Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі



жүктеу 74.6 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі74.6 Kb.


Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын

іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспарының Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасында орындалу барысы





Іс-шаралардың атауы

Іс-шаралардың орындалу барысы

1

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Басқарманың интернет – ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бекітілген іс-шаралар және құқықтық түсіндірулер бойынша арнайы тараулар ашылып, жұмыс істеуде

4

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайлар туралы, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану туралы, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг жүргізу

Жамбыл облысының мамандандырылған аудан аралық экономикалық сотына 2015 жылы 3 жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арыз берілді. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер «Айсамина» бойынша соттың шешімі шықты, ал жеке кәсіпкер «Несібелі» және жеке кәсіпкер «Жакупова» бойынша сот отырысы жүріп жатыр. Тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг жүргізілуде

7

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары көп жасалатын салаларды, мақсатты топтарды анықтап, мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы заңнама талаптарын оқытуды жүзеге асыру

Басқарма қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына және Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына құқықтық түсіндірулер жүзеге асырылуда. 2015 жылдың 3 наурызы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлының және «Нұр Отан» Партиясы Жамбыл облыстық филиалының жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі кеңестің жауапты хатшысы Кенжебаев Шора Шұғайұлының қатысуымен Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарына түсіндірулер мен құқықтық оқытулар жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқарма қызметкерлеріне слайдтар, бейне-роликтер көрсетіліп, басқарма қызметкерлері берген сұрақтарға жауаптар берілді және 2015 жылдың 29 қазаны күні Жамбыл облысы прокуратурасы 1 басқармасының прокуроры Алтаев Ұлан, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №267 Заңының талаптарын түсіндіру тақырыбында түсіндірулер берді

10

Сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзғаны үшін және жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жариялылықты қамтамасыз ету

Басқарма қызметшілерінің арасында сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылық және жемқорлық көріністері болмаған, болған жағдайда фактілер жариялылықпен қамтамасыз етіледі

19

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары барынша қамтамасыз етілуде, қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылық және жемқорлық көріністері болмаған



22

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

2015 жылдың ақпан, сәуір, мамыр, тамыз және қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы Жуалы ауданында халық алдында есептер беріп және құқықтық түсіндірулер жүргізілді.

23

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та орналастыру

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Арай» газетіне басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті орналастыру және жариялау

24

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың және жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау


Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының ағымдағы жылдың 1-ші қарашасына қаражаттардың игерілуі 100,0%, төлемдер бойынша жоспары 49 375 439,0 мың теңге болса, игерілуі 49 373 896,9 мың теңгені құрады. Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы бойынша бюджеттік қаражаттардың игерілуі тұрақты бақылауда тұр.

28

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспарды әзірлеу

Жоспарды әзірлеу ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құзіретіне жатады және министрліктің бұйрығымен бекітіледі. Қазіргі таңда 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспары (бұдан әрі-Жоспар) бекітілген. Аталған жоспарға облыс тарапынан «Алтын-Алмас» АҚ-ның ҚР СТ «Катодтық алтын» және ҚР СТ «Алтынды руда» техникалық шарттарын, «Талас Инвест Компани» ЖШС-нің ҚР СТ «Көгерткіш қышқылы», ҚР СТ «Аммоний сульфаты» техникалық шарттарын, ҚР СТ «Көгерткіш қышқылының құрамындағы органикалық қоспалардың жалпы үлесін анықтау», ҚР СТ «Натрий формиятын анықтау» стандарттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар беріліп, Жоспарға енгізілген.

29

Олардың ашықтығын арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектордың сатып алу тетігін, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен жетілдіру

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес, «Таразэнергоорталық» АҚ президентінің бұйрығымен мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруға материалдық- техникалық қамтамасыз ету тобы бекітілген, өткізілетін мемлекеттік сатып алуда Тапсырыс берушінің атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға ретінде -«Таразэнергоорталық» АҚ вице-президенті тағайындалған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық конкурсты ұйымдастырып өткізуге құрамы 5 адамнан тұратын конкурстық комиссия бекітілген. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы ақпараттар мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысымен мемлекеттік сатып алу веб-порталында көрсетіледі және орналастырылады. Берілген ақпаратпен қоса, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, негізгі және техникалық шарттары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жобасы орналастырылады. «Таразэнергоорталық» АҚ Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 маусымдағы № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын басшылыққа ала отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.



33

Коммуналдық сауда алаңдарын ұлғайту және коммуналдық

сауда алаңдарына мұқтаждарды

қамтамасыз ету


Халқты әлеуметтік–маңызы бар азық-түлік тауарлармен қамтамасыз ету мен азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласында коммуналдық базар және 10 сауда-сатық жасайтын павильондар ашылыды.

Үстіміздегі жылы коммуналдық базар көлемі 2400 шаршы метрге ұлғайтылды, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін коммуналдық базар тегін жалға беріліп, әлеуметтік–маңызы бар азық-түлік тауарлары мен басқадай өнімдерін сатып, шығарған шығындарын қайтаруға зор мүмкіндіктер жасалды. ҚР Үкіметі белгілеген бағаны өсірмеу мақсатында коммуналдық базарда мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда Тараз қаласында тағы да бір коммуналдық базарын ашу жөнінде және сату павильондарының аумағын ұлғайтуға жұмыстар жүргізілу үстінде. Сонымен қатар, демалыс күндері базар аумағында жәрменке өткізу туралы «Атакент» базарының әкімшілігімен келісім бар. Аудан орталықтары мен Тараз қаласында маусымдық жәрмеңкелер ұйымдастырылып, базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағалармен сатылуда. Өңіраралық тұрақтандыру қорын қалыптастыруға республикалық бюджеттен 612,0 млн. теңге және облыстық бюджеттен 80 млн. теңге бөлінді. 2015 жылдың 2 қарашасындағы ахуал бойынша есепте 214 996 мың теңгенің азық-түлігі бар, 110 286 мың теңгенің тауары қосымша түсетін болады.



39

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын Қаржыминінің интернет-ресурсында жариялау үшін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру бөлігінде ЭҚАБЖ-ны пысықтау

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізуді ҚР Қаржы министрлігі жүргізеді





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет