Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы



бет5/16
Дата03.07.2016
өлшемі2.63 Mb.
#174498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

      258. Майдаланған ағаш бөліктерінің шанақтары және қалыпталған машиналар аспирация жүйесімен және олардың толғаны туралы хабарлайтын дабыл қағатын берілгіштермен жабдықталуы тиіс.

      259. Ыстықтай нығыздау үшін қыспақ үстіндегі бөлмеде плитаны қабыстыру кезінде тозаң мен газдың шығуына жол бермейтін сорғыш бұрғы жүк тиелген және жүктен босатылған үлдіріктермен жабдықталуы қажет. Бұрғы құрылысы жұмысқа және қыспақты тазалауда қиындық туғызбайтындай болуы тиіс.

      260. Барабанды кептіргіш пен құрғақ жаңқа шанақтары және аралар өрт сөндіру және жарылысқа қарсы құралдардың автоматты қондырғыларымен жабдықталуы қажет.

      261. Шаң және жаңқа материалдарын тасымалдау жүйесі оттың жайылуын қақпайлайтын және өртті жоюға арналған люктермен жабдықталады.

      262. Аспирациялық пен пневмотранспорттық жүйелерден ағаш жаңқаларын және басқа да жарылу қаупі бар тозаңдарды жинауға арналған сыйымдылықтар жарамды күйдегі жарылысқа қарсы қондырғылармен қамтамасыз етілуі қажет.

      263. Плитаның термикалық өңдеу камералары тәулігіне бір рет бөлініп шыққан ұшпа шайырдан, ағаш жаңқалардан, шаңдардан, қалдықтардан тазартылып тұрады.

      Ағаш жаңқалы плиталардың термикалық өңдеу камераларынан жарылыс қауіпті газдарды шығару үшін созылмалы құбырдың шиберін әр 15 минут сайын 2-3 минутке (сұқпа шапқыш) ашуға арналған автоматты қондырғысы болуы қажет.

      Нығыздалмаған жұмсақ жиекті плиталарға термоөңдеу жүргізуге рұқсат етілмейді.

      264. Плиталар термоөңдеуден кейін бунаққа төселер алдында өздігінен жанбас үшін ашық буферлі алаңда қоршаған ауа температурасына дейін суытылуы тиіс.

      265. Өңдеу камерасы мен май ванналарындағы (былау) температура автоматикалы түрде бақылануы тиіс.

      266. Жағу газдарын пайдаланатын кептіру барабандары ұшқын ұстағышпен жабдықталуы тиіс.

      267. Ағаш қабатты пластиктерді нығыздағаннан кейін технологиялық регламентте белгіленген уақыттан бұрын кесіп, бөліктерге бөлуге рұқсат етілмейді.

      268. Жұмыс соңында сіңдіру ванналары, сондай-ақ ЖС суытатын ванналар қақпақпен жабылуы тиіс.

      269. Сіңдіру ваннасы және ЖС бар басқа да ванналар ғимараттан тыс жерде орналасқан жер асты сыйымдылықтарына құйылатын авариялық қондырғылармен жабдықталуы тиіс.

      Әрбір ваннаның жанатын буларды тартатын жергілікті сорғышы болуы тиіс.

      270. Мерзімді қозғалысты кептіру камералары мен калориферлер әрбір тиеу алдында өндірістік қоқыстар мен шаңдардан тазартылуы тиіс.

      271. Ауа-бу және газ камераларының енгізу және сору каналдары өрт болған кезде арнайы жабылатын қалқандармен (сұқпа жапқыштармен) жабдықталуы тиіс.

      272. Газ кептіру камералары желдеткіш тоқтап қалған жағдайда газдың жануын автоматты түрде тоқтататын жарамды қондырғылармен жабдықталуы қажет.

      Газ кептіру камераларының алдында ұшқынның кептіру камераларына түсуін қақпайлайтын ұшқын ұстағыш орнатылады.

      Газ кептіру құрылғылары пештерінің көмейінің, ұшқын ұстағыш құрылғыларының техникалық жай-күйі үнемі тексеріледі. Пеш көмейінің үстінде сызаты бар және жұмыс істемейтін ұшқын ұстағышы бар кептіру қондырғыларын пайдалануға жол берілмейді.

      273. Сұйық және қатты отынмен жұмыс істейтін газ кептіру камераларының отын-газ құрылғысы күйеден айына екі реттен тазартылуы қажет.

      274. Отынмен кептіру бөлімі кептіру агентінің температурасын бақылауға арналған жарамды аспаптармен жинақталуы қажет.

      275. Ағаш талшықты жұмсақ плиталарға арналған кептіргіш камералары ағаш қалдықтарынан күніне бір рет тазартылуы тиіс.

      Конвейер 10 минуттан артық тоқтаса, кептіру камерасын қыздыру тоқтатылуы қажет.

      Кептіру камераларының камерада күю пайда болған кезде калориферлер желдеткіштерін өшіретін және тұрақты өрт сөндіру құралдарын қосатын жабдығы болуы қажет.

      276. Шикізаттарға, жартылай дайын өнімдерге және сырланған дайын бұйымдарға арналған кептіру камералары (үй-жайлар, шкафтар) температура қалыпты мөлшерден көтерілген кезде қыздыруды өшіретін автоматпен жабдықталуы қажет.

      277. Ағаштарды кептіру үшін жоғары жиіліктегі токпен қатарлап орналастырар алдында онда металдан жасалған заттың жоқ екендігіне көз жеткізу қажет.

      278. Кептіру камераларына адамдардың кіруіне және арнайы жұмыс киімін кептіруге рұқсат етілмейді.

      279. Сіріңке шиі мен қорабын дайындау (өндіру) кезінде кептіру аппараттары кептірудің температуралық тәртібін бақылауға арналған құралдармен жабдықталуы қажет. Онда температура 110 градустан аспауы қажет.

      280. Тегістеу аппараттары тозаң жойғыш жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      281. Жабдықтар мен механизмдер, сондай-ақ бөлмелердің қабырғалары мен едендері, оларға тұтандыратын парафин мен масса түссе, дереу сумен жуып тазалау қажет.

      282. Автоматты цехтың еденін жуу және тазалау ауысымда екі рет жүргізіледі. Канализацияланған құдықтың тұндырмасы болуы керек. Тұндырманы цех еденін жуған сайын тазалап тұру қажет.

      283. Автоматтағы тұтандыратын масса қоры бір шығанаққа арналған мөлшерден аспауы қажет.

      284. Оттық сабаннан түскен массаны астауда тазалау түсті металдан жасалған күрекпен жүргізілуі керек.

      285. Демалыс күндері сіріңке жасайтын автомат тоқтаған кезде алдын ала жөндеу, сондай-ақ аварияларды жою оның ішінде сіріңке болмаған кезде жүргізілуі тиіс.

      286. Автоматтың қысқа мерзімді тоқтауы кезінде макалды плита макалды астауға түсірілуі тиіс.

      287. Тұтандырғыш массаны дайын өнімді сақтау орны арқылы және кептіру жабдықтарының жанынан, ал фосфорлы массаны - автомат цехы және шашылған сіріңкелерді орналастыруға арналған бөлмелер арқылы тасымалдауға рұқсат етілмейді.

      288. Майдалау бөлімінің еденін үнемі сулап отыру қажет. Цехта күйдіретін және фосфорлық масса бойынша ауысымдық қажеттілікті арттыратын материалдар қорын сақтауға рұқсат берілмейді. Материалдар қорының сыйымдылығы жабық болуы қажет.

      289. Массаны дайындау және сақтау үшін сыйымдылығы 50 кг астам ыдысты қолдануға рұқсат етілмейді. Ыдыс түсті металдан жасалған және тасымалдауға ыңғайлы құралы (сабы) болуы тиіс.

      290. Шашылған бертолетті тұз арнайы сыйымдылықта сумен тез арада шайылып тазартылады.

      291. Домалақ диірменде бертолетті тұз бен күкіртті құрғақ түрде майдалауға рұқсат етілмейді.

      292. Фосфорлық және күйдіргіш массаны сіріңкемен, күкіртті шимен және әр түрлі қалдықтармен ластауға жол берілмейді.

      293. Күкірттік массаға арналған химикаттарды соратын желдеткішпен жабдықталған арнайы шкафтарда жүзеге асырылуы керек.

      294. Автоматты және күкірт массасын дайындайтын цехтарда жұмыс істейтіндердің арнайы киімі отқа қарсы құраммен қаныққан болуы тиіс.

       295.   Сіріңке массасын даярлау цехтары мен автоматты цехтарда жұмыс істейтін жұмысшылардың арнайы киімдерін жуғаннан кейін оттан қорғау құрамын сіңірмей пайдалануға болмайды.

      296. Сіріңкелер жинау бөлмелерінде немесе кассетаға салынған сіріңке қоры әрбір автоматта 10 кіші немесе 5 үлкен таспадан аспауы тиіс.

      297. Қорапты толтыратын машиналар айналасындағы сіріңке қоры 3 кіші таспадан аспауы тиіс.

      298. Сіріңке салынған таспалар 2 қатардан қаланып, арасында түсті металл болуы және сөрелерде сақталуы тиіс. Таспалар толтырылған сөрелердің арақашықтығы 2 м кем болмауы тиіс.

      299. Цехта сіріңке салынған 10 кіші немесе 5 үлкен таспаларды бір жерде сақтауға рұқсат берілмейді.

      300. Қорап майлаушы және ораушы машиналар аумағында дайын болған сіріңке қоры 20 жәшіктен артық болмауы қажет.

      301. Аралық сақтау учаскесінде дайын өнімнің саны бір сіріңкелік автоматтың ауысымдық өнімінен артпауы тиіс.

      302. Ұйымда сіріңке массасының қалдығын жинау, тасымалдау және жою үшін тиісті нұсқау әзірленеді және бекітіледі.

      303. Сіріңке массасының қалдықтары мен ағаш ыдыстар ұйымның аумағынан тыс арнайы жабдықталған алаңда жағылуы тиіс.

      304. Сіріңке массасының қалдықтары мен ағаш ыдыстарды жағуға арналған алаңдар қоршалған және берік жапқышпен жабылуы тиіс.

      305. Сіріңке массасының қалдықтары өртеу орындарына жеткізілуі тиіс. Қалдықтарды өртеу олардың түсу мөлшеріне қарай жүргізілуі қажет.
  12-тарау. Энергетика
      306. Бақылау-өлшеу аспаптары мен басқару құралдары тұратын бөлме тесіктер мен саңылаулардың болуына жол бермейтін газ өткізбейтін қабырғалардан, газ реттейтін (ГРҚ) қондырғыдан, газ реттейтін ғимараттардан (ГРҒ) бөлек болуы тиіс. Коммуникацияны қабырға арқылы орнатуға тек арнайы қондырғыларды (нығыздағыш) қолдану арқылы рұқсат беріледі.

      307. Газ қаупі бар жұмыстар қауіпсіздік ережелеріне сәйкес IV топтағы объектілер мен көлік құралдары үшін алғашқы өрт сөндіру құралдары тиістілігінің нормасына сәйкес рұқсат-наряд бойынша жүргізіледі. Тұлғаларға өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық жүргізілуі тиіс. Нұсқаулықтан өтпеген бригада жұмысшылары жұмысқа жіберілмейді.

      308. ГРҒ (ГРҚ) желдеткіш жүйелері тоқтағанда бөлмеде жарылыс қауіпті газ шоғырының пайда болуына мүмкіндік бермеу шаралары қолданылуы қажет.

      Желдеткіші жұмыс істемейтін бөлмеде монтаж жүргізуге немесе жабдықтар мен газ құбырларын жөндеуге рұқсат берілмейді.

      309. Отынды құю кезінде тұтанудың температурасы 120 градустан төмен болса, отынды құю жабық түрде жүргізілуі (ұшы бар иілгіш шланг немесе фланстық қоспа) қажет. Шлангтердің (фланцтардың) ұштары соғылу кезінде ұшқын шығармас үшін металдан болуы қажет.

      310. Май жүретін сымдардың жанбайтын оқшаулауы және металл қаңылтырлы жабыны болуы тиіс.

      Энергетикалық қондырғының май бактарының авариялық құйылысы болуы тиіс. Авариялық құйылыстың қолмен жетектейтін тиекті қондырғысы қол жететін жерде және қызыл, ал май сымдар қоңыр түспен сырлануы қажет.

      311. Майды тазалау кезінде қысым, температура, майқыздырғышқа майдың үздіксіз келіп тұруы үнемі бақылауда болуы қажет.

      312. Отынды төгу тораптарында аспирациялық немесе шаңды аздап су шашып қолдану арқылы басу қондырғылары, ауа механикалық немесе су буының қондырғылары жұмыс істеп тұруы қажет.

      313. Отын жіберу кезінде отын беру жолындағы барлық тозаңсыздандыру құралдары, сондай-ақ металл және отыннан шығатын басқа да жоңқаларды ұстағыш қондырғылар жұмыс істеп тұруы қажет.

      314. Отын беру жолында тозаңдардың жиналуын болдырмау үшін көрсетілетін техникалық қызмет, күнделікті жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуы және бақылау жүйелі түрде жүргізілуі қажет.

      Конвейерлер галереясының қабырғалары тегіс плиталармен қапталуы немесе ашық түсті сырмен сырлануы тиіс.

      315. Жылу бергіш бөлмелерде шаң жиналған жерлердің бәрі сүртіліп, тазалық сақталуы тиіс.

      Жинастыру қатты отынның түріне, оның тотығуға бейімдігіне және бөлмелерді шаң-тозаң басуына байланысты бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

      Шаң-тозаң механикаландырылған тәсілмен алынуы тиіс. Қолмен жинау қажет болған жерлерде бұл жұмыстар су шашыратып ылғалдандырылғаннан кейін барып жүргізіледі.

      316. От беру жолы бойынша жүретін кабель жолдарындағы кабельдер арасында шаңның аз жиналуы үшін саңылаулар болуы тиіс.

      317. Конвейнерлік таспаларды тиеу кезінде отын төгілмеуі керек. Жанармайдың төгілгенін жұмыс ауысымы барысында тазалау қажет.

      Конвейерлік таспаның төменгі жағына отынның жиналуына рұқсат етілмейді.

      318. Авариялық жағдайдан басқа уақытта отын тиелген конвейерлерді тоқтатуға рұқсат етілмейді. Авариялық жағдайда тоқтатылған кезде конвейер таспалары қысқа уақытқа отыннан босатылуы қажет.

      319. Электр станциясы газ немесе мұнай қалдығын жағуға көшкенде және тиісті жабдықты түбегейлі жөндеу алдында шикі отынның бункерлері толық босатылуы тиіс.

      320. Конвейерде вулканизациялау жұмыстарын жүргізер алдында таспа айналасында кемінде 10 м жер шаңнан тазартылуы (қажет болған жағдайда гидрожинастыру), жанбайтын қалқандармен қоршалуы және өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жабдықталуы қажет.

      321. Үй-жайлар мен дәліздерде қойма орналастыруға, сондай-ақ электр-техникалық жабдықтарды, артық заттарды, жанғыш сұйықтық сыйымдылықтарын және әр түрлі газ баллондарды сақтауға жол берілмейді.

      322. Кабельді құрылыстарда әр 60 м сайын жақын маңдағы шығу есігін көрсететін сілтемелер болуы тиіс.

      Секциялық қалқалардың есіктерінде жақын маңдағы шығу жолына дейінгі қозғалыс нұсқауы (кестесі) ілінеді. Кабельді құрылыстан шығыс люктеріне дейін сатылар орналастырылуы және олар туннель (қабат) арқылы өтуге кедергі жасамайтындай болуы тиіс.

      323. Бөлме ішінде жанғыш жамылғысы шешілмеген брондалған кабельдерді орналастыруға рұқсат етілмейді.

      324. Кабельді құрылыстардағы секцияның аралық есіктері өздігінен жабылатын және жақын маңдағы шығу есігіне қарай ашылатын болуы және олар тығыздағышпен қамтамасыз етілуі тиіс.

      Кабельді құрылыстарды пайдаланған кезде есіктер бекітулі болуы тиіс.

      Кабельді ғимараттарда желдету жағдайымен есіктерді ашып қоюға болады, бірақ олар құрылыстың бөлігіне сәйкес өртке қарсы дабылдың импульсынан автоматты түрде өздігінен жабылуы тиіс. Есіктердің өздігінен жабылу жағдайы үнемі техникалық жарамды жағдайда болуы тиіс.

      325. Металл қораптағы кабель желілері мынадай орындарда:

      1) басқа кабельді құрылыстарға кіру жолдарында;

      2) кабельді қораптардың көлденең жатқан учаскелерінде әр 30 м сайын, сондай-ақ қораптың басқа тармақтарындағы кабельдердің негізгі ағынында;

      3) кабельді қораптардың тігінен жатқан учаскелерінде әр 20 м сайын жанбайтын материалдармен нығыздалып және төмендегі орындарда отқа төзімді қалқандармен кемінде 0,75 сағ бөлінеді. Жаппадан өту кезінде отқа төзімді нығыздау жаппаның әрбір белгісінде орындалуы тиіс.

      Металл қорапқа салынған кабель желілерін нығыздау орындарын қораптың сыртында қызыл жолақпен белгілеу қажет. Қажет болған жағдайда түсіндірме жазулары жазылады.

      326. Құрылыс және жөндеу жұмыстары кезінде жанғыш полиэтиленді оқшаулау кабельдерін қолдануға рұқсат етілмейді.

      327. Кабельдердің металдан жасалған қабықшасы мен үстіңгі қабаты мүжілуге қарсы жанбайтын жабынмен қорғалуы тиіс.

      328. Май толтырылған кабельдердің сіңіруші жабдықтары орналасқан бөлмелерде бұларға қатысы жоқ жанғыш және басқа да материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.

      329. Кабельді арналар мен бөліп тұратын жабдықтар мен басқа бөлмелердегі қос едендер жанбайтын алмалы-салмалы плиталармен жабылуы тиіс. Басқару қалқандары орналасқан паркет еденді бөлмелерде ағаш қалқандар төменгі жағынан асбестпен қорғалып, қаңылтырмен немесе оттан қорғайтын басқа да материалдармен қапталуы қажет. Алмалы-салмалы және тұтас плиталар қолмен көтеруге бейім болуы тиіс.

      330. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде кабель құрылыстары арқылы транзитті қатынас немесе сым жүргізуге рұқсат берілмейді.

      331. Трансформаторлар мен реактордағы май қабылдағыш және май бұрғыш жабдықтар (немесе арнайы дренаждар) авария кезінде майдың ағуына және оның кабельді арналарға кетуіне жол бермейтін үнемі дұрыс жұмыс қалпында болуы тиіс.

      332. Май қабылдағыштың ернеулік қоршау шегіндегі шағал төсеніш үнемі таза болып, жылына бір рет жуылып тұруы тиіс.

      Шағал төсеніш ластанған (шаңмен, құммен) немесе майланған кезде оны жуу ереже бойынша көктемде және күзде жуылып тұрады.

      Шағал төсеніште мұнай өнімдерінен қалыңдығы 3 мм қатты қалдықтары және өсімдіктер қабаты пайда болғанда немесе жуу мүмкін болмаған кезде төсеніш өзгертіледі.

      333. Кабельді арналарды қабырғаларын трансформаторлардың және майлы реакторлардың ернеулік қоршау ретінде пайдалануға (бейімдеуге) рұқсат берілмейді.

      334. Жылжымалы өрт сөндіру техникаларының қондырғылары орналастырылған жерлер жабдықталуы және оларды жерге орнату орындары белгіленуі тиіс. Жылжымалы өрт сөндіру техникаларының жерге орнату орындары энергетикалық объектілердің мамандары мен өртке қарсы қызметі өкілдерінің бірігуімен анықталады және жерге орнату таңбаларымен белгіленеді.


  13-тарау. Полиграфиялық өнеркәсіп
      335. Машина жиынтығы бөлімінде үстелдер мен шкафтар (тумбалар) тоттанбайтын немесе мырыш жалатылған болатпен немесе термотөзімді пластмассамен жабылуы тиіс.

      336. Дүкендерді, матрицаларды және сыналарды ТТС және ЖС көмегімен тазалау тиісті желдеткішпен жабдықталған оқшау бөлмелерде жүргізу тиіс.

      Кейбір жағдайларда линотиптік бөлімдерде желдеткіштік сорғыштармен жабдықталған, жанбайтын арнайы шкафтарда тазалауға тікелей рұқсат етіледі.

      337. Мыналарға:

      1) құйма машиналардың металберушісіне дымқыл құймаларды   ілуге;

      құйма қазанды жиналған материалдармен, ласталған сырлармен және жанғыш заттармен толтыруға;

      2) жинау машиналарында және оның айналасында жанғыш шаюшы материалдар мен май салынған майсауыттарды қалдыруға;

      3) ЖС сіңген арнайы киімде құйма аспапқа жақындауға және машинада жұмыс істеуге;

      4) форма мен жиынтықты шаю үшін бензинді, бензолды, ацетонды және скипидарды пайдалануға жол берілмейді.

      338. Гарт еріту бөлімшелерінің едені отқа төзімді жанбайтын материалдардан болуы тиіс.

      339. Матрицалық материалдар (винипласт, балауызды масса, қорғасын) ернеулік сорғыштармен жабдықталған жанбайтын арнайы үстелдерде немесе жоғарғы және төменгі сорғышы бар жанбайтын шкафта бензиндегі каучук ерітіндісімен суғарылуы және сүзгіш картон бакелиттік лакпен қанықтырылуы тиіс.

      340. Термостатта балауызды композицияны қыздыру кезінде температура 80 градустан аспауы тиіс.

      341. Матрицалық материалды графиттеу сорғыш желдеткіші қосылған арнайы жабық аппаратта жүргізілуі тиіс.

      342. Матрицалық материалды бензиндегі каучук ерітіндісімен суғаруға және пресс немесе қыздырғыш қондырғылар тралерінде ашық әдіспен графиттеуге, сондай-ақ оны жылытқыш және қыздырғыш аспаптарда құрғатуға рұқсат етілмейді.

      343. Фотопленка қиындыларын тығыз жабылатын, жанбайтын қақпақты жәшіктерге жинау тиіс.

      344. Жұмыс соңында фотозертханалар мен бөлмедегі көріністік қондырғыларда шығарылған пленкалар мұрағатқа сақталуға тапсырылуы тиіс. Жанбайтын шкафтарда пленкаларды 10 кг дейін сақтауға рұқсат етіледі.

      345. Монтаж үстелдері мен сурет өңдеуші пульттардың үстел үстілік шамдары екі қабат шынымен әйнектелуі тиіс. Монтаж үстелдерінде сынық әйнекпен жұмыс істеуге немесе жай әйнекке қағаз жапсырып, көмескілендіріп істеуге жол берілмейді.
  10-бөлім. Ауылшаруашылық өндірісінің объектілері
  14-тарау. Өндірістің негізгі объектілері
      346. Мал және құс өсіру шаруашылығындағы от жағу арқылы жем дайындайтын вакуум-сорғыштар мен жылу генераторлары орнатылған бөлмелер, осы бөлмелер қасындағы жем-шөп дайындауға арналған бөлмелер мал мен құс тұратын орындардан өртке қарсы қабырға, қоршау арқылы бөлінуі тиіс. Аталған бөлмелердің шығар есіктері міндетті түрде сыртқа ашылатын болуы тиіс.

      347. Малдар мен құстарға арналған орындарда шеберханалар, қоймалар, автокөлік, тракторлар, ауылшаруашылық техникалар тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ ферма қызметіне байланысы жоқ басқа да жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.

      Құбыры ұшқын өшіргішпен жабдықталмаған тракторлар, автокөліктер, шаруашылық көліктер бұл орындарға жіберілмейді.

      348. Сүт-тауарлық фермаларда (кешендерінде) 20 астам мал болса, арқандаудың топтық тәсілі қолданылады.

      349. Ферманың шатырларында жем азықтарын сақтау кезінде:

      1) жабыны жанбайтын материалдардан болуын;

      2) жанғыш және ағаш шатырлы жабынды күйіп кетуден қорғау үшін шатыр жағынан саз балшықпен жанғыш жабын (немесе тең бағалы оттан қорғағышпен) үстімен қалыңдығы 3 см етіп сылақ жүргізуді;

      3) шатырдағы электр сымдарын механикалық зақымдалудан сақтауды;

      4) түтіндіктерді периметр бойынша 1 м қашықтық аралығында қоршауды қарастыру қажет.

      350. Электрлік брудерлерді пайдалану және қондыру кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:

      1) жылуқыздырғыш элементтерден төсемге дейінгі арақашықтық тігінен 80 см, көлденеңінен 25 см кем болмауы тиіс;

      2) қыздырғыш элементтер зауытта дайындалған болуы және қызған бөлшектері түспейтіндей нұсқада орнатылуы тиіс. Ашық жылытқыш элементтерді қолдануға рұқсат берілмейді;

      3) оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бөліп тұрушы қалқаннан дербес желі арқылы жүзеге асырылады. Әр бурдердің өз ажыратқышы болуы қажет;

      4) бөліп тұрушы қалқан барлық электр желісін өшіріп қосатын ажыратқышы, сондай-ақ токтың артып кетуінен және қысқа тұйықталуынан сақтайтын құралдары болуы тиіс;

      5) брудердегі температуралық тәртіп автоматты қуатта болуы тиіс.

      351. Жылжымалы ультра күлгін қондырғылар және олардың электр жабдықтары жанғыш материалдардан 1 м кем емес қашықтықта орналасуы қажет.

      352. Электр брудер мен ультра күлгін қондырғыларға баратын ішкі электр торабы еденнен 2,5 м кем емес биіктіктен және жанғыш құрылыстан 10 см қашықтықтан келуі тиіс.

      353. Қырқатын агрегаттың бензинді қозғалтқышын ғимараттан 15 м қашықтықта шөптен, қоқыстан тазартылған алаңда орналастыру қажет. Жанар-жағармай материалдар қоры жабық металл ыдыста және қырқу мен құрылыс орындарынан 20 м қашықтықта сақталуы тиіс.

      354. Қырқу орындарында жүннің ауысымды өнімнен артық жиналуына және кіріс пен шығыс есіктерін жүн теңдерімен бөгеуге жол берілмеуі тиіс.

      355. Түнгі уақытта мал және құс шаруашылықтарында малдар мен құстар бар болса, олар қарауылдардың, малшылардың және басқа да осы мақсатта тағайындалған тұлғалардың қарауында болады.

      356. Аммиак селитрасы отқа төзімділіктің дербес I және II дәрежесінде шатырсыз, бір қабатты, едені жанбайтын ғимаратта сақталады. Төтенше жағдайда селитраны ауылшаруашылық кәсіпорындарда отқа төзімділіктің I және II дәрежелі минералды тыңайтқыштарының ортақ қоймасынан жеке бөлікте сақтауға рұқсат беріледі. Тез әсер етуші тотықтырғыштар (магний және кальций хлораттары, сутек асқын тотығы) отқа төзімділіктің I, II және III дәрежесінде ғимараттың жеке бөліктерінде сақталады.

      357. Фермаларды және басқа да ауылшаруашылық объектілерді қылқан тұқымды тоғайлардың қасында орналастырылған кезде екеуінің аралығында көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңге арналған бульдозер, соқа және басқа да жер жырту құралдарымен өртке қарсы қорғау жолақтары (шаруашылық мақсатпен жолақтарға өртке кедергі болатын өсімдіктер - картофель отырғызуға болады) болуы тиіс.

      358. Ауылшаруашылық кәсіпорын аумағында (егер учаске технологиясы мен ауылшаруашылық өндірісі байланысты болмаса), сондай-ақ мақта, зығыр, томар сақтау және өңдеу орындарында жанғыш материалдарды, ашық оттарды (алау, факель) қолдануға тыйым салынады.
  15-тарау. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу
      359. Астық тазалайтын және майдалайтын машиналар жұмыстарының алдында аспирациялық каналдарда бөлмеде шаңның бөлінуін болдырмайтын және астықтың сапалы аэродинамикалы тазартылуын қамтамасыз ететін ауа тәртібіне реттелуі тиіс. Машина астындағы қопарылыс сейілткіштер жарамды жағдайда болуы қажет.

      360. Өнімділігі 50 т/с асатын норийлер автоматты тежегіш және таспа тоқтаған кезде кері айналудан сақтайтын құралдармен жабдықталуы қажет. Норийлер мен жеке бөліктерді ағаштан немесе басқа да жанғыш материалдардан орнатуға рұқсат берілмейді.

      361. Тазаланбаған астыққа арналған астық шнектері ірі қоспаларды аулайтын темір торлармен және өнім қысымымен ашылатын сақтандырғыш қақпақтармен жабдықталуы тиіс. Темір торларды мерзімді тазалауды кәсіпорын басшысы белгілейді.

      362. Барлық клиноременді беріліс белбеуінің тартылысы бірдей болуы тиіс. Клиндік белбеулер жинағы толық болмаса, жұмыс істеуге немесе шкив орынының қырына сәйкес келмейтін қапталды белбеуді қолдануға жол берілмейді.

      Клинді белбеулерді ауыстыру осы беріліске арналған толық жинақпен қамтамасыз етілуі тиіс.
  16 тарау. Астық жинау және жем дайындау
      363. Астық жинау науқаны басталғанға дейін оған қатыстырылатын барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі қажет, ал астық жинайтын агрегаттар мен автокөліктер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндардың барлық түрлері мен тракторлар - екі өрт сөндіргішпен, екі найзалы күректермен, екі сыпырғышпен), жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталуы және майлау, тұтандыру мен қоректендіру жүйесі реттелген болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет