Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама


Бағдарламаны іске асыру кезеңдері



бет4/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#175170
1   2   3   4   5

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері


      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 866 Қаулысымен.

      Бағдарламаны іске асыру 2011 - 2015 жылдар аралығындағы бес жылдық кезеңге есептелген және іс-шараларды бір кезеңде іске асыруды көздейді.


      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар.
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
      Осы міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қажет.
      2011 – 2015 жылдар ішінде елдегі қылмыстық ахуалды, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы талдау негізінде қылмыстық және әкімшілік заңнамаларды жетілдіру шеңберінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізбесі оларды мұндай қылмыстарға жатқызу негізділігі тұрғысынан қайта қаралатын болады.
      Сонымен қатар, жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді орнатуға, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және оның алдын алуға қоғамды барынша кеңінен тартуға, мемлекеттік қызметшілердің ірі шығыстарын декларациялау институтын енгізуге және т.б. бағытталған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саласындағы заң актілеріне түзетулер әзірленетін болады.
      Бұдан басқа, қазіргі жағдайларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шетелдің оң тәжірибесін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жаңа редакциясын әзірлеу ұсынылады.
      Бұл ретте жетілдіруді талап ететін жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі толық болып табылмайды.
      Айталық, Бағдарламаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен конвенцияларға қосылуына қарай, халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау бөлігінде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
      Сонымен қатар, Агенттік басқа уәкілетті органдармен бірлесе отырып, құрылайын деп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуропа Кеңесі және басқа да елдердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесі шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің құзыретті органдарымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдармен өзара тығыз іс-қимыл ұйымдастырады.
      2011 жылы алыс және таяу шетелдердің кемінде 25 мемлекетінен сарапшылар шақыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конференция өткізіледі.
      2014 жылға қарай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Стамбул іс-қимыл жоспарының ұсынымдары іске асырылатын болады.
      2015 жылы жалпыға бірдей танылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық конвенцияларға қосылу іс-шаралары жалғасатын болады, олардың саны кемінде 5 бірлікті құрауы тиіс, сонымен қатар беделді халықаралық ұйымдарға, атап айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) мүшелікке кіру іс-шарасы да өз жалғасын табады.
      Бұдан басқа, әлеуметтік-экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар тұрақты түрде шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру.
      Аталған міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қажет.
      Бағдарламаның іске асырылуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру мақсатында белгіленген мониторингілеу рәсімімен қатар, оны іске асырудың аралық қорытындылары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарында жыл сайын қаралатын болады.
      Мемлекеттік билік органдары орталық, сондай-ақ өңірлік деңгейлерде бизнесті тіркеуге және жүргізуге қатысты операциялық шығындарды төмендетуді қамтамасыз етеді. Аталған жұмысты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі үйлестіретін болады.
      2014 жылға қарай:
      мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін талдау негізінде олардың функцияларының бір бөлігі бәсекелес ортаға беріледі;
      рұқсат беретін құжаттардың тізімі жасалып, оның шеңберінде рұқсат беретін құжаттардың (рәсімдердің) тізбесі қайта қаралатын болады.
      2015 жылға қарай:
      құқық қорғау органдарының есеп беру және қызметін бағалау жүйесі жетілдіріледі;
      мемлекеттік қызмет көрсету кезінде олардың бір бөлігін электрондық нұсқаға ауыстыру, сондай-ақ электрондық нысанда лицензия беру арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар өкілдерімен байланыстарын жою шаралары қабылданады.
      3. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын арттыру.
      Осы міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
      саяси партиялармен және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта акциялар және науқандар өткізіледі;
      ғылыми және әлеуметтік зерттеулер саласында бірыңғай саясат жүргізу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылады және сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін анықтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа бейім едәуір проблемалы салалары бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан саясаты туралы ақпараттан тұратын түсіндірме-насихаттау материалдары әзірленіп, таратылатын болады;
      мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық фактілерін ұжымдық қарауды болжайтын қоғамдық мінеу институты нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып енгізіледі;
      мемлекеттік органдар өкілдерінің, оның ішінде басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі жалғасады, сондай-ақ оқу орындарында сабақтар өткізіледі;
      үкіметтік емес ұйымдармен қосымша меморандумдарға қол қойылады, бұл мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
      4. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
      Осы міндетті іске асыру үшін мемлекеттік органдар мынадай шаралар қабылдайтын болады:
      жеке және заңды тұлғаларды экономиканың қолма-қол айналымы басым салаларындағы операциялар есебін жетілдіру арқылы экономиканың көлеңкелі секторынан шығуына ынталандыру;
      халық табысын жалпыға ортақ декларациялауға кезеңімен өткізу;
      мониторинг әдістемелерін және ақшаны жылыстатудағы «көлеңкелі» қаржылық қызметтер схемаларын қаржылық талдауды бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және тез арада төлеу жүйесі арқылы жетілдіру;
      қолма-қол айналымды бір мезгілде қолма-қол емес есеп айырысуларды кеңейту бойынша шаралар қабылдай отырып қысқарту;
      сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің импорттық-экспорттық операциялары кезінде заңсыз схемаларды қысқарту.
      Көлеңкелі экономика сыбайлас жемқорлықтың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылатынын және оның деңгейінің елеулі екенін ескере отырып, осы бағыттағы жұмысты тұрақты түрде жүргізіп отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет