Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы



жүктеу 0.95 Mb.
бет4/5
Дата12.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
1   2   3   4   5

4.2.2. Автокөлік қызметтері нарығын дамыту


 

Автокөлік қызметтері нарығын дамытудың бірінші кезектегі міндеттері:

елдің өңірлерін кеңістікте дамытудың перспективалы схемаларына сәйкес және халықтың орналасу тығыздығын ескере отырып, ауылдық елді мекендерді қоғамдық жолаушы көлігінің тұрақты тасымалдарымен қамтамасыз ету;

жолаушылар мен жүктер тасымалдарының жаңа озық технологияларын енгізу, жолаушы тасымалдарының қолайлылығын арттыру және оларды жүзеге асыруға қойылатын нормативтік-техникалық талаптарды қатайту есебінен ұсынылатын көлік қызметтерінің сапасын арттыру болып табылады.

Халықаралық тасымалдарды дамыту саласындағы негізгі міндеттер:

автомобиль көлігі саласында екіжақты халықаралық шарттар жасасу;

халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру;

автомобиль көлігі туралы ұлттық заңнаманы халықаралық нормаларға кезең-кезеңімен жақындату және үйлестіру;

қисынды жәрдемдесу саясатын жүргізу жолымен халықаралық көлік қызметі нарығында қазақстандық көлік операторларының шеп-тұғырын дамыту мен нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін жағдайлар жасау;

қосымша қызметтерді дамыту және олардың сапасын арттыру үшін автовокзалдар қауымдастығын құру;

пайдаланушылар үшін халықаралық автобус рейстеріне билеттерді қашықтан резервтеу мен сатып алу мүмкіндігі бар ұлттық ақпараттық жүйе жасау болып табылады.

 

4.2.3. Транзиттік әлеуетті пайдалану


 

Қазақстан аумағы бойынша автомобиль тасымалдарының транзиттік әлеуетін анықтайтын негізгі сыртқы факторлардың қатарына трансконтиненталдық автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуын, сондай-ақ автомобиль қатынасы саласындағы халықаралық қатынастарды жетілдіруді жатқызған жөн.

Сонымен бірге сыртқы факторлардың Қазақстан үшін оң бағытқа қарай өзгеруіне ықпал ету мүмкіндігі аумағынан транзиттік бағыттар өтетін мемлекеттермен екіжақты және көпжақты қатынастарды дамытумен шектеледі.

Ішкі факторлар нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, рұқсат беру жүйесі және кедендік әрі көліктік бақылау жүйелерінің тиімділігі, сондай-ақ автомобильдік транзиттік дәліздердің жай-күйі болып табылады.

Транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша негізгі міндеттер:

ТМД және алыс шетелдермен екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі дамытудан;

автомобиль қатынасы туралы ұлттық заңнаманы халықаралық нормалармен үйлестіруден;

бағыттар бөлінісінде және халықаралық дәліздерді ескере отырып барлық транзиттік жолаушы және жүк ағындарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жасаудан;

кеден және көлік бақылауынан өткізу рәсімдерін жеңілдету мен уақытын қысқартудан тұрады.

Пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасай және жолдағы аялдамаларға қарай қызметтердің стандартты жиынтығын (моншалар, қонақүйлер, дүкендер, ресторандар және т.с.с.) көрсете отырып, шекара бекеттерінің инфрақұрылымын жаңарту және оны қазіргі заман талаптарының деңгейіне дейін жеткізу қажет.

Пекин –Үрімші – Бақты – Астана – Мәскеу – Рига – Вильнюс – Варшава – Берлин – Брюссель бағыттары бойынша жүк тасымалдау жөніндегі «NELTI» жобасын «Көлік–логистика қызметтері» кластері шеңберінде іске асыру перспективалы болып табылады. Жоба транзиттік жүк ағынының көлемін Қазақстанның ішкі халықаралық автокөлік дәлізі бойынша жылына 5,2 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға бағытталған.

 

4.2.4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру

 

Автомобиль көлігі саласында инновациялық дамудың және қазіргі заманғы технологияларды қолданудың маңызды бағыты көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады, оған мыналар жатады:



экспедиторлар мен тасымалдаушылар қауымдастығын, операторлар және олар көрсететін қызметтер бойынша дерекқорлар құру және дамытуды ынталандыру;

автожолдардың, қалаларды басып өту және айналып өту бағыттары мен жай-күйі, жол бойындағы инфрақұрылымдар объектілерінің орналасқан жері туралы бірыңғай ақпараттық дерекқор құру;

жүктің тұрған жері мен оның жай-күйі туралы ақпаратты жедел алу мүмкіндігі бар, жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарының спутниктік навигация жүйесін енгізу.

Спутниктік навигация жүйесін коммерциялық пайдаланудан басқа оның функционалдық ерекшеліктері бақылаушы органдарға автокөлік құралдарын оны республика аумағында тоқтаусыз, жүктерді автомобильмен тасымалдауды орындау кезінде операторлардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру үшін пайдалануға мүмкіндік беруге тиіс.

Көліктің қоршаған ортаға келеңсіз әсерін шектеу мен реттеу мақсатында көлік құралдарының экологиялық параметрлерін бақылауды жүзеге асыру үшін экологиялық органдарды қазіргі заманғы жабдықпен және технологиялармен жарақтандыруды талап етеді.

Автомобиль көлігі саласының кадр әлеуетін қалыптастыруда кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру қажет.

 

4.3. Қалалық жолаушылар көлігінде



 

Қазақстан қалаларының қарқынды дамуы мен елдің қалаға көшуінің одан әрі орныққан үрдісін ескере отырып, қалалық жолаушылар көлігін дамыту жергілікті атқарушы органдар қызметінің басымдықтарының бірі болуға тиіс.

 

 

4.3.1. Дамытуды жоспарлау



 

Қазақстанның барлық ірі қалалары үшін қалаларды дамытудың жоспарлары шеңберінде қалалық жолаушылар көлігін дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары әзірленуге тиіс.

Мұндай жоспарлар:

қалаларды және қала маңындағы аймақтарды дамыту мен салу жоспарларына негізделген, қалалық жолаушылар көлігі қызметтеріне халықтың, оның ішінде мүгедектердің сұранысын болжау және қажеттіліктерді барынша қанағаттандыруды;

негізгі инвестициялық жобаларды, оларды іске асыру құнын, сондай-ақ басым инвестициялық бағдарламаларды түзуді;

қаладағы қозғалысты басқару схемасын, қоғамдық көлік қозғалысы үшін басымдықтың белгіленуін, сондай-ақ жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау жөніндегі қызметтерге сұранысты реттеу тетіктерін;

қалалық және қала маңындағы жолаушылар көлігінің бағыттық желісін оңтайлы дамыту схемасын;

қалалық жолаушылар көлігі қозғалысының қауіпсіздігін арттыру бағдарламасын;

қалалық жолаушылар көлігінің қоршаған ортаға келеңсіз экологиялық әсерін азайту саласындағы жобаларды көздеуге тиіс.

 

4.3.2. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру



 

Қалалық жолаушылар көлігі қозғалысын диспетчерлік сүйемелдеу және басқару жүйесін жаңарту қажет. Мұндай жүйелер процестерді нақты уақыт режимінде басқару мүмкіндігін көздеуге, техникалық-экономикалық сипаттамалар мониторингін және бағыттық жоспарлау функцияларын іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрлерінде смарт-карт технологиясы пайдаланыла отырып, электрондық билет берудің бірыңғай жүйесі енгізілуге тиіс. Мұндай жүйе көлік операторларының кірістері мен салықтық есептілігінің ашықтығын арттыруға да ықпал ететін болады.

Тұрғындар мен жолаушылардың бағыттар дерекқорына, кестелерге, қызметтерге және басқа да қажетті ақпаратқа еркін қолжетімділігін, сондай-ақ қашықтықтан бронь беру мен билеттерді сату мүмкіндігін көздейтін қоғамдық көлік қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу және енгізу аяқталуға тиіс. Көліктің басқа түрлерінің ұқсас жүйелерімен оның үйлестірілуін және кірігіуін қамтамасыз ету қажет.

Жолаушы тасымалдарын ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологияларын қолдануда, сондай-ақ Қазақстан қалаларында көлік қозғалысын реттеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруда халықаралық тәжірибе жинау мен талдауды қамтамасыз ету үшін Қалалық жолаушылар көлігінің қазіргі заманғы технологиялар орталығын құру қажет.

Қалалық жолаушылар көлігін дамыту басымдықтарының бірі қалаларда көлік тасқынының күтіліп отырған өсуі мен жеке меншік автомобильдерді пайдалану қарқынын ескере отырып, қалалардағы көлік қозғалысын реттеу жүйесін жедел әзірлеу және іске асыру болады. Мұндай жүйенің басты бағыттары:

қалалық қозғалысты реттеу орталықтарын құру мен жарақтандыруды;

бейімделген реттеу технологияларын қолдана отырып қозғалысты автоматты реттеу жүйесін (бағдаршамдарды) жаңғыртуды;

көлік қызметтері нарығында ашық та әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуді;

реттеу схемаларында қалалық жолаушы көлігінің басым қозғалысы үлгілерін іске асыруды;

жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу, нөмір белгілерін тану және қалаларда әрі қала маңындағы аймақтарда құқық қолдану автоматтандырылған жүйелерін қоса алғанда, көше қозғалысын көзбен қашықтықтан шолу мониторингінің технологияларын енгізуді қамтиды.

Трамвай, троллейбус, бөлінген автобус желілері, монорельсті көлік және метро сияқты қалалық жолаушылар көлігінің баламалы түрлерін дамыту қажет.

Қалалық жолаушылар көлігі қызметкерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін арттыру маңызды болып табылады.

 

4.3.3. Инвестициялық және қаржылық саясат



 

Қалалық жолаушылар көлігі паркін жаңарту операторлардың күшімен жүзеге асырылатын болады. Автостанциялар мен автовокзалдардың дамуын қаржыландыруды, мұндай даму мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жекеше құрылымдар жүзеге асыруға тиіс. Осындай жағдайларда қаржыландыру мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде болуы мүмкін.

Троллейбус пен трамвай парктерін және олардың инфрақұрылымын қалпына келтіру қалалардың тиісті бюджеттері шеңберінде мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерін әзірлеу мен қолдану арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Кез келген инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеу мен іске асыру қалалық жолаушылар көлігін дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай жобалар қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрлерін дамыту бағдарламаларымен және қала құрылысының перспективалық жоспарларымен толық ұштасуға тиіс. Қалалық жолаушылар көлігінің балама түрлерін дамыту жөніндегі ресурстарды қажетсінетін жобалар (бөлінген автобус желілерін, метроны, монорельсті көлік және басқаларын) техникалық-экономикалық бағалануға және қымбат тұрмайтын баламаларымен салыстырмалы талдануға тиіс.

 

4.4. Әуе көлігінде

4.4.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

 

Азаматтық авиация саласындағы инфрақұрылымдық саясат:



әуеайлақтар мен әуежайлар кешендерінің құрылысын, қайта жаңартуды және күрделі жөндеуді қоса алғанда, әуежай кешендерін техникалық-пайдалану жай-күйінің ИКАО-ның халықаралық талаптарына кезең-кезеңмен сәйкес келтіруді;

топырақты ұшу-қону жолақтарын және әуеайлақ алаңдарын салуды, қалпына келтіруді және оларды жеңіл әуе кемелері мен тікұшақтарды жыл бойы қабылдау-жөнелту үшін ұстауды қоса алғанда, балама көлік қатынасы жоқ орталықтан алыс аумақтарға қызмет көрсету үшін жергілікті әуеайлақтар желісін құруды;

қарқынды дамыту саясатын сақтауды және өңірлік авиакомпаниялар құру жөніндегі іс-шараларды қаржымен қамтамасыз етуді;

авиапаркті кеңейту, ішкі авиақатынастар нарығын және Астана, Алматы және Атырау қалаларында тораптық ірі әуежайларды дамытуды;

облысаралық және ауылдармен қатынаста шектеусіз барлық бағыттарға қызмет көрсету үшін перспективада кеңейтуді қоса алғанда, халықаралық (транзиттік) және ішкі әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін халықаралық талаптарға радионавигациялық кешенді сандық және сапалық сәйкестікке келтіруді көздейді.

Басымдық ретінде мынадай әуежайлардың әуеайлақтық инфрақұрылымын қайта жаңарту мен жаңарту жүргізілетін болады:

2006-2010 жылдары: Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Шымкент. Келешекте, туризмді дамыту үшін жергілікті тарихи және мәдени маңызы бар (Түркістан), сондай-ақ санаторий-шипажай инфрақұрылымы (Алакөл, Балқаш, Баянауыл, Бурабай) бар орындармен облыс орталықтарының арасында әуе қатынасын ұйымдастыру көзделуде.

2011-2015 жылдары: Балқаш, Қарағанды Көкшетау, Орал, Петропавл, Семей, Талдықорған және Тараз.

Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты экономикалық орындылығын ескере отырып, тораптық ірі әуежайлардың өткізу қабілетін ұлғайту, бірінші кезекте Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы әуежай кешендерін кеңейту жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады.

Авиациялық тасымалдарға деген өзгермелі сұраныс жағдайында әуе кемелері паркі операциялық және қаржы лизингі негізінде жаңартылатын болады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын одан әрі игеру мақсатында 2006-2015 жылдарда мақсат бойынша қолданылатын түрлі типтегі тікұшақтар сатып алу жоспарлануда.

Республиканың туристік объектілері мен ұлттық мәдени-тарихи орындарына қолжетімділікті арттыру үшін тікұшақтар мен ұшақтардың тиісті типтерін, соның ішінде су бетіне қонатын гидроұшақтарды сатып алу жоспарлануда.

 

4.4.2. Ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік

 

Әуе көлігінде ұшулардың қауіпсіздігі деңгейін арттыру және авария болатын әрі жазатайым оқиғаларды азайту азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары болуға тиіс.



Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік қызметтің басым бағыттары:

уәкілетті органдар тарапынан тұрақты бақылау арқылы ИКАО ережелерін уақтылы енгізуді қамтамасыз ету;

ұшуларды қамтамасыз ету саласында тәуекелдің қазіргі бар факторларын анықтау мен бақылап отыру;

туындаған тәуекелдерді жою жөнінде пәрменді әрі барабар шараларды ғаламдық ауқымда әзірлеу мен енгізу;

барлық тарауларды қамтитын, ұшулар қауіпсіздігін басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру болады.

Әуе кемелерінің паркін толық жаңарту және ескірген әуе кемелерін пайдаланудан шығару есебінен олардың техникалық жай-күйіне байланысты авиациялық және жазатайым оқиғалар санын азайту қамтамасыз етілуге тиіс.

Ұшулардың қауіпсіздігіне әуе кемелерін пайдаланушылар мен авиациялық қызметкерлерге уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттық және лицензиялық талаптарды қатайту да едәуір дәрежеде әсер ететін болады.

Әлемдік қоғамдастықта террорлық қатердің артуына және азаматтық авиацияның заңсыз араласу актілеріне осалдығына байланысты авиациялық қауіпсіздікті арттыру саласындағы уәкілетті орган қызметінің басым бағыттары:

көліктегі уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан қауіпсіздік мәселелерін бақылау мен үйлестіруді күшейтуді;

тексеріп-қараудың сапасын арттыру және әуе кемелерінің борты мен азаматтық авиация объектілеріне тыйым салынған заттар санаттарының түсуін болдырмау үшін жолаушылар мен қол жүгін тексеріп-қарау пункттерін жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыруды;

тексеріп-қарауды жүзеге асырушы адамдардың, сондай-ақ экипаж мүшелері мен авиациялық қызметтердің жекелеген мамандарының азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз араласу актілеріне қарсы әрекет-әдістерге арнайы оқытуды;

Қазақстан Республикасында ұшу қауіпсіздігін метеорологиялық қамтамасыз ету саласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) халықаралық стандарттарына өтуді қамтиды.

4.4.3. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және

сертификаттау

 

Азаматтық авиацияның қолданыстағы нормативтік құқықтық базасы, атап айтқанда, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік-техникалық актілер, алғашқы кезеңде ИКАО халықаралық стандарттарына және қажеттілігіне қарай JАR талаптарына да сәйкес келтірілуге тиіс.



Кеңестік өндірістің әуе кемелері санының көптігіне байланысты мұндай көшу азаматтық авиацияның түрлі субъектілері қызметін қамтитын әзірленген бағдарлама бойынша стандарттардың қолданыстағы жүйесінің сақталуы жағдайларында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуға тиіс.

 

4.4.4. Әуе тасымалдарының нарығын дамыту және реттеу



 

Авиация нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік саясат сапалы авиациялық қызметтерге халық сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қабілетті қазақстандық бәсекеге қабілетті авиакомпанияларды қалыптастыруға бағытталатын болады. Біртұтас саясатты, оның ішінде нормативтік-техникалық саясатты іске асыру арқылы авиатасымалдар нарығындағы бәсекелестікті дамыту және жекелеген тасымалдаушылардың мүдделеріне қолдау көрсетуге жол бермеу қамтамасыз етіледі.

Азаматтық авиацияның нарық жағдайларында перспективалы дамуын назарға ала отырып, оның шығынсыз деңгейге жетуіне қарай барлық бағыттарда жолаушылардың авиатасымалдарын субсидиялау кезең-кезеңімен қысқартылатын болады.

Тұрақты емес авиатасымалдарды, чартерлік рейстерді тиімдірек пайдалану керек.

 

4.4.5. Аэронавигациялық кешенді дамыту



 

Қазақстан Республикасында аэронавигациялық жүйені дамытудың басты мақсаты елдің аэронавигациялық кешенін ғарышта орналасатын спутниктік навигация элементтерін пайдалануды көздейтін (CNS/АТМ) ИКАО әуе қозғалысын ұйымдастыру мүддесінде байланыстың, навигацияның, бақылаудың перспективалы жүйесін енгізуге дайындау болып табылады. Өз кезегінде бұл Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесінің кіші жүйелерін болашақ CNS/АТМ жүйесінің түптұрпаты және оны енгізу үшін негіз болып табылатын бірыңғай кешенге біріктіруді талап етеді.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасында CNS/ATM тұжырымдамасын енгізу тетігін әзірлеу және ұлттық аэронавигациялық жүйелердің бірыңғай техникалық сәулетін әзірлеу жөнінде шектес елдермен ынтымақтастықты жандандыру талап етіледі.

Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін қазіргі заманғы кешендермен жарақтандыруды ескере отырып, неғұрлым озық және перспективалы технологияларды енгізу тәжірибесі негізінде аэронавигациялық инфрақұрылымды оңтайландыруды жалғастыру қажет.

 

4.4.6. Транзиттік әлеуетті пайдалану



 

Көлік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын авиакөлік инфрақұрылымының транзиттік әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру көлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігін білдіреді.

Авиакөлік инфрақұрылымының транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту міндеттері:

аэронавигация саласындағы транзиттік саясатты көрші мемлекеттермен келісу деңгейін арттыру;

қазіргі заманғы әуе кемелерін пайдалану және Қазақстанның тораптық әуежайлары арқылы Еуропа және Азия елдерімен бағыттарды қолайлы түйістіруді ұйымдастыру негізінде Азия-Еуропа-Азия бағытында авиатасымалдардың транзиттік әлеуетін іске асыру;

әуежай инфрақұрылымын жаңғырту және ауыр әуе кемелерін қабылдау бойынша мүмкіндікті кеңейтуді қоса алғанда, ірі әуежайларда қызмет көрсету;

Қазақстанның транзиттік әлеуетінің пайдаланылу тиімділігін арттыруға ықпал ететін халықаралық өңірлік жобаларды қолдау;

аэронавигациялық қызмет көрсету технологияларын жетілдіруді қоса алғанда, аэронавигация жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкес келуі;

транзиттік рейстерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Қазақстан әуежайларының инфрақұрылымын дамыту: ірі тораптық әуежайлар метеоминимум бойынша ИКАО-ның екінші және үшінші санаттағы әуе кемелерін, ал қалған халықаралық мәртебесі бар әуежайларға – ИКАО-ның бірінші санаты бойынша қабылдауға рұқсат етілуге тиіс.

 

4.4.7. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру

 

Әуе көлігінде қазіргі заманғы технологияларды дамыту мен қолдану негізінен әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету, сондай-ақ жүктерді қабылдау мен өңдеу әрі әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету саласында жүргізілетін болады.



Қысқа мерзімді перспективада әуе қозғалысын басқарудың басты және өңірлік орталықтарын құра отырып, әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ӘҚБАЖ) дамыту аяқталуға тиіс.

Аэронавигациялық кешеннің мамандарын даярлауға деген өскелең талаптарды қанағаттандыру үшін мыналарды көздейтін бағдарламалық шаралар әзірленуге тиіс:

қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды және тренажерлерді пайдалана отырып, қазіргі диспетчерлік құрамның біліктілігін арттыру;

Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің аэронавигациялық қызметінің диспетчерлік және инженер-техник құрамын даярлау үшін халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған, біліктілікті арттырудың өңірлік орталығын Қазақстан қалаларының бірінде құру;

шетелде шығарылған жабдықтар мен техникаларды пайдалануда жұмыс істейтін диспетчер және инженер-техник қызметкерлерді ағылшын тіліне жеделдете оқыту.

Авиация техникасын батыста шығарылған әуе кемелері паркімен кеңейту мен жаңарту мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:

азаматтық авиацияның оқу орындары базасында батыста шығарылған әуе кемелерін ұшу және техникалық пайдалану саласындағы инженер-техник және ұшқыштар құрамын бастапқы даярлау мен қайта даярлау бағдарламасын әзірлеу;

авиация техникасының жаңа үлгілерін және олардың технологиялық процестерін игеруге қарай профессор-оқытушы құрамын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

ұшқыштар және инженер-техник құрамды бастапқы даярлаудың жаңа бағдарламалары бойынша оқу орындарын техникалық жарақтандыруға жағдайлар жасау.

 

4.5. Су көлігінде



 

4.5.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

 

Су көлігі саласындағы инфрақұрылымдық саясаттың басым бағыттары теңіз порттарын, теңіз сауда флотын дамыту және ішкі су жолдарын кеме жүзе алатындай жағдайда ұстауды қамтамасыз ету болып табылады, оған мыналар жатады:



Жайық-Каспий арнасын пайдалану сипаттамаларын қолдау үшін онда жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізу;

танкерлік, құрғақ жүк және көмекші кемелерді жасау және сатып алу арқылы ұлттық сауда флотын қалыптастыру;

мемлекеттік техникалық өзен флотының санын оңтайландыра және оның жай-күйін Қазақстанның ішкі су жолдарын ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті деңгейге дейін жеткізе отырып, жыл сайын жаңарту мен жаңғырту.

2006-2010 жылдары:

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстанның мұнайлы өңірлерін дамытудың басқа да бағдарламаларын іске асыруды ескере отырып, теңіз порттарының өндірістік және ауыстырып-тиеу қуаттарын жүктерді ауыстырып-тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететін деңгейге дейін кеңейту;

паромды және контейнерлік тасымалдарды қоса алғанда, сауда флотын қазіргі заманғы кемелермен одан әрі жарақтандыру және қызметтің жаңа түрлерін игеру;

өңірлік дамуды ескере отырып, келешекте порт арқылы өтетін жүк ағынына сәйкес келетін деңгейге дейін жеткізумен Ақтау сағалық портының өндірістік және ауыстырып-тиеу қуатын қайта жаңарту;

ішкі су жолдарындағы гидротехникалық құрылыстардың өткізу қабілетін және технологиялық параметрлерін өзен кемелерінің навигациясы барысында тәуекелдер мен кідірістер туындауын болдырмайтын деңгейге дейін жеткізе отырып, оларды қайта жаңарту және жаңғырту жоспарлануда.

2011-2015 жылдары Каспий теңізінің қазақстандық секторында, сондай-ақ Ертіс өзенінің алабында жұмыс істейтін кемелер санының көбеюін назарға ала отырып жаңа кеме жасау базалары салынатын және болжамды сұраныс ескеріле отырып, кеме жөндеу зауыттары жаңартылатын болады.

Ішкі су көлігін одан әрі дамыту мақсатында жолаушы және жүк тасымалдарының ұлғаятынын, оның ішінде трансшекаралық мемлекеттермен ұлғаятынын ескере отырып жаңа кеме қатынасы бағыттарын ашу жоспарлануда.

Сонымен бірге коммерциялық функциялар стивидорлық компанияларға берілетін, ал порт әкімшілігінде бақылау-реттеу функциялары қалатын порттарды басқарудың моделі әзірленетін және кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестігін жүзеге асыру кезінде оның ашық болуы және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келуі қажет. Ішінара мемлекеттік қаржыландыруды талап ететін жобалар мерзімі белгіленбеген жеке меншік шартында әзірленбейтін болады. Басқа компанияларға кемсітпеушілік негізінде инфрақұрылымға қол жеткізуді мүмкін болған кезде жеке меншік компанияларға ұзақ мерзімді концессия ұсынылатын болады.

Теңіз порттарының инфрақұрылымын қаржыландыру пайдаланушылардан алынатын алымдар есебінен шығындарды өтей отырып, коммерциялық негізде жүргізілуге тиіс.

 

4.5.2. Транзиттік әлеуетті пайдалану

 

Қазақстан арқылы өтетін судағы транзиттік бағыттардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін транзиттік әлеуеттің пайдаланылуына және мультимодальдық тасымалдарды дамытуға кедергі жасайтын табиғи және әкімшілік кедергілердің туындауын болдырмау жөнінде тиісті шаралар қабылдануы қажет.



Транзиттік бағыттағы тарифтер жүк ағынына қызмет етуге арналған шығындарды толық өтеу шартымен басқа бағыттардағы тарифтермен бесекеге қабілетті болуға тиіс.

Шекара бекеттеріндегі кеден және көшіп келу рәсімдері стандартты құжаттаманың жалпы көлемін қысқарту және қабылдау, деректерді электрондық өңдеу жүйесін енгізу және тәулік бойғы жұмыс кестесін жүргізу арқылы оңайлатылуға тиіс.

Ішкі су көлігінің перспективалы транзиттік бағыттары ретінде:

Ертіс өзенінде Қытай – Қазақстан – Ресей транзиттік бағытын ұйымдастыру;

Қазақстанның Каспий маңы өңірлерінің өзен көлігін Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транзиттік бағытының жұмысына қосу.

 

4.5.3. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру

 

Экономиканың өсуіне қарай су арқылы тасымалданатын тауарлардың орташа құны контейнерлеудің өсуіне және автомобиль паромдарын пайдалануға байланысты артатын болады. Шикізатты тереңдете қайта өңдеу экспорттық өнім бірлігінің құнын арттырады және порт қызметтері мен тасымалдау жөніндегі қызметтердің түрлерін кеңейту қажеттілігін туындатады.



Су көлігі мамандарын даярлау және қайта даярлауға арналған оқу орындары курстарды кеңейту мен жаңартуды талап етеді. Бұл секторда тиісті персоналдың жетіспеуіне қарай осы бағыттағы жұмыс Ресей теңіз училищелерімен, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындары құрған оқу орындарымен ынтымақтастықта жүргізілуге тиіс.

Қазақстанның Каспий өңірінде жүзу құрамы мен тиісті персонал үшін оқу орталығын құруға мүмкіндігінше барлық күш-жігерді жұмсаған жөн.

Жүзу құрамы, порт персоналы және теңіз құрал-жабдығын орнатумен және жөндеумен айналысатын персоналға арналған оқыту бағдарламасын кеңейту қажет. Осы бағдарлама шеңберінде су көлігін пайдалануға байланысты тәуекелдер және таңдаулы халықаралық практикаға негізделуге тиіс, денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережені сақтаудың маңыздылығы қаралуға тиіс.

 

5. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТЕТІКТЕРІ



 

Стратегияны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.

 

I кезең: 2006-2010 жылдар.



Сипаты: көлік секторына инвестицияларды тарту; мемлекет көлік кешеніне ресурстарды белсенді түрде салады; нормативтік құқықтық базаны дайындау; көлік салаларын реформалауды аяқтау және ынталандыратын ахуал жасау халықаралық стандарттарды енгізу және халықаралық көлік ортасына кірігу.

II кезең: 2011-2015 жылдар.

Сипаты: мемлекет көлік нарығының отандық субъектілерін белсенді қолдайды; субъектілердің көпшілігі мемлекеттік те, жекеменшік те, көлік нарығының дербес қатысушыларына айналады; Қазақстан Республикасы көлік кешені операторларының қызметі халықаралық стандарттарға сай келеді және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да кеңінен ұсынылады; экономика мен халық тарапынан көлік қызметіне сұраныстың өзгеруіне барабар ден қоюға қабілетті көлік жүйесін қалыптастыруды аяқтау және оны сапалы, қолжетімді және қауіпсіз көлікпен қанағаттандыру; транзиттік тасымалдар көлемінің қарқынды өсуі; көлік инфрақұрылымы қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келеді.

 

5.1. I кезең: 2006-2010 жылдар

 

Қазақстанның көлік саласындағы халықаралық шарттарға қосылуы және көлік заңнамасын үйлестіру, екіжақты халықаралық шарттар жасасу және ғаламдық және өңірлік кірігу қағидаттарын іске асыру жөніндегі жұмыс жандандырылуға тиіс.



Көлік саласындағы қолданыстағы заңнамаға талдау жасау, қазіргі нормативтік-құқықтық базаны өңдеу және оңтайландыру әрі код қою үшін жағдайлар жасау қажет.

Транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігін арттыру үшін халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруда заңнамалық, рәсімдік, технологиялық және техникалық сипаттағы қазіргі бар кедергілер егжей-тегжейлі зерделенуге және жойылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту кезеңінде бақылау рәсімдерін жетілдіру және барлық шекара өткелдерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін құру қажет.

Жылжымалы құрам паркін жаңарту процесін ынталандыру және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекет қолайлы жағдайлар жасайтын болады.

Көлік кешенінің барлық секторларының үйлесімді және үйлестірілген дамуын, оның жекелеген секторларының басқарылуын арттыру, сондай-ақ қаржы және материалдық ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету көлікте:

біртұтас және жалпы қолжетімді ақпараттық кеңістік құруды;

қызметтің барлық түрлері бойынша бірыңғай көлік дерекқорын қалыптастыруды;

өңірлік республикалық және халықаралық деңгейлерде жолаушы және жүк ағыны жөнінде болжамдар, сондай-ақ көлік кешенін және оның жекелеген элементтерін дамытудың перспективалық жоспарларын жасауды;

көлік-экспедиция бекеттерінде логистика орталықтарын құруды;

басқару процестерінің, өзіндік құн және тарифтерді есептеудің, технологиялық және техникалық нормалаудың автоматтандырылған есептері жүйелерін әзірлеу мен енгізуді көздейтін кешенді ақпараттандыруды көздейді.

Телекоммуникация мен байланыстың қазіргі заманғы жүйелерін енгізу негізінде көліктегі басқару мен бақылаудың қолданыстағы жүйесін жаңарту.

Стратегияны іске асырудың бірінші кезеңі ішінде көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы мемлекеттік басымдықтардың мынадай бағыттары болады.

 

5.1.1. Темір жол көлігі саласында:


 

халықаралық көлік дәліздері жүйесіне енетін инфрақұрылым объектілерінің техникалық жай-күйін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;

жүктолымды темір жол учаскелерін электрлендіру;

жүктолымды темір жол учаскелерін оңалту;

локомотивтер мен вагондарды күрделі жөндеуді орындау, темір жол көлігінің мұқтаждары үшін қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен материалдар өндірісін дамыту;

Солтүстік-Оңтүстік (Ресей – Орталық Азия) және Шығыс-Батыс (Оңтүстік Шығыс Азия – Қытай – Еуропа) бағыттарында темір жол көлік желісін өңірлік дамыту, сондай-ақ ішкі темір жол дәліздерін оңтайландыру және дамыту;

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалы кен орындарына баратын темір жолдарды дамыту;

халықаралық көлік дәліздері бойынша тұрақты контейнер поездарын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

байланыс және коммуникация кешенін дамыту, деректерді берудің талшықты-оптикалық желісін құру, поездар қозғалысын басқару орталықтарын компьютерлендіру, есеп пен құжат айналымын жүргізудің электрондық нысанына көшу;

тасымалдарды басқару, процестерді ақпараттандыру мен автоматтандыру жүйелерін жетілдіру;

басым бағыттар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы жоғары технологиялық көлік-логистика орталықтарын құру;

Достық станциясында және Ақтоғай-Достық теміржол учаскесінде халықаралық шекаралық өткелді одан әрі дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан жүктер мен жолаушылары көлікті өткізу кезінде қажетті рәсімдерді барынша жылдам орындалуын қамтамасыз ететін жаңа көлік және кеден технологияларын енгізу;

кеден заңнамасын және шекаралық өткелдер арқылы транзиттік жүктерді өткізу технологиясын жетілдіру жолымен жүктердің қозғалысы кезіндегі кедергілерді жою;

ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу;

темір жол көлігінде сапа менеджменті жүйесін енгізу;

темір жол көлігінде лицензиялау, стандарттау және сертификаттау жүйесінің жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру;

контрейлерлік тасымалдарды дамыту;

жылжымалы құрамды жаңарту.

 

 



5.1.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында:

 

халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының басым учаскелерін, сондай-ақ аудан орталықтарының облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар жолдармен көлік байланысын қамтамасыз ететін жергілікті маңызы бар (облыстық және аудандық) жолдар учаскелерін және қосымша инженерлік құрылыстардың техникалық жай-күйін қозғалыс қарқынының өсу перспективасын ескере отырып, нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келтіру. Автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін және олардағы құрылыстарды бірінші техникалық санатқа9 дейін жеткізе отырып, қайта жаңарту;



республикалық маңызы бар қалалардың, облыс және аудан орталықтарының көше-жол желісін кеңістікте ұйымдастыру мен техникалық жай-күйін қауіпсіз және жайлы жүріп өтуді қамтамасыз ету үшін, зиянды қалдықтарды азайту, қайта жоспарлау, кеңейту, қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жүргізу үшін, сондай-ақ жаңа көшелер мен инженерлік құрылыстарды салу, жылдам автоматты өлшеу және автомобильдердің нөмірлік белгілерін тану жүйесін қоса алғанда, көше қозғалысын қазіргі заманғы басқару жүйелерімен жарақтандыру үшін қолданыстағы нормативтік және техникалық талаптарға сәйкес келтіру;

аялдау пункттерін, автостанциялар, автовокзалдар мен қалалық көлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін салу және қайта жаңғырту;

қалалардың және басқа да елді мекендердің маңындағы кірме және айналма жолдарды салу және қайта жаңғырту;

халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланудағы жолдар желісін мұндай жолдардың жай-күйінің олардың мақсатты пайдаланылуына сай келуіне кепілдік беретін және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген кез келген автокөліктің жыл бойы қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз ететін деңгейде ұстап тұруды (пайдалануды) қамтамасыз ету;

жол бойы сервисі объектілерін салуды және қайта жаңғыртуды қоса алғанда, алыс жолға шыққан көлік құралдары үшін күзетілетін тұрақ бекеттерін, жедел байланыс бекеттерін, шұғыл техникалық және медициналық көмек бекеттерін салуды қоса алғанда, жол бойы инфрақұрылымын дамыту;

жол жұмыстарының сапасына және нормативтердің, жөндеуаралық мерзімдердің сақталуына қойылатын талаптарды арттыру, сондай-ақ жол жұмыстарының сапасын бақылауды жүргізуді ұйымдастыру;

транзиттік қозғалысты қоса алғанда, автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемдердің мөлшерлерін мемлекеттің жолдарды салуға, жөндеуге және ұстауға жұмсайтын шығындарының толық жабылуын қамтамасыз ететін деңгейге дейін кезең-кезеңімен оңтайландыру;

шекара маңындағы өткелдерде және ел аумағы бойынша автокөлік құралдарының салмақ және көлем параметрлерін бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

орталық органдар мен жергілікті биліктің атқарушы органдары арасындағы үйлестіруді қамтамасыз ету;

тасымалдаушылар мен мемлекеттің байланысын нығайтуға мүмкіндік беретін тасымалдаушылардың қоғамдық ұйымдарын республикалық деңгейде біріктіру;

лицензиялау, сертификаттау және стандарттау жүйелерінің толыққанды жұмыс істеуі;

жолаушы және жүк тасымалдарында автокөлік жұмысының жедел есепке алу жүйесін қалпына келтіру;

қалалық қоғамдық, қала маңы және қалааралық автомобиль жолаушы көлігінің жылжымалы құрамының сандық және сапалық жай-күйін осындай тасымалдарға қажеттілікті, сондай-ақ жолаушылар мен жол жүгінің қауіпсіз және жайлы жеткізілуін қамтамасыз ететін деңгейге дейін жеткізу;

қала жолаушы көлігін диспетчерлік сүйемелдеудің және жолаушыларға электрондық билет берудің қазіргі заманғы жүйелерін енгізу;

автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды ақпараттық қамтамасыз ету көліктің барлық түрлерінің көлік операторлары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және олардың өндіретін өнімдері туралы бірыңғай ақпараттық дерекқор жасай отырып, бір мезгілде іске асырылатын болады;

отын сапасына экологиялық талаптарды арттыру, автомобильдердің газдарынан шығатын зиянды заттардың қалдықтарының деңгейін бақылауды қатайту;

жолаушылар тасымалдаудағы лицензиялауды қалпына келтіру, жүргізушілерге, автокөлік құралдарына және оларға техникалық қызмет көрсетуіне қойылатын талаптарды арттыру;

ауылдық елді мекендерді өндірістік күштерді орналастыру мен дамытудың перспективалы схемасына сәйкес қоғамдық жолаушы көлігі жүзеге асыратын тұрақты тасымалдармен қамтамасыз ету;

Қазақстанның ірі қалаларында бөлінген автобус жүйелерін, трамвай, жүрдек трамвай, троллейбус, монорельсті көлік, метро және басқалары сияқты қалалық жолаушы көлігінің балама түрлерін дамыту;

жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;

автомобильдерді құрастыру және шығару жөнінде бірлескен өндірістер құру.

 

5.1.3.           Әуе көлігі саласында:

 

азаматтық авиация субъектілеріне қойылатын сертификаттық және экономикалық талаптарды жетілдіру. Белгіленген коммерциялық қағидаттарды сақтайтын және қазақстандық авиация нарығының авиациялық тасымалдарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қаржылық тұрақты және дамушы авиакомпаниялар құру және қолдау мақсатында авиация нарығын мемлекеттік реттеу шараларының жүйесін қолдану;



тұрақты ішкі және халықаралық әуе тасымалдарында жұмыс істейтін әуе кемелері паркін операциялық және қаржы лизингі негізінде сатып алу жолымен толық жаңарту; авиациялық жұмыстардың әр түрінде жұмыс істейтін, оның ішінде Батыс Қазақстанның және Каспий қайраңының қазақстандық бөлігінің мұнай өндіруші өңірлеріндегі жұмыс істейтін әуе кемелері, жеңіл авиация паркін жаңарту;

тұрақты емес ұшуларды, атап айтқанда, әуе көлігі экономикасы сегменттерінің бірі болып табылатын чартерлік тасымалдарды орындау құқықтарын кеңінен пайдалану;

Алматы, Астана, Атырау тораптық әуежайларының және Қазақстанның өнеркәсіптік және дамушы өңірлерінде орналасқан әрі стратегиялық және жұмылдыру мәні бар (Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Шымкент,) әуежайлардың өндірістік қорларын қайта жаңартуды аяқтау;

Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін CNS/АТМ тұжырымдамасын енгізуге дайындау. Қазақстан Республикасының аэронавигациялық кіші жүйесінің CNS/АТМ түптұрпаты және оны енгізу үшін негіз болып табылатын бірыңғай кешенге кірігуін қамтамасыз ету;

нормативтік-техникалық актілерді, оның ішінде ұшу қауіпсіздігін метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы актілерді ИКАО халықаралық стандарттарына және JAR талаптарына сәйкес келтіру;

ірі шетелдік компаниялармен бәсекеге қабілетті белгіленген авиатасымалдаулардың түбегейлі қалыптасуы;

экономика мен халықтың қажеттіліктеріне қызмет етуді жүзеге асыратын шағын авиацияны дамыту;

ұшу құрамының және азаматтық авиацияның басқа да мамандарын іріктеу, бастапқы даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

 

5.1.4. Ішкі су көлігі саласында:

 

мемлекеттік техникалық өзен флотын, оның саны мен жай-күйін Қазақстанның ішкі су жолдарын ұстау жөніндегі барлық жұмыстардың толық көлемде орындалуы үшін қажетті деңгейге дейін жеткізе отырып, ішінара жаңарту және жаңғырту;



ішкі су жолдарындағы гидротехникалық құрылыстардың өткізу қабілеті мен технологиялық параметрлерін өзен кемелерінің навигациясы барысында тәуекелдердің туындауы мен іркілістерді болдырмайтын деңгейге дейін жеткізе отырып қайта жаңарту;

Ертіс өзенінде тоқтаусыз кеме қатынасын ашу, сондай-ақ бүкіл кеме жолының бойында тереңдігін және басқа да техникалық параметрлерін “өзен-теңіз” сыныбындағы кемелермен тоқтаусыз жолаушы және жүк кеме қатынасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей тереңдікке жеткізе отырып, Жайық-Каспий арнасында жыл сайын жөндеу және табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу;

Қазақстанның кеме жүретін басты өзендерінің техникалық параметрлерін навигация барысында өзен кемелерінің көлік оқиғалары мен кідірістерге тап келуін болдырмайтын жағдайға дейін жеткізу;

Ертіс өзенінде Қытай – Қазақстан – Ресей транзиттік бағытын ашу үшін жағдайлар жасау;

Қазақстанның Каспий маңы өңірлерінің өзен көлігін Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транзиттік бағыт жұмысына қосу;

ішкі су көлігінде техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымды құру.

 

5.1.5. Теңіз көлігі саласында:


 

жұмыс істеп тұрған және дамушы порттардың өндірістік қуаттарын, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстанның мұнайлы өңірлерін дамытудың басқа да бағдарламаларын іске асыруды ескере отырып, жүктерді ауыстырып-тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететіндей деңгейге дейін кеңейту жөніндегі жұмыстардың бірінші кезеңін аяқтау;

Ақтау теңіз порты негізінде көлік-логистика орталығын құру;

Маңғыстау облысының Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқару жүйесін құру;

шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, сусыма және сырғымалы жүктерді тасымалдау үшін кемелерді сатып алуды және жасауды қоса алғанда, қазақстандық теңіз сауда флотын дамыту, сондай-ақ көмекші флоттың меншікті кемелерін сатып алу және жасау;

ұлттық сауда флотына және Каспийде жүретін басқа да сауда кемелеріне қызмет көрсету үшін кеме жасау және кеме жөндеу объектілерін дамыту;

Теңізшілерді даярлау және диплом беру мен вахтада тұру туралы 1978 жылғы 7 шілдедегі конвенцияның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында білікті кадрларды даярлауды ұйымдастыру үшін теңіз оқу-жаттығу орталығын құру.

 

5.2. II кезең: 2011-2015 жылдар

 

Іске асырылған даму бағдарламаларының нәтижелерін егжей-тегжейлі зерделеу, кемшіліктер мен проблемалық мәселелерді анықтау және жүргізілген жұмысты бағалауды орындау қажет. Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, бағалау нәтижелерінің негізінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық жоспарлауды жақсарту жөнінде жүйелік сипаттағы ұсынымдар берілуге, қажетті жерінде одан әрі даму басымдықтары қайта айқындалуға, инвестицияларды салу тиімділігі бағалануға, бұдан кейінгі реформалар ұсынылуға тиіс.



Осы кезеңде халықаралық келісімдер шеңберінде бірыңғай көлік кеңістігін құруды аяқтау, сондай-ақ тиісті келісімдерге қосылу мен оларды іске асыру және ішкі су көлігі заңнамасын үйлестіру арқылы көлік саласындағы заңнаманы жақындатуды жүзеге асыру жоспарлануда.

Отандық даму институттарының және басқа қаржы ұйымдарының инвестицияларын елдің көлік кешеніне белсенді тартуды жалғастыру жоспарлануда.

Сыртқы көлік саясаты көлік қызметтерінің халықаралық нарығында отандық операторлардың шеп-тұғырын дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға және орнықтыруға, сондай-ақ транзит әлеуетінің пайдаланылу тиімділігін арттыруға бағытталатын болады. Мультимодальдық тасымалдарды дамыту жүргізілетін болады.

Аталған кезеңде салалардың ғылыми әлеуетін қалпына келтіру, ғылыми және инновациялық құрылымдарды қалыптастыру жүргізілетін болады. Көлік салаларының мамандарды қажетсінуге сәйкес кадрларды даярлау жүйелі сипат алады.

Стратегияны іске асырудың екінші кезеңінің соңына қарай Қазақстанның елді мекендерінің (олардың даму орталықтарына тартыла түсуін ескере отырып) көпшілігі көлік қатынасымен қамтылады, бұл көлік жүйесін перспективалы дамытудың әлеуметтік бағытына сәйкес келеді. Бұл ретте, оның өткізу қабілеті мен тиімділігі экономика қажеттілігіне толық сәйкес келеді.

Бұл кезең Стратегияны іске асырудың оңды әсерін орнықтыруға бағытталады.

Институционалды реформалардың тиімділігі, сондай-ақ жаңа технологиялар мен тәжірибе қанат жайып, елдің барлық өңірлеріне жеткізілуге тиіс.

Өзін-өзі барынша өтеу қағидатындағы инфрақұрылымды қаржыландыруға өту жүзеге асырылуға тиіс, бұл одан әрі орнықты даму мен жоғары техникалық және технологиялық деңгейде ұстап тұру үшін ресурстарды жинақтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Стратегияны іске асырудың екінші кезеңінде көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы мемлекеттік басымдықтар мыналар болады:

 

5.2.1. Темір жол көлігі саласында:

 

бүкіл магистральдық темір жол желісі мен сала объектілерінің техникалық жай-күйін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;



вагон және локомотив жасауды дамыту, жолдың беткі құрылымының контейнерлері мен материалдарын шығару;

арнайы жылжымалы құрамды жөндеу жөнінде өндірістер құру;

жылжымалы құрамды ауқымды жаңарту;

жаңа темір жол желілерін: Шар - Өскемен, Маңғышлақ - Баутино, Ералиев -Құрық, Қорғас - Сарыөзек, Бейнеу - Шалқар, Жезқазған - Сексеуіл желілерін салу бағдарламасын іске асыру;

халықаралық көлік дәліздері бойынша жүрдек контейнерлік поездардың жүйелі түрде жүруі;

барлық ірі қалалар мен тораптық станцияларда қазіргі заманғы жоғары технологиялық көлік-логистика орталықтарын құру;

қазіргі заманғы жүрдек жолаушы қатынасын дамыту;

жүк тасымалдарының жалпы көлемінде транзит үлесін едәуір ұлғайту;

отандық көлік операторларын әлемдік нарыққа кіріктіру;

отандық көлік операторларының қызметінде сыртқы экономикалық құрамдасының өсуі.

 

5.2.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында:

 

ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары желісінің және олардағы құрылыстардың техникалық жай-күйін қозғалыс қарқынының перспективада өсуі мен осьтік жүктемесін есепке ала отырып, нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келтіру;



республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жаңа учаскелерін және инженерлік құрылыстарды салу, өңіраралық, облысішілік және аудандық автомобиль қатынастарын қамтамасыз ететін ортақ пайдаланудағы жолдардың қазіргі бар желісінің топырақты аралықтарын жою және техникалық жай-күйін халықаралық стандарттардың деңгейіне дейін арттыру;

халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарды және жергілікті мәні басым жолдарды қазіргі бар тірек желісін сақтай отырып, толық қалпына келтіру және автожолдардың халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес пайдаланылуын қамтамасыз ету;

жолдарды концессияға беру арқылы жеке инвестицияларды тарту және ақылы жекеше автомобиль жолдарын жасау;

халықаралық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын қайта жаңартуды аяқтау және оларды халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жеткізу;

ортақ пайдаланудағы халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар желісін халықаралық стандарттар деңгейінде ұстауды қамтамасыз ету;

жекелеген учаскелердің өлшемдерін І техникалық санатқа дейін жеткізе отырып, халықаралық транзиттік дәліздер бағытында жүрдек автомагистральдарды салу;

халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау кезінде нақты тепе- теңдікке қол жеткізу;

ауылдық елді мекендерді өндірістік күштерді орналастыру мен дамытудың перспективалы схемасына сәйкес қоғамдық жолаушы көлігі жүзеге асыратын тұрақты тасымалдармен қамтамасыз ету;

бөлінген автобус желілері, трамвай, троллейбус көлігі, метро, шусыз трамвай желілері және басқалар сияқты қалалық жолаушылар көлігінің балама түрлерін дамыту;

тасымалдаушылардың халықаралық сапа стандарттарын жаппай енгізуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

отандық автомобиль өнеркәсібін дамытуды жандандыру үшін жағдайлар жасау;

автобустар мен жүк автомобильдерін экология саласындағы еуропалық стандарттарға ауыстыру;

халыққа қоғамдық көліктің қызмет көрсету деңгейін дамыған елдердің деңгейіне жеткізу, жаңа технологиялар мен көліктің балама түрлерін жеделдете енгізу;

отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін жағдайлар жасау.


1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет