасы мен қолдану тәртібі бекітілді.
1997 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 3655 Жарлығымен ҚР Мемлекеттік кеден комитеті оның функцияларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бере отырып, қысқартылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті құрылды.
1998 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 4114 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі құрылды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің құрылған Кеден комитетіне мүлікті және істі басқару бойынша функциялар мен уәкілеттіктерді беру жолымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қайта ұйымдастырылды.
1999 жылғы 26 ақпанда Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шарт жасалды. Бұдан бұрын жасалған басқа шарттармен қатар, аталған шарт болашақ Кеден одағының құқықтық негізі болды.
1999 жылғы 16 шілдеде Президенттің Жарлығымен «ҚР кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының № 426-I Заңы қабылданды.
2002 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 931 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі қайта ұйымдастырылды және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі құрылды.
2003 жылғы 5 сәуірде ҚР Президенті ҚР Кеден кодексіне қол қойды, ол 2003 жылғы 1 мамырда күшіне енді.

2007 жылғы 6 қазанда ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі (Кеден одағының жоғарғы органы) мемлекет басшылары деңгейінде Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құруға бағытталған алғаш үш халықаралық келісімді Кеден одағы комиссиясы туралы шартты, Бірыңғай кедендік аумақты құру және кедендік одақ қалыптастыру туралы шартты, Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған Халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттаманы қабылдады. Осы Шешіммен Кеден органының жоғарғы органы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын Халықаралық шарттар тізбесін және Кеден одағының халықаралық-құқықтық базасын дайындау, Кеден одағының институционалдық құрылымын қалыптастыру, бірыңғай кедендік тарифті қалыптастыру, сауда режимдерін біріздендіру, бірыңғай кедендік аумақты құру сияқты іс-шараларды жүзеге асыру және аяқтау мерзімдерін көздейтін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағын қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекітті.

2009 жылғы 27 қарашада Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт жасалды. Жаңадан қабылданған Кодекстің Кеден одағы кеден заңнамасының өзге ережелерінен басым айрықша күші бар.

2011 жылы Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы Президенттерінің шешімімен Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы) тұрақты әрекет ететін реттеуші орган ретінде Еуразиялық экономикалық комиссиясы құрылды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның ұлттық деңгейден жоғары тұрған басқару органы мәртебесі бар. Ұйым қандай-да бір үш елдің үкіметіне бағынбайды. Комиссияның шешімі үш елдің аумағында орындалуға міндетті.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Соты өзінің жұмыс істеуін бастады. Еуразиялық экономикалық қауымдастық Соты қызметінің құқықтық негізін 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы шарт құрайды.

2012 жылғы 16 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің шешімімен Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифі бекітілді.

Әр түрлі жылдарда Қазақстан Республикасы кеден органдарының басшылары: Амангелді Қапсұлтанұлы Қапсұлтанов, Еркешбай Жайлаубайұлы Дербісов, Ғани Есенгелдіұлы Қасымов, Маратқали Ордабайұлы Нүкенов, Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев, Асқар Оразалыұлы Шәкіров, Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кәрбозов, Серік Нұртайұлы Баймағанбетов, Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №357 – ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы лауазымына Ғұсман Кәрімұлы Әмрин тағайындалды.

Қазақстан Республикасының кеден органдары кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасау есебінен мемлекет кірісіне кедендік баждар мен алымдарды өндіріп алу көрсеткіштерін арттыруға бағыт алды. Қазақстан Республикасының кеден органдары құқық қорғау қызметіне, Кеден одағының кедендік шекарасын нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басты назар аударады.

Қазақстанда кедендік әкімшілендіру инновациялардың бірі ашық және айқын негізде экспорттық-импорттық операцияларды жүргізуге қабілетті бизнеске неғұрлым жауапты қатысушыларын анықтауға мүмкіндік беретін уәкілетті экономикалық операторлар институтын енгізу болып табылады. Уәкілетті экономикалық операторлар кедендік бақылаудан өту кезінде арнайы жеңілдіктерді пайдаланады, бұл шекарадағы тексеріп қарау уақытын қысқартуға және халықаралық бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта, Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамыту жобасы іске асырылуда. Жоба кеден қызметінің барлық салаларын қамтиды және өзіне үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жаңа әдістер мен технолдогияларды әзірлеу мен енгізуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жарақтандыру мен лауазымды тұлғаларын оқытуды қамтиды.


ҚР ҚМ КБК




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет