Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы


Қазақстан Республикасындағы вексель айналысының тәртiбi



бет3/3
Дата12.06.2016
өлшемі379.65 Kb.
#128924
1   2   3

Қазақстан Республикасындағы вексель айналысының тәртiбi

 14-тарау. Жалпы ережелер

      78-бап

      Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы Қазақстан Республикасының аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруды, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын берудi, осындай вексельдер жөнiндегi мiндеттемелер мен оларға байланысты операцияларды орындауды, оларды есеп кеңселерiнiң есепке алуын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта есепке алуын қамтиды. <*> 


      Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдары шығарған вексельдердiң айналысына байланысты қатынастарда да қолданылады. 
      Ескерту. 78-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 

      79-бап

      Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөнiндегi қатынастар Женева вексель конвенциясынан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнен, сондай-ақ соларға сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұратын вексель құқығымен реттеледi. 

      80-бап

      Вексельдiк мiндеттеме вексель берушiнiң тиiстi дәрежеде ресiмделген вексельдi берген сәтiнен бастап пайда болады. Вексель сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттары бойынша төлемдi кейiнге қалдыру үшiн берiледi. <*>
      Егер вексель осы Заңның 1-9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалған болса, вексельдiк мiндеттеменiң күшi болады.
      Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276, 2003.07.09. N 482 Заңымен. 

      81-бап

      Аллонж вексельмен бiрге бiрыңғай құжат болып саналады. 
      Аллонжда аллонждың нақты бiр вексельге тиесiлiгiн даусыз анықтауға мүмкiндiк беретiн жазба болуға тиiс. Аллонж вексельге индоссамент вексельдiң өзiнде басталып, аллонжда аяқталатындай болып тiркелуi мүмкiн. 

      82-бап

      Вексель сомасын онда жазылған ақша сомасы құрайды. Вексель сомасына онда көрсетiлген проценттер, вексель бойынша операциялармен байланысты өсiм және басқа шығындар қосылмайды.
      Қазақстан Республикасының аумағында берiлген вексель валютасы теңге болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында вексель айналысы валюталық реттеу туралы заңдарда көзделген жағдайларда мүмкiн болады. <*>
       Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 

      83-бап <*>

      Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар тиiстi лицензиясы болған кезде, вексельдермен операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асыруға:
      вексельдердi инкассоға қабылдауға;
      төлем жасаушының вексельдердi төлеуi бойынша қызмет көрсетуге;
      домицильдендiрiлген вексельдердi төлеуге;
      делдалдық тәртiппен вексельдердiң акцептiн жасауға құқылы.
      Вексельдердi есепке алу жөнiндегi операцияларды есеп кеңселерi ғана жүзеге асырады.
      Банктер ақшалай нысанда орындауды көздейтiн банктiк кепiлдiктер беруге лицензиясы болғанда ғана вексельдердi авальдауға құқылы     
      Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 

      83-1-бап <*>

      Вексельдер Қазақстан Республикасының аумағында жай қағазға және вексель қағазына шығарылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағаздарының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Вексельдi вексель қағазына шығарған жағдайда мұндай вексельдiң мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылуға тиiс. Басқа шет тiлдердi қосымша пайдалануға жол берiледi.
      Ескерту. 83-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 
      Ескерту. 83-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен. 

 15-тарау. Вексельдiң төлем және несие беру құралы ретiнде


атқаратын қызметтерi

      84-бап

      Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өзара есеп айырысуларда, мұның өзi тиiстi шартта көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн жағдайларда, жай және аударым векселiн пайдалануға құқылы. 
      Есеп кеңселерi арқылы вексельдермен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      Инкассоға қабылданған вексельдердi байланыс мекемелерiнiң жiберу тәртiбi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша шығарылған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актiлерiмен және байланыс мекемесi мен есеп кеңсесiнiң арасындағы шартпен белгiленедi. 

      85-бап <*>

      Ескерту. 85-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 

      86-бап

      Есеп кеңселерiнiң вексель ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып төлем мерзiмi жеткенге дейiн индоссамент бойынша вексельдер қабылдауы вексельдердi есепке алу деп аталады. Есеп кеңсесi вексель сомасынан есеп кеңсесi өз бетiнше белгiлеген дисконт ұстап қалуға құқылы. 
      Вексельдердi қайта есепке алу - бұл есеп кеңсесiнiң вексель сомасын төлеп және дисконт ұстай отырып, төлем мерзiмi басталғанға дейiн есепке алған вексельдерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң индоссамент бойынша қабылдауы. 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есепке алуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      Вексельдердi есепке алу мен қайта есепке алу тәртiбi, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың вексельдермен операцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта есепке алуды, ал есеп кеңселерi - тек коммерциялық вексельдердi есепке алуды жүргiзедi. 
      Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482, 2005.07.08. N 69 Заңдарымен.

      87-бап <*>

      Ескерту. 87-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 

      88-бап

      Вексельде төлемшi ретiнде көрсетiлген тұлға мен вексель берушi төлемшiден қандай да бiр мiндеттеменiң орындалуын талап ету құқығына ие болатындай қатынастарды вексель берушiнiң белгiлеуi вексельдi жабу деп түсiнiледi. Бұл орайда мұндай мiндеттеменiң сомасы вексель бойынша төлем сомасынан төлем болмауға тиiс. 
      Вексель ұстаушының вексель берушiден вексельдi жабуды талап етуге құқығы бар. Вексель берушi вексельдi жабуды төлем мерзiмiнде қамтамасыз етуге мiндеттi.

      89-бап

      Аккредитив төлемiнiң, банк заемының қайтарылуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен вексельдi кепiлге беру жолымен жүзеге асырылады. Вексельдi кепiлге беру индоссаменттi ресiмдеуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
      Қалған жағдайларда вексельдi кепiлге беруге жол берiлмейдi.
      Вексельдiң кепiлге берiлуi және мұндай мәмiлелердi тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi есеп кеңселерi арқылы жүргiзiледi.
      Ескерту. 89-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.

 16-тарау. Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң


вексель айналысы. Шетел валютасындағы вексельдермен
жүргiзiлетiн операциялар

      90-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидент еместерi берген вексель айналысы Қазақстан Республикасының вексель заңдарымен реттеледi.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының резидентi қабылдаған вексельдiк мiндеттеме Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасының вексельдiк заңдарымен қойылған барлық талаптар сақталған жағдайда ғана жарамды болады.

      91-бап

      Вексель валютасының бағамы төлемшiге қызмет көрсететiн не вексельдi есепке алған есеп кеңсесi белгiлеген осындай валюта бағамына сәйкес анықталады.

      92-бап

      Римессаны Қазақстан Республикасының резидент емесiмен өзара есеп айырылысуларда валюталық операциялар жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар есеп кеңсесi ғана пайдалана алады.

 16-1-тарау. Елтаңбалық алым 

      Ескерту. 16-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.
      Ескерту. 16-1-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.

 17-тарау. Вексельдiк заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      93-бап

      Вексель бойынша акцепт бермеу немесе төлем жасамау туралы наразылықты нотариус өзiне вексель берiлген кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оған тиiстi жазба жасау және акцепт бермеу немесе төлем жасамау фактiсiн куәландыратын жазбаша акт жазу арқылы жасайды.


      Акцептiң күнi қойылмауына наразылық вексельге акцепт бермеуге наразылық жасау үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмде жасалуға тиіс. 
      Ескерту. 93-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 

      94-бап

      Вексель бойынша төлем жасаушының мүлкiн өндiрiп алу сот бұйрығы немесе сот шешiмi негiзiнде ғана жүргiзiледi. 
      Вексель жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, вексельдi беруге негiз болған шарттың ережелерiн сот қарауға құқылы емес. 
      Осы Заңның 1 және 74-баптарында белгiленген талаптар бұзыла отырып вексель жасалған жағдайларда, вексель жарамсыз деп танылады. Жарамсыз вексельдерден туындайтын мiндеттемелер бойынша дау туған жағдайда осы баптың екiншi абзацында көрсетiлген шарт бойынша мiндеттемелердi бұзу туралы iс ретiнде қаралады. 
      Ескерту. 93-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.

      95-бап

      Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығаруға тыйым салынады. 
      Достық немесе қола векселi бойынша төлем жасамау тәуекелiн достық немесе қола векселiн ұсынушы вексель ұстаушы мойнына алады. 
      <*>
      Заңды және жеке тұлғалар тиiстi құқық қорғау органдарына қола вексельдi ұсыну фактiлерi туралы кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi. 
      Достық, қола немесе қаржы векселiн шығаруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. <*>
      Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 

      96-бап

      Вексельдiң жоғалғаны үшiн, вексель берушi жоғалған вексельдi бергенiн мойындаған жағдайларды қоспағанда, оны жоғалтқан вексель ұстаушы жауап бередi. Жоғалған вексель бойынша оның құқығы сот тәртiбiмен қайта қалпына келтiрiлген жағдайда төлем жасалуы мүмкiн. 
      Жоғалған вексель бойынша құқығын қалпына келтiру жөнiндегi өтiнiштi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен сот қарайды. 
      Жоғалғанның орнына вексель берiлуi және вексельдегi берiлiм жазбасының қайта қалпына келтiрiлуi оны жоғалтқаны вексель ұстаушының есебiнен жүргiзiледi. 
      Вексельдi жеткiзiп беруге мiндеттенген адам оны жөнелтуге қабылдаған сәттен бастап, адресатқа табыс еткенге дейiн жоғалтса ғана ол үшiн жауап бередi. Ол вексельдi жоғалтқан жағдайда жоғалған вексельдi инкассациялау бойынша операциялар орындаған вексель ұстаушыға не есеп кеңсесiне осындай вексель бойынша құқықтарды қалпына келтiрумен байланысты барлық шығыстардың орнын толтыруға мiндеттi. 

      97-бап <*>

      Ескерту. 97-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 
 

 18-тарау. Қорытынды ережелер <*>



      Ескерту. 18-тарау алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет