Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарының Қызылорда облысының туризм



Дата24.02.2016
өлшемі95.5 Kb.
#14146


Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарының Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында іске асырылуы жөнінде
2011 жылғы 21 сәуірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясы отырысының № 1 хаттамасында берілген тапсырмаларға сәйкес Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының іс-шаралар жоспары 2011 жылғы 23 мамырда әзірленіп, бекітілді.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты арыздар тіркелмеген. Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға тартылғандар, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар және сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық орын алғандар жоқ.

Басқарманың сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталып, өткізілген іс-шаралар бойынша ақпарат республикалық ақпараттық-танымдылық «Самала» газетінде 2012 жылғы 19 қазанда жарияланған.

2012 жылғы азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізу кестесіне сәйкес, басқарма басшысымен Арал, Казалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалымен бірлесіп, жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдаулар жүргізіп, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес түсіндірме берілді. Басқарма басшылығы тарапынан аптасына 2 рет басқарма ғимаратында жеке және заңды тұлғаларға қабылдаулар өткізіліп тұрады.

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы» ҚР Президентiнiң 2011 жылғы 1 сәуiрдегi № 1180 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексiнің және басқарманың Ережесінің мәтіні мемлекеттік органның көрнекті жерінде орналастырылған.

Облыс әкімдігінің ресми веб-сайтында туризм және спорт салалары бойынша тоқсан сайын ақпараттар жаңартылып отырады.

Облыстық мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 2012 жылы біліктілік арттыру курсынан 3–мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды.

Сонымен қатар, мекемедегі құқықтық оқудың 2012 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес тиісті мекемелер мамандарының келісімі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Заңдары бойынша арнайы қызметкерлер келіп дәріс өткізді.

Басқармада басқарма қызметшілері мен басқарма бағынысындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылығы арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық профилактикасы және мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.

Басқарма ғимаратында тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін жинау жәшігі орналастырылған.

Басқармаға 2012 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 38 арыз келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 26 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан - 12 өтініш түскен. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау тәртібі ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес жүргізіледі.

Басқарма бастығының 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 69 бұйрығымен «Азаматтарды қабылдау кестесі» бекітілген.
Азаматтарды қабылдау кестесі*


Қабылдау жүргізушінің

аты-жөні, тегі

Атқаратын лауазымы

Қабылдау уақыты

мен күні,

кабинет №

Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы

Басқарма бастығы

Сәрсенбі, жұма
сағ.17.00-18.00 дейін

Кабинет № 1



Каленов Бағдат

Кендебайұлы



Басқарма бастығының орынбасары

Сейсенбі, бейсенбі
сағ. 17.00-18.00 дейін

Кабинет № 2



Датқабекова Құрманкүл Төлепбергенқызы

Басқарма бастығының орынбасары

Дүйсенбі, сәрсенбі
сағ. 17.00-18.00 дейін

Кабинет № 5


*Азаматтарды қабылдау және қабылдау жүргізу уақыты мен күні, азаматтар өтініштерінің қаралуы бойынша мәліметтер:  (87242) 23-03-56 байланыс телефоны арқылы білуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет