Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Жалпы бөлiм 1-тарау. Жалпы ережелер



бет1/7
Дата09.07.2016
өлшемі1.62 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Конституциялық заң
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
1. Жалпы бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Конституциялық заңның бүкіл мәтіні бойынша, 14-тарауды қоспағанда, "жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің", "жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін", "жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше", "жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне", "жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне", "жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне", "жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін", "жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері", "жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне", "жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің", "жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін", "жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі" деген сөздер тиісінше "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық Заңымен.
1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар

Осы Конституциялық заң Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.

Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Заңымен.
2-бап. Сайлау бостандығы

Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.


3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06 N 375 Заңымен.
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

4. Мыналар:

1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.

Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгізілді - ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық Заңымен, 2005.04.15. N 44 Конституциялық Заңымен, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық Заңымен .
5-бап. Тең сайлау құқығы

1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады.

2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.

Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Заңымен, 2004.04.14 N 545 Заңымен, 2007.06.19 N 268 Конституциялық Заңымен.
6-бап. Төте сайлау құқығы

Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тiкелей сайлайды.


7-бап. Жанама сайлау құқығы

1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

3. (алып тасталды)

Ескерту. 7-баптың 3-тармағы алып тасталды - ҚР 1998.05.08 N 222 Заңымен.
8-бап. Жасырын дауыс беру

Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.


9-бап. Сайлау жүйелерi

1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:

1) (алып тасталды)

2) мыналар:

- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;

- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.

1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.

2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.

3. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

1) (алып тасталды)

2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.11.06 N 285 Заңымен, 1999.05.06 N 375 Заңымен, 2004.04.14 N 545 Заңымен, 2007.06.19 N 268 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық Заңымен.


2-тарау. Сайлау органдары
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен

өкiлеттiктерiнiң мерзiмi

1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:

1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2) аумақтық сайлау комиссиялары;

3) округтiк сайлау комиссиялары;

4) учаскелiк сайлау комиссиялары.

3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi - бес жыл.

Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.

Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.

4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.

6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді.

7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтінішінің негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.

8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.04.14 N 545 Заңымен.
11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.

2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады.

Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның алғашқы отырысында сайланады.

3. алып тасталды

4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.

5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық Заңымен, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық Заңымен .
12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Орталық сайлау комиссиясы:

1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды; .V106401

2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;

2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;

3) алып тасталды

3-1) алып тасталды

4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;

5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi, сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн , сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi ; Президенттi және Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;

6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртібін айқындайды ;

7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін шығарады;

10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;

12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;

13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;

14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;

15) мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады; Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;

16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды;

16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсына сайлау заңдары жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;

16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тізілімін жүргiзедi;

16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;

16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен , 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен, 2009.02.09. N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық Заңымен .
13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары

1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.

2. Аумақты сайлау комиссиялары:

1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;

2) жетi адамнан құрылады.

3. (алып тасталды)

4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда- Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , өзгерту енгізілді - 2004.04.14. N 545 Заңымен .


14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:

1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;

2-1) партиялық тізімдерін ұсынған Президенттікке кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;

3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;

4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi: Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;

6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;

6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;

7) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;

8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;

9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;

10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;

11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , 2004.04.14. N 545 Заңымен , 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен, 2009.02.09. N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық Заңымен .
15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары

1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.

2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.

3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2004.04.14. N 545 Заңымен , 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен.
16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Округтiк сайлау комиссиясы:

1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

2) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;

3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне)

түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнеді;

4) (алып тасталды)

5) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;

6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;

7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;

8) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiң аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

10) алып тасталды

11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;


Каталог: files -> userfiles -> docs
docs -> Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылға арналған даму келешегі туралы есебі
docs -> Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
docs -> «Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 7 айда атқарған жұмысының есебі туралы
docs -> 2012 жылғы 11 шілдедегі №114-957 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 62-бабынның 7-тармағына және «Астана қаласының жылдарға арналған бюджеті туралы»
docs -> «Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» кмм №1 жалпы білім беру орта мектебінің ең алғаш қаланған жылы 1980 жылы тамыз айы. Алғаш ашылғанда мектептің атауы «Қазақстанның 60 жылдығы»
docs -> «Айналайын» бөбекжай бақшасы
docs -> "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
docs -> Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережелері Жалпы ережелер
docs -> «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ережелер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
docs -> Бұқар жырау ауданының 2013 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары және алдағы мерзімге міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет