Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы



жүктеу 0.95 Mb.
бет1/5
Дата12.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Президентінің

2006 жылғы

№ Жарлығымен

 

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 



 

 

 



 

 

Қазақстан Республикасының

2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы


 

 

 



 

Астана- 2006

 

 



 

 

 



 

 "... деңгейі жоғары өмірдің басты шарты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.


Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.


... Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл бізден еліміздің барлық көлік инфрақұрылымын жеделдете дамытуды талап етеді.

Біз аумақтық дамумен қисынды байланысқан ұзақ мерзімді көлік стратегиясын қабылдауға тиіспіз. Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағыттарында континентальды және трансконтинентальды транзитті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы магистральдар желісін құруымыз қажет.

Еліміздің әуе кеңістігі арқылы транзиттік бағдарғылар желісін қалыптастыру жөніндегі жұмысты өрістету қажет. Тек еліміздің барлық қалаларын ғана емес, сонымен қатар дүниежүзінің ірі қалаларын да байланыстыруға мүмкіндік беретін қуатты көлік тораптарын – қазіргі заманғы “хабтар” жасауға айырықша басымдық беріледі."

 

 



Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаев

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Мазмұны

 


 

СТРАТЕГИЯНЫҢ ПАСПОРТЫ......................................................................................................5


 

КІРІСПЕ.................................................................................................................................8

 

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ.......10



2. МАҚСАТ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР МЕН ҚАҒИДАТТАР.....................................17

3. СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ............................................................................18



3.1. КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ.....................................19

3.2. КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ................................20

3.3. КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ..............................................................................21

3.4. КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ӨҢІРЛІК ДАМЫТУ...................................................................................22

3.5. КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ................................................. ............. ..............23

3.6. ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ..........................................24

3.7. КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ…..............................................................27

3.8. КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ КАДР ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ....................................28

 

4. КӨЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНДЕ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.........29



4.1. ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕ........................................................................................29

4.1.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.........................................29

4.1.2. Көлік қызметі нарығын дамыту.......................................................................30

4.1.3 Транзиттік әлеуетті іске асыру........................................................................31

4.1.4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру ....................................32

4.2. АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНДЕ....................................................................................33

4.2.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.........................................33

4.2.2 Автокөлік қызметі нарығын дамыту........................................…….....................35

4.2.3. Транзиттік әлеуетті пайдалану.................................35

4.2.4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру............…..….................36

4.3. ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІНДЕ....................................................................37

4.3.1. Дамытуды жоспарлау….................................................................................37

4.3.2. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру…………….........................37

4.3.3. Инвестициялық және қаржылық саясат...........................................................38

4.4. ӘУЕ КӨЛІГІНДЕ....................................................................................................39

4.4.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту..........................................39

4.4.2. Ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік ................... .........................40

4.4.3. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және сертификаттау.............................41

4.4.4 Әуе тасымалдары нарығын дамыту және реттеу................................................41

4.4.5. Аэронавигациялық кешенді дамыту..................................................................41

4.4.6. Транзиттік әлеуетті пайдалану........................................................................42

4.4.7. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру.....................................42

4.5. СУ КӨЛІГІНДЕ................................................................…...................................43

4.5.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту...........................................43

4.5.2. Транзиттік әлеуетті пайдалану..........................................................................44

4.5.3. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру....................................45

5. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТЕТІКТЕРІ...............................45



5.1. I - КЕЗЕҢ: 2006-2010 ЖЫЛДАР.....................................................................…….......46

5.1.1. Темір жол көлігі саласында....................................................................................46

5.1.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында...........................................47

5.1.3. Әуе көлігі саласында.............................................................................................49

            5.1.4. Ішкі су көлігі саласында........................................................................................50



5.1.5. Теңіз көлігі саласында ...........................................................................................50

5.2. II – КЕЗЕҢ: 2011-2015 ЖЫЛДАР.......................................................................................51



5.2.1. Темір жол көлігі саласында ......................................................................................52

5.2.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында...........................................52

            5.2.3. Әуе көлігі саласында...........................................................................................53



5.2.4.     Ішкі су көлігі саласында.......................................................................................55

5.2.5.  Теңіз көлігі саласында................55

5.3. ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ...................................... ........................................................55

6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ. ....... ....... ....... ...................................................................56

 

6.1. НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР....................................................................................................56



6.2. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ .........................…….............................................................57

7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР...................................................................................................57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СТРАТЕГИЯНЫҢ ПАСПОРТЫ

 

 


Атауы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы

 


Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының 2005 жылғы 21 қарашадағы № 01-7.8 хаттамасына сәйкес әзірленді

Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

 


Мақсаты

Экономика мен халықтың көлік қызметіндегі қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникация кешенін озыңқы дамыту



Стратегиялық міндеттер мен қағидаттар

Қазақстанның көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуі;

сыртпен кіріктірілген бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру;

қазіргі заманғы перспективалы ұлттық көлік инфрақұрылымын құру;

транзиттік әлеуетті дамыту және тиімді пайдалану;

көлік процестерінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу және ішкі, транзиттік және экспорттық-импорттық қатынаста түпкі өнім құнындағы көлік құрамдасын төмендету;

ұлттық көлік заңнамасын өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде халықаралық құқық нормаларының, стандарттарының талаптарымен үйлесімді ету;

бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайту және өңіраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ көліктік қол жетімділікті экономикалық даму мен әлеуметтік тұрлаулылыққа кепілдік беретін деңгейде қамтамасыз ету;

инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктегі оқиғалардың санын және ауыртпалығын төмендету;

экологиялық қауіпсіздікті және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру

 


Іске асыру мерзімі

2006-2015 жылдар

1 кезең – 2006-2010 жылдар

2 кезең – 2011-2015 жылдар

 


Қажетті ресурстар

және қаржыландыру көздері



Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері көліктің әрбір түрі бойынша салалық бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту кезінде айқындалатын болады



Күтілетін

нәтижелер



Көлік жүйесін жұмыс істеудің сапалық жаңа деңгейіне көшіру жүзеге асырылатын, оңтайлы көлік жүйесі қалыптастырылатын болады.

Қазақстанның көлік кешені әлемдік көлік жүйесіне үйлесімді кірігетін болады.

Қолайлы инвестициялық ахуал жасау арқылы көлік кешенінің барлық ұзақ мерзімді активтері жаңартылады, еңбекті ұйымдастыру мен өндірістік процестің прогрессивтік технологиялары енгізіледі, отандық салалық өндірістер құрылады.

Көліктің барлық түрі өзара үйлесімді жұмыс істейтін болады. Интермодальдық тасымалдардың көліктік-логистикалық орталықтар жүйесі жасалады.

Көлік жүйесінің тиімділігін арттыру оны қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілетті элементіне айналдыруға мүмкіндік береді.

Экономика мен халықтың қажеттіліктерін сенімді де қауіпсіз көлік қызметтерімен қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Көліктің техногенді және экологиялық қауіпі төмендейді. Қоршаған ортаны ластаудағы көліктің үлесі 2,5 есе төмендейді.

 


 

Көліктегі технологиялық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жетілдірілетін болады, бұл Қазақстан Республикасы экономикасының тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ететін болады.

Отандық жүк тасымалдаушылар мен елдің көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігі артады.

Көлік жүйесінде және көлік саласымен аралас салаларда қосымша жұмыс орындары құрылатын болады.

Түпкі өнім мен қызметтер құнындағы көлік құрамдасы 6,9 %-ға төмендейді, отандық экспорттың бәсекеге қабілеттілігі артады. ІЖӨ-дегі көліктің үлесі (жеке автомобильдерді қоспағанда) 7,9 %-ды құрайды (2005 жылы – 11 %). Индустрияық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды және аумақтық даму перспективаларын ескере отырып, экономиканың жүк қажеттілігін 5 тонна – километр/ доллар ІЖӨ-ге дейін төмендету жоспарлануда.

Жолаушы (1,5 есе) және жүк (2 есе) айналымының елеулі өсуі қамтамасыз етілетін болады.

Республиканың елді мекендерінің (1,1 мың бірліктен астам) тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етілуі артады.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттің көлемі:

9, 364 млн. тонна жүктен (2005 жылы) 32,2 млн. тонна жүкке дейін;

84,7 млн. ұшақ-километрден (2005 жылы) 190,0 млн. ұшақ-километрге дейін,

сондай-ақ транзиттік қозғалыстан кіріс 3 есе – 46,3 млрд. теңгеден (2005 жылы) 136,3 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.

Стратегияны іске асыру Қазақстан экономикасын дамытуда жалпы оң әлеуметтік-экономикалық нәтижеге ие болады және Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы және Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы секілді бағдарламалық құжаттарды іске асыруға айтарлықтай жәрдемдесетін болады

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет