Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы



бет4/5
Дата07.07.2016
өлшемі236.5 Kb.
#183855
1   2   3   4   5
       мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
       кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн;
       байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;
       күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылғысын, оның iшiнде:
       теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
       газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;
       суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
       электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандырудың және электрмен жылытудың iшкi желiлерiн қамтиды;
       күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын салу, оның ішінде:
       темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын салу;
       I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
       III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
       аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын қамтиды;
       мыналармен:
       гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;
       құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;
       театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлермен;
       байланыспен, авариядан қорғаумен, бақылау және дабыл құралы жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;
       4) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
       Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін
               дайындау саласындағы қызметті лицензиялау
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензияның болуы талап етіледі.
       Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      35-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті лицензиялау

      Ескерту. 35-бап алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


 
      36-бап. Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі
               мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі
               саласындағы қызметті лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:


       1) этил спиртінің өндірісі;
       2) алкоголь өнімінің өндірісі.
       Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
       арақтар мен айрықша арақтардың өндірісі;
       ликер-арақ өнімдерінің өндірісі;
       шарап материалының өндірісі;
       шарап өндірісі;
       коньяк өндірісі;
       бренди өндірісі;
       сыра өндірісі;
       3) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату;
       4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
       5) темекі өнімдерінің өндірісі.
       Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      37-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
               қызметті лицензиялау

       Ескерту. 37-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті
                лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:


      1) тауар биржаларының қызметі;
      2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметі.
       Ескерту. 3-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды) Заңымен.
 
4-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫ САЛАСЫНДАҒЫ
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

      38-бап. Жалпы ережелер

      1. Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін белгілейді.
       Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлінше шектеушілік немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиіс.
       2. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға лицензия беріледі.
       Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:
       біржолғы;
       бас;
       ерекше.
       Лицензиар бас және ерекше лицензиялар беруді Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
       3. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiн уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында есеп беруге мiндеттi.
       Бiржолғы лицензиялардың иелерi лицензияның орындалуы туралы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталған соң күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында ақпарат беруге мiндеттi.
       4. Біржолғы лицензияның қолданыс кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданыс мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданыс мерзімімен немесе лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін.
       Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
       Егер Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
       Ерекше лицензияның қолданыс мерзімі әрбір нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
       Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      39-бап. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау

      Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


 
      40-бап. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялау

      Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


 
      41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде
               лицензиялау

      Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтініш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшін импорттаушы елдің заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтініш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленеді. Лицензия алуға өтінішті тауарлар кедендік тазартылғанға дейін кез келген жұмыс күнінде беруге болады. Лицензия алуға өтініш пен қажетті құжаттар тиісті әрі толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күні ішінде беріледі.


      Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
       Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ
БЕРУДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

      42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны


               беру шарттары
 
      1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергiлiктi атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.
       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін, қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) оларға қосымшаларды қоспағанда, өтініштер мен құжаттарды қабылдауды және лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар беруді жүзеге асыратын ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
       2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар беріледі:
       1) өтiнiш;
       2) заңды тұлға үшiн – өтініш беруші жарғысының (түпнұсқалары берiлмеген жағдайда салыстырып тексеру үшiн нотариат куәландырған) көшiрмесi және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
       3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
       4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
       5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
       6) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
       7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
       Жарғының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) ұсыну бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының талабы қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.
       Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
       «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарды беру кезінде құжаттар электрондық нысанда беріледі.
       Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсыну туралы талап болған жағдайда мұндай құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
       Куәландырылған құжаттардың анықтығы үшін оларды ұсынған өтініш беруші немесе лицензиат жауапкершілікте болады.
       Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады.
       2-1. Осы баптың 2-тармағының күші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
       3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
       1) өтiнiш;
       2) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
       4. Лицензиар өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
       5. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін лицензиар өтініш берушінің лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібереді.
       Мемлекеттік органдар лицензиар сауалының негізінде он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тиісті лицензиарға жауап жібереді.
       Мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мерзімде жауап жібермеген жағдайда лицензия беру келісілді деп саналады.
       6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
       Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
       Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия берудің шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
       Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
       7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсі соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).
       Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру
               туралы өтініштерді қарау мерзімдері
 
      1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін, атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтегі лицензиарларды, экспорттық бақылауға жататын өнімдер импорты мен экспортының лицензиарларын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
       2. Егер лицензиар осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы берілді деп есептеледі.
       Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімдері өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.
       Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледi. Өтініштің қабылданғаны туралы өтініш беруші алған хабарлама лицензия алынғанға дейiн лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың заңды екенiн растайтын құжат болып табылады.
       Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      44-бап. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы
               үшін төленетін лицензиялық алым

      Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресімделген) кезде алынады.


      Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленеді.
      Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
       Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде осы Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда лицензиялық алым алынбайды.
        Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.16 N 200-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
               беруден бас тарту

      1. Егер:


       1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
       2) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
       3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
       4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
       4-1) өтініш берушіге лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмесе;
       5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
       6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.
       Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілей алады.
       1-1. Осы баптың 1-тармағының күші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
       2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге дәлелді жауап қайтарады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
               беруден бас тартуға шағымдану

      Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.

6-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ ҚАЙТА
РЕСІМДЕУ, ОНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ
ТОҚТАТА ТҰРУ

      47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның


                телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру, сондай-ақ
                электрондық форматқа аудару
 
      1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
       Егер лицензия қағаз жеткізгіште берілген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтініш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы.
       Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.
       Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
       Лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың телнұсқалары осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді.
       2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
       1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;
       2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
       3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;
       4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
       Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растай отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет