9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша
түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.
195-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік
еңбек инспекторы Қазақстан
Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай
мемлекеттік еңбек инспекторы төмендегідей актілер шығарады (жасайды):
2020.26.06. № 349-VI ҚР
Заңымен
1) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1) мыналар:
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою
туралы;
жарақаттану қаупі бар және авариялық ахуалдардың туындауын болғызбау үшін
өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік
процестердегі еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы;
жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің,
жұмыс орындарының қызметін
және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата
тұру (тыйым салу) туралы;
жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама.
Бұл ретте қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы акт осы Кодекстің
193-бабының
6) тармақшасына
сәйкес берілген қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы талап-арыз
бойынша сот азаматтық іс қозғағанға дейін қолданылады.
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
4) әкімшілік құқық бұзушылық
туралы іс бойынша қаулы;
5) мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы.
2020.26.06. № 349-VI ҚР
Заңымен
2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды
адамдардың осы Кодекстің
198-бабының 3-тармағының
талаптарын ескере отырып,
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын
бұзушылықтарына ықпал
етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі данада жасалады, оның біреуі
қол қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады.
3. Мемлекеттік еңбек инспекторының
актілері лауазымды адамдардың, жеке және
заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторы
актілерінің нысанын
еңбек
жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: