«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет88/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105
treatise8925

Зерттеудің объектісі шаруашылық және өзге де құқықтық қатынастар жатады. Олар келесі бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады:

  • мемлекеттік сатып алуда пайда болатын қатынастар;

  • банктік қызметтің жүзеге асырылуына қатысты қатынастар;

  • салық және өзге де міндетті төлемдерге қатысты қатынастар;

  • лицензиялауға қатысты қызметтерді жүзеге асыру қатыснастары;

  • жекешелендіру процессінде пайда болатын қатынастар;

  • зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы қатынастар;

  • шаруашылық субъектілердің әр түрлі шарттарға сәйкес экономикалық өзара есептесуге т.с.с. азаматтық-құқықтық қатынастар.

Экономикалық-құқықтық зерттеулер түрлерінің шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі, олар:
Шартқа негізделген азаматтық-құқықтық қатынастарды зерттеу:

  • шарттардың, контрактілердің жасалу негізділігі мен оның рәсімделу дұрыстығы;

  • шарттың, келісімнің, контрактінің экономикалық тиімділігін анықтау.

Бюджетке қатысты салық және өзге міндетті төлемдерді төлеуге қатысты шаруашылық қызмет субъектілердің қарым-қатынастарын зерттеу:

  • субъект белгілі салық түрін төлеудің төлемшісі болып табылады ма ?

  • резидент емес тұлғалардың салық төлеу мәселесі;

  • әр түрлі шарушылық қызмет субъектілерінің шарттық қатынастарға сәйкес шаруашылық операцияларының негізділігі.

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы пайда болатын қатынастарды зерттеу:

  • зейнетақыны төлеу негізділігіне қатысты сұрақтар;

  • зейнетақы соммасына қатысты сұрақтар.

Лицензиялау қызметін жүзеге асыруға қатысты пайда болатын қатынастарды зерттеу:

  • тұлғаға белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін лицензия қажет па?

  • лицензияны беру немесе қайтып алу тәртібі нормативті құқықтық актілермен бекітілген тәртіпке сай ма ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет