Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы



бет2/3
Дата07.07.2016
өлшемі341.61 Kb.
#183814
1   2   3

              тасымалдау

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау:


      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, халықаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiктерiмен мемлекетаралық қатынастар үшiн ашылған жол трассалар мен су жолдары арқылы жүзеге асырылады.

4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк, энергия тиiмдiлiгi және жауапкершiлiк

      Ескерту. 4-бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Көлiк құралдарына қойылатын талаптар

      Көлiк құралдары көлiк саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген энергия тиiмдiлiгi, адам өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келуге, сәйкестiктi растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.


      Көлiк құралдарының сәйкестiгiн растау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн көлiк құралдары әкелiнбеуге, сатылмауға және пайдаланылмауға тиiс.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-1-бап. Қалалық рельстiк көлiктiң көлiк құралдарын


                 мемлекеттiк тiркеу

      Қалалық рельстiк көлiктiң көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.


      Қалалық рельстiк көлiктiң көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiнде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
      Ескерту. 4-бөлiм 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесi!


      4-бөлiмдi 15-2-баппен толықтыру көзделген - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен күнтiзбелiк тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      16-бап. Көлiк құралдарын басқару құқығы

      Көлiк құралдарын басқару құқығы тиiстi бiлiктiлiгi бар және денсаулығы туралы медициналық куәландырудан өтiп, белгiленген үлгiдегi құжаттар тапсырылған адамға берiледi.
      Көлiк құралдарын басқару жөнiндегi бiлiктiлiк талаптары және олардың басқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығын бағалау өлшемдерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен анықталады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

      17-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi

      Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң күшi болмайды, бұған жүк тасымалы кезiнде осындай келiсiмдер мүмкiндiгi заң актiлерiнде көзделген реттер жатпайды.
      Тасымалдаушы жүктердiң, теңдеме жүктiң және почта жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған сәтiнен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
      Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
      Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген нұқсанды:
      - жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде;
      - жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде;
      - құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе теңдеме жүктiң жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
      Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелер (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан Республикасы қосылған тиiстi халықаралық конвенциялардың принциптерi негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады.
      Жүктiң немесе теңдеме жүктiң (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және с.с.) сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттарды, дау туған жағдайда, жүк немесе теңдеме жүк тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге сот бағалауға тиiс.
      Егер тасымалдаушы жауап беретiн бүлiну салдарынан жүктiң немесе теңдеме жүктiң сапасы мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына пайдаланылмайтындай болып қалса, жүктi немесе теңдеме жүктi алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.
      Жүк немесе теңдеме жүк жоғалған не жеткiзiп берiлмеген жағдайда тасымалдаушы өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi.
      Егер тiркелген теңдеме жүктi немесе жүктi тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе осы теңдеме жүк не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күн iшiнде тиiстi жерiне келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi.
      Алайда, егер жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және теңдеме жүктi не жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы.
      Заң құжаттарымен жауапкершiлiктiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

      17-1-бап. Жүктердi және жолаушыларды тасымалдау


               бойынша талап қою мен талап-арыз беру

      Тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап-арыз бергенге дейiн оған мiндеттi түрде талап қойылады.


      Талап үш айдың iшiнде, ал айыппұлдар мен өсiм төлеу туралы талап бiр айдың iшiнде қойылуы мүмкiн.
      Егер қойылған талап қабылданбаса немесе жауап осы бапта белгiленген мерзiмде алынбаса, мәлiмдеушiнiң талап-арыз беру құқығы пайда болады.
      Жүктi және (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз беру мерзiмi заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi.
      Халықаралық тасымалдауға байланысты даулар бойынша талап-арыз беру мерзiмi және талап-арыз беру тәртiбi халықаралық шарттарда, келiсiмдерде немесе конвенцияларда белгiленедi.
      Ескерту. 17-1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен, 2001.12.06. № 260 Заңымен.

      18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу


              мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн
              жауапкершiлiк

      Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.


      Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрiстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      Жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.
      Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
      Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
      Егер жүктi немесе теңдеме жүктi жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi тасымалдаушының кiнәсiнен болмаса, ол кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
      Тасымалдаудың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, теңдеме жүктi немесе жүктi жөнелтушi немесе алушы шеккен зиян үшiн тасымалдаушы жауапты болады.
      Рейстер 10 сағатқа және одан да көп уақытқа кiдiрген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен мейманханадан орын алып берiп тамақтандыруға мiндеттi.
      Жолаушының өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.
      Осы бапта көзделген зияндардың мөлшерi және оларды анықтау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.

      19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк


              жөнелтушi мен алушының жауапкершiлiгi

      Жолаушылар, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушы өздерiнiң кiнәсiнен басқа адамдарға, тасымалдаушының мүлкiне және тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамдардың мүлкiне келтiрген зияны үшiн жауапты болады.


      Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс болмауына, дәл болмауына немесе толық болмауына байланысты тасымалдаушыға немесе тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
      Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дәл болмауына, толық болмауына немесе дұрыс болмауына байланысты барлық зиян үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.

      20-бап. Тасымалдаушының жолаушыны өлiмге ұшыратқаны


              немесе оның денсаулығын зақымдағаны үшiн
              жауапкершiлiгi

      Тасымалдау кезiнде жолаушыны өлiмге ұшыратуы немесе денсаулығының зақымдануы салдарынан болған зиян үшiн, егер бұл зиян зардап шегушiнiң терiс ниетi немесе дүлей күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушыға мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.


      Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету

      Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ темiржол, әуе көлiгiнде өрт қауiпсiздiгi бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындаған тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.
      Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлер бөлiмдерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнайы бөлiмдерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнайы қызметтерi жүзеге асырады.
      Метрополитенде өрт қауiпсiздiгi бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындаған тәртiппен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      22-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк жұмысын


              ұйымдастыру

      Әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгiзген кезде төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен тоқтатыла тұруы мүмкiн.


      Көлiк кәсiпорындары әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимi кезiнде көлiк жұмысын ұйымдастыру үшiн көлiк құралдарының иелерiне бiрiншi кезекте қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
      Әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай енгiзiлген кезде көлiк кәсiпорындарының жұмылдыру дайындығы iс-шараларын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттiрмейтiн жұмыстар жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз етумен байланысты тасымалдарды жүзеге асыру бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес бюджет қаражатынан өтеледi.
      Көлiк кәсiпорындары дүлей зiлзалалар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше сипатқа ие өзге де мән-жайлардың зардаптарын жою жөнiнде дереу шаралар қолдануға мiндеттi.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      22-1-бап. Құқық қорғау органдарына және арнаулы


                 мемлекеттiк органдарға көлiк беру мiндетi

      Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне  жеткiзу үшiн көлiктi пайдалану жөнiндегi заңды талаптарын орындауға мiндеттi.


      Осы бапта көзделген жағдайларда көлiк құралдары иелерiне олардың көлiгiн пайдаланғаны үшiн шығыстар, сондай-ақ келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет есебiнен өтеледi.
      Ескерту. Заң 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық


              талаптарды қамтамасыз ету

      Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.


      Көлiк құралдарының қозғалысы және тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын метрополитеннiң, станциялардың, порттардың, кемежайлардың, әуежайлардың, көлiк кәсiпорындары мен темiржол желiлерiнiң аумақтары, сондай-ақ су жолдары қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады. Қауiптiлiгi жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жүру жолында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.
      Жарылғыш, тез тұтанғыш, радиоактивтi, улы және басқа қауiптi жүктердi жөнелтушi және алушы клиенттер оларды тасымалдау қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге, жүктердi тасымалдау кезiнде апат жағдайларынан алдын-ала сақтандыруға, сондай-ақ авариялар зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жедел қимылдайтын бөлiмдердi ұстауға мiндеттi.
      Көлiк, оның iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны кесiп өтетiн шетел көлiктерi мен көлiк құралдары қызметi процесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптар сақталуға тиiс.
      Айрықша жағдайларда бұларға геология мен жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсаты бойынша жол берiледi.
      Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар табиғат қорғау шараларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және қаржыландыруға, айналадағы табиғи орта мен жер қойнауын қорғау саласында өндiрiстiк және ведомстволық бақылау жасауға мiндеттi.
      Тасымалдаушылар айналадағы ортаны, әуе бассейнiн, су қоймаларын, жердi қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiнде белгiленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Айналадағы ортаға келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауапты болады.
      Метрополитеннiң қауiптiлiгi жоғары аймағында болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.12.29 № 209; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      24-бап. Алып тасталды - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      24-1-бап. Тексерiп қарау

      1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгiленген қатер деңгейiне байланысты, жолаушылар және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне келетiн адамдар, олардың алып жүретiн заттары, оның iшiнде қол жүгi мен багажы тексерiп қарауға жатады.


      Жолаушыларға және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне келетiн адамдарға, олардың алып жүретiн заттарына, оның iшiнде қол жүгi мен багажына тексерiп қарауды жүргiзу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Жолаушыларды және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне келетiн адамдарды (бұдан әрi – келушiлердi), олардың алып жүретiн заттарын, оның iшiнде қол жүгi мен багажын тексерiп қарауды көлiк қызметi субъектiсiнiң қызметкерлерi не күзет қызметтерiн көрсету жөнiнде шарт жасасқан кезде күзет қызметi субъектiсiнiң қызметкерлерi жүргiзедi.
      Осы баптың мақсаттары үшiн көлiк қызметiнiң субъектiлерi деп көлiк инфрақұрылымы объектiлерi меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiзде болатын жеке және заңды тұлғалар түсiнiледi.
      3. Тексерiп қарау кезiнде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      4. Жолаушылар мен келушiлердi, олардың алып жүретiн заттарын, оның iшiнде қол жүгi мен багажын тексерiп қарау алдында көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне әкелуге тыйым салынған, болуы ықтимал заттар мен құралдарды көрсету мiндеттi түрде ұсынылады.
      5. Техникалық тексерiп қарау құралдарымен көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың болу мүмкiндiгiнiң контурлары және өзге де белгiлерi табылған кезде, жолаушылар мен келушiлердiң алып жүретiн заттарын, оның iшiнде қол жүгi мен багажын тексерiп қарауды қоса алғанда, оларды жеке тексерiп қарау жүргiзiледi.
      Жеке тексерiп қарау көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдарды табу үшiн қажеттi шектерде жүзеге асырылады.
      Жеке тексерiп қарауды тексерiп қаралатын адаммен жынысы бiр адамдар санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына жауап беретiн арнайы бөлiнген үй-жайларда жүргiзедi.
      Бiр үй-жайда бiр мезгiлде бiрнеше адамды жеке тексерiп қарауға тыйым салынады.
      Жеке тексерiп қараудың нәтижелерi тексерiп қарауды жүргiзетiн адам мен өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлген адам қол қоятын актiмен ресiмделедi.
      6. Тексерiп қараудан, жеке тексерiп қараудан жалтаратын адамдар көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне жiберiлмейдi, бұл туралы тиiстi акт жасалады.
      7. Егер жолаушыны және оның алып жүретiн заттарын, оның iшiнде қол жүгi мен багажын тексерiп қарау кезiнде көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар табылмаса, осындай тексерiп қарау жүргiзiлетiн көлiк инфрақұрылымы объектiсiнiң әкiмшiлiгi жолаушының оған билетi бар қатынаспен немесе кезектi осындай қатынаспен жөнелтiлуiн қамтамасыз ететiн қажеттi шаралар қолдануға, ал жолаушы тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, билеттiң немесе оның пайдаланылмаған бөлiгiнiң құнын Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен өтеуге мiндеттi.
      8. Тексерiп қарауды жүргiзетiн адамдар жолаушылар мен келушiлерге қатысты iзеттi және сыпайы болуға және олардың қадiр-қасиетiн түсiретiн iс-әрекеттерге жол бермеуге мiндеттi.
      9. Көлiк қызметi субъектiлерi жолаушылар мен келушiлердi, олардың алып жүретiн заттарын, оның iшiнде қол жүгi мен багажын тексерiп қарауды жүргiзу тәртiбi мен талаптарына сәйкестiгiне аттестаттауға жатады.
      Көлiк қызметi субъектiлерiн аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жергiлiктi атқарушы орган жүргiзедi.
      10. Тексерiп қарау жүргiзiлетiн көлiк инфрақұрылымы объектiлерiнiң, оларға қатысты тексерiп қарау жүргiзiлмейтiн адамдардың, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тiзбелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 4-бөлiм 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.07.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      24-2-бап. Ақпараттық қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасының аумағына келетiн (оның аумағынан кететiн) немесе Қазақстан Республикасының аумағында ауысып мiнiп транзитпен жүретiн жолаушыларды темiржол (қала маңы қатынасынан және билет кассаларымен жабдықталмаған жерлерде жолаушыларды отырғызу жағдайларынан басқа), әуе және теңiз көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар, оның iшiнде шетелдiк тасымалдаушылар, сондай-ақ әуежайлардың пайдаланушылары уәкiлеттi мемлекеттiк органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдарға ресiмделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәлiметтердi, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелер мен дерекқор арқылы мәлiметтердi нақты уақыт режимiнде ұсынуды қамтамасыз етедi.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдарға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi беру тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тасымалдауларға билеттердi ресiмдеу кезiнде билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам мынадай деректердi:
      1) тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған кезде);
      2) ол бойынша жол жүру құжаты (билет) сатып алынатын жеке басты куәландыратын құжаттың түрiн және нөмiрiн;
      3) жөнелту орны мен күнiн, межеленген пункттi, жүру маршрутының түрiн (ауысып мiнбейтiн, транзиттiк);
      4) билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам осы жолаушымен байланыса алатын байланыс деректерiн (электрондық почтасының мекенжайын және (немесе) телефон нөмiрiн) жолаушының келiсiмiмен жазуды қамтамасыз етедi.
      4. Билеттердi сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды ресiмдеу кезiнде мәлiметтердiң қазақ және орыс тiлдерiнде толтырылуын, ал халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде қосымша ағылшын тiлiнде толтырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 4-бөлiм 24-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.07.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет