Қазақстан Республикасындағы пренатальды ультрадыбысты скрининг жүргізуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы»


-тарау. Пренатальды ультрадыбыстық скринингті



бет2/6
Дата15.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469569
1   2   3   4   5   6
2-тарау. Пренатальды ультрадыбыстық скринингті
ұйымдастыру тәртібі

4. Пренатальды ультрадыбыстық скрининг ауыр, емдеуге және түзетуге келмейтін өлімге әкелетін генетикалық хромосомалық-анатомиялық бұзылыстары бар балалардың туылуын болдырмау үшін ұрықтың хромосомалық ауытқулары мен туа біткен ақауларын ерте анықтауға және диагностикалауға бағытталған.


5. Жүкті әйелдерді бірінші, екінші және үшінші кезеңдерде тексеру «Радиология. Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік және магниттік-резонансты томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина)» мамандығы бойынша дәрігерлермен, пренаталдық ультрадыбыстық скрининг жүргізу үшін біліктілігін арттыру сертификаты болған жағдайда, нәтижелері осы Стандарттағы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес «11-13,6 аптадағы жүкті әйелді кеңейтілген ультрадыбыстық зерттеу хаттамасы» және «Жүктіліктің II-III триместріндегі ультрадыбыстық скринингтік зерттеулер хаттамасына» толтырылатын үш реттік пренатальды ультрадыбыстық скринингті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен көзделген Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 «Скринингті ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) келесі жүктілік мерзімдерінде өткізуді қамтиды:
45 мм-ден 84 мм-ге дейін құйымшақ тәж өлшеммен (бұдан әрі - ҚТӨ) жүктіліктің 11 - 13 + 6 аптасы;
жүктіліктің 19-21 аптасы;
жүктіліктің 30 - 32 + 6 аптасы.
6. Егер бірінші кезеңде пренаталдық ультрадыбыстық скрининг кезінде ұрықтың хромосомалық патологиясының және (немесе) туа біткен ақауларының ультрадыбыстық маркерлері анықталса, жүкті әйел пренаталдық скринингтің екінші кезеңіне «Медициналық генетика» мамандығы бойынша дәрігердің кеңесіне және ұрықтың қайта ультрадыбыстық зерттеуіне және (немесе) инвазивті пренаталдық диагностикаға (бұдан әрі – ИПД) көрсеткіштерді анықтау мақсатында, жүктілікті ұзартудың орындылығы туралы шешім қабылдау үшін мультидисциплинарлық пренаталдық консультация өткізу қажет болған жағдайда жіберіледі.
7. Зерттеудің екінші кезеңінде диагнозды нақтылау үшін ұрықтың қайталама ультрадыбыстық зерттеуін сарапшы класындағы ультрадыбыстық аппаратты пайдалана отыры сарапшы-дәрігер және (немесе) кемінде үш «Рентгенология. Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонансты томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина)» мамандығы бойынша дәрігерлер кеңесі жүргізеді, п.
8. Зерттеудің екінші кезеңінде ИПД жүргізу мүмкін болмаған жағдайда жүкті әйел тексерудің үшінші кезеңіне жіберіледі. Тексерудің үшінші кезеңінде ультрадыбыстық скринингтік тексеруді жүктіліктің кез келген кезеңінде анатомияны, ұрықтың бірінші және екінші кезеңдерінде анықталған аномалияларды кеңейтілген бағалау үшін сарапшы класындағы ультрадыбыстық аппаратты пайдалана отырып «Рентгенология Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонансты томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина)» мамандығы бойынша кемінде сарапшы және (немесе) үш дәрігерлер кеңесі жүргізеді.,.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет