Қазақстан республикасындағЫ ҚОҒамдық Өндірістің ерекшеліктері



жүктеу 41.74 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі41.74 Kb.
________________________________________________________________________________________________________________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығуының ең алғашқы жоспарлы мәселесі

ол қолда бар экономикалық потенциалды тиімді пайдалану, соның ішінде аймақтық

өндірістік мүмкіншіліктің болуы.

Құрылған өндірістік потенциал–халықтың байлығының активті және көлемді бөлігі

болып табылады. Аймақтық өнеркәсіптің және шаруашылықтың басқа салаларының қайта

құрылуы материалды ресурстарды және біршама қаражат бөлуін талап етеді. Соңғы

жылдары Қазақстанда инвестициялық активтің төмендеуі бақылануда, бұл негізгі

қорларды жаңартуға, инновациялық қызметте жаңа технологияларды ендіруде өз әсерін

тигізуде.

Тікелей шетел инвестицияларын экономикалық қызметтің түрлері бойынша тарату

негізгі ақша қаржылары тасқынының елімізде кен өндіру өнеркәсібінде бағытталғанын

байқауға болады. Шетел капиталының осы салаға жыл сайынғы келіп түсу көлемі

республикаға келіп жатқан барлық шетелдік тікелей инвестициялардың жартысынан

асады. Шетел инвестицияларының басты жағдайда кен өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі

Қазақстан экономикасының шикізат секторына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер

мен преференцтер бере отырып «шикізаттық емес» салалардың дамуына қолдау жасайды.

Бүгінде ауыр өнеркәсіп саласында жаңа экономикалық сипат толық орнықты. Атап

айтсақ, жекешелендіру және салық реформасы, сондай-ақ өндіріс саласына қатысты

көптеген арнаулы заңдардың қабылдануы арқасында елеулі жетістіктерге қол жеткізді

десек те болады.

Ауыр өнеркәсіп орындарының даму стратегиясын белгілі бір жүйе негізінде байқап,

мемлекет тарапынан үйлестіріп отыруды қажет етеді. Алайда, пакетінде мемлекет

акциясы жоқ кәсіпорындардың кейбіреулері өзара бәсекелестікке үйірсектеніп, шыққан

тауардың сату бағасын арзандатуға әуестенуде, ал ол болса өнеркәсіптің пайдалы жұмыс

істеуіне кедергі болуы мүмкін.

Түсті металлургия саласы қарқынды дамуда. Болашақта мыс, мырыш өндіру

саласында шикізат кендерін өндіру технологияларды өзгертеді деп күтілуде. Атап

айтқанда, кен байыту фабрикасында көптеген жылдар жиналған үйінділерді қайта

пайдалану мәселелерінің пайда болатыны сөзсіз. КСРО кезінде Қазақстан жеріндегі түсті

металл, темір және т.б. кен көздерінің ең бай жерлері ойылып алынды. Алда қалған кен

көздерін өте тиімді пайдаланып, халық игілігіне жарату мақсаты тұр. Ол үшін техникалық,

интеллектуалдық мүмкіндіктерді, алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік

жаңалықтарды молынан енгізуіміз керек.

Өнеркәсіптік технологиялық саясаттардың басымдылықтары технологиялық қайта

құрылыс, ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу, корпоративтік құрылымдарды

дамыту, мемлекет аралық және сала аралық кооперациялар қазіргі заманғы өнеркәсіптік

саясаттың артықшылықтары болып табылады.

Қазақстан экономикасының «индустриялдық даму» кезеңіне өтуі, елімізде әлемдік

(трансұлттық) және аймақтық (мультиұлттық) еңбек бөлінісінде орын алатын жоғары

бәсекелестік өндірістік күштерінің пайда болуына ықпал етеді.

Қазақстанның шаруашылық құрылымы жақсы дамыған болса да, шетелдік

инвестицияның 70 пайызы шығарушы саласына және энергетикаға кетеді.

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде сыртқа мұнай мен металды шығарғаннан оларды

өзімізде өңдеп, дайындау анағұрлым пайдалы болып келеді.

Мемлекеттік саясат экономика секторының интеграциялық дамуын көздейді және д

осы аймақтағы сыртқы сауда қызметімен өзара тығыз қатынасты бақылап отырады.

Қоғамдық өндірістің қазіргі кездегі әлемдік аренада болып жатқан глобализациялану

процесінде алатын орны зор. Атқарылған жұмыстардан байқағанымыздай өткеніміз бен

бүгінгіміздің ара салмағы жер мен көктей болатын болса, келешекте одан әрі өндірісті

жетілдірудің шарықтау шегіне жететінімізге сенімдіміз. Қазіргі қоғам дамуының жоғарғы

темпі төрт-бес жыл бұрынғы оқыған білімнің ескіріп, оны әрдайым жаңартып отыру

қажеттілігі осыған куә. Әсіресе, елімізде болып жатқан оң өзгерістер білімді жастардан

заман ағымына ілесіп отыруын талап етеді.

Қазіргі ғылыми-техникалық революция өндірістің жаңа факторын–ақпаратты

туғызады. Ал ақпарат қазіргі машина жүйесінің маңызды шарты. Сонымен бірге, өндірісте

орын алатын ұйымдық–экономикалық және «әлеуметтік–экономикалық қатынастарды

ажырата білу керек. Ұйымдық–экономикалық қатынастар өндіріс процесін

ұйымдастырумен байланысты. Ол адамдар арасындағы қатынасты бейнелей отырып,

өндіріс жағдайын да, оның факторларының дамуындағы ерекшеліктерін де сипаттайды.

Өндірістің әлеуметтік–экономикалық нысандары өндіріс құрал-жабдықтарына иелік

етумен байланысты орын алатын қатынастарды, яғни меншік қатынасын құрайды.

Олардың негізінде қызметкерлердің құрал-жабдықтарды қолдануының қоғамдық әдісі

жатыр. Ал мұның өзі өндірістің кімнің мүддесіне қызмет ететінін, оның нәтижелерін

қалай бөлу керектігін анықтайды. Қорыта айтқанда, ғылыми-техникалық прогресс



қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде

болып жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табиғи, объективті процесс.__


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет