Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi n 2464 Конституциялық заңы



бет1/10
Дата17.07.2016
өлшемі1.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 Конституциялық заңы

1. Жалпы бөлiм

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар

Осы Конституциялық заң Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және  өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.

Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

2-бап. Сайлау бостандығы

Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.



3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы

1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

4. Мыналар:

1) сотталғандығы белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсiн сот заңда белгiленген тәртiппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, оның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне кандидат бола алмайды.

Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.



5-бап. Тең сайлау құқығы

1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады.

2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.

Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.

6-бап. Төте сайлау құқығы

Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.



7-бап. Жанама сайлау құқығы

1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

3. Алып тасталды - ҚР 1998.05.08 N 222 Конституциялық заңымен.

Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.05.08 N 222 Конституциялық заңымен.

8-бап. Жасырын дауыс беру

Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.



9-бап. Сайлау жүйелерi

1. Президенттi, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

1) алып тасталды - ҚР 1998.11.06 N 285 Конституциялық заңымен;

2) мыналар:

- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;

- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.

1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi бойынша партиялық тiзiмдермен сайланады.

2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.

3. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

1) алып тасталды - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен;

2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.11.06 N 285, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.



2-тарау. Сайлау органдары

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi

1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:

1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2) аумақтық сайлау комиссиялары;

3) округтiк сайлау комиссиялары;

4) учаскелiк сайлау комиссиялары.

3. Сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.

Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келiсетiнi туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi аяқталардан кемiнде екi ай бұрын басталады және өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.

Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.

4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.

6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде олардың қызметiне араласуға жол берiлмейдi.

7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтiнiшiнiң негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.

8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.

Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.



11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы

1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.

2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесiнен тұрады.

Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның алғашқы отырысында сайланады.

3. Алып тасталды - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.

5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.



12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Орталық сайлау комиссиясы:

1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды; .V106401

2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;

2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;

3) алып тасталды - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен;

3-1) алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;

4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;

5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсiндiрудi ұйымдастырады; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесiне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi, сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн , сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi ; Президенттi және Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;

6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлiктерiн жасауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртiбiн айқындайды ;

7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзiм ақпарат бюллетенiн шығарады;

10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;

12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;

13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;

14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;

15) мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнiң осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуiн бақылауды жүзеге асырады; Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;

16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды;

16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсына сайлау заңдары жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткiзу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;

16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тiзiлiмiн жүргiзедi;

16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелерiне оны қолдануды үйретедi;

16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.



13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары

1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.

2. Аумақты сайлау комиссиялары:

1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;

2) жетi адамнан құрылады.

3. Алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.



14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:

1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;

2-1) партиялық тiзiмдерiн ұсынған Президенттiкке кандидаттардың, саяси партиялардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi;

3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;

4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi: Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;

6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;

6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бiрыңғай нөмiрленуiн белгiлейдi;

7) мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;

8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;

9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;

10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;

11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары

1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.

2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.

3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.

16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Округтiк сайлау комиссиясы:

1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

2) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;

3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;

4) алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;

5) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;

6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;

7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;

8) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiң аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

10) Алып тасталды - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен;

11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;

12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.

17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары

1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.

Учаскелiк сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.

2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - жетi күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.


Каталог: upload -> files
files -> Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
files -> Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет