Қазақстан республикасының 2015 – 2019 жылдарға арналғАН


– 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаты мен басымдылықтары



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#125368
1   2   3   4   5   6

3. 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаты мен басымдылықтары


Қазақстан Республикасының 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаты Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық сипаттағы шараларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы дамуының жаңа бағыттарын іске асыруды жалғастыру, табыстың тұрақты өсу қарқыны есебінен, өндіріске салынатын инвестициялар және адами капиталдың экономиканың тиімді және сапалы өсуін қамтамасыз ету.

Елдің экономикалық әл-ауқаты адами капитал, денсаулық, әлеуметтік икемделу, инклюзивтілік, тіршілік ортасының қауіпсіздігі мен өнімді және тұрақты экономикасы бар мемлекеттік басқарудың тиімділігі деңгейімен айқындалуы тиіс.

Көрсетілген мақсатқа жеткізуге және елдің экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясат ықпал ететін болады.

Орта мерзімді кезеңге айқындалған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдылықтары:

1) макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау;

2) экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

3) қоғамды әлеуметтік жаңғырту;

4) өңірлік даму және урбанизация процесін басқару;

5) мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі қалыптастыру;

6) халықаралық интеграция.



Макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау

Макроэкономикалық тұрақтылық Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру және инфляцияны экономикалық өсу үшін қолайлы деңгейге дейін ұстап тұру бойынша шаралар қабылдау есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банктің алдында тұрған міндеттерді тиімді шешу мақсатында орта мерзімді перспективада инфляцияны 3-4 %-ға дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешені әзірленеді. Аталған шаралар еліміздің макроэкономикалық дамуының қол жеткізілген оң нәтижелерін сақтау және экономиканың одан әрі тұрақты әрі үдемелі өсуін қамтамасыз ету үшін теңгерімді сипатта болады.

Бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және Ұлттық қорда одан әрі қаражат жинақтауға бағытталатын болады.



Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету

Инвестициялық белсенділікті, экономиканы одан әрі индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – АӨК) жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру, өңірлердегі іскери белсенділікті, салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру, елдің транзиттік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру есебінен экономикалық саясат орта мерзімді кезеңде экономиканың 6-7 % деңгейінде өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Ішкі сұраныстың өсуі және экспорт үшін сыртқы жағдайлардың жақсаруы Қазақстан экономикасы өсуінің негізгі факторлары болады. Экономикадағы ішкі сұранысты қолдау үшін экономиканың өсуіне және жұмыспен қамтуға неғұрлым мультипликативті әсер беретін мемлекеттік және салалық бағдарламаларды басымдылықпен қаржыландыру қамтамасыз етілетін болады.

Ел экономикасын одан әрі инновациялық индустрияландыру саясаты өңірлік ерекшелік ескеріле отырып, белгілі бір басым секторлардағы өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық дамудың екінші бес жылдығы шеңберінде іске асырылатын болады.

Елдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқарудың үздік стандарттары және қағидаттары кезең-кезеңмен енгізілетін болады.

Шағын бизнес үшін қолайлы ахуал жасау және нақты мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы

Әлеуметтік саясат денсаулық сақтау жүйесін дамыту, әлемдік деңгейдегі білім жүйесін құру және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету есебінен адами капиталды сапалы жаңарту және дамыту арқылы қоғамды одан әрі жаңғыртуға бағытталатын болады.

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласында зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі тәсілдер көрсетілетін Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленетін болады.

Әлеуметтік сала басымдықтарының бірі жұмысқа орналастыру және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін әлеуметтік қолайлы жағдай жасау болып анықталды.

Өңірлік даму және урбанизация процесін басқару

Өңірлік саясат экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымын қалыптастыруға, урбанизация және экономикалық өсудің аса маңызды нүктелері болып табылатын агломерацияларды дамыту процестерін ынталандыру мен реттеу арқылы халықтың тіршілік әрекеті үшін қолайлы жағдайлар жасауға, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елдімекендерді дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.

Инклюзивті әлеуметтік-экономикалық өсуді жеделдету мақсатында басқарылатын урбанизация саясатын жүргізу қажет.

Мемлекеттік басқару жүйесі одан әрі қалыптастыру

Әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру және жалпы азаматтардың, бизнес пен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыруға, артық өкілеттіктерден босатылған шағын үкімет құруға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған сапалық тұрғыдан жаңа модель құру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Мемлекеттік активтерді тиімді басқару және экономикадағы мемлекет пен жеке бизнестің рөлін айқын бөлуді қамтамасыз ету үшін Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданады және жекелеген мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жалғастырылады.

Халықаралық интеграция

Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің (бұдан әрі – БЭК) жұмыс істеуіне кедергі келтіретін алып қоюлар мен шектеулерді жою жұмысы одан әрі жалғасатын болады.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) кіруі бойынша келіссөз процесін аяқтау жоспарлануда.

Аталған келіссөздер барысында Үкімет Қазақстанның Кеден одағының шеңберінде қабылданған міндеттемелерін ескере отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін ұлттық экономиканы одан әрі дамыту үшін Қазақстанға барынша қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдайтын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет