Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына мониторинг жасау жөніндегі жедел



жүктеу 164.46 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі164.46 Kb.


Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына мониторинг жасау жөніндегі жедел есеп
Есепті кезең               2015 жыл ішінде
Іске асыру кезеңі               1-ші кезең (2015-2017 жылдар)
Мемлекеттік орган

атауы: Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты


                                   (Іс-шаралар жоспарын іске асыруға жауапты орган атауы)
Жоспарды бекіткен құжат:     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.04.2015ж. № 234 қаулысы
Жоспардың іс-шараларын орындау

Р/с


Iс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзiмдерi

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат

1

2

4

5

6

7

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

Мемлекеттiк қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

5.

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қызметi туралы арнайы тараулардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету


Интернет-ресурстардағы тараулар


2015 – 2017 жылдардың 4-ші тоқсаны


талап етiлмейдi


Облыстың жергілікті мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тарауы жұмыс істейді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі бағдарламалық құжаттар орналастырылады.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) іске асыру мақсатында, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ВАК 2015 жылғы 9 желтоқсандағы хаттамалық ұсыныстарын орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпаратпен толықтыру бөлігінде Жоспарды орындауына талдау жасалды.

Талдау қорытындысы бойынша Тайынша ауданы әкімінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 573-ө өкімімен «Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманына қызметтік міндеттерін тиісті атқармағаны үшін ескерту жарияланды.

Айыртау ауданы әкімінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 271-ө өкімімен аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісіне қызметтік міндеттерін тиісті атқармағаны үшін ескерту жарияланды.



Тимирязев ауданы әкімдігінің жауапты адамдарына Жоспарды тиісті орындамағына үшін тәртіптік сипаттағы шара қабылдау құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысы мен маманның жұмыстан шығуына байланысты мүмкін емес.

Қоғамдық бақылау институтын енгiзу

28.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәлiметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тiзiмдерiне еркiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету


Ақпаратты интернет-ресурстарда орналастыру

2015 жылғы  4-ші тоқсан


талап етiлмейдi


Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімі аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстарында орналастырылады, онымен әрбір тілек білдіруші таныса алады. Сонымен қатар, Петропавл қаласының әкімдігінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың тізімі бірінші қабаттағы стендте орналастырылған.

Квазимемлекеттiк және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

32.

Далалық жұмыстарды жүргiзу үшiн облыстар бойынша ЖЖМ жеткiзудiң бiрыңғай операторын айқындау


бұйрық

жыл сайын

талап етiлмейдi


ҚР Энергетика министрлігі 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 11-9/02-149 хатпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жергілікті атқарушы органдар құзыретінің болмауына байланысты 32-тармақты бақылаудан алу туралы ұсыныс енгізді.

33.

Далалық жұмыстарды жүргiзу үшiн облыстар бойынша ЖЖМ көлемдерiн айқындау және бөлу

ЖЖМ жеткiзу және бөлу көлемiнің кестесi

жыл сайын

талап етiлмейдi


2015 жылдың далалық жұмыстарын жүргiзу үшiн Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 138 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, соның ішінде көктемгі дала жұмыстарын өткізуге – 65 мың тонна, күзгі дала жұмыстарына – 73 мың тонна. 1 гектарға деген отын шығыны нормативіне сәйкес аудандарға ЖЖМ операторлары мен босату нормасы туралы мәлімет жеткізілді. Операторлар бөлген отын көлеміне уақытында төлем жасалып, республиканың мұнайды қайта өңдейтін зауыттарынан облыстың мұнай базаларына бекітілген кестеге сәйкес түсірілді.

34.

Кондоминиум объектiсiне қызмет көрсететiн ұйымдардың халық қаражатын жұмсау тәртiбiн регламенттеу

бұйрық

2015 жылғы  2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 10-2-бабына сәйкес кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін ұстауға шығыстар сметасын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту мәселесі уәкілетті органның құзыретіне жатады.

Есепті кезеңде есептеу әдістемесінің болмауына байланысты аталған тармақты орындау мүмкін емес.




Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн қалыптастыру

52.

Жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi қоғамдық кеңестердiң жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша мәселелердi көздеу


жұмыс жоспарлары

тұрақты

талап етiлмейдi


«Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ.

2009 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанында Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Осыған ұқсас Кеңестер 13 аудан мен Петропавл қаласында жұмыс істейді.

Кеңес құрамына өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі кіреді. 2015 жылғы 11 маусым Кеңес отырысында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы» мәселе қаралды.

2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің 2 отырысын және қалалық және аудандық деңгейдегі кеңестердің 28 отырысын өткізу жоспарланды, онда жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі тыңдалатын болады.



«Солтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамына өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі кіреді. Кеңестің 2016 жылғы 4-ші тоқсанға арналған жұмыс жоспарына орыс православ шіркеуінің «О роли православного духовенства в формировании антикоррупционной культуры в обществе» тақырыбындағы ақпараты бар сөйлейтін сөзі енгізілген.



«Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ.

Басқарма Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамытуды қолдаудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады. Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Кеңес мүшелерінің 50% бизнес-қауымдастық өкілдері, бұл оның қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Кеңестің барлық отырыстарына өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі шақырылады.



53.

Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерiн енгiзе отырып, бiлiм беру мекемелерiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiктi қалыптастыру жөнiндегi жұмыс жоспарын бекiту


жұмыс жоспары, оқу бағдарламалары



жыл сайын 

талап етiлмейдi


2016 жылдың 5 қаңтары «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Солтүстік Қазақстан облысының білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылдарға арналған жұмыс жоспарын әзірлеп, бекітті.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту

57.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейiн бағалауды және рейтингтер берудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен тұрақты негiзде өзара iс-қимылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды қамтамасыз ету


ақпарат


тұрақты

талап етiлмейдi


Облыс аумағында сыбайлас жемқорлық деңгейiн бағалауды және рейтингтер берудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар жоқ.

2. Көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл

67.

Iс-шараларды жоспарлау мен iске асырудың барлық кезеңдерiнде бюджеттi қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершiлiкке тартудың және жауапкершiлiктiң аражiгiн ажыратудың тиiмдi тетiгiн құру мәселесiн пысықтау


ҰЭМ (жинақтау)


2015 жылғы
2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпараттың толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.

70.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi стандарттау жөнiндегi жоспарды әзiрлеу


бұйрық

2015 жылғы  2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


«Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық басқармасы» ММ.

Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында менеджмент жүйесіне техникалық регламенттер, стандарттар енгізудің және оларды іске асырудың 2015 - 2016 жылдарға арналған жоспары әзірленіп, бекітілді.



71.

Олардың ашықтығын арттыру мақсатында квазимемлекеттiк сектордың сатып алу тетiгiн, оның iшiнде тауарды немесе көрсетiлетiн қызметтi егжей-тегжейлi сипаттай отырып, тендердi ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндiрушi туралы ақпаратты жариялау жолымен жетiлдiру


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келiсiм бойынша, жинақтау)


2015 жылғы  2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 787 Қаулысымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінің негізінде жүзеге асырылады.

Тауарларды сатып алу «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қатаң сәйкестікте жүргізіледі.

Сауданың ашықтығын арттыру, соның ішінде тауарларды немесе қызметтерді егжей-тегжейлі сипаттай отыра, тендерді ұтып алған адам, баға туралы детальды ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау мақсатында сатып алулардың көбі мемлекеттік сатып алу веб-порталында электронды мемлекеттік сатып алу арқылы өткізіледі.


73.

Сауда базарларын заманауи форматқа кезең-кезеңмен көшiру жөнiндегi мәселенi пысықтау


ҰЭМ (жинақтау) Қаржыминiне ақпарат

2015 жылғы 2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


Өңірде сатып алушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа сауда-технологиялық жабдықпен жарақтандырылған мамандандырылған және әмбебап бағыттағы сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар қабылданып жатыр. Соңғы жылдары кәсіпкерлік субъектілерінің қарыз және дербес қаражаттары есебінен бірқатар ірі сауда үйлері мен орталықтары пайдалануға беріліп, жекелеген базарлар жаңартылды, жұмыс істеп тұрған базарлардың барлығының санитарлық-техникалық жай-күйі жақсартылды.

Мысалы, 2015 жылы «Алтын Арман» сауда базары реконструкцияланды, жалпы ауданы 14,8 мың шаршы метр «Семейный» сауда-ойын-сауық орталығы пайдалануға берілді, «Олжа» базарын жаңғырту аяқталып келеді, заманауи форматтағы сауда орталығын салумен «Көтерме сауда орталығы» базарын жаңғырту көзделіп отыр. Бүгінгі күні заманауи сауда инфрақұрылымын дамытуды жандандыруға жағдай жасау талап етіледі, оларды салу елеулі инвестициялық салымдар қажеттілігімен тежеліп тұр. Осыған орай, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне мынадай ұсыныстар жіберілді:

1. Сауда қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде:

«заманауи сауда форматы» деген ұғымды қарастырып, оны айқындау критерийлерін белгілеу;

барлық базарлардың «жабық» үлгіге міндетті түрде сәйкес келуін регламенттеу.

2. Заманауи форматтағы жабық сауда объектілерін ынталандыру мақсатында Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасын мемлекеттік қолдау шарасын көрсету ұсынылады (2014 жылғы 8 қазандағы № 25.6-10/2049, 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 25.6-10/2682 хат).



74.

Инвестициялық артықшылықтар берiлетiн экономикалық қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне iрi сауда объектiлерiнiң (дүкендердiң, сауда үйлерiнiң) құрылысын енгiзу мәселесiн пысықтау

ҰЭМ (жинақтау)


2015 жылғы 2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту, ішкі сауданы дамыту және халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ ҚР Ұлттық экономика министрлігіне мыналар жөнінде ұсыныс енгізді (2015 жылғы 5 қаңтардағы № 25.6-10/7 хат):

көтерме және бөлшек сауда саласын инвестициялық қызметтің басым бағыттарының тізіміне енгізу және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруды – заманауи форматтағы жаңа сауда объектілерін салуды жүзеге асыратын сауда қызметі субъектілеріне инвестициялық преференция ұсыну (көтерме қоймаларды қоса).



76.

Елдi мекендердегi сауданы ұйымдастыру және аудандастыру бөлiгiнде iшкi сауда қағидаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу


ҰЭМ (жинақтау), бұйрық

Қаржыминiне ақпарат




2015 жылғы 2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


«Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс енгізді (25.07.2014ж. № 25.6-10/1459 хат):

ішкі сауда қағидасына елді мекендерде сауданы ұйымдастыру және аудандастыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша;

Қағидада барлық форматтарды көрсететін сауда кәсіпорындарын сыныптауды қарастыру;

бөлшек сауда кәсіпорындарын орналастыруды жоспарлау жүйесін енгізу бойынша.



77.

Коммуналдық сауда алаңдарын ұлғайту және коммуналдық сауда алаңдарына мұқтаждарды қамтамасыз ету


ҰЭМ (жинақтау), Қаржыминiне ақпарат


2015 жылғы 2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


Есепті кезеңде өңір коммуналдық сауда алаңдарымен қамтамасыз етілді.

Жалпы ауданы 5770 шаршы метр 2 коммуналдық базар бар, оның ішінде 1 – 2015 жылы ашылған «Солтүстік» көтерме-бөлшек жеміс-көкөніс базары.



78.

Сауда объектiлерi әкiмшiлiктерiнiң мемлекеттiк кiрiстер органдарында дара кәсiпкерлер ретiнде тiркелмеген және/немесе ресми еңбек қатынастарын ресiмдемеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беруi бойынша бақылауды жетiлдiру мәселесiн пысықтау


ҰЭМ (жинақтау), Қаржыминiне ақпарат


2015 жылғы 2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


«Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс енгізді (2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 25.6-10/268 хат):

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сауда алаңдарының иелеріне салық органдарында тіркелусіз сауда жасап жатқандарды анықтау мәніне салық органдарына жалгерлер туралы мәлімет беру жөніндегі міндеттемені жүктеу бөлігінде өзгеріс енгізу мүмкіндігі туралы;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жоғарыда аталған тармақты орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік (айыппұл) қарастыру.


79.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда мал басын есепке алуды жетiлдiру мәселесiн пысықтау

ҰЭМ (жинақтау), Қаржыминiне ақпарат

2015 жылғы 2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру есепке алу жүйесінің міндетті талабы болып табылады және жеке номер мен ветеринарлық паспортты бере отыра, қажетті мәліметтерді көрсетеді.

Жеке үй шаруашылықтарындағы мал басын есепке алуды жетілдіру бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің компьютерлік дерекқоры бар, жеке үй шаруашылықтарындағы мал басын есепке алу жөніндегі апта сайынғы есеп жүргізіледі, жыл сайын жануарларды бірдейлендіру жүргізіліп, әрбір мал басына жеке номер беріледі. Жеке үй шаруашылықтарындағы мал басының болуы жөніндегі статистикалық есеп жылына екі рет (1 қаңтар, 1 шілде) аудандық статистика бөліміне электрондық және қағаз форматта ұсынылады.



80.

Кең ауқымды түсiндiру жұмыстарын жүргiзе отырып, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша жағдайлар жасау және ынталандыру шараларын жүргiзу жөнiндегi жұмысты жалғастыру


АШМ (жинақтау) Қаржыминiне ақпарат

2015 жылғы 2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


«Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ.

Ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономика үлесін қысқарту мақсатында ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықты ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы нысандандыру бойынша жағдай жасау және ол жөніндегі ынталандыру шараларын жасау жұмысы өткізіліп жатыр. Аталған мақсатта 2015 жылдың 11 желтоқсаны «Солтүстік Қазақстан облысы фермерлерінің одағы» ҚБ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, қаржы институттары және басқа да қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін түсіндіру жөнінде конференция өтті, ол шаруаларды қолдауға бөлініп жатқан қаражатты әлдеқайда ұтымды пайдалану үшін олардың бірігуіне ықпал ететін болады.



«Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ.

2015-2017 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасын әзірлеу аясында өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған халық бойынша жағдайды зерделеу мақсатында үй-үй араланып, үй кітаптарына зерттеу жасалды.

Нәтижесінде, облыс аудандарында 2015 жылдың 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша - 70 отбасы (50-100 ІҚМ басын ұстайды, 100-200 басқа ие – 21 отбасы, 200-500 ІҚМ басына ие - 2 отбасы).

2015 жылы өнімсіз жұмыспен қамтылғандар ішінде жеке кәсіпкер ретінде ресімделгендер бар (439 адам ІҚМ өсіру бойынша, 38 адам жылқы өсіру бойынша, 265 адам әр түрлі қызмет көрсетеді, соның ішінде көлік, тігін, шаштараз және т.б.)



83.

ЖҚШ-да мал басын лимиттейтiн нормалар мәселесiн пысықтау

АШМ (жинақтау) Қаржыминiне ақпарат


2015 жылғы 2-ші тоқсан


талап етiлмейдi


«Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ 26.05.2015ж. № 2505 хатпен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ЖҮШ-дағы мал басын 3 басқа дейін жеткізуді лимиттейтін норма белгілеуге қатысты ұсыныс енгізді.


84.

Билеттердi тiркеу және есепке алу үшiн «Жолсерiктiң мобильдi терминалы» бағдарламалық-аппараттық кешенiн дамыту және енгiзу


ИДМ (жинақтау), Қаржыминiне ақпарат

2015 жылғы 2-шітоқсан


талап етiлмейдi


2013 жылдың 16 сәуірінен бастап №151/15 «Алматы-Петропавл-Жетісу» т/ж бағытында жолаушыларды электронды билетпен отырғызуды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. ЖМТ (жолсеріктің мобильді терминалы) жоқ поездарда жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға шот-фактура алу үшін жүгінуге құқылы, оны жолаушы отырғызу талонының орнына іссапар бойынша есеп беру кезінде электронды билетпен қоса тапсырады. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық құрамда «ЖМТ» бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет