Атудың мән-жайларын анықтау бойынша сот сараптамасы – істің мән-жайларын анықтау қажет болғанда тағайындалады. Сол сияқты, тергеуші кейбір мән-жайларды сараптаманы тағайындамай ақ оқиға болған жерді қарау немесе тергеу экспериментін жүргізу арқылы анықтай алады. Тергеу экспериментін жүргізу мүмкін болмаса (денсаулығына немесе өміріне қауіп төңдіру жағдайы анықталса), сот сараптамасы тағайындалады.
Диагностикалық және ситуациялық міндеттерді шешу үшін аталған сараптама бойынша келесі сұрақтар қойылады, олар:
келтірілген зақым ату қаруымен келтірілді ма ?
қандай бағытта ату жүргізілді ?
қандай қашықтықтан ату жүргізілді ?
ату кезінде ату қаруы мен зақым келтірілген объектінің өзара орналасуы қандай болды ?
ұсынылған оқтардың (гильзалардың) қайсысы бірінші атылды ?
қай оқтың тесуі бірінші атумен келтірілді ?
ұсынылған қолмен жасалған қарудан нысаналы ату мүмкін ба ?
аталған ату қарудан белгілі калибрлі патрондар атылуы мүмкін ба ?
аталған ату қаруымен жәбірленушінің өзі-өзін атуға техникалық мүмкіндік болды ма ?
оқтың немесе гильзаның деформациялануының себебі неде ?
қару ұңғысының жарылу себебі қандай?
жәбірленушіге тигенге дейін оқтың рикошеті орын алған жоқ па ?
калибрі сәйкес келмейтін (үлкен немесе кіші) қарудан оқ атылып, гильзасы лақтырылып тасталған жоқ па ?
қалтаның кір болуы онда қаруды ұстаудың нәтижесі емес пе ?
ату қаруынан атудан пайда болатын микро қатпарлар Н. есімді тұлғаның қолында бар ма?
оқтағы іздер ұңғыны майлаудың нәтижесінен пайда болған жоқ па ?
при каком взаимодействии частей данного самодельного оружия возможно производство выстрела и т.д.
аталған қолдан жасалған ату қаруының қандай бөлшектерінің бір-бірімен өзара әрекеттесу нәтижесінен оқ ату мүмкін ?
Достарыңызбен бөлісу: |